Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің



Дата25.02.2016
өлшемі41.54 Kb.


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің


2012 жылғы 27 сәуірдегi 
№ 160-ө-м бұйрығының

қосымшасы


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi міндетін атқарушының


2007 жылғы 31 шілдедегі 
№ 182-ө бұйрығының

2-қосымшасы



Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидалары



1. Жалпы бөлiм
1. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы (бұдан әрi - қосымша демалыс), еңбекақының жоғары мөлшерi жұмысшыларға, мамандарға және қызметшiлерге (бұдан әрi - қызметкерлер) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне (бұдан әрi - Тiзiм) сәйкес берiледi.

2. Тiзiмде белгiленетiн қысқартылған жұмыс уақытының және қосымша демалыстың ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне Қазақстан Республикасың Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерізімдік аттестациялау қағидаларына сәйкес жүргiзiлетiн аттестаттау нәтижелерi негiзiнде және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының iс жүзiндегi күйiн ескере отырып өзгертiлуi мүмкiн. Қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив ретiнде белгiленедi.

3. Жұмыс берушi ұйымның өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргiзбеген жағдайында, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен қосымша демалыстар, еңбекақының жоғары мөлшерi Тiзiмде көзделген толық көлемде берiледi.

4. Ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне аттестаттау жүргізудің сапасын және Тiзiмнiң дұрыс қолданылуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

5. Егер бұл кәсiптер мен лауазымдар Тiзiмнiң тиiстi бөлiмдерiнде немесе шағын бөлiмдерiнде арнайы көзделмесе, кәсiптерi мен лауазымдары «Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсiптерi» бөлiмiнде көзделген қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс, олардың қандай өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстейтiнiне қарамастан берiледi.

6. Лауазымдары Тiзiмде көзделген бригадирлерге, олардың көмекшiлерiне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс тиiстi кәсiптердiң жұмысшыларына берiлетiн ұзақтықпен бірдей берiледi.


2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
7. Тiзiмде көрсетiлген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлерге осы өндiрiстiң, цехтың, кәсiптiң немесе лауазымның жұмысы үшiн белгiленген жұмыс күннiң жартысынан артық уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген күндерiне ғана белгiленедi.

8. Бөлек ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың қосалқы цехтарының қызметкерлерiне, осы өндiрiстер мен цехтардың негiзгi қызметкерлеріне де, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсетуші персоналына да жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетiн жұмыс істеп тұрған еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс істеген күндерi үшiн осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртiпте жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.



3. Қосымша демалыс
9. Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген қызметкерге қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күніне қарай берiледi.

10. Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.

11. Еңбек шарты бұзылған жағдайда оның негiздемесiне қарамастан, қосымша демалыс алу құқығын пайдаланбаған не толығымен пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi.

12. Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, қосымша демалыс толығымен немесе қызметкердiң қалауы бойынша бөлiніп берiледi.

13. Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жекелеген кезеңдерде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмде көзделген қызметкерлерге қолданылатын негiздемелермен берiледi.

14. Бөлек ұйымдардың (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) қызметкерлерiне және ұйымдардың (механикалық, жөндеу, энергетикалық, автоматика) қосалқы цехтарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда жұмыс істеген уақыты үшiн негізгі қызметкерлермен бірдей негізде Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртiпте қосымша демалыс берiледi.



15. Негiзгi және қосымша демалыстардың ұзақтығы негiзгi және қосымша демалыстардың күндерiн күнтiзбелiк күндермен қосу арқылы есептеледi.
4. Еңбекақының жоғары мөлшерi
16. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақының жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында, салалық келiсiмдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына негiзделiп белгiленген мөлшерден төмен болмауға тиiс. Еңбекақының ең төменгі стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 122-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.

17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшерi «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес белгiленедi.
Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет