Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет25/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

гемореологиялық 
микроокклюзиясы 
(гемореологиялық инсульт). Барлық ишемиялық инсульттің 2-7 %-ын 
құрайды. Гемореологиялық инсульттің патогенезінің негізінде 
эритроциттер мен тромбоциттердің гиперагрегациясы, гематокриттің 
жоғарылауы, қан тұтқырлығының өсуі, фибриногеннің көбеюі жатыр. 
Себептері: қанда табиғи антикоагулянттардың – С және S нәруызы, 
антитромбин III мөлшерінің азаюы; полицитемия; гипергомоцистеинемия; 
антифосфолипидтік синдром. Қауіп-қатер факторлары: темекі шегу, 
12- сурет.
 
Негіздік қабаттың 
ганглиінде 
орналасқан 
билатералды 
қалталық инфаркт 
(http://neuropathology
-web.org) 
 


31 
алкогольді салынып ішу, организмнің сусыздануы, күн соққысы, 
контрацептивтерді қолдану.
Есте сақтаңыздар!1.
И
шемиялық инсульт жалпы және церебралдық 
атеросклерозбен ауыратын кексе (егде) жастағы науқастарда жиі 
байқалады. Ишемиялық инсульттің патогенезінде атеросклероздың, 
артериялық гипертензияның, қантты диабеттің қатар дамуы маңызды.
2. 
Гетерогенділік концепциясына
сәйкес мидағы қанайналымның жіті 
бұзылыстарының дамуына негізделген алуан түрлі себептік факторлар
бойынша 
ишемиялық 
инсульт 
негізгі 
бес 
түрге 
бөлінеді: 
атеротромбоэмболиялық, 
кардиоэмболиялық, 
гемодинамикалық, 
Лакуналық (лакуналық), гемореологиялық микроокклюзия.
 
Ишемиялық инсульттің патогенездік факторлары 
 
1.Межелі ишемиялық қанағым мидағы қанағымның (МҚ) ең 
төменгі критикалық деңгейі және миға оттегі мен қоректік заттектердің 
жеткіліксіз келіп түсуінен ми инфарктына дейін асқындыратын жергілкі 
ишемияның дамуы. Ишемиялық инсульттің ағымы мен ишемияланған 
ошақтағы өзгерістердің сипаты мидағы қанағым деңгейінің төмендеуіне 
байланысты (13- сурет).
 Мидың минуттық қанағымының 50 мл/100г/мин
–1 
дейін азаюы 
жасушада келесі ілкі бұзылыстарды: нәруыздар түзілуінің тежелуі, 
рибосоманың ретсіз орналасуы, іріктемелі (селективті) гендердің 
экспрессиясын туындатады. Бірақ, бұл кезде нейрондардың функциясы 
бұзылмаған. Осы I-ші критикалық деңгейді ишемияның маргинальді 
аймағы деп атайды. 
 Мидың минуттық қанағымының 35 мл/100г/мин
–1 
дейін төмендеуі 
анаэробты гликолизді ынталандырады. Мидың ісінуі мен лактат-
ацидоздың 
дамуы 
нейрондар 
функциясының 
қысқа 
уақыттық 
бұзылыстарын туындатады. Бірақ, нерв жасушаларында морфологиялық 
өзгерістер байқалмайды. Бұл II критикалық деңгейді динамикалық 
метаболизмдік өзгерістердің аумағы, "ишемиялық жартылай көлеңке" – 
пенумбра деп аталады. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет