Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі13.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Г.Б. Шапатова, Р.Т Карибжанова

« АНАТОМИЯ »ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ



ҚАРАҒАНДЫ 2010

ӘОЖ 611(02)

ҚБЖ 28.706 я 7

Ш22


Рецензенттер:

А.Б.Аубакиров «Астана медициналық университеті» АҚ қалыпты және топографиялық анатомия мен ОПХ кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор

Ф.С. Абикенова медицина ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің валеология курсымен патологиялық физиология кафедрасының доценті

К.Т. Нұрсеитова медицина ғылымдарының кандидаты,Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің гистология курсы мен патологиялық анатомия, сот медицинасы кафедрасының оқытуышысы

Ш22 Шапатова Г.Б., Карибжанова Р.Т. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін маман-дандырылған «Анатомия» пәнінен дәрістер жинағы.- Оқу құрал.-Қарағанды.-2010 ж.-92 б.

ҚБЖ 28.706 я 7

Оқу құрал «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студенттеріне арналған, тірек-қимыл, нерв, жүрек-қантамырлар, эндокриндік,ас қорыту және сезім мшелерінің жүйелері бойынша мамандандырылған сұрақтарды қарастырады.

Құпталған және ҚММУ- дың Әдістемелік кеңесінің бекітуіне ұсынылған

Хаттама № 4 09.12.2009ж.

ҚММУ- дың Ғылыми Кеңесінде бекітілген және басылымға ұсынылған

Хаттама № 5 25.12.2009ж.

©

Г.Б. Шапатова, Р.Т Карибжанова, 2009 ж.



Мазмұны

Кіріспе 5

Дәріс 1 Анатомия пәні және оның міндеттері. Организмнің тіндеріне жалпы мінездеме. Ағза, ағзалар жүйелері мен аппараттары туралы түсінік. Сүйек ұлпасының пайда болуы, дамуы, өсуі және

құрылысының жалпы заңдылықтары 6

Дәріс 2. Нерв жүйесі. Ми қыртысының қалыптасуы Анализаторлар туралы түсінік. .20

Дәріс 3 Ангиология. Қан және лимфа тамырлары құрылысы, тармақталуы және жіктелуінің жалпы ұстанымдары. Жүректің дамуы және морфофункциональдық анатомияс 34

Дәріс 4.Эндокринді аппарат және иммундық жүйе морфо-функционалдық сипаттамасы, организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметтерін реттеудегі олардың ролі. 48

Дәріс 5 Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. 62

Дәріс 6. Сезім ағзалары. Көру ағзасының функционалдық анатомиясы. 75

Білім деңгейін тексеруге арналған тестілер 85

Қолдануға ұсынылған әдебиеттер 96

Қысқартулар тізімі

АКТГ - адренокортикотропты гормон

АМҚ - аминоқышқылдар

ГГНЖ - гипоталамустық-гипофизарлық нейросекреттік жүйе

ГТГ - гонадотропты гормон

Д - диоптрий

ЛТ - Лимфа тамырлары

ОНЖ - Орталық нерв жүйесі

СТГ - соматотропты г

ТТГ - тиреотропты гормон



Кіріспе

Анатомия биологиялық ғылымның морфологиялық тарауына жатады. Физиологиямен бірге ол теориялық және тәжірбиелік медицинаның негізі болып табылады, өйткені адам денесінің пішінімен құрылысы нақтылы білу сау және ауру организмнің тіршілік қызметтерін атқаруын түсінудің және ауралрдың себептері тура-дұрыс түсініктер жасаудың міндетті шарты болып табылады, онсыс алдын ала сақтандыру мен емдеу жүргізу мүмкінемес.Адам денесі құрылысының жеке бастың ерекшеліктері, вариантары мен қалыпты дамудан ауытқуларын түсіну үшін, адам организмінің дамуының негізгі кезеңдерін білу қажет. Бұл үшін дәрістер жинағында адам эмбриогенезінің алғашқы сатыларын, ұрықтық табақшалар туралы ілімді, ұпаларды: эпителий, дәнекер, бұлшықет және нерв ұлпаларын; мүшелерді, мүшелер жүйелерінмен аппаратарды, дене, ішкі мүшелер және нейрогуморальдық реттеудің анатомиялық жолдары туралы түсінікті, мүшелердің қурылысы мен топографиясының ваританттарын, адам денесі пішінің өзгергіштігінің түрлерін, қарастырылған.



Дәріс 1

Анатомия пәні және оның міндеттері. Организмнің тіндеріне жалпы мінездеме. Ағза, ағзалар жүйелері мен аппараттары туралы түсінік.Сүйек ұлпасының пайда болуы, дамуы, өсуі және құрылысының жалпы заңдылықтары

Кез-келген ғылымды сонымен қатар анатомияны дұрыс түсіну үшін оның тарихын, дамуының негізігі кезеңдерін білу керек. Медицина тарихының бөлігі болып саналатын анатомия тарихы – бұл адам денесінің құрылысы туралы материалистік түсінік пен идеалистік және догматтық түсініктердің күресінің тарихы.

Анатомияның басталуы көне замандарға кетеді. Ерте заманнан бізге жеткен жартастардағы суреттер алғашқы қоғамдағы адамдардың адам организімінің құрылысы және оның бөліктерінің қызметтері туралы кейбір түсініктерінің болғандығы дәлелдейді. Бірақ, қандай жолмен бұл түсініктер пайда болды, әзірше ол тари ғылымына белгісіз. Анатомияның басталуы адамның танып-білу әрекетінің дамуымен байланысты деген болжам бар: құмарлық(әуестік) адамдарды тек қана қоршаған заттарды білуге ғана емес, сонымен қатар жарақаттарды қарастыруға тартты (итермеледі).

Өкінішіке орай, адамның табиғаттан тыс күшке сенуі және діннің ерте пайда болуы өлген адамды бөлшектеуге тыйым салды, үйткені жан мен дене(тән) жеке өмір сүреді де, өлгеннен кейін «жан» бүтін денеге қайтып келуге тиіс есептелді.

Ертедегі қытайлықтардың адамның құрылысы туралы соншама мардымсыз әрі дерекі ұғымдары болды. Ертедегі медицина туралы қытайлық шығармаларда таңғажайып(фантастикалық) мәліметтер бар . Мысалы, кеңірдек көкірек қуысында 7 каналға бөлінетін сияқты. Бұл еретедегі қытайлықтардың мәйітті сойып ашпағандықтарының айғағы. Олардың пікірінше, жүрек ас қорыту сөлін қабылдап, оны қанға айналдырады. Бауырда жан мекендейді де ой, сана пайда болады, ал өт қабы ерліктің орталығы болып саналды. Сондықтан, ертедегі жауынгерлер батылдық пен ерлік үшін тамаққа ірі жыртқыштардың өтін қосқан.

Ертедегі Индияда медицина біртіндеп діннен алшақтай бастады да, біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырдың өзінде мәйіттерді ашуға қатал тыйым салынбады. Тиымды бұзғандар, егер олар тазартқыш ванна қабылдаса, қасиетті сиырға жанасса немесе жай күнге қараса, күнәсін оңай өтеген. Индустардың қасиетті кітаптарында мецерациялау әдәсі(сүйектерді еттерден арылу) баяндалған. Едәуір алға басқандық деп, бізідің дәуірге дейінгі І мыңжылдықта Индияда сезім мүшелері туралы ілімнің пайда болуын есептеуге болады. Олардың көмеймен әлемді таниды.

Ертедегі Египетте ерекше топтық(қасталық) мемелекеттіктің принципі болды. Барлығының үстінен абыздар(жрецы) тобы үкімін жүргізіді. Өлгеннен кейін адамның жаны әр түрлі жануарлардың денесіне көшіп қонады да, 3000 жылдан кейін ол өлген адамның денесіне қайтып келеді деп, - үйретті абыздар. Сол себепті мәйіттерді бальзамдау кеңінен жүргізілді. Бальзамдау кезінде жасалған кішкентай кесілген жерлер ішкі мүшелердің құрылысы мен топографиясын көруге мүмкіндік бермеді. Бізідің дәуірге дейінгі V ғасырдың басында ертедегі Грецияда адам мен жануарлар құрылысы туралы білім шамамен Шығыс елдерінің білімінің деңгейінде болды. Ертеджегі гректер өз білімдерін жануарлар анатомиясымен танысу арқылы жинады, мүмкін оларға қылмыскерлердің мәйітін ашып көруге рұхсат берілген. Ең бірінші грек анатомы болып, мәйіттерді жарып ашудың өзінді техникасын дамытқан, дәрігер, философ Алкмеон Кротонский болған. Демокриттің материализмі мен «барлығы ағады» «panta rhei» деген атақты жағдайды айтқан Героклиттің диалектикасының әсерімен адам организмінің құрылысына материалистік көзқарас қалыптасады.

Демокриттің басқа замандасы, Ертедегі Грецияның атақты дәрігері Гиппократ(б.д.д. 460-377 ж) болды. Оның негізгі ойлары(идеялары) осы күнгі медицинада да қолданылады. Организм құрылысының негізін төрт түрлі сөлге: қан(sanguis), шырыш(phlegma), өт(chole) және қара өт(melaina chole) құрайды деп үйретті . Осы сөлдердің қайсысы басым болса, соған байланысты адамның темпераменті болады; сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик. Демек, темперамент – адамның сөлдерінің күйіне байланысты, яғни материяға байланысты, Гипократтың материализмі осында еді.

Аристолтельдің шәкірті Платон (384-323 б.з.д.) ең алғаш жануарлардың денесін салыстырып, ұрықты зерттеуге әрекет жасап, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның дамуына жол салды.

Осындай алыптар анатомияда пайда болды. Олар Галеннің схоластикалық(өмір тәжиребесінен аулақ) анатомиясын бұзып, ғылыми анатомияның негізін орнатты. Осы алып жұмыстың бастаушысы Леонардо да Винчи, негізін қалаушы Андрей Везалий және аяқтап шығушы Вильям Гарвей болды.

Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.) 30 мәйітті жарып ашып сүйектердің, бұлшық еттердің және басқа да мүшелердің көптеген суреттерін салып, осы суреттерге жазуша түсініктер құрастырды. Көрнекті итальян ғалымы, әрі суретшісі адам денесінің пішіні мен пропорциясын зерттеп тілді, бұлшық еттердің классификациясын ұсынды, олардың қызметін механика заңдарының тұрғысынан түсіндірді.

Андрей Везалий (1514-1564 жж.). Падуа университетінің профессоры, ғылыми анатомияның негізін қалаушы. Мәйіттерді жарып ашқандағы өз байқауларының негізінде(жылына 1-2 мәйітті ашуға рұхсат етілген) «Адам денесінің құрылысы туралы» деген еңбек жазды. Везалий жүйелі түрде әрі едәуір дәлелдеп адам анатомиясын баяндады, Галеннің анатомиялық қателерін көрсетті, оның беделін мүлдем жойды. Везалийдің зерттеулері мен жаңашылдық еңбектері(анатомиялық реформатор) анатомияның әрі қарай прогрессивтік дамуын алдын ала анықтады.

XVII-XIX ғасырларда анатомия жаңа фактірлермен толықтырыла түсті. Болонье қаласында микроскоптың көмегімен М.Мальпиги(1628-1694 жж.) қан тамырларының капиллярларын ашып, микроскопиялық анатомияның негізін қалады. Лимфологияның дамуына италян анатомы П.Масканидің(1755-1815 жж.) еңбектері, әсіресе «Лимфатикалық тамырлардың тарихы мен иконографиясы» деген еңбегі, мүмкіндік туғызды. Анатомияның дамуында М.Ф.Бишаның(1771-1802 жж.) «Жалпы анатомияның физиология мен медицинада қолданылуы», - деген еңбегі елеулі орын алады. Бүл еңбекте ұлпалар, мүшелер және жүйелер туралы мазмұндалған. XIX аяғында XX басында адам анатомиясы бойынша бірқатар оқулық нұсқаулар мен атластар жарық көрді.

Бірінші орысша анатомиялық атластың жарыққа шығарушы М.И.Шеин (1712-1762 жж.) болды. Ол 1757 жылы Гейстердің «Қысқартылған анатомиясын» орыс тіліне аударды. Оның терминдері орыс тіліне аудармасы орысша анатомиялық терминдер жасаудың негізін салды.

Медициналық мектептерде, әуелі Москвада кейін Петербургте, анатомия мен басқа пәндерді орыс тілінде талантты дәрігер К.И.Шепин(1728-1770 жж.) оқыта бастады.

Ғылым Академиясы жанындағы университетте анатомия курсын М.В.Ломоносов оқушысы анатом, академик А.П.Протасов(1724-1796 жж.) оқыды. Ол өзінің адам дене құрылысы, асқазанның құрылысы мен қызметі туралы еңбектерімен белгілі, көптеген анатомиялық терминдердің авторы.

Москвалық анатомиялық мектептің дамуында Москва университетінің бірінші профессоры С.Г.Зыбелин көрнекті орын алады (1735-1802 жж). Оның «Адам денесінің құрылысы туралы сөз және оны аурулардан сақтау жолдары», - деген еңбегі белгілі (1777 ж.). Е.О.Мухин(1766-1850 жж.) – Москва университетінің анатомия пәнінің мұғалімі. «Анатомия курсы» деген еңбек жазды. Кафедрада анатомиялық музей ұйымдастырды, орысша анатомиялық терминдерді насихаттаушы болды. Анатомияға үлкен үлес қосқан Н.Д.Зернов(1843-1917 жж.) болды. Ол анатомия бойынша оқулықтың авторы болды, сезім мүшелерін, мидың жарты шарларының қыртысының салалары мен қатпарларының өзгергіштігін, ащы ішектің шажырқайлы бөлігін зерттеді.

Анатомия мен хирургия тарихында Н.И.Пирогов(1810-1881 жж.) ерекше орын алады. Н.И.Пироговтың анатом ретінде ең үлкен сіңірген еңбегі- мүшелердің өзара және қаңқамен өзара қарым-қатынасын оқу мақсаты мен адам денесін қатырылған мәйіттің кесінділері арқылы зерттеу әдісін ашуы болып табылады. Көп жылғы еңбегінің нәтижесін ол «Қатырылған адам денесі арқылы үш бағытта жүргізілген кесінділермен сипатталған топографиялық анатомия» аралық кеңістіктерді зерттеді. «Артериялық сабаулар мен шандырлардың хирургиялық анатомиясы», - деген еңбегі бірнеше рет қайта басылды.

Микроскопиялық техника, рентгендік және биометриялық әдістер ойдағыдай қолданылады. Экспериментальды анатомия саласында, Ленинградтық анатомдар мектебінің негізін қалаушы В.Н.Тонков(1872-1954 жж.) айтарлықтай жүмыс істеді. Ол көп жыл бойы Әскери-медициналық мектебін құрды(Б.А.Долгосабуров, Г.Ф.Иванов, А.П.Любомудров,Ф.П.Маркизов, К.В.Ромодановский т.б. белгілі ғалымдар). В.Н.Тонков коллатеральды қан айналысты, тамырлардың әр түрлі жағдайдағы өмірге бейімденуін, нервтерджің қан айналысын зерттеді. 1896 жылы бірінші болып қаңқаны зерттеуге рентген сәулелерін пайдаланды. В.Н.Тонков бірнеше рет қайта басылған анатомия бойынша оқулықтың авторы.

Анатомтардың Харьковтық мектебінің көрнекті өкілі В.П.Воробьев(1876- 1937 жж.) – вегетативтік нерв жүйесін зерттеуші В.П.Воробьев адам жүрегі мен асқазанның нерв өрімдерін сипаттады. Ол «Адам анатомиясының атласының» 5 томын жарыққа шығарды. Басқа ғалымдармен бірге В.П.Воробьев В.И.Лениннің денесін бальзамдады. Дара өзгерушіліктер мен адам денесінің құрылысындағы шекаралық формалар туралы ілімді В.Н.Шевкуненко(1872-1952 жж.) дамытты.

Адам мен жануарлар лимфатикалық жүйесінің функциональді анатомиясын зерттеуге Г.М.Иосифтің оқушысы Д.А.Жданов(1908-1971 жж..) үлкен үлес қосты.

XX ғасырдың ортасынан бастап ССРО медициналық ғылым Академиясының, одақтас республикалар ғылым Академияларының академиктері, мүше корреспонденттері бастаған бірқатар келешегі зор ғылыми бағыттар ойдағыдай дами бастады.

Нервтердің құрылыстарын зерттеген Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор А.Р.Рахишевтің еңбектері арналған (Алматы). Ал, веналардың анатомиясын, мүшелерден, үлпалардан, лимфа түйіндерінен, т.б. иммунитет жүйесінің мүшелерінен лимфа ағатын жолдардың құрылысын зерттеуге М.Р.Сапин мен оның оқушыларының еңбектері арналған (Москва).

Қорыта келгенде, советтік ғылым-анатомдардың үлкен коллективі медицина ғылымының теориясы мен практикасына өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.

Енді, адам анатомиясы жаратылыс тану ғылымдарының бір саласы бола тұрып нені зерттейді, қандай әдістер қолданылады? – соған қысқаша тоқталып өтейік.

Адам анатомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен олардың жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи дамуына және қызметіне байланысты зерттейді.

Адам түр ретінде ұзақ эволюцияның нәтижесі болып табылады, және жануарлармен ұқсас туыстық белгілері де бар. Осыған орай, анатомия тек қазіргі заманың, толық қалыптасқан адамның құрылысын ғана зерттеп қоймай, оның ағза ретінде тарихи дамуында қарастырады. Осындай мақсатпен:


  1. Жануарлардың—филогенездік (phylon — тұқымдас, genesis — даму) эволюциясы барысында адамнның түр ретінде дамуы зерттелінеді. Филогенездік зерттеу үшін, әртүрлі жануарлар мен адамның құрылысын салыстыратын салыстырмалы анатомия мәліметтері қоланылады.

  2. Қоғамның дамымуымен байланысты— антропогенез (anthropos — адам), адам баласының қоғамдағы қалыптасуы және даму үрдістері зерттелінеді. Бұнда салыстырмалы және эволюциялық морфологиямен қоса, адам туралы ілім — антропологияның да мәліметтері де қолданылады. Антропология тарихи қоғамдық топтардың дамуын ескере отырып, адамның өз ортасында даму тарихын және физикалық табиғатын зерттейді.

  3. Индивидтің дамуы— онтогенез (onthos — дара) процесі, яғни құрсақтық — эмбриональды (эмбриогенез) және постэмбриональді немесе постнатальді (post — кейін, natus — туған) туғаннан өлгенге дейінгі дамуы қарастырылады. Осы мақсатпен эмбриология (embryon — ұрық) және жастық анатомия мәліметтері қолданылады. Онтогенездің ең соңғы кезеңі— кәрілік — кәрілік туралы ғылым — геронтологияның (geron, gerontos, греч.—қарт). объектісі болып табылады.
    Қорытындысында, анатомия, адам ағзасының ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен белгілі бір заңдылыққа негізделген, эволюциялық дамуын зерттейді.   

  4. Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелік анатомия, топографиялық анатомия, мүсіндік (пластикалық) анатомия, сипаттама анатомия, функциональдық анатомия, динамикалық анатомия және салыстырмалы анатомия жатады. «Қалыпты» сау адамның анатомиясы дәстүрлы түрде жүйе бойынша қарастырылып— адамның қалыпты (жүйелік) анатомиясы деп аталынады. Осыған қоса, адам анатомиясынның негізінде, хирургиялық тәжірибенің жинақталуынан, операция жасайтын хирургтарға адам денесін аймақтар боынша қарастыруға, мүшелердің өзара және қаңқамен байланысын зерттеуге мүмкіндік беретін топографиялық анатомия деген пән қалыптасты.

Медицинаның дамуы, қалыпты адамның өмір сүру барысындағы, ағзаның қызыметтік өзгерісінен туындайтын қалыптан тыс (патологиялық) жағдайын зерттейтін ғылым — патологиялық анатомиия дамыды.

Рентгеннің дамуымен, медицина ғылымына жаңа рентгенанатомия пәні енгізілді.

Анатомия ғылыми негізінде көптеген зерттеу әдістерін пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу


  1. кесу әдістері. Ол қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ

  2. Құйып толтыру (инъекция) әдіс

  3. Бұзу (коррозия) әдіс

  4. Жидіту (мацерация) әдіс

  5. Микроскопиялық әдіс

Анатомия адам мүшелерін тірідей де зерттеді қажет етедң. Бұл үшін:

  1. Рентгенологиялық әдіс қолданылады

  2. Ауторадиографиялық әдіс – даму кезеңдерді изотоптар көмегімен зерттеу

  3. Антропометриялық әдіс

  4. Эксперименттік әдіс

Анатомиялық зерттеулерде бұл аталған әдістерден басқа суретке, киноға түсіру және мүшелердің суретін сызу арқылы зерттеулер де өте кең түрде қолданылады.

Ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйелері туралы жалпы ұғымдар. Қаңқаның жалпы анатомиясы

Барлық өсімдіктер мен жануарлар организмдері клеткалардан тұрады.Клетка-цитоплазма мен ядродан тұратын қарапайым тірі жүйе.Ол протоплазмадан тұрады.Қазіргі уақытта протоплазма деп клетканың негізгі бөлімдерін-цитоплазма,ядро және клетканың қабығын құратын затты түсінеді.Алғашқы рет протоплазма деген атты чехтың ғалымы Пуркинье ұсынған болатын.Ол тіршіліктің барлық құпиясы жасырылған жартылай кермекті судан ауырлау,сұйық зат болып табылады.Философиялық тілмен айтқанда протоплазма-материя қозғалысының ерекше түрі. Ол тұрақты түрде (үнемі) сыртқы ортамен алмасып тұрады. Онда үнемі метаболизм- зат алмасу жүреді: анаболизм –тірі заттарды синтездеу және катаболизм –тірі заттардың ыдырауы;осының нәтижесінде басқа заттардың түзілуіне жұмсалатын энергия бөлініп шығады.Протоплазманың өсу, көбею, қозуды қабылдау, оған жауап беру тағы басқа қабілеттері бар. Протоплазманың әсерінен қозғалыс туады,мысалы бұлшық ет ұлпасы.Ол бізді қоршаған ортаның әртүрлі құбылыстарын танып біледі, мысалы, ми және т.б. Құрамына анатомия да кіретін, биологиялық ғылымдардың міндеті – тірі материяның құпияларын танып білу, түсіну. Протоплазма, негізгі 3 топқа – белоктарға, углеводтарға (көмірсутектеріне) және майларға жататын күрделі органикалық қосылыстардан тұрады.



Ұлпа – белгілі бір қызыметті атқаруға маманданған жасушалық және жасушалық емес құрылымдардың филогенетикалық даму барысында қалыптасқан жүйесі.

Ұлпалардың 4 түрін ажыратады:

1) Шекаралық немесе эпителий ұлпасы.

2) Ішкі ортаның ұлапалары.

3) Бұлшық ет ұлпалары.

4) Нерв ұлпасы.

І.Эпителилік ұлпалардың құрылысы әр түрлі болады да, негізінен, мүшелердің сыртқы ортамен тікелей жанасатын жерлерінде орналасады. Одан басқа эпителий қорғаныш қызметін атқарады;

ІІ.Ішкі ортаның ұлпалары – бұл ұлпалар ішкі ортаның құрамды бөлігі болып табылады да, сыртқы ортамен тікелей байланыста болмайды. Олардың бәрі эмбриональдық дәнекер ұлпаның – мезенхиманың туындысы болып табылады. Олардың өзі түрге бөлінеді: 1)Қорғаныш және трофикалық қызметтер ұлпалары – қан мен лимфа, ретикулярлық ұлпа, қалыптаспаған дәнекер ұлпа; 2)Тіректік қызмет ұлпалары: қалыптасқан дәнекер ұлпа, шеміршек және сүйек ұлпалары; 3)Жиырылғыштық қызмет ұлпалары – жазық салалы бұлшық ет ұлпасы.

ІІІ.Жиырылғыш ұлпалар – бұлшық ет ұлпалары. Бұлшық ет ұлпаларын көлденең жолақты (қаңқалық) және жазық салалы бұлшықет ұлпаларына бөледі. Олар бір-бірінен гистологиялық құрылысы бойынша ажыратылады. Жазық салалы бұлшық ет ұлпасы жазық салалы бұлшық ет клеткаларынан – миоциттерден тұрады. Оның жиырылуы біздің еркімізге, санамызға бағынышты емес, сондықтан оны ырықсыз деп атайды. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы көлденең жолағы бар бұлшық ет талшықтарынан тұрады, сондықтан оны көлденең жолақты деп атайды. Оның жиырылуы біздің еркімізге, санамызға бағынышты болғандықтан оны ырықты (еркін) деп атадйы. Құрылысы бойынша көлденең жолақты, ал қызметі бойынша – жазық салалы бұлшық етке жататын жүрек бұлшық еті ерекше орын алады.

ІҮ.Нерв ұлпасы организмнің бізді қоршаған, ішкі және сыртқы ортамен қарым-қатынасын іске асырады. Ол қозудың өткізгіші болып табылады. Нерв ұлпасының құрылыстың қызметтік бірлігі, өзінің дендриттер мен нейрит (аксон) өсінділерімен бірге нерв клеткасының денесі – нейрон болып табылады.

Ұлпалар мүшелер мен мүшелер жүйесін құрады. Мүше организмнің оны қоршаған ортаға бейімделу құралы болып табылады. Мүше – дененің табиғи құралы. Мүше тұтас организмнің бөлігі болып келеді де одан бөлек өмір сүре алмайды. Сөйтсе де ол, өзінің пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі орны бар, әр түрлі бірнеше ұлпалардан біріктіретін тұтас құрылым. Мүше бірнеше ұлпадан тұрса да, олардың біреуі басым болып, мүшенің арнайы құрылысы мен қызметін анықтайды. Мысалы, бұлшықет көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан, дәнекер ұлпадан, тамырлардан және нервтерден тұрады, бірақ, қызметі жиырылғыштық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы басым келеді де, бұлшық еттің мүше ретінде құрылысы мен қызметін анықтайды. Мүше деп адам денесінің бір бөлімін айтуға болады. Мысалы, «қол – еңбек мүшесі» (Ф.Энгельс) немесе аяқ тірек және қозғалыс мүшесі болып табылады.

Даму тұрғысынан энтогенез бойы қызметін атқаратын тұрақты мүшелерді және дамудың белгілі бір сатысында пайда болып, содан кейін жойылып кететін, уақытша провизорлық мүшелерді ажыратады.



Адам организмінде төмендегідей мүшелерді ажыратады:

1.Организмдегі негізгі тіршілік процессі – зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелер. Зат алмасу сіңіру – ассимиляция және бөліп шығару – диссимиляция процестерінен тұрады. Сондықтан организмге қоректік заттар мен оттегін жеткізетін мүшелер (ас қорыту және тыныс алу) және организмнен керексіз, оңдалған заттарды шығаратын мүшелер (несеп шығару мүшелері) бар.

2.Homo sapiens түрін жалғастыруды қамтамасыз ететін мүшелер – көбею және жыныс мүшелері.

3.Клеткалар мен ұлпаларға қоректік заттар жеткізіп, алмасу заттарын алып шығатын мүшелер - қан айналым мүшелері: жүрек пен тамырлар.

4.Организмдегі процесстердің химиялық байланысын және оларды реттеуге қатысатын мүшелер – бұлар ішкі секреция бездері.

5.Организмнің қоршаған ортаға қозғалысын көмегімен бейімделуі үшін қызмет атқаратын мүшелер.

6.Қоршаған ортадан тітіркенуді қабылдайтын мүшелер – сезім мүшелері.

7.Барлық мүшелердің қызметін бір тұтастыққа біріктіретін мүшелер – нерв жүйесінің мүшелері. Бұл мүшелер организмнің тіршілік жағдайларымен бір тұтастығын қамтамасыз етеді.

Бірқатар маңызды қызметтерді атқару үшін бір мүше жеткіліксіз болады. Сондықтан мүшелердің жиынтығы – жүйелер пайда болады.

Мүшелер жүйесі - өздерінің жалпы құрылысы, қызметі және дамуы ұқсас мүшелердің жиынтығы болып табылады. Бұл бір тектес мүшелердің қызметтік бірлестігі.

Мысалы, сүйек жүйесі біртекті құрылысы, қызметі және дамуы бар сүйектердің жиынтығы. Сөйтсе де, құрылысы мен дамуы әр түрлі жекеленген мүшелер мен мүшелер жүйесі ортақ қызмет атқару үшін бірігуі мүмкін. Әр түрлі мүшелердің қызметтік (функциональдық) бірігуі аппараттар деп аталады. Мысалы, қозғалыс аппаратының құрамына 3 жүйе – сүйек, олардың байланыстары және бұлшық ет жүйелері кіреді.

Адам денесін жүйелер бойынша оқып үйрене отырып, жеке мүшелер мен жүйелердің арасында тығыз байланыс пен өз-ара тәуелділік бар екендігін әрқашанда есте ұстау керек. Сондықтан организмдегі бір жүйені екінші жүйеден не анатомиялық, не физиологиялық тұрғыдан жекелеу (бөлу) мүмкін емес. Адам организмін ол өмір сүретін ортадан бөлек зерттеп оқу да мүмкін емес. Өйткені, организм сыртқы ортасыз тірішілік етуі мүмкін емес. Ортаның өзгеруі организмнің өзгеруіне әкеліп соқтырады және кейбір дәрежеге дейін керісінше.

Қорыта келгенде қозғалыс аппараты мүшелердің 3 жүйесінен:1) сүйектерден, 2) олардың байланысынан,3) өзінің көмекші тетіктерімен бірге бұлшықеттерден тұрады.

Адам денесінің құрылысын танып білу, қозғалыс аппаратын , атап айтқанда бір- бірімен байланысқан сүйектерден тұратын скелетті (қаңқаны)танып білуден басталады.


Каталог: irbis64r 11 -> books -> %D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> %D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қарағанды 2009 Әож 616. 1\. 9 Кбж 54. 1 я7 а 36. Рецензеттер: Нурсултанова. С. Д
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қазақстан республикасы денсаулықСАҚтау министрлігі қазақ мма-дағы Қр меджоо оқУ-Әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Балалар аурулары
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Оқу әдістемелік құрал Қарағанды, 2009 Әож 616. 08 Кбж 51. 1 (2) я7 б 42
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Тұрсынова Ш. Б. ДӘрілік заттарды босату бойынша дәріханалық Ұйымдар жұмысын ұйымдастыру
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қарағанды – 2009 Әож 611. 4 018 кбж 28. 86 я 7 е 80 пікірсарапшылар: А. А. Кикимбаева
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновацияЛЫҚ технологиялар республикалық орталығы
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%B5 %D0%B2%D1%8B%D0%BF.2010 -> Балалар неврологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет