Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 21 қаңтар №23-ө-м Астана қаласы


-бөлім. Полиграфиялық өндірістің қалып процесі



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
#123848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-бөлім. Полиграфиялық өндірістің қалып процесі
19. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы
Параграф 1. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 2-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:

баспалық қалыптарды вулканизациялау жөніндегі дайындық жұмыстарын орындау;

матрицалық масса дайындау және матрицаларды металл штампылардан немесе жиынтықтан сығымдау;

матрицаларды кептіру шкафтарына орнату.

124. Білуге тиіс:

матрицалық массаның құрамы және компоненттерінің пропорциясы;

матрицаларды сығымдау режимі мен матрицаларға қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 2. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 3-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:

баспалық қалыптарды қол пресінде вулканизациялау;

индикаторлық биіктік өлшегіш бойынша клишені шығару. Матрицаларды престеу;

матрица көздерін өңдеу;

кептіру;

матрицалардан эластикалық бедерлерді шешу және олардың сапасын тексеру;

баспалық қалыптарды вулканизациялау;

престерді реттеу, тазалау және майлау.

126. Білуге тиіс:

каучук қасиеті;

эластикалық бедерлерге қойылатын техникалық талаптар;

және олардың сапасын бағалау әдістері;

баспалық қалыптарды вулканизациялау режимі.
Параграф 3. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 4-разряд
127. Жұмыс сипаттамасы:

гидравликалық вулканизациялау пресінде матрицаларды престеу және баспалық қалыптарды вулканизациялау;

престеу кезіндегі қажетті қысымды есептеу;

престеудің қажетті температурасы мен уақытын айқындау;

индикаторлық биіктік өлшегіш бойынша эластикалық қалыптарды тексеру;

эластикалық қалыптарды тегістеу.

128. Білуге тиіс:

қалыпқа қажетті қысымды есептеудің тәсілдері;

қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі;

гидравликалық вулканизациялау пресін реттеу жолдары.


Параграф 4. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 5-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы.

қатаң есептегі өнімді басуға арналған резина басылым қалыптарын жасау жөніндегі операция кешенін орындау;

матрицаларды престеу;

басылым қалыптарын вулканизациялау және тегістеу;

технологиялық картаға сәйкес баспа қалыптарын монтаждау.

130. Білуге тиіс:

қатаң есептегі өнімге қойылатын техникалық талаптар;

қатаң есептегі өнім жасауға арналған технологиялық картаны пайдалану ережесі;

өңдеу және баспа қалыптарын өңдеу жөніндегі станоктарды реттеу жолдары.
20. Гальванотипист
Параграф 1. Гальванотипист, 3-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:

өңделген қалыптардан мыс, никель немесе хром қабатты шешу;

қалыптық пластиналарды оксидтеу және өңдеу; пластиналарды ластықтан тазалау және химиялық өңдеу; пластиналарды қысқыштарға бекіту және гальваникалық бұлауларды толтыру; пластиналарды өңдеу және оксидтеуге арналған электролит құрастыру, сүзгілеу және түзету, металл қабатын алу;

электролиз процесін жүргізу;

электролиз режимін аспаптар бойынша бақылау;

гальвандық бұлауларды, штоктар мен анодтарды тазалау;

гальваникалық шөгінді алуға арналған матрицалар дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;

матрица қабырғаларын кесу, графиттеу және аралау;

матрица айналымына қорғау лагын немесе балауыз жағу.

132. Білуге тиіс:

басып шығаратын және бос орын элементтерін тиісінше тегіс және жоғары баспада құру принципі;

қалыптық пластиналарды, матрицаларды, металл жабындардың сапасына қойылатын технологиялық талаптар;

электролиз негіздері;

қалыптық пластиналардан металл қабатын алу және оксидтеуге арналған электролит құрамы;

ерітінді рецептурасы;

гальваникалық бұлауларды жұмыс істеу режимі;

техникалық талаптар;

қолданылатын электролиздік аспаптармен жұмыс істеу ережесі.


Параграф 2. Гальванотипист, 4-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:

алюминий фольга, цилиндрден жасалған пластиналар мен қалыптық пластиналардың гальваникалық қаптау (никельдеу, мыстау) процесін жүргізу; процесс жүргізу режимін таңдау;

электролиз процесін жүргізу. цилиндрлерді қолмен күмістеу;

металл қабат жағудан алдын қалыптық пластиналар немесе цилиндрлерді майсыздандыру, декапирлеу және шаю;

қалыптық пластиналарды қысқыштарға бекіту және гальваникалық бұлауды толтыру;

гальваникалық бұлауға қалыптық цилиндрді орнату;

қалыптық пластиналарды немесе қалыптық цилиндрлерді мыстау және никельдеуге арналған электролит құрастыру, сүзгілеу және түзету;

металмен қаптауға жататын алаңды есептеу;

тегіс баспаға арналған қалыптық пластиналарды кешенді дайындау;

пластиналарды майсыздандыру, декапирлеу, электрохимиялық түйіршіктеу және анод қабатты толтыру, алюминий фольгадан жасалған қалыптық пластиналардың жұмыс бетін электрохимиялық түйіршіктеу арқылы қалпына келтіру;

бетін металлмен қаптағаннан кейін шаю.

134. Білуге тиіс:

терең баспа қалыптық цилиндрлер жасаудың технологиялық процесі, терең баспадағы басып шығаратын және орын қалдыратын элементтердің пайда болу принципі;

металмен қаптауға түсетін тегіс баспа қалыптық пластиналарына және қалыптық цилиндрлеріне қойылатын техникалық талаптар;

никельдеу және мыстауға арналған электролит құрамы;

ерітінді рецептілері;

гальваникалық бұлау жұмысының режимі;

электролиттердегі зиянды қоспалар мен олардың гальваникалық қабатқа әсері;

электролиттен жасалған зиянды қоспаларды жою тәсілдері;

гальваникалық бұлау электр жабдығын басқару ережесі.


Параграф 3. Гальванотипист, 5-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:

терең баспа қалыптық цилиндрлерін, орловск басылымы қалыптарын, металлографиялық және стереотипті қалыптарды гальваникалық қаптау (хромдау) процесін жүргізу;

қалыптық цилиндрлерден хром қабатын гальваникалық жолмен шешу;

терең басылым қалыптық цилиндрлерінің гальваникалық қабатын (мыстау) бағдарламалық басқарылатын гальваникалық құрылғыларда жүргізу;

орловск, металлографиялық және жоғары басылымға арналған матрицалар мен штемпельдерден темір, мыс және никель гальваникалық шөгінділер алу;

көміртекті болаттан немесе алюминийден жасалған пластиналарды негіздерін дайындау; пластиналарды майсыздандыру, декапирлеу; пластиналарды қалайылау, никельдеу, мыстау, хромдау және кептіру;

тегіс басылымның күрделі емес биметалл қалыптарын жасау үшін алдын ала полиметалл пластиналарда операциялар кешенін орындау; пластиналарды жандандыру, көшірмелерін жасау (экспонирлеу, автоматты және жартылай автоматты құрылғыларда немесе қолмен шығару);

көшірілген қабатты химиялық немесе термиялық илеу;

көшірмелерді өңдеуге дайындау;

автоматты, жартылай автоматты құрылғыларда немесе гальваникалық бұлауларда химиялық өңдеу немесе гальваникалық бұлауда анодты өңдеу;

қалыптың ашық жер элементтерінен иленген қабатын жою;

ашық жер және басылып шығатын элементтерді өңдеу;

бояу қабатын жағу;

коллоид қорғау қабатын жағу.

136. Білуге тиіс:

бағдарламалық басқарылатын автоматты гальвандық құрылғыларда гальванопластикалық таптаурындар жасау, терең баспа қалыптық цилиндрлеріне мыс қабат өсірудің, полиметалл пластиналар жасау, биметалл офсеттік баспа қалыптарын жасаудың технологиялық процестері;

тегіс, жоғары және терең баспадағы мәтіндік және иллюстрациялы қара-ақ және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

биметалл қалыптарда көшіру қабатын, химиялық және анодты өңдеудің қосымша өңдеу тәсілдері;

электролиттерді хромдау, мыстау және анодтық өңдеу құрамы;

ерітінді рецептісін түзету тәсілдері;

автоматты немесе жартылай автоматты құрылғыларда және гальваникалық бұлаулардың жұмыс режимі, гальванотехника бойынша қажетті есептеулер;

қолданылатын жабдықты реттеу жолдары.


Параграф 4. Гальванотипист, 6-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:

алдын-ала жандандырылған немесе жандандырылмаған полиметалл пластиналарда тегіс баспалық күрделі биметалл қалыптар жасау жөніндегі операциялар кешенін орындау;

полиметалл пластиналарға гальваникалық қабат жағу және оларға күрделі биметалл тегіс баспалық қалып жасау жөніндегі операциялар кешенін орындау.пластиналар жасау, қалыптарды көшірмелеу, өңдеу;

күрделі баспалық басылымдарды ресімдеу жөніндегі матрицалардан гальваникалық шөгінділер алу;

нөмірленген дөңгелектерді гальваникалық қаптау, түпнұсқа штемпельдерден және жоғарылатылған түпнұсқалық матрицалардан темір, мыс және никель гальваникалық шөгінді алу жөніндегі операциялар кешенін орындау.

138. Білуге тиіс:

синтетикалық материалдардан, желатиннен, камедиден жасалған түрлі көшірме қабаттарын пайдалана отырып көшірмелеу ерекшеліктері, қолданылатын материалдардың және цех жағдайлары өнімдерінің сипатына байланысты көшірмелеу процесінің режимдері;

негативтерді, диапозитивтерді, көшірмелерді, қалыптық пластиналар мен баспалық қалыптарды түзету техникасы;

контактілік ерітінділерді пайдалана отырып көшірмелеу әдістері, басылым қалыбындағы суреттердің сапасын бақылау әдістері.
Параграф 5. Гальванотипист, 7-разряд
139. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік белгі жоғары көркемдік арнайы бұйымдарды басып шығаруға арналған жоғары, тегіс, металлографиялық баспаның ерекше күрделі түпнұсқалық қалыптарын жасау жөніндегі кешен операцияларын орындау.

140. Білуге тиіс:

баспа қалыбындағы суреттің сапасын бақылау әдістері;

ерекше күрделі баспалық қалыптарды түзету техникасы.

141. Орта кәсіптік білім қажет.


21. Гильошир
Параграф 1. Гильошир, 4-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

сынамалық пластиналарда үлгілер бойынша торлар мен бордюрлер жасау және оларды гильоширлі (тегіс, рельефтік, тік сызықты) машиналарда мыстан, шыныдан және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға жағу;

тік сызықты машинада көлденең, тігінен және айқасатын сызықтар жасау;

гильош жағуға арналған пластиналарды грунттау;

түпнұсқалық штемпельдердегі күрделі емес бөлшектер жасауға қатысу;

гильоширлі машинаны реттеу.

143. Білуге тиіс:

қарапайым гильоширлі машинаның негізгі тораптарын реттеу жолдары;

грунттау тәсілдері;

түпнұсқалық штемпель жасау технологиясы.


Параграф 2. Гильошир, 5-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

сынама пластиналарда суретшінің эскиздері, альбом үлгілері және жеке композициялары бойынша шілтер, розеткалар, бордюрлар, корро және ассюре жасау және қосымша аспаптарды пайдаланбай мыстан, шыныдан және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды гильотинді машиналарда (тегіс, рельефтік және тіке сызықты) жағу;

түпнұсқалық штемпельдердің күрделі бөлшектерін жасауға қатысу;

гильоширлік машинаны реттеу.

145. Білуге тиіс:

барлық жүйедегі гильоширлік машиналарды реттеу жолдары;

грунт құрамы мен қасиеті.
Параграф 3. Гильошир, 6-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:

сынамалы пластиналарда суретшінің эскиздері, жеке композициялары бойынша гильоширлік сурет контурлары мен тығыздығын жасау және шілтер, сопақша және басқа да аспаптарды пайдалана отырып, оларды түрлі конструкцияларының гильоширлі машиналарында мыстан, шыны және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға жағу;

берілген композицияны орындауға арналған гильоширлі машиналарды есептеу және орнату;

түпнұсқалық штемпельдердің ерекше күрделі бөлшектерін жасауға қатысу.

147. Білуге тиіс:

шілтерлі, сопақша және басқа да аспаптармен жұмыс істеу техникасы;

формулаларды пайдалана отырып берілген композицияны есептеу әдістері.

148. Орта кәсіптік білім қажет.


Параграф 4. Гильошир, 7-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:

альбомдағы және жеке композициядағы суретшінің эскиздері, үлгілері бойынша бір бояулы репродукцияларына арналған гильоширлік суреттердің контурлары мен тығыздығын жасау және автоматты гильоширлік машиналарда түрлі материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды жағу.

150. Білуге тиіс:

гильоширлік автоматты машиналарда жұмыс істеу ерекшеліктері.

151. Орта кәсіптік білім қажет.
Параграф 5. Гильошир, 8-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:

суретшінің эскиздері және жеке композиция көп бояулы репродукцияларына арналған гильоширлі сурет контурлары мен тығыздығын жасау және автоматты гильоширлік машинада түрлі материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды жағу.

153. Білуге тиіс:

гильоширлік автоматты машиналарды реттеу жолдары.

154. Орта кәсіптік білім қажет.
22. Баспалық қалыптарды оюшы
Параграф 1. Баспалық қалыптарды оюшы, 3-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:

ірі масштабты карта диапозитивтері (пластика) мен қалыптарында «құймаларды» және «жақпаларды» орындау, негативтердегі, позитив монтаждағы, баспалық қалыптар мен тұрақты сақтау позитивтеріндегі түзету ескертпелері; белгілері мен мәтіні алдын ала белгіленген дайындамаларда сургуч, пломбир және компостерге арналған плашкалар үшін металл мөртабан пуансондарын ою және кіргізу.

156. Білуге тиіс:

тегіс және жоғары басылымның басып шығаратын және ашық жер элементтерінің пайда болу принциптері, орыс және латын графикалық негіздегі қаріптер стандарты;

түрлі белгілер мен қаріптердің пуансондары;

дайындама алаңшасындағы мәтіннің орналасу тәртібі;

диапозитивтердегі (пластикалар) «құймалар» мен «жақпа» принциптері мен тәсілдері, картаның шартты белгілері мен олардың түсті бедерлердегі бейнелері;

қышқылдың қызметі және оларды оюда пайдалану шарттары;

ою аспабымен, штангенциркульмен, микрометрмен жұмыс істеу ережесі.
Параграф 2. Баспалық қалыптарды оюшы, 4-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:

фрезерлік станокта және қолмен күрделі емес штрихті және растрлық клише, фотополимерлік, стереотиптік және литоофсеттік қалыптарды ою жолымен түзету;

бейнелеудегі артық элементтерді жою және жетіспейтінін қалпына келтіру;

тонды күшейту және төмендету;

биметалл қалыптардың ашық жер элементтерін қалпына келтіру;

металға, ағашқа, линолеумге, резинаға және басқа да материалдарға қолмен ірі бөлшек бейнелерін салып, күрделі емес жұмыстары, сызбалар, эскиздер, суреттер мен үлгілер бойынша ою.

158. Білуге тиіс:

баспа тәсіліне сәйкес штрихті, жартылай тонды, бір және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

штрихты, растрлық клише, стереотиптік және литоофсеттік қалыптардың, қалыптық материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

берілген мазмұндағы жазбаларды, суреттерді, сызбалар мен мәтінді құрастыруды есептеудің тәсілдері,баспалық қалыптарға жекелеген қолжазбалар мен шартты белгілерді қою техникасы;

шартты топографиялық белгілер;

түзету және басып шығару процестері туралы негізгі мәліметтер;

ою аспабын қайрау және жетілдіру техникасы;

көшірмелер мен трафареттердің қызметі.

159. Жұмыс үлгілері:

Қалыптарды түзету

1) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты және растрлық линиатуралы клише;

2) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты иллюстрациялар және линиатуралы растрлық гальваностереотипті мәтіндік қалыптар;

3) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты иллюстрациялар және линиатуралы растрлық литоофсеттік мәтіндік қалыптар;

4) күрделі емес карталардың литоофсеттік шртихты қалыптары;

5) кез келген күрделіктегі жоғары баспалы фотополимерлік қалыптарды түзету.

Қолмен ою.

1) екі жақты белгілер;

2) масштаб бойынша ноталық (блоктар) және мәтіндік белгілер;

3) түрлі кескіндегі сызғыштар, плашкалар;

4) ірі бейнелі бөлшектерімен суреттер;

5) 3 мм-ден жоғары бөлінбейтін қаріптер.
Параграф 3. Баспалық қалыптарды оюшы, 5-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:

станокта және қолмен күрделі штрихті және растрлық клише, гальваностереотиптік, металлографиялық және литоофсеттік қалыптарды, жоғары баспаға арналған микромырыш икемді қалыптарды, тегіс баспа монометаллдық және биметалл қалыптарды, терең баспалық қалыптарды ою жолымен түзету;

диапозитивтерде (пластика), ұсақ масштабты, арнайы және күрделі карта қалыптарында «құймаларды» және «жақпаларды» «бозғылт» түс бойынша орындау;

жұмыс позитивтерінде, баспа қалыптарында және тұрақта сақталатын позитивтерде жаңа шартты белгілерді және күрделі сурет қаріптерін жаза отырып, түзету ескертпелері жасау;

контур қалыбына координат торын салу;

металға, ағашқа, линолеумге, резинаға және басқа да материалдарға қолмен ұсақ штрихты бөлшек бейнелерін салып, күрделі емес жұмыстарды, сызбалар, эскиздер, суреттер мен үлгілер бойынша ою;

техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттар бойынша ою және басқа тәсілдермен жетілдіре отырып барлық операцияларда баспаның барлық тәсілдеріне арналған көркем және маркалы жұмыстардың машина және түпнұсқалық қалыптарын жасау сапасын тексеру;

жарамсыздық түрлері бойынша жарамсыз қалыптарды есептеу.

161. Білуге тиіс:

шығыңқы және ойық беттерде көркем фигуралар, күрделі суреттер, қаріптер мен жазбаларды графикалық жасау принциптері мен тәсілдері, металға сурет салу және сызу техникасы;

қағазға, картонға және түрлі маталарға басу және ою процесі; гальваностереотиптер мен терең баспалы қалыптарға қойылатын техникалық талаптар;

көп түсті баспаға арналған келтіру және түзету ерекшеліктері;

бояудың араластыру шектеулері;

баспа бояуларын жағу тәртібі;

картографиялық қаріптерді жазу;

диапозитивтерде (пластиктер) «құйма» және «жақпа» тәсілдері мен принциптері.

162. Жұмыс үлгілері:

Қалыптарды түзету

1) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі растрлық линиатуралы клише;

2) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі линиатуралы растрлық иллюстрациялар және гальваностереотипті қалыптар;

3) күрделі карталардың литоофсеттік қалыптары;

4) бір түсті және көп түсті баспаға арналған гильоширлік және орнаметтік суретті, 36 лин/см-ге дейінгі линиатуралы растрлық иллюстрацияларымен литоофсеттік қалыптар;

5) гильоширлік және орнаменттік суреті бар стереотиптік және гальваностереотиптік қалыптар;

6) терең баспа қалыптары;

7) микроцинктегі мәтіндік қалыптар;

8) тегіс баспалық қалыптар.

Қолмен ою

1) масштабы бойынша белгілер (блоктар) мен мәтін;

2) ірі суретті көркем орнаменттер;

3) жай графикалық суретті конгрев жұмыстары – түрлі кескіндегі сызғыштар мен плашкалар, сондай-ақ қаріптер;

4) ірі бейнелі суреттер;

5) 1,5-3 мм бөлінбейтін қаріптер;

6) 3 мм-ден жоғары бөлінетін қаріптер.

Параграф 4. Баспалық қалыптарды оюшы, 6-разряд


164. Жұмыс сипаттамасы:

үлкен репродукциялық дәлдікті талап ететін бір және көп бояулы жұмыстарға арналған терең баспа қалыптарын қолмен ою арқылы түзету. Факсимильді өндіруді талап ететін жұмыстарды, жоғары көркемдік жұмыстарды қолмен металға, ағашқа, линолеумге және басқа да материалдарға ою, сондай-ақ берілген мазмұндағы граверлік жұмыстарды шығармашылық жолымен орындау;

субтитрлік материалды жасау;

мырыш шаблондарды ою;

пантографта жұмыс орындау;

клишені түрлі қышқылдармен өңдеу;

терең және жоғары баспаға арналған матрица штемпельдері мен шөгінділерін өңдеу;

матрицаларды арнайы балқымалармен жоғарылату;

техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттар бойынша ою және басқа тәсілдермен жетілдіре отырып барлық операцияларда баспаның барлық тәсілдеріне арналған ақшалай бұйымдар мен төлқұжаттық құжаттама машина және түпнұсқалық қалыптарын жасау сапасын тексеру;

жарамсыздықтың түрлері бойынша жарамсыз қалыптарды есептеу. 35 мм және 16 мм фильм көшірмелерін механикалық және физикалық-химиялық субтитрлеуге арналған түрлі материалдардан (мырыш, мыс, латунь) жасалған клишені дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;

матрицалардағы өңдеу ақаулықтарын түзету;

түпнұсқаға сәйкес клишені тазарту;

өңделген қаріптерге түзетулер енгізу;

престердегі жекелеген клишелерге пластина кесу;

штампыларды ауыстыру;

клишелердегі қылтанақтарды алу;

техпаспортқа сәйкес клишелер таңдау;

оларды фильм бөлшектері бойынша орау;

ғылыми-анықтамалық карталар мен фундаментальды атлас карталарының пластикті диапозитивтері мен қалыптарында абрис бойынша «құймаларды» орындау.

165. Білуге тиіс:

терең қалыпты көп бояулы қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

ақшалай бұйымдардың баспалық қалыптарына қойылатын талаптар;

клишеге қолданылатын металдың қасиеттері, субтитрлік түпнұсқалар жасау мен клише өңдеу технологиясы, металға әріптерді ою техникасы, оятын аспаптар мен штампылардың қызметі;

клишенің геометриялық өлшемдері;

престердің құрылысы мен пайдалану ережелері.

166. Жұмыс үлгілері:

Қолмен ою

1) гравюралар (техникалық және репродукциялық);

2) ұсақ бөлшекті және қанық суретті жоғары көркемдік орнаменттер;

3) күрделі суреттермен конгревті жұмыстар және портреттік ұқсастық жұмыстары (барельеф және тағы баска);

4) портреттік ұқсастықты талап ететін суреттер;

5) 1,5-3 мм бөлінбейтін қаріптер;

6) 3 мм-ден жоғары бөлінетін қаріптер.
Параграф 5. Баспалық қалыптарды оюшы, 7-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:

елтаңбалық мөртабандарға, сертификаттарға, чектер мен төлқұжаттық құжаттамаларға арналған түпнұсқалық штемпельдерді қолмен ою; пантографта жұмыс істеу.

168. Білуге тиіс:

пантографта жұмыс істеу кезінде есептеу техникасы;

елтаңбалық мөртабандарға, құнды қағаздарға арналған түпнұсқалық штемпельдер ою ерекшеліктері.

169. Орта кәсіптік білім қажет.


Параграф 6. Баспалық қалыптарды оюшы, 8-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:

ақшалай бұйымдардың, маркалардың (оның ішінде портреттермен және композициясы бойынша күрделі суреттермен) және облигацияларының түпнұсқалық штемпельдерін қолмен ою.

171. Білуге тиіс:

ақшалай бұйымдардың түпнұсқалық штемпельдерін ою ерекшеліктері;

сурет композициясы негіздері.

172. Орта кәсіптік білім қажет.


23. Қалып жинақтаушы
Параграф 1. Қалып жинақтаушы, 2-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:

макетке сәйкес тапсырыс бойынша мырыш клишені жинақтау;

тапсырыс бойынша баспалық қалыптарды жинақтау; қабылдау, қарау, орау және сақтауға орау.

174. Білуге тиіс:

клише сыныптауышын; оларды қабылдау және орау тәсілдері мен ережесі;

клише, баспалық қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

карта номенклатурасы мен шартты белгілері, масштабтар бойынша қаріп, карта сыныптауышы.
Параграф 2. Қалып жинақтаушы, 3-разряд
175. Жұмыс сипаттамасы:

масштабтар, номенклатура және жекелеген тираждар бойынша негативтер мен позитивтерді жинақтау, оларды қабылдау, қарау және есептеу;

карта түпнұсқаларын тапсырыс бойынша жинақтау;

қалыптарды тапсырыс және бояулары бойынша жинақтау;

негізгі мәтін және телнұсқалық диапозитивтерді тапсырыс бойынша жинақтау;

түзетілген гранкалардың түпнұсқаларын беттері бойынша жинақтау;

басылымға арналған түпнұсқа беттеріне сәйкес диапозитивтерді, жарық көшірмелерін тапсырыс бойынша жинақтау;

жинақталуын, сапасын тексеру;

орау, аралас учаскеге тапсыру;

тапсырыс бойынша тазартуға арналған түпнұсқамен жарық көшірмесін жинақтау.

176. Білуге тиіс:

топографиялық және арнайы карталарды бағанға бөлу жүйесі, негативтердің, позитивтер мен баспалық қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.


24. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші
Параграф 1. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 3-разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті баспалық қалыптарды көшірмелеушінің жетекшілігімен көшірме және баспалық қалыптар жасау жөніндегі жекелеген жұмыстарды орындау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет