Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты



Дата05.07.2016
өлшемі57 Kb.
#180044
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

 

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

 

Алматы 2007 ж



 

 

Тізе буынының жабық жарақаттары, балтыр,тобық буыны сүйектерінің сынуы



 

Хаттама коды: Е-006

Кезеңдік ем мақсаты: тізе буынының жабық жарақаттарын, балтыр сүйектерінің сынуын уақтында диагностикалау, тактиканы анықтау, мүмкін асқынулардың алдын алу.

Ем ұзақтығы:

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

Тізе және балтыр жарақаттары (S80-S89)

Іске қосылды: балтыр табан буынының және тобықтың сынуы.

Алып тасталынды:

Тізенің және балтырдың екі жақты жарақаты (T00-T07)

Үсуі (T33-T35)

Термиялық және химиялық күйіктер (T20-T32)

Жарақаттар:

- балтыр табан буынының және табанның, тобықтың сынуынан басқа

(S90-S99)

- аяқ анықталмаған деңгейде (T12-T13)

Улы жәндік шағуы (T63.4)

S80 балтырдың беткей жарақаты

Алынып тасталды: балтыр табан буынының және өкшенің беткей жарақаты (S90.-)

S80.0 Тізе буынының жаншылуы

S80.1 Балтырдың басқа және белгісіз аймағының жаншылуы

S80.7 Балтырдың көптеген беткей жарақаты

S80.8 Балтырдың басқа да көптеген беткей жарақаты

S80.9 анықталмаған балтырдың беткей жарақаты

S81 Балтырдың ашық жарақаты

Алынып тасталды:

- Балтыр табан буынының және өкшенің ашық жарақаты (S91.-)

- Балтырдың травмалық ампутациясы (S88.-)

S81.0 Тізе буынының ашық жарақаты

S81.7 Балтырдың көптеген ашық жарақаты

S81.8 Балтырдан басқа аймақтардың ашық жарақаты

S81.9 Балтырдың анық емес орналасуының ашық жарақаты

S82  Балтыр сүйектерінің сынуы. Балтыр табан буынымен қоса.

Іске қосылды: тобықтың сынуы.

S82.0 Тізе үсті сүйектің сынуы

S82.5 Ішкі тобықтың сынуы [медиальді]

S82.6 Сыртқы тобықтың сынуы [латеральды]

S82.7 Балтырдың көптеген сынықтары

Алынып тасталды: Үлкен және кіші жіліншік сүйектерінің бірлескен сынықтары :

- жоғарғы ұшының (S82.1)

- төменгі ұшының (S82.3)

- денесін [диафиз] (S82.2)

S82.8 Балтырдың басқа бөлімдерінің сынықтары

S82.9 Балтырдың анықталмаған аймағының сынықтары

S83 Тізе буынының капсулалық - байламдық аппаратының орнынан таюы, созылуы және зақымдануы.

Алынып тасталды:

Тізе буынының орнынан таюы:

- көне (M24.3)

- патологиялық (M24.3)

- қайталамалы [әдеттегі] (M24.4)

Зақымдалу :

- ішкі тізе буынының байламдарының (M23.-)

- тізе үсті сүйегінің (M22.0-M22.3)

S83.0 Тізе үсті сүйегінің орнынан таюы

S83.1 Буынның шығуы

S83.2 менисктің жыртылуы

Алынып тасталды: мениск мүйізінің ескі жыртылуыа (M23.2)

S83.3 тізе буынының буындық шеміршегінің жаңа зақымдануы

S83.4 тізе буынының (ішкі) (сыртқы) бүйір байламдарының созылуы және жыртылуы.

S83.5 Тізе буынының (артқы) (алдыңғы) крест тәрізді байламының созылуы және жыртылуы.

S83.6 Тізе буынының басқа және анықталмаған элементтерінің созылуы және жыртылуы

S83.7 Тізе буынының бірнеше құрылымының жарақаты

Балтыр - табан және табан аймақтарының жарақаты (S90-S99)

Алынып тасталынды:

Балтыр-табан буынының және табанының екі жақты жарақаты (T00-T07)

Үсуі (T33-T35)

Балтыр - табан буынының және тобықтың сынықтары (S82.-)

Термиялық және химиялық күйіктер және и коррозиялар (T20-T32)

Таяқтың төменгі анықталмаған деңгейде жарақаттануы (T12-T13)

Улы жәндіктің шағуы (T63.4)

S90 Балтыр-табан буынының және табанының беткей жарақаты

S90.0 балтыр-табан буынының жаншылуы

S93.0 Балтыр-табан буынының орнынан таюы

S93.4 Балтыр-табан буынының байламдарының созылуы және зақмдануы

Алынып тасталынды: шыбық сіңірінің [ахилл] жарақаты (S86.0)

Анықтамасы: тізе буынының жабық жарақаты - сүйектің буынға кіретін ұштарының сынықтары.

Травмалық орнынан таюына кіретін зақымданулар.

Балтыр сүйектерінің сынықтары: жарақат және патологиялық үрдіс нәтижесінде үлкен және кіші жіліншік сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы.

Жіктемесі:

1. Жабық сынық.

2. Ашық сынық.

Қауіп - қатерлі факторлар

Детренирленген, абайсыз шұғыл болған қозғалыстар, егде жас.

Диагностика критерилері:

Тізе буынының жабық жарақаты:

1. ауру сезімі, ісіну, қозғалыстардың шектелуі, тізе үсті сүйектің қозғалу симптомы.

2. Жарақат кезінде дыбыс сезілуі, крест тәрізді байламның жыртылуы, буынның алдыңғы артқы бағытта патологиялық қозғалуы, оның бүтіндігінің бұзылуын көрсетеді.

3.Мениск зақымдануы қозғалыстың кенеттен шектелуі тән.

4. Тізе буынының орнынан таюы кезінде мениск және буын капсуласы зақымдалады, артқы  дислокация кезінде тізе асты қан тамырларының кіші жіліншік нервтің зақымдалуы болуы мүмкін.

5. Тізе үсіті сүйегінің сынығы кезінде бүйір байламдарының жыртылуы байқалады.

Нәтижесінде тізе үсті сүйектің жоғарғы сынығы жоғарыға ығысады. Тізе буынының көлемі ұлғаяды, буынның алдыңғы бөліміне ауру сезімі байқалады. Сондай-ақ бұл жерде сырылулур мен гематома байқалады, пальпация кезінде тізе үсті сүйегінің сынықтарының әсері байқалуы болады.

Балтыр- табан буынының орнынан таюы:

- тізе буынында ауру сезімі аяққа күш түскенде белсенді және пассивті қозғалыстар жасау күшейеді;

- буында бұралмалы қарсыласу ;

- буын жазылған, деформацияланған;

- Зақымдалған аяқтың қысқаруы .

Тізе үсті сүйектің сынуы:

- аяқты жазған мәжбүрлі күйде тізе буынының көлемі ұлғаюы (гемартроз);

- пальпация кезінде - локальды ауру сезімі және сынықтар ығысқан кезде олардың арасындағы қуыс анықталады;

- бүгу және белсенді жазу қатты ауру сезімімен аяғын жазған кезде науқас кейде жүре алады;

Балтыр сүйектің сынуы:

Сынықтың абсолютті (тікелей) белгілері:

сүйек деформациясы;

сүйек крепитациясы;

патологиялық қозғалу;

аяқтың қысқаруы.

Сынықтың салыстырмалы белгілері (жанама):

ауру сезімі локальды ауру сезімнің пальпация кезіндегі локальды ауру сезімімен сәйкес келуі;

ісінудің болуы (гематомалар);

аяқ функциясының бұзылуы (болмауы).



Бір абсолюттік белгінің болмауы, сынық диагнозын қоюға негіз бола алады..

ПриҮлкен жіліншік сүйектің айдаршығының сынуы кезінде тізе буынының вальгусты деформациясы гемартроз, буын қозғалысының шектелуі пайда болады.

Ығысусыз болған сынық кезінде тізе буынының аймағындағы ауру сезімі, әсіресе аяққа күш түскенде балтырдың бүйірлік қозғалысы кезінде байқалады.

Үлкен жіліншік сүйектің диафизінің сынуы ( көбінесе ашық):

-науқас жүре алмайды ;

- ісіну (гематома) және балтырдың деформациясы (бұрыштық

ротациялық ) аяқтың қысқарумен ауру сезіміне және күштемеге

байланысты қозғалыс көлемдерінің шектелуі;

- патологиялық қозғалыс.

Балтыр сүйектерінің қиғаш және бұралмалы сынықтары кезінде үлкен тұрақсыздықпен ерекшеленеді.

Тобық сынықтары:

- қозғалту кнзіндегі ауру сезімі;

- балтыр-табан буынының ісінуі және деформациясы;

- пальпация кезінде ауру сезімі ось бойынша күштеме түсірген кезде табанды бүйірлік қозғалыс жасау кезінде сондай-ақ балтырды фронтальды қысқан кезінде ауру сезімімен сәйкес келеді - «ауру сезімдердің иррадиациясы» симптом.

Негізгі және қосымша шаралардың тізімі: жоқ.

медициналық жәрдем көрсету тауктикасы:

Тізе буынының жабық жарақаты кезіндегі жедел жәрдем:

ауру сезімін басу - лорноксикам 8 мг бұлшықеике немесе к\т-ға немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлориді бұлшықетке

науқасты арқаға жатқызып, тізе астына валик қояды.

травматологиялық бөлімшеге тасымалдау;



Балтыр сүйектің сынуы кезінде жедел жәрдем:

ауру сезімін басу— лорноксикам 8 мг бұлшықетке немесек\т-ға; немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлоридін бұлшықетке.

иммобилизация Крамер шинасымен, үрленетін шиналармен тізе буыннан аяқ ұшына;

Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.



Балтыр табан буынының жабық жарақаты кезінде жедел жәрдем:

ауру сезімін басу — лорноксикамды 8 мг бұлшықетке немесе к\т-ға немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлорид бұлшықетке.

науқасты арқасына жатқызып тізе астына валик қояды.

транспортировка в травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.



Негізгі дәрі-дәрмектер:

1. Лорноксикам 8 мг, амп

2. *Кеторолак 30 мг, амп

3. *Тримепиридина гидрохлорид 2% - 1,0 мл, амп

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:

1. *Тримепиридин гидрохлориді 1% - 1,0 мл, амп

Емнің келесі кезеңіне ауыстыру критерилері: науқас жағдайын тұрақтандыру стабилизация.

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

2. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.

3. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

4. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года № 542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

5. Stang A., Hense H-W, Jцckel K-H et al. Is It Always Unethical to Use a Placebo in a Clinical Trial? PLoS Med. 2005 March; 2(3): e72.

6. Donald A. Evidence-Based Medicine: Key Concepts. Medscape Psychiatry & Mental Health eJournal 7(2), 2002. http://www.medscape.com/viewarticle/430709

7. Горюшкин И.И. Так ли доказательна «доказательная медицина» или почему статистическая обработка результатов не может заменить необходимости изучения патогенеза? Актуальные проблемы современной науки. 2003; 3:236-237.

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет