Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған салалық келісім



Дата23.02.2016
өлшемі90.5 Kb.
#7929


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған салалық келісім

Әлеуметтік әріптестер, жұмыс берушілердің өкілі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бір тараптан, және қызметкерлер өкілі – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «тараптар» деп атала отырып

1) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын ұжымды- шартты реттеу;

2) саланың даму стратегиясын іске асыруға ортақ жауапкершілік;

3) саладағы тұрақтылық пен келісімді сақтай отырып, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету ісіне конструктивті өзара әрекет ету;


  1. осы Келісімді міндетті жақтардың орындау;

5) қабылдаған міндеттерді кінәсімен орындамаған үшін тараптардың және өкілдердің жауапкершілігі;

принциптерін басшылыққа ала 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттейтін негізгі бағыттары мен оны бірлесіп жүзеге асыру іс-қимылдары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын анықтайтын осы салалық (тарифтік) Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.




Келісімнің нысаны және міндеттері
Келісімнің нысаны:
1. Министірлік, салада ұжымдық шарт және салалық келісім жасауға әлеуметтік серіктестік аясында құқығы бар Кәсіподақты оның құрылымдық бөлімшелерімен денсаулық сақтау жұмыскерлерінің уәкілетті өкілі деп мойындайды.

2. Тараптар осы Келісімді еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын, қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында, меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізудің жалпы ережелерін белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің құқықтық акті деп мойындайды.

3. Осы Келісімнен шығатын Ереже минималдық болып табылады, облыстық (қалалық, аудандық) Келісімді және ұжымдық шартты бекіткен жағдайда негіздеме болып, кемітуге немесе қысқартуға жатпайды.

Келісім жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыс тәртібі, негізгі және қосымша төленетін еңбек демалысын және жұмыскерлерге басқа да әлеуметтік көмек бөліктерінде белгілі облыстық келісімдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен, жұмыскерлердің құқығын шектемейді.
Келісімнің міндеттері:
4. Әлеуметтік, еңбек және онымен байланысты экономикалық қатынастарын тиімді реттеу механизмін құру.

5. Қызметкерлердің мүдделерін объективті есеп негізінде салада әлеуметтік тұрақтылықты жәрдемдесу.

6. Әлеуметтік серіктестік тараптар арасында барлық деңгейде келіссөз және консультация енгізу.


Саладағы тиімді басқаруды, экономикалық қатынастар мен еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету аясында
Тараптар өздеріне мынадай міндеттерді алады:
7. Республика халқына тиімді мединалық көмек көрсету жүйесін құру мақсатында «Саламатты Қазақстан» 2010-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау жүйесін қайта реформалау және дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.

8. Салада қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ еңбек ақы төлеуге және әлеуметтік төлемдерге арналған, сондай-ақ ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарын ұстауға бөлінетін қаражатты орта республикалық деңгеймен салыстырғанда бір тұрғынға шаққанда 1,5 есе арттыру есебімен республикалық және жергілікті бюджеттерден уақытылы және толық бөлінуі бойынша шаралар қолдану.

9. Консультациялар өткізу және салада еңбек ақы төлеу жүйесін қайта реформалау бойынша, сонымен бірге:

денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын есептеуге негіз ретінде қызметкерлер лауазымдарының Тізілімін, жұмыс өтілі және жалақының ең төмен мөлшерін енгізу жөніндегі коэффициентті қайта қарау;

барлық денсаулық сақтау ұйымдарында еңбектің соңғы нәтижесі бойынша көтермелеу тұрғысындағы төлемдер жүйесін және тетігін жетілдіру, осы мақсатта қосымша қаражат бөлу;

ҚР Еңбек кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары салалық коэффициентімен еңбек ақы төлеудің ең төменгі стандартын белгілеу келісілген шаралар қолдануды жүзеге асыру.

10. Қызметкерлердің уақытында жалақы алу және демалыстарды лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеумен беру, шәкіртақылар мен төлемдердің заңда белгіленген шеңберден кем емес мөлшерде төлену, сондай-ақ психоэмоционалды және салмақ түсіру үшін белгіленген мөлшерде төлемдер төленуді сақтау жөніндегі ҚР Еңбек кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

11. Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті, мединалық көмек көрсету жөніндегі тарифтік саясатты дамытуға, мединалық көмек көрсетулер сапасын арттыруға, денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықты дұрыс және объективті ақпараттармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу .

12. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек демалысын отыз күнтізбелік күннен кем емес күнге жыл сайынға ақылы еңбек демалысын лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеумен беру және лауазымдық жалақының және өзге де үстеме ақылардың ең төмен мөлшерін мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары мен үстеме ақыларынан төмен емес мөлшерде белгілену құқықтарының сақталуы бойынша шаралар қабылдау.

13. Қаржылай қаражат болған жағдайда денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарының санитарларына, санитаркаларына, шаруашылық бикелерге, күтушілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген жағдайда сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз ету.

14. «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік қызметшілердің, ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен бекітілген ереженің 4-тармағының 4-тармақшасын іске асыратын уәкілетті мемлекеттік орталық орган белгілеген тәртіппен көрсетілген мединалық көмектің көлемі мен сапасына байланысты мединалық қызметкерлердің еңбек ақысына көтермелеу үстеме ақы белгіленуін қамтамасыз етуді қарастыру.

15. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына көтермелейтін қосымша төлем белгіленуін қамтамасыз етуді қарастыру, несиегерлік қарызы болмаған жағдайда, тиісті денсаулық сақтау ұйымын ұстауға көзделген қаражат есебінен көтермелеу және материалдық көмек көрсету.

16. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін санитарлық-эпидемиялық қадағалау жүйесінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерге қосымша төлем белгілеуіне қол жеткізу.

Министірлік міндеттенеді:
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 22 маусымдағы №686-шы Қаулысына сай денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақ өкілдерін бақылау кеңестеріне енгізуге.

18. Кәсіподақ өкілдерін денсаулық сақтау саласындағы еңбек қатынастарына қатысты нормативтік құқықтық келісімдер жобаларын дайындау бойынша топтар мен аттестациялық комиссия жұмысына қатысуға тартуға.


Кәсіподақ міндеттенеді:
19. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге.

20. Денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетік сақтау әрі дамыту, ұрпақтар сабақтасын дамыту және нығайту, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделін арттыру жөнінде шара кешенің іске асыруға және әзірлеге қатысуға.Осы мақсатта Кәсіподақ тағайындаған жоғары және орта арнайы медициналық ұйымдарының студенттері үшін стипендиялар төлеуді жүзеге асыру, республикалық және облыстық кәсіби шеберлік конкурстарда жүлделі орындар алған дәрігерлер мен медициналық бибілерге сыйлықақы беру төлемдер жүргізуге.

21. Әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары туралы нормативтік актілер жобаларын мен даярлау қарастыруда жұмыс топтары мен комиссия жұмысына қатысуға.

Еңбек қатынастары саласында, жұмыспен қамтуға көмек
Жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тараптар келесі міндеттерді қабылдайды:

22. 2020 жылға арналған жұмыспен қамтылу Бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде мынадай шараларды іске асыру:

кәсіби стандарттарды жасау, құрамдарды, типтік штаттарды, мамандарға жүктелген нормаларды және денсаулық сақтау мекемелері жүйесін жетілдіру;

мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушілердің қаражатынан сала қызметкерлерінің кәсіби білімдерін, квалификациялық біліктілігін көтеруді оқу сағатының нормасына сай, сондай-ақ жұмыс орны мен жалақысын сақтап, Қазақстан Республикасы заңнамасы көрсеткен іс-сапар шығындарын төлеуге;

денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет жасайтын қызметкерлердің санын жөнсіз қысқартпау.

23. қызметкерге белгіленген қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге сай жұмыс уақытының ұзақтығы мен демалысты (ауысым графигі, демалыс грфигі, түскі үзіліс және басқалар) келісуге.

24. Тараптар өз өкілеттіктері аясында бірлескен мониторинг пен жұмысберушілердің денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша жұмыс жүргізу.

25. Кәсіподақ өкілдерінің тең қатысуымен денсаулық сақтау ұйымдарында жеке және ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейін шешу үшін келісім комиссияларын құру

26. Кәсіптік шеберлікті дамыту байқауларын ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын жалғастыру.

Министірлік міндеттенеді:
27. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі нормаларын сақтауда штат санының қысқаруына байланысты жүкті әйелдерді және үш жасқа дейінгі балалары бар аналарды (растау құжаттары болған жағдайда) жұмыстан босатуға, еңбек шартын бұзуға жол бермеуге

28. Медициналық профильге жатпайтын денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандарға біліктілік санатты иелену мен аттестация, біліктілікті арттыру тәртібін аңықтауға.

29 Білім беру орындарында оқитын қызметкерлерге, өлшемі еңбек немесе ұжымдық келісімде көрсетілгендей, қосымша ішінара ақылы демалысты мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысымен айналысу мерзіміне беруге.

30. Медицина қызметкерлеріне біліктілік санатын тағайындауда Кәсіподақ өкілдерінің аттестаттау комиссияларының жұмысына қатысуға жағдай жасауға


Кәсіподақ міндеттенеді:
31. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбек мүдделері мен құқығын сақтауға қоғамдық бақылау жүргізу.

32. Жеке және ұжымдық еңбек шарттарын сотқа дейінгі тәртіппен қарауға жәрдем көрсетуге.

33. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заң консультациясын беруге, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасызетуге


Әлеуметтік кепілдіктерді, еңбекті қорғауды және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету саласында
Тараптар міндеттенеді:
34. Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылдың 31 шілдедегі №182-п Бұйрығымен бекітілген (Тізімге сай) қосымша ақылы жыл сайынғы демалысқа, ауыр және өте ауыр, зиянды және аса зиян еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге қысқартылған еңбек уақытын тағайындауға,

35 денсаулық сақтау қызметкерлеріне қызметтің жүріп-тұру сипатымен байланысты көліктің шығыстарын өтеуге, сондай-ақ коммуналдық өтем мен отын шығындарын өтеуге;

36. Еңбек шарттары мен еңбекті қорғау мәселесін жақсартуға консультация жүргізіп бірлескен жоспар құруға

өндірістік жарақат пен өндірістік науқас деңгейін төмендетуге, гепатит пен ВИЧ/СПИД ауруларының алдын алуға қаржылай іс-шара ұйымдастыруға;

саладағы күзет қызметі мен қауіпсіздікке;

медицина қызметкері тарапынан азаматтардың денсаулығына жасалған әдейі емес олқылықтарға жауапкершілігін сақтандыруға;

37. Денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек шарттары мен еңбекті қорғау жағдайына мониторинг жүргізуге.

38. Өндірістегі бақытсыз жағдайға, кәсіптік ауруға шалдығуға байланысты бірлескен тергеу жүргізуге, оның алдын алуға шаралар қарастыруға, зардап шеккендердің негізсіз айыпталмауына.

39. Еңбек қауіпсіздігі шарттарын сақтау жүйесін дамытып, басшылар мен кәсіподақ өкілдерінен тұратын еңбек қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғалардың білім деңгеін тексеріп, инструктаж өткізуге.

40. Облыстық және салалық әлеуметтік әріптестік комиссия отырыстарында әлеуметтік-еңбек қатынастар, еңбек қауіпсіздік және қорғау жайы, өндірістік жарақатты және кәсіптік ауру жағдайлары сұрақтарын қарастыру және қарастырылған нәтижесі бойынша шаралар қолдануға.

41. «Қарағай» Республикалық оңалту орталығында қатер топтар есебіндегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің сауықтырылуын жалғастыруға.

Министірлік міндеттенеді:

42. Сала қызметкерлерін жыл сайынғы міндетті, алдын алу медициналық тексеруден, сондай-ақ диспансерлік есептегі қызметкерлерді емдеу және тексерілуін бюджет есебінен жүргізуді қамтамасыз етуге.


43. Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне қауіпсіз еңбек жағдайы, қызметкерлердің арнайы киіммен жабдықталуы, уәкілеттік еңбек органдарының тізімі мен нормасына сай арнайы тағаммен үзіліссіз қамтамасыз етілуін жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етуге

Кәсіподақ міндеттенеді:
44. Еңбек міндетін орындау кезіндегі қызметкерге тиген зиянды толық және уақытылы өтеу, қауіпсіз еңбек жағдайын денсаулық сақтау ұйымдарында құру, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға.

Алматы мен Астана қалаларының, облыстық денасулық сақтау басқармаларымен салалық келісімдер жасасуға.

45. Кәсіподақ мүшелеріне, өндірісте зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына құқықтық және материалдық көмек көрсетуге.

46. Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, медициналық көрсеткіштер бойынша сауықтыруды қажет ететін кәсіподақ мүшелерне санаторийлік-курорттық емдеуге арналған жеңілдікті жолдамалармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге, сондай-ақ олардың балаларын сауықтыруға.


Әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, Тараптардың қызметін үйлестіру саласында
Тараптар міндеттенеді:
47. Әлеуметтік әріптестікті өркендетуге, еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі бойынша келісімдер мен ұжымдық шарттардың тиімділігін арттыруға

48. Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдар деңгейінде әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дамытуға және нығайтуға жәрдем көрсетуге, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шартты құруға ықпал етуге.

49. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырыстарында ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тыңдауды іске асыруға, консультациялар өткізуге және қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын талқылауға.

50. Әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық екіжақты комиссия жұмысының рөлін арттыруға, олардың қызметіне ұйымдастырушылық және методикалық көмек көрсетуге

51. Алқа ұйымдарының мәжілістерінде осы Келісім шарттың орындалу барысын тұрақты түрде қарастыруға

52. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сай тараптар мынадай келісімге келді:

жұмыс берушінің бастамасымен Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату осы ұжымдағы кәсіподақ органының дәйегін ескере отырып жүзеге асырылады.

сайланбалы кәсіподақ қызметкерлері әкімшіліктің ұйғарымымен қызметінен босатыла алмайды, тек ұйым жойылған жағдайда ғана, сондай-ақ өзі мүше кәсіподақтың келісімінсіз басқа қызметке ауыстыруға немесе сөгіс жариялауға

сайланбалы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері өз мүшелерінің мүддесінде қоғамдық қызмет атқару үшін, кәсіподақтық оқу уақытында, делегат ретінде кәсіподақ шақырған съезд, пленум, конференция, президиум уақытында негізгі қызметін атқарудан босатылады және оның орташа айлық жалақысы сақталады.

Министірлік міндеттенеді:

53. Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Бас Келісімге, Қазақстан бекіткен Халықаралық Еңбек ұйымының №135-ші «Кәсіпорындардағы қызметкерлер өкілдерінің құқын қорғау және олардың мүмкіндіктері туралы» Конвенциясына сай кәсіподақ өкілдерінің құқын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымдарында еркін жұмыс жасауына жағдай жасап, оның ішінде еш кедергісіз мүшелік жарнаны қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы (кәсіподақ мүшесінің жазбаша рұқсатымен немесе ұжымдық келісім бойынша) және кәсіподақ ұйымдарының есеп-шоттарына уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге

54. Кәсіподақ және кәсіподақтың облыстық филиалдарының төрағаларын әлеуметтік әріптестік саясатын жузеге асыра отырып, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі алқасының құрамына, облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет алқалары құрамына енгізуге
Келісімнің қолданылуы және оны іске асыру тетігі
55. Осы Келісім әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөнінде келісілген іс-қимыл жасауды көздейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық кесімі болып табылады ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, денсаулық сақтау басқару органдарына, сала кәсіпорындарының барлық мекемелерінің жұмыс берушілеріне және қызметкерлеріне қолданылады.

56. Келісімнің ережелері денсаулық сақтау жүйесінің барлық медициналық ұйымдары үшін міндетті және Алматы мен Астана қалаларының, облыстық денасулық сақтау басқармаларымен келісімдер жасасқан кезде ескерілуге тиіс.

57. Облыстық келісімдердің, ұжымдық және жеке еңбек шарттарының қызметкерлердің кепілдіктерін нашарлататын және қолданыстағы заңнама мен осы Келісімге қайшы келетін талаптары қолданылмайды деп танылады.

58. Келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай мерзімде Тараптар Келісім мәтінін ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, сала қызметкерлерінің назарына жеткізеді және қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Келісімге қол қойған әрбір тарап өз өкілеттіктері шегінде өзінің жауапкершілігін мойындайды және туындайтын проблемаларды шешуде ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.

59. Бірде бір тараптың бір жақты тәртіппен Келісімнің қолданылуын тоқтата тұруға немесе алып тастауға құқығы жоқ, оған өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара уағдаластығы бойынша енгізіледі.

60. Келісімнің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады (қосымша).

Осы Келісімді орындау жөніндегі бақылау функцияларын, сондай-ақ Кәсіподақтың аумақтық, бастапқы ұйымдары, жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар салалық комиисияны немесе Келісімге қол қойған басшыларды тікелей жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптар табыс етілген ақпаратты талқылауды жүргізеді және тиісті шешімдер қабылдайды.

61. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жаңа келісім қабылданғанға дейін қолданылады.



Қазақстан   Республикасы денсаулық сақтау министрі

Қазақстан   Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

___________ С.З. Қайырбекова

___________ М.С.Бутина


Қазақстан Республикасы еңбек және


халықты әлеуметтік қорғау

Министірлігінде 2012 жылдың



_________________ тіркелген




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет