Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



бет1/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.03 Mb.
#11225
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 183 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны

      1. Миссия және пайымдау


      2. Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдiстерiн талдау
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары, iс-шаралары және нәтижелер көрсеткiштерi
      4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту
      5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл
      6. Тәуекелдердi басқару
      7. Бюджеттiк бағдарламалар

1-бөлiм. Миссия және пайымдау

Миссия

      Мемлекеттiк саясатты тиiмдi қалыптастыру және iске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудi салааралық үйлестiру мен мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.



Пайымдау

      Халықтың қажеттiлiгiне сай келетiн тиiмдi және қолжетiмдi денсаулық сақтау жүйесi



2-бөлiм.
Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдiстерiн талдау

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негiзгi параметрлерi

      Ескерту. 1-кiшi бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.31 № 1744 Қаулысымен.



      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi – Мембағдарлама) iске асыру кезеңiнде халық денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық жағдай мен көрсеткiштерде мынадай оң серпiн байқалды:
      халықтың туу деңгейiнiң 18,42-ден (2005 жыл) 22,45-ке (2009 жыл) дейiн артуы;
      өлiм-жiтiм көрсеткiшiнiң тұрақтануы – 8,97 (2005 жыл – 10,37);
      халықтың табиғи өсу коэффициентiнiң 1 000 адамға шаққанда 13,48-ге дейiн артуы (2005 жыл – 8,05).
      Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 816,8 мың адамға артты және 2010 жылдың басында 16 036,1 мың адамды құрады.
      2009 жылы күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы артты және 68,6 жасты құрады (2005 жыл – 65,9 жас). Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi – ТМД) елдерiмен салыстырғанда бұл көрсеткiштiң ең төмен деңгейi Қазақстанда және Ресей Федерациясында – 66, 67 жас. Одан басқа Еуропа одағы елдерiндегi – 79,1 жаспен салыстырғанда Қазақстанда күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы айтарлықтай төмен.
      Әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейi сақталып отыр. Ұрпақты болу денсаулығы мәселесi өзектi күйiнде қалып отыр, некеге тұрғандардың 16 пайызға дейiнi ұрпақсыз.
      Ана өлiм-жiтiмiнiң деңгейi 2005 жылмен салыстырғанда (40,2) төмендедi және 2009 жылы 100 мың тiрi туғандарға шаққанда 36,8-дi құрады.
      Бұл ретте ана өлiм-жiтiмiнiң ең жоғары деңгейi Атырау (57,0), Маңғыстау (48,9), Қарағанды (42,6), Қызылорда (42,5) облыстарында тiркелген. Ана өлiм-жiтiмi Қостанай (15,5) және Ақтөбе (17,9) облыстарында орташа республикалық деңгейден төмен.
      2005 жылы нәресте өлiм-жiтiмiнiң деңгейi 1000 тiрi туғандарға шаққанда 15,1-дi құрады. 2008 жылдан тiрi туу мен өлi туу өлшемдерiн енгiзгеннен бастап нәресте өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшi 20,7-нi құрады және 2009 жылы бұл көрсеткiш 1000 тiрi туған нәрестеге шаққанда 18,23 дейiн төмендеу үрдiсi байқалды. Нәресте өлiм-жiтiмiнiң негiзгi себебiперинаталды кезеңде пайда болатын жай-күй болып табылады (60,4 %).
      Нәресте өлiм-жiтiмiнiң ең жоғары деңгейi Қызылорда (24,96), Шығыс Қазақстан (22,72), Оңтүстiк Қазақстан (20,98) және Маңғыстау (20,44) облыстарында байқалады. Нәресте өлiм-жiтiмiнiң ең төменгi деңгейi: Алматы (13,64) және Солтүстiк Қазақстан (13,91) облыстарында.
      Соңғы бес жылда көп таралған және әлеуметтiк мәнi бар аурулар таралуының және одан халықтың өлiм-жiтiмiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң төмендегенi байқалады.
      Республика халқы өлiм-жiтiмнiң негiзгi себебi жүрек-қан тамыры аурулары болып табылады. Скринингiлiк зерттеулер жүргiзуге байланысты қан айналым жүйесi ауруларымен сырқаттанушылық 10 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 2255,7-ден 2009 жылы 2273,1-ге дейiн жеттi. Ауруларды ерте анықтау, науқастарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б. бойынша жүргiзiлген жұмыс тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi қан айналым жүйесi ауруларынан болатын өлiм-жiтiмнiң 2009 жылы тиiсiнше 535,5-тен 416,4-ке дейiн азаюы болып табылады.
      Қатерлi iсiктермен сырқаттанушылық көрсеткiшiнiң бiршама төмендеуi (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейiн) байқалып отыр. Бұл ретте аталған көрсеткiштiң ең жоғарғы деңгейi өнеркәсiп дамыған өңiрлерде: Павлодар (271,5), Солтүстiк Қазақстан (264,7) және Шығыс Қазақстан (264,5) облыстарында болып отыр.
      Республика халқының өлiм-жiтiмi құрылымында онкологиялық аурулар екiншi орынға ие болып отыр. Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған iс-шаралар (скринингiлiк зерттеулер) химиялық препараттармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту қатерлi iсiктерден болатын өлiм-жiтiм көрсеткiшiн 100 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 122,6-дан 2009 жылы 111,76-ға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бердi.
      Қазiргi заманда жарақаттану Қазақстанда ғана емес, әлемнiң басқа да көптеген елдерiнде маңызды әлеуметтiк-медициналық проблемалардың бiрi болып отыр. Жарақаттану Қазақстан халқының сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздық және өлiм-жiтiм құрылымында, сондай-ақ мүгедектiкке алғаш шығу бойынша үшiншi орын алады. Жол-көлiк оқиғаларынан болатын өлiм-жiтiм санын азайту бойынша пәрмендi шаралар қабылдау жазатайым оқиғалардан және жарақаттардан болатын өлiм-жiтiм санын 100 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 147,3-тен 2009 жылы 108,37-ге дейiн азайтуға мүмкiндiк бердi.
      Туберкулезбен сырқаттанушылықтың және туберкулезден өлiм-жiтiмнiң азайғанына қарамастан (100 мың адамға шаққанда тиiсiнше 147,3-тен 105,3-ке дейiн және 20,8-ден 12,9-ке дейiн), туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал шиеленiскен күйiнде қалып отыр.
      Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексi рейтингiнде (бұдан әрi – БҚЖИ) Қазақстан туберкулез бойынша 94-орынды алып отыр (2007 жыл бойынша көрсеткiш 130,0) және туберкулездiң бизнеске әсерi бойынша 111-позицияда тұр. ТМД елдерiмен салыстырғанда Қазақстан туберкулез бойынша Молдова (135,79) мен Қырғыз Республикасынан (109,6) кейiн үшiншi орынға ие болып отыр.
      Республика өңiрлерi бөлiнiсiнде туберкулезбен сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгей Астана қаласында (191,8) және Ақмола облысында (158,2), ал ең төменгi деңгей – Алматы қаласында (75,4) және Оңтүстiк Қазақстан облысында (78,1) байқалған.
      Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрi – ДДҰ) деректерi бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС iндетiнiң шоғырлану сатысында (әлемдiк орташа көрсеткiштiң 1,1 %-ына халықтың 0,2 %-ы) тұр. Өткен 2009 жылы ең жоғары көрсеткiш Алматы қаласында – 0,326, Павлодар – 0,264 және Қарағанды – 0,223 облыстарында тiркелген. БҚЖИ рейтингi бойынша Қазақстан АИТВ таралуы бойынша 23-позицияда және АИТВ/ЖИТС-тiң бизнеске әсер етуi бойынша 95-позицияда.
      Қазiргi уақытта республиканың денсаулық сақтау саласының алдында тұрған өзектi мiндеттердiң бiрi елдегi санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту және оны одан әрi тұрақтандыру, қоғамдық саулықты жақсарту бойынша шараларды iске асыру болып табылады.
      Мемлекет қабылдаған шаралар нәтижесiнде соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйiнiң жағымды серпiнi байқалады. Көптеген елеулi инфекциялық аурулар (вирусты гепатиттер, аса қауiптi инфекциялар, сүзек паратиф аурулары) бойынша сырқаттанушылықтың iс жүзiнде азайғаны байқалады, вакцинамен басқарылатын бiрқатар инфекциялар (полиомиелит) бойынша елiмiздiң аумағында оларды толық жоюға қол жеткiзiлдi немесе оларды элиминациялау және жою мiндетi қойылуда (қызылша, дифтерия, сiреспе).
      Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының ұйымдық құрылымын жетiлдiру бойынша шаралар қабылданды, басқару вертикалы және қаржыландыруды орталықтандыру қалпына келтiрiлдi, бұл қызметтiң жеделдiгiн арттыруға және қызметтi басқарудың тиiмдiлiгiне алып келдi. Жүргiзiлген жаңғырту нәтижесiнде қызметтiң зертханалық базасының материалдық-техникалық базасы күшейтiлдi, зертханалар қазiргi заманғы жабдықтармен және аспап паркiмен жарақтандырылды.
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң жұмысында тәуекел жүйесiн бағалауға негiзделген қадағалаудың қазiргi заманғы тәсiлдерi енгiзiлуде, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтiк құқықтық базаны кезең-кезеңмен үйлестiру жүзеге асырылуда. Нәтижесi эпидемиялық маңызды және басқа да қадағалау объектiлерiнiң санитариялық-техникалық жағдайын жақсарту, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары шығаратын және қоғамдық тамақтану және азық-түлiк сауда объектiлерi өткiзетiн стандартты емес өнiмнiң үлес салмағын азайту болып табылады.

Негiзгi проблемаларды талдау

      Медициналық демографиялық көрсеткiштердiң оң серпiнiне қарамастан, күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр. Күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы бойынша Қазақстанда бұрынғыдай гендерлiк теңсiздiк бар. Айырмашылық 10-нан артық жылды құрайды.


      Халықтың өмiр сүру ұзақтығын арттыруға денсаулық сақтау жүйесiнiң ықпал ететiн ұлғайтылған күтулерi қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерiндегi сектораралық және ведомствоаралық әрiптестiктiң тиiмсiздiгi халық денсаулығының төмен деңгейiнен көрiнедi.
      Ана мен нәресте өлiм-жiтiмiнiң себептерiн талдау қайтыс болған әр үшiншi әйелдiң өлiмiнiң себепшiсi болған акушериялық қан кету мен ауыр гестоздардың туындауына әкелетiн ұйымдастыру-тактикалық қателiктер, сепсистiк жағдайлар (Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстары), амбулаториялық деңгейде жүктi әйелдердi сапасыз қадағалау, перинаталдық көмектi өңiрлендiрудiң және диагностика мен емдеу стандарттарының қағидаттарын сақтамау, отбасын жоспарлау бойынша жүйелi жұмыстың, жоғары тәуекел тобындағы әйелдердiң қазiргi контрацепцияға қол жетiмдiлiгiнiң болмауы; перинаталдық көмек қағидаттарын сақтамау, туа бiткен даму кемiстiктерiн пренаталдық диагностикалау сапасының, атап айтқанда Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында төмендiгi, жаңа туған нәрестелердiң бiр тәулiкке дейiн шетiнеуiнiң артуына әкелетiн бастапқы медициналық-санитариялық көмектi (бұдан әрi - БМСК) сапалы көрсетудiң жеткiлiксiздiгi бар екенiн көрсетiп отыр.
      Денсаулықтың төмен деңгейiнiң себептерi халықтың саламатты өмiр салтын ұстану мен аурулардың профилактикасы мәселелерiндегi хабардар болуының, сауаттылығының және уәждемесiнiң жеткiлiксiздiгi, қоршаған ортаның, суды тұтыну мен тамақтанудың қолайсыз жағдайларының сақталуы, халықтың әлеуметтiк осал санаттарының әлеуметтiк-экономикалық жағымсыз жағдайы. Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесiнiң профилактикалық белсендiлiгiнiң нашарлығы, яғни аурудың алдын алуға емес, оны емдеуге бағдарлану сақталып отыр.
      Сонымен қатар, туберкулездi емдеудiң «DOTS-плюс» бағдарламасын iске асыру бойынша жүргiзiлiп жатқан ауқымды құрылысқа қарамастан, туберкулездiң таралуын эпидемиологиялық бақылау мәселелерi, дәрiге тұрақтылықтың дамуы және туберкулез салдарынан болатын өлiм-жiтiм себебi өзектi мәселе болып отыр. Сонымен бiрге Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейi ТМД елдерiмен салыстырғанда ең жоғары.
      Қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерiнен болатын экологиялық жағдайдың нашарлауы сырқаттанушылық көрсеткiштерi (тыныс алу мүшелерiнiң аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т.б.) деңгейiнiң артуына әкелiп отыр.
      Осылайша, халықтың денсаулығын жақсартуды талап ететiн мәселелер тек медициналық көмек көрсету жүйелерiн толық жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар осы мәселелерде сектораралық және ведомствоаралық iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыруды қажет етедi.
      Қазiргi уақытқа дейiн қоғамдық саулықты сақтаудағы қызметтiң, оның iшiнде инфекциялық емес аурулармен сырқаттанушылық профилактикасы мен оны төмендету бойынша рөлiн нығайту мәселелерi шешiлмей отыр.
      Жұмыс iстейтiн халықтың жыл сайын өсу үрдiсi бар кәсiптiк сырқаттанушылық деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр. Осы мәселе қабылданған индустриялық-инновациялық бағдарламалар шеңберiнде өнеркәсiптiң айтарлықтай дамуы ескерiле отырып ерекше өзектiлiкке ие болды.
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру мақсатында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру бойынша iс-шараларды жалғастыру – көлiктегi және аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары жүргiзетiн санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдiгi халықаралық стандарттарға толық көлемде сай келмейдi, аккредиттеу жүйесi әлсiз дамыған, зертханалық зерттеулердiң халықаралық стандарттары және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының тәуекелдерiн бағалау жеткiлiксiз енгiзiлуде. Қазiргi уақытқа дейiн уытты заттардың бiрқатарына, жаңа пестицидтерге сыртқы орта объектiлерiн бiрқатар өзектi зерттеулер, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдердi және басқаларды анықтау бойынша зерттеулер жүргiзiлмейдi, бұл қоршаған орта факторларына және олардың халықтың денсаулық жағдайына әсерiне объективтi баға беруге мүмкiндiк бермейдi. Өнiм мен қызметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесi дамымаған. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту үшiн қазiргi бар кедергiлердi азайту және жою мақсатында болжау, бағалау және тәуекелдердi басқару жүйесiн, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту бөлiгiнде одан әрi дамыту және жетiлдiру қажет.
      Республиканың Кеден одағына және алдағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi – ДСҰ) кiруi шеңберiнде қысқа мерзiмде қызметтiң нормативтiк құқықтық базасын одан әрi үйлестiру, оны Кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес келтiру керек. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың азаюына және жойылуына қарамастан, пневмококк инфекциясына қарсы иммундауды қоса отырып Ұлттық профилактикалық егу күнтiзбесiн одан әрi кеңейту қажет.
      Қызметтiң аса қауiптi және басқа да инфекциялық аурулардың зертханалық диагностикасы бойынша, сондай-ақ қоршаған орта объектiлерiн және факторларын зерттеу бойынша нақты мiндеттердi шешуге бағытталған зертханаларын одан әрi өңiрлiк мамандандыру қажет.
      Қазақстанмен тiке көлiк қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулер тiркелген аса қауiптi және басқа да инфекциялық аурулардың (қалыптан тыс пневмония, құс тұмауы, 71 типтi энтеровирусты инфекция және басқалары) әкелiну қаупiне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың шиеленiсу қаупi сақталуда.

Сыртқы және iшкi негiзгi факторларды талдау

      Халықтың денсаулығының жай-күйiн көрсететiн көрсеткiш деңгейiне мынадай сыртқы және iшкi факторлар ықпал етедi.


      Сыртқы факторлар:
      ДДҰ деректерi бойынша адам денсаулығының 50 %-ы оның өмiр сүру жағдайына байланысты (әлеуметтiк-экономикалық факторлар, бiлiм деңгейi, зиянды әдеттерге бейiлдiлiк, саламатты өмiр салтын ұстану және басқалар); 20 %-ға дейiн денсаулық деңгейi қоршаған орта жағдайына байланысты.
      Қазiргi кезде халықтың 81,8 %-ы ғана қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз етiлген, бұл өз кезегiнде инфекциялық сырқаттанушылықтың жоғары деңгейiн көрсетедi.
      Қазақстанда жетi жетекшi тәуекел факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығының 60 %-ы келедi: темекi шегу (13,4 %), қауiптi мөлшерде алкогольдi тұтыну (12,8 %), жоғары қан қысымы (12,3 %), гиперхолестеринемия (9,6 %), дене салмағының артық болуы (7,4 %), жемiс-жидек пен көкөнiстердi жеткiлiксiз тұтыну (5,5 %), дене белсендiлiгiнiң төмен болуы (3,5 %).
      Қазiргi таңда халық денсаулығының төмен деңгейде болу себептерiнiң бiрi – саламатты өмiр сүру және аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мәселелерiндегi халықтың хабардар болуының және уәждемесiнiң жеткiлiксiздiгi.
      Бұдан басқа, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйiне мынадай сыртқы факторлар әсер етуi мүмкiн:
      Қазақстанмен тiке көлiк қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде аса қауiптi инфекциялардың таралуы бойынша шиеленiскен эпидемиологиялық ахуал;
      Қазақстанның Кеден одағына кiруi.
      Iшкi факторлар:
      профилактикалық тексерiп-қарау мен ерте диагностикалау тиiмдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;
      ауруларды диагностикалаудың дәлелдi медицинаға негiзделген емдеу мен оңалтудың жаңа әдiстерi мен хаттамаларының жеткiлiксiз енгiзiлуi;
      мамандар бiлiктiлiгiнiң төмен болуы;
      БМСК мен стационардың арасында сабақтастықтың болмауы.
      Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйiне және қызмет жұмысының тиiмдiлiгiне мынадай iшкi факторлар әсер етедi:
      қызметтiң қоғамдық денсаулық сақтаудағы, оның iшiнде инфекциялық емес аурулармен сырқаттанушылықтың профилактикасы және оны төмендету бойынша рөлiнiң жеткiлiксiздiгi;
      қызмет органдары мен ұйымдарының жетiлдiрiлмеген нормативтiк құқықтық базасы, оны халықаралық стандарттармен үйлестiрудiң төмен деңгейi;
      қызмет ұйымдары жүргiзетiн зертханалық зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен жеделдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;
      зертханалық зерттеулер өткiзетiн санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне жұмыстың қазiргi заманғы инновациялық тәсiлдерiн енгiзудiң төмен деңгейi;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту бөлiгiнде болжау, бағалау және тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзудiң жеткiлiксiз деңгейi;
      медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, бiрiншi кезекте диагностикумдарды, тест жүйелердi және басқаларды шығару бойынша өндiрiстiк базаны дамытудың төмен деңгейi.

2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру:
Денсаулық сақтау саласын дамытудың негiзгi параметрлерi

      Ескерту. 2-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.31 № 1744 Қаулысымен.



      Бүгiнгi таңда денсаулық сақтау ұйымдарының желiсiнде жекеменшiк құрылымдарға есептегенде 967 емдеу және 3416 амбулаториялық-емдеу ұйымдары жұмыс iстейдi. 2005 жылмен салыстырғанда амбулаториялық-емдеу ұйымдарының саны (63-ке) артты және емдеу ұйымдарының саны (62-ге) азайды. Бұл ретте жекеменшiк сектор үлесiнiң 2005 жылғы 20,4 %-дан 2009 жылы 27,3 %-ға азайғаны байқалады.
      2009 жылы аурухана төсектерiмен (Денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнде) қамтамасыз ету көрсеткiшiнiң 10 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 68,2-ге қарағанда 65,9-ға дейiн азайғаны байқалды. Бiрақ бұған қарамастан аталған көрсеткiш деңгейi 10 мың адамға шаққанда 56,4-тi құрайтын орта еуропалық деңгейден анағұрлым жоғары.
      Өңiрлер бөлiнiсiнде төсекпен қамтамасыз етудiң жоғары деңгейi Солтүстiк Қазақстан (84,5) және Ақмола (89,4) облыстарында, ал ең төмен деңгей Алматы (43,7) және Оңтүстiк Қазақстан (10 мың адамға шаққанда 52,4) облыстарында байқалған.
      Соңғы бес жылдың төсек қоры бойынша талдау көрсеткендей төсек санының азаюы 6 өңiрде: Ақмола (280 төсекке), Ақтөбе (34 төсекке), Қарағанды (450 төсекке), Қызылорда (340 төсекке), Павлодар (70 төсекке) және Оңтүстiк Қазақстан (25 төсекке) облыстарында байқалып отыр. Ауылдардағы ауруханаларды оңтайландыру және қала ауруханаларының төсек қорын қысқартуға байланысты аурухана төсектерiнiң саны азайды.
      Жыл сайын ел халқының шамамен 18 %-ы стационарға емдеуге жатқызылады. Сонымен қатар сараптамалық бағалау бойынша науқастардың 30 %-ы стационардағы емдi қажетсiнбейдi; медициналық жедел жәрдем көмегiн шақыру саны артуда (2004 жылғы 4 559 298-ден 2009 жылы 5 446 670-ке дейiн), оның iшiнде нәтижесiз және негiзсiз шақырту саны (тиiсiнше 153103-тен 198206-ға дейiн) өскен.
      Стационарды алмастыратын технологиялар белсендi дамуда. Мысалы, амбулаториялық-емдеу ұйымдарының күндiзгi стационарларында 434 449 науқас емделген (2005 жылы – 278 813), ауруханалардың күндiзгi стационарларында – 64 514 науқас емделген (2005 жылы – 56 728), үйдегi стационарларда – 159 897 науқас емделген (2005 жылы – 155 480 науқас).
      2009 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емхана ұйымдары 106,9 млн. пациенттi қабылдаған (2005 жылы – 99,3 млн. пациент), бiр тұрғынға шаққанда қаралу саны бұрынғы деңгейде қалып отыр – 6,7.
      Қазiргi кезде 50 денсаулық сақтау ұйымында денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ДСБАЖ) енгiзiлген. Астана қаласы және Ақмола облысының медицина ұйымдарында ДСБАЖ-ды пилоттық енгiзу жүзеге асырылуда.
      2004 жылдан бастап «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту» инвестициялық жобасын iске асыру жұмыстары жүзеге асырылуда, оның шеңберiнде орталық аудандық ауруханалар базасындағы телемедицина кабинеттерiне және облыстық және республикалық деңгейдегi ауруханалар базасындағы телемедицина орталықтарына телемедицина жабдықтар, бейнеконференцбайланысы жабдықтары, бейне және аудиоақпаратты енгiзу, өңдеу және берудiң ықпалдастырылған кешендерi және енгiзу құрылғылары жеткiзiлуде, телемедициналық консультациялар өткiзу үшiн деректердi тасымалдау арналарын қамтамасыз ету және Ұлттық телемедицина желiсiн аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етудi техникалық қолдау жөнiндегi қызметтер көрсетiледi.
      Ағымдағы сәтте Ұлттық телемедицина жүйесiне 125 телемедицина кабинетi, 14 облыстық деңгейдегi телемедицина орталығы, 3 республикалық деңгейдегi телемедицина орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Телемедицинаны дамыту орталығы және 14 облыстық денсаулық сақтау басқармасы қосылған.
      Шалғайда және жетуге жолы қиын жерлерде тұратын халықтың медициналық көмекке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында  2010 жылдан бастап жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебiнен 14 бiрлiк жылжымалы ұтқыр кешендердi (бұдан әрi - ЖҰК) сатып алуды бастады. 2011 жылы тағы 36 ЖҰК сатып алынатын болады.
      Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң жаңа мемлекеттiк нормативiне көшу жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн iске асыру үшiн денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң жаңа мемлекеттiк нормативi әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен бекiтiлдi, бұл мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының желiсiн реттеуге, көп бейiндi ауруханалар желiсiн құруға, бiрiншi кезекте ауыл халқына БМСК-нiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Халыққа медициналық қызметке тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетiлдiру мақсатында таяудағы үш жылдың iшiнде «100 мектеп және 100 аурухана салу» ауқымды жобасының шеңберiнде 36 денсаулық сақтау объектiсiнiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
      Медицина ұйымдарын шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару жүйесiн жетiлдiруге, қаржыландыруға, денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетiлдiруге, медицина ұйымдары қызметтерiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға және де кадрлармен қамтамасыз ету мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.
      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап салынған инвестициялық салымдардың тиiмдiлiгiн айтарлықтай арттыруға бағытталған Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi енгiзiлдi (бұдан әрi – БҰДЖ). Бұдан басқа, БҰДЖ-ды енгiзу медициналық қызмет нарығында бәсекелестiк ортаны құруға бағытталған.
      БҰДЖ енгiзу шеңберiнде Министрлiк түпкiлiктi нәтижеге және әрбiр нақты ауруды емдегенi үшiн нақты шығыстарға ақы төлеуге, сапаны бағалау негiзiнде ақы төлеуге, медициналық қызметтерге ақы төлеудiң ашықтығына бағдарланған Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн (бұдан әрi – ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделiн енгiздi, сондай-ақ пациенттiң дәрiгер мен медициналық ұйымды еркiн таңдауы енгiзiлдi.
      Озық медициналық және басқару технологиялар трансфертi «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрi - Холдинг) базасында жүзеге асырылады, оның құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететiн бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы кiредi. 2011 жылы тағы бiр объектiнiң – Республикалық кардиохирургия орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
      БҰДЖ енгiзу шеңберiнде Министрлiк түпкiлiктi нәтижеге және әрбiр нақты ауруды емдегенi үшiн нақты шығындарға ақы төлеуге және сапаны бағалау негiзiнде ақы төлеуге, клиникалық шығындар тобын алып тастап және медициналық экономикалық тарифтердi енгiзе отырып, медицина қызметтерге ақы төлеудiң ашықтығына бағдарланған Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн (бұдан әрi – ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделiн енгiздi, сондай-ақ пациенттiң дәрiгер мен медициналық ұйымды еркiн таңдауы енгiзiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет