Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің



жүктеу 120.5 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі120.5 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «22» сәуірдегі

№ 210 бұйрығына

3-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы «10» ақпандағы

№ 75 бұйрығына

8-қосымша



Ақпараттық жүйелердің интероперабельдігін және ақпараттық ағындарды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. Ақпараттық жүйелердің интероперабельдігін және ақпараттық ағындарды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл регламенті (бұдан әрі – регламент) 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

2. Осы регламент электрондық денсаулық паспортына және электрондық медициналық жазбаға қойылатын стандарттық талаптардың ережелерімен реттеледі және электрондық денсаулық паспортын пайдаланатын Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері үшін іргелі негіз ретінде операциялық архитектураны анықтау үшін қызмет етеді. Операциялық архитектура электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің компоненттерін, денсаулық сақтау кеңістігінде олардың өзара іс-қимылы мен құрылымын реттейтін электрондық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту қағидаттарын айқындайды.

3. Осы регламенттің мақсаты ақпараттық технологияларды тиімді және барынша көп пайдалану арқылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

4. Осы регламенттің міндеті электрондық денсаулық сақтау процестерін іске асыру үшін электрондық денсаулық паспортының сыртқы ақпараттық (ұлттық немесе шеттегі) жүйелерімен өзара іс-қимылын реттеуге арналған қағидаттарды анықтау болып табылады.

5. Осы регламентте мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылған:

1) электрондық денсаулық паспортының репозиторийі (бұдан әрі – ЭДП репозиторийі) (EHR Repository) - бірыңғай деректер репозиторийінің құрамдық бөлігі ретінде электрондық денсаулық паспортын қолдау мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық кешен;

2) бірыңғай деректер репозиторийі (бұдан әрі – БДР) (Unified Data Repository) - электрондық денсаулық паспортын қолдау мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оған байланысты жүйелердің, электрондық денсаулық сақтау сервистерінің, тіркелімдердің, анықтамалықтардың, сәйкестендіру сервистерінің және басқа дерек көздерінің бағдарламалық-ақпараттық кешені. Бірыңғай деректер репозиторийі өңірдің технологиялық инфрақұрылымына байланысты ұлттық, өңірлік немесе жергілікті деңгейлерде жүргізілетін бірыңғай деректер репозиторийі.

3) БДР сервисі (UDR Service) – ЭДП-ға қойылатын талаптардың ережелеріне сәйкес электрондық денсаулық паспорты мен басқа ақпараттық жүйелері арасындағы деректердің сенімді берілуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер мен электрондық құрылғылардың өзара байланысын қамтамасыз ететін технологиялық инфрақұрылым;

4) электрондық денсаулық сақтаудың стандарттық талаптары - Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін талаптар;

5) сыртқы медициналық ақпараттық жүйе (External Information System) – БДР сервисі арқылы ЭДП мен ЭДП репозиторийімен өзара іс-қимыл жасайтын кез келген медициналық ақпараттық жүйе. ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес осы ұғым электрондық медициналық жазбаның сыртқы жүйесі (бұдан әрі – ЭМЖ сыртқы жүйесі) сыртқы медициналық ақпараттық жүйенің интеграциялық бөлігі болып табылуын көздейді және электрондық денсаулық паспортымен өзара іс-қимылды толықтай қамтамасыз етеді;

6) басқа медициналық ақпараттық жүйе (Third-party Medical Information System) – үшінші тарап әзірлеп, пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе;

7) ЭДП-мен іс-қимыл жасайтын басқа жүйе (Third-party Medical Information System) – ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелерінде белгіленетін функцияларды орындау процесінде ЭДП репозитарийімен ақпаратпен қауіпсіз алмасуға және өзара іс-қимыл жасауға қабілеті бар басқа медициналық ақпараттық жүйе;

8) денсаулық сақтау тарапы (Healthcare Party) – денсаулық сақтау жүйесінде өзара іс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде пациенттер (Subject of Care), медициналық қызметтерді берушілер (Healthcare Provider) және медициналық көмек көрсетуде қолдау көрсететін тараптар (Healthcare Third-party);

9) денсаулық сақтау жүйесі – қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

10) денсаулық сақтау бірлігі (Healthcare Agent) - денсаулық сақтау жүйесінде белгілі функцияларды орындайтын жеке және заңды тұлғалар, медициналық техника немесе медициналық ақпараттық жүйе;

11) электрондық денсаулық сақтаудың қатысушылары (eHealth Participants) – электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланатын ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне және қолданыстағы денсаулық сақтау тараптарын сәйкестендіруге қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес электрондық денсаулық сақтау жүйесінде тіркелген денсаулық сақтау бірліктері;

12) клиникалық процесс (Clinical Process) - бір немесе бірнеше денсаулық мәселелері бойынша пациентке ұсынылатын өзара байланысқан немесе өзара іс-қимыл жасайтын медициналық қызметтердің жиыны;

13) денсаулық мәселесі (Health Issue) – бұл пациент тарапынан не басқа денсаулық сақтау тарапынан медициналық қызметтерді жүргізу сұранымдарына, патологияларға, физиологиялық жағдайларға, денсаулыққа байланысты проблемалар үшін жалпылама ұғым;

14) пациент (Subject of Care) – медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

15) медициналық қызметтер (Healthcare Service) – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

16) медициналық қызмет (Healthcare Activity) – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі. Осы стандарттық талаптардың мәтінінде медициналық қызмет медициналық қызметті қоса алғандағы денсаулық сақтау бірліктері жүзеге асыратын қызметті көздейді.

17) медициналық қызметтерді беруші (Healthcare Provider)  медициналық қызметтерді көрсететін «медициналық ұйым» (Healthcare Organisation) және/немесе «медицина қызметкері» (Healthcare Professional);

18) медицина қызметкерлері (Healthcare Professional) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

19) медицина ұйымы (Healthcare Organisation)  негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

20) қалыптастырылған деректер (Normalised Data) – электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің көмегімен интероперабельдікті және деректерді электрондық өндеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалықтар мен жіктемелерді пайдаланып, мағынасы кодталған деректер.



    2.Электрондық денсаулық сақтау процестері

    6. Электрондық денсаулық сақтау процестері ЭДП-да және ЭДП-мен өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық (ішкі және сыртқы) жүйелерінде қамтамасыз етіледі және мынадай топтарды қамтиды:

    1. Электрондық денсаулық сақтаудың қатысушыларын сәйкестендіру және тіркеу (Identifiсation and Registration of eHealth Participants);

    2. Клиникалық ақпараттың сервистері (Clinical Information Services);

    3. Анықтамалық ақпараттың сервистері (Reference Information services);

    4. Денсаулық пен денсаулық сақтауды басқару жөніндегі ақпарат сервистері (Health and Healthcare Managment Information Services);

    5. Денсаулық сақтау мен халық денсаулығының тіркелімдер сервистері (Health and Healthcare Registries Services).

    3. Электрондық денсаулық сақтаудың қатысушыларын

    сәйкестендіру және тіркеу

    7. Денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланылатын электрондық денсаулық сақтаудың қатысушыларын сәйкестендіруге қойылатын стандарттық талаптардың және ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес ЭДП-мен өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің сервистерінің көмегімен іске асырылған және орындалған электрондық денсаулық паспортына қол жеткізуге, медициналық көмек көрсету шеңберінде өкілеттіктерді басқаруға байланысты электрондық денсаулық сақтау процестерінің ішкі жиыны.



  1. Клиникалық ақпараттың сервистері

    8. Клиникалық ақпараттың сервистеріне (Clinical Information) осы регламент белгілейтін электрондық денсаулық паспорты сервистерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті және ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес электрондық денсаулық паспортында сақталатын пациент денсаулығына және денсаулықты сақтауға қатысты клиникалық, клиникалық-әкімшілік немесе басқа ақпараттың кез келген түрі жатады.

    Клиникалық ақпарат осы бөлімде белгіленген кез келген процесті орындау нәтижесінде электрондық денсаулық паспорты мен сыртқы медициналық ақпараттық жүйелер көмегімен жиналады, сақталады және басқарылады.

    9. Клиникалық ақпараттың сервисі (Clinical Information Services) бөлек алынған пациенттің денсаулығын жақсартуға бағытталған қызмет пен медициналық қызмет көрсету процесін құжаттамалау және ықпал ету мақсатында өзара іс-қимыл жасайтын медициналық ақпараттық электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің (ішкі және сыртқы) және электрондық денсаулық паспортының көмегімен іске асырылған және орындалған электрондық денсаулық сақтау процестерінің ішкі жиыны болып табылады.

    Клиникалық ақпараттың сервистері электрондық денсаулық паспортының деректерімен қамтамасыз етілетін электрондық денсаулық сақтау процестерін және ЭДП мен сыртқы медициналық ақпараттық жүйелері арасында стандарттылған ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ететін процестерді қамтиды.

    10. Клиникалық ақпарат сервистерінің процестері ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес белгіленеді және мыналарды қамтиды:

    кейбір медициналық қызметтерді берушілердің клиникалық процестері;

    бірнеше медицина қызметкері ақпаратқа рұқсаты бар болғандықтан және медициналық көмек көрсету үздіксіздігін қамтамасыз ету немесе зерделеу, пациент денсаулығының проблемаларын диагностикалау немесе емдеу мақсатында пациенттің электрондық денсаулық паспортына білімдерді беруге себепші болатын бірлескен клиникалық процестер.

    11. Электрондық денсаулық сақтаудың клиникалық ақпарат сервистерінің процестері мынадай түрлерге бөлінеді:

    1) электрондық түрде консультациялар туралы деректерді жүргізу;

    2) пациент туралы деректермен алмасу;

    3) электрондық бағыттар;

    4) диагностикалық зерттеулердің электрондық нәтижелері;

    5) электрондық рецептілер;

    6) электрондық профилактика.

    12. Клиникалық ақпарат сервистерінің процестері ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес кез келген басқа процестер тобымен пайдалануы мүмкін пациент туралы клиникалық (денсаулық мәселесі, аурулар, бұзылыстар, белгілері немесе сиптомдары, операциялық араласу немесе нәтиже) және клиникалық-әкімшілік ақпаратты қалыпқа келтіру және жіктеуге арналған процестерді қамтиды.

    13. Пациент туралы клиникалық-әкімшілік ақпаратты қалыпқа келтіру және жіктеу электрондық денсаулық паспортының және өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінің (ішкі және сыртқы) көмегімен іске асырылған және орындалған және мыналарға қатысы бар электрондық денсаулық процестерінің ішкі жиыны болып табылады:

    медициналық-технологиялық, адами ресурстар, диагностика мен емдеу үшін қолжетімді дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету;

    медициналық қызметтің ағымдағы жағдайы мен әкімшілік нәтижелері.

    14. Электрондық түрде (Electronic Consultation Management) консультациялар туралы деректерді жүргізу ЭДП мен ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес белгіленген пациенттің денсаулығына және денсаулық сақтауға қатысты ақпаратты электрондық құжаттамалауға тиісті және электрондық денсаулық паспортымен жұмыс жасағанда медицина қызметкерлері жүзеге асыратын іс-қимылдар болып табылады.

    15. Пациент туралы деректермен алмасу (Exchange of patient summaries) ЭДП мен ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес медициналық қызметтерді берушілердің өзара іс-қимылы барысында пациент туралы ақпаратқа ұжымдық рұқсат беруді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады.

    16. Электрондық бағыт (Electronic Referral) ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес медицина қызметкері медициналық қызмет берушіден клиникалық процеске өкілеттіктерді қабылдауды сұратқан кезде медициналық көмек көрсетуге талапты білдіреді. Сонымен, электрондық бағыт медициналық қызметтер берушілердің өзара іс-қимылы үшін медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін іске асыру мақсатында пациент туралы тиісті ақпаратпен алмасуға себепші болатын кез келген іс-қимылды білдіреді.

    17. Диагностикалық зерттеулердің электрондық нәтижелері (Electronic Laboratory Results) электрондық бағыт арқылы көзделген дигностикалық зерттеулердің нәтижелерін жинауды жүзеге асыратын және скрининг рәсімдерін қоса алғанда, электрондық денсаулық паспортына нәтижелерді қайта жіберуді қамтамасыз ететін электрондық денсаулық сақтау процестерінің жиыны болып табылады.

    18. Электрондық рецептілер (Electronic prescriptions) пациенттерге рецептілер мен дәрілік заттарды беру, бөлу және жүргізу мақсатында өзара іс-қимыл жасайтын денсаулық сақтау тараптары арасында дәрілік заттар туралы ақпаратқа ұжымдық қол жеткізуді және/немесе электрондық алмасуды қамтамасыз етеді.

    19. Дәрілік заттар туралы ақпарат ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес электрондық денсаулық паспортында жиналады және сақталады.

    20. Электрондық профилактика (Electronic Prevention) пациентке қатысты профилактикалық медициналық қызметтерді жоспарлауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Иммунизациялау/вакцинациялау туралы ақпаратпен алмасуды, яғни пациенттің электрондық денсаулық паспортында иммунизациялау/вакцинациялау туралы ақпаратты электрондық алмасуды және/немесе ұжымдық рұқсатты қамтамасыз ететін және мынадай процестерді қамтитын қызметті көздейді:

    ЭДП-дан иммунизациялау туралы деректерді ұсыну;

    иммунизациялау мәліметі мен статусын басқару және бағалау;

    иммунизациялау кестесін басқару мен жоспарлау.

    Екпелерге жанама әсерлері мен аллергия туралы дербестелген хабарламалар, иммунизациялау туралы ақпаратта негізделген белгілі бір халық топтары бойынша есептер мен ескертулерді қамтиды.

    5. Анықтамалық ақпарат сервистері

    21. Анықтамалық ақпарат (Reference Information) шығыс клиникалық ақпаратты өңдеуге арналған ұлттық анықтамалық ресурс ретінде сыртқы медициналық ақпараттық жүйелер мен электрондық денсаулық паспорты пайдаланатын кез келген ақпарат болып табылады. Сондай ақпаратты мыналарды жүзеге асыратын электрондық денсаулық сақтау процестері пайдаланады:

    1) осы регламентке сәйкес клиникалық және клиникалық-әкімшілік ақпаратты қалыпқа келтіруді және жіктеуді;

    2) денсаулықты және денсаулық сақтауды басқару үшін электрондық денсаулық паспорты қосымшаларының сервистерін, бұл осы регламенттің ережелерімен анықталды.

    22. Анықтамалық ақпараттың сервистері (Reference Information services) уәкілетті мүдделі тараптар жүзеге асыратын, осы регламенттің 23-тармағында көрсетілген (ішкі және сыртқы) мақсатта өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінің және электрондық денсаулық паспортының көмегімен іске асырылған және орындалған электрондық денсаулық сақтау процестерінің ішкі жиынтығын қамтамасыз етеді.


  1. Денсаулық және денсаулық сақтауды басқару жөніндегі

    ақпараттың сервистері

    23. Денсаулық және денсаулық сақтауды басқару жөніндегі ақпарат (Health and Healthcare Management Information) өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелерінің және электрондық денсаулық паспортының көмегімен өндіріледі және денсаулық, аурулар, бұзылыстар мен емдеу әдістерінің жалпы мәселелерімен бірлескен кейбір пациенттер топтарының денсаулығын жақсарту үшін пайдаланады. Осы ақпаратта негізделген денсаулық сақтау жүйесінің тиімділік көрсеткіштері, қоғамдық денсаулықтың мониторингі арқылы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау стратегиясы мен басымдылықтарын түзету жүзеге асырылады.

    24. Денсаулық және денсаулық сақтауды басқару жөніндегі ақпараттың сервистері (Health and Healthcare Management Information Services) осы регламенттің 23-тармағында көрсетілген мақсатта өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелерінің және электрондық денсаулық паспортының көмегімен іске асырылған және орындалған электрондық денсаулық сақтау процестерінің ішкі жиыны болып табылады.

    25. Денсаулық пен денсаулық сақтауды басқару жөніндегі ақпараттық сервистер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық денсаулық сақтау процестерінің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

    1) шешімдерді қабылдау үшін медициналық және статистикалық ақпаратты ұсыну;

    2) денсаулық сақтау ресурстарын пайдалануды басқару және мониторингтеу;

    3) медициналық қызмет көрсетуді басқару және мониторингтеу;

    4) дәрілік заттарды пайдалануды басқару және мониторингтеу;

    5) қаржыны басқару және мониторингтеу;

    6) эпидемиологиялық бақылау.

    26. Денсаулық пен денсаулық сақтауды басқару жөніндегі ақпараттың сервистері мынадай басқарушылық функцияларды қамтамасыз етеді:

    1) медициналық қызмет көрсету жүйесін жобалау;

    2) клиникалық, қаржылық және әкімшілік қызметті жетілдіру;

    3) денсаулық сақтауды және ауруларды басқару;

    4) қоғамдық денсаулықты және тәуекелдерді қадағалау;

    5) денсаулық сақтау саясатын басқару және анықтау.



  1. Халық денсаулығы және

    денсаулық сақтау тіркелімдерінің сервистері

    27. Денсаулық сақтау мен халық денсаулығының тіркелімдер сервистері (National Health and Healthcare Registries) деректерді сақтау орны және ЭДП және/немесе БДР репозиторийінің бөлігі болып табылады, электрондық денсаулық паспортынан деректерді алады және электрондық денсаулық сақтаудың талдамалық процестерін орындауда жәрдемдесу және жеңілдету мақсатында жүргізіледі.

    28. ЭДП және/немесе БДР репозиторийінің құрылымы мен функциялары ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес белгіленеді.

    29. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау тіркелімдерінің сервистері (National Health and Healthcare Registry Services) уәкілетті мүдделі тараптар жүзеге асыратын, осы регламенттің 27-тармағында көрсетілген мақсатта өзара іс-қимыл жасайтын электрондық денсаулық сақтаудың (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелерінің, электрондық денсаулық паспортының және денсаулық сақтау мен халық денсаулығының тіркелімдерінің көмегімен іске асырылған және орындалған электрондық денсаулық сақтау процестерінің ішкі жиыны болып табылады.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет