Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі330 Kb.
#131108
1   2   3   4   5   6

Білуі тиіс: көшелерді ұстау жөніндегі санитарлық ережесін; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін.

Орталықтағы елді мекенде, көліктің және елдің интенсивті қозғалыс орындарында аумақты жинау жөніндегі жұмысты орындау кезінде-2-разряд.


АЯҚ КИІМ ТАЗАЛАУШЫ

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Клиенттің көзінше аяқ киімді тазалау: аяқ киімге қосымша темір салады, кір – қоқыстан тазалау, аяқ киімге арнайы аяқ киім щеткасымен кремді біркелкі қылып жағу, жылтырағанға дейін аяқ киімді жұмсақ аяқ киім щеткасымен және барқытпен тазалау. Аяқ киімнің ұсақ-түйек жөндеуі: нәлді ауыстыру, нәлді тығындап қағу, өкшені биіктету. Аяқ киімнің ұсақ-түйекті жөндеу және оны қарау жөніндегі заттар үшін фурнитураны шеберден алады және клиенттерге сату. Қызметтерін орындағаны үшін ақы алады және оны кәсіпорын кассасына тапсыру, дүмбіршекті жинау.

Білуі тиіс: аяқ киімді ұсақ жөндеуді, тазалау және т.б. түрлерінің ережесі мен қабылдауын; гигиеналық және санитарлық ережесін; аяқ киімді күту жөніндегі фурнитуралар мен заттардың түрлерін.
ШВЕЙЦАР

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. кәсіпорындарда келіп – кетушілердің кіруі мен шығуын бақылау. Бөлімдерін, секцияларын, сауда залдарын, бар бос орындарға орналастыру туралы келіп – кетушілерді хабарландыру. Вестибюльді тәртіпке келтіру, тамбурдағы және кіреберістегі әйнек пен қабырғаны сүрту. Есіктегі метал заттарын тазалау және олардың дұрыстығын тексеру. Байқалған ақау туралы әкімшілікке хабарлау. Жарық жарнамаларының жанып – сөну, сигнал беру жүйесін тексеру.

Білуі тиіс: келіп – кетушілерге қызмет көрсету ережесін; бөлімдерді, секцияларды, сауда залдарын, такси шақыру телефон нөмірлерін, жедел – жәрдем, милиция, өрт сөндіру командаларын және т.б. орналасуын; жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. жақын жердегі кәсіпорындардың тұрған жерін; өртке қарсы қорғау және сигнал беру құралдарының орналасуын және оларды пайдалану ережесін; санитарлық және гигиеналық ережені; металдық заттарды тазалау тәсілін» жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарымен толықтырылсын.

2) БТБА, 16-шығарылымында:

«Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі мынадай мазмұндағы:
«ПРОТЕЗ – ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ СЫНАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген әдістеме бойынша түрлі жағдайларда протез-ортопедиялық бұйымдарды сынақтан өткізу. Сынаудағы бұйымдардың конструкцияларын зерттеу және оларды кигізу. Бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау: бөлшектеу, жинау және қажет болғанда протез-ортопедиялық заттардың тораптарын реттеу; әртүрлі тораптар мен механизмдердің функционалдығын және бір бірімен әрекеттесуін тексеру. Сынақтан өткізіліп жатқан бұйымдардағы ауытқулар мен кемшіліктерді анықтау. Белгіленген тәртіп бойынша сынақтан өткен бұйымдарды техникалық жағдайларға сәйкес тапсыру. Сынақтар хаттамасын рәсімдеуге қатысу.

Білуі тиіс: протез-ортопедиялық бұйымдардың және олардың модульдерінің, бақылау-өлшегіш аппаратураның және сынақ құрал- жабдығының қызметі мен конструкциялық ерекшеліктерін; бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау ережелерін және сынақ әдістемесін; сынақтан өткізілетін бұйымдардың барлық бөлшектерінің қызметі мен бір – бірімен әрекеттесуі; бұйымдарды жинау сапасына қойылатын шарттар мен талаптарды; сынау барысында ауытқудың пайда себептерін және оларды жою тәсілдерін; адамның қозғалу анатомиясы мен биомеханикасының негіздерін.

Әдеттегі протездеудің сирақ, табан, қол, білек протездік- ортопедиялық бұйымдарын және өзге де бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 3-разряд.

Әдеттен тыс протездеудің протездік - ортопедиялық бұйымдарын, содай-ақ сыртқы энергия көздері бар бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 4-разряд жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығымен толықтырылсын;

3) БТБА, 37-шығарылымында:

«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімі мынадай мазмұндағы:
«АҢШЫ»

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу. Орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс:басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.
АҢШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіліп берген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Бекітілген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
АҢШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау; азық дайындау; бүкіл биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесу жерлерін бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы,аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану. Көпірлердің, өрт бақылау мұнараларын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходының санитарлық күйін бақылау және онда зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.



Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
ОРМАНШЫ__2-разряд__Жұмыс_сипаттамасы'>ОРМАНШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орман дақылдарын отырғызу, плантациялар, қорықтар отырғыза бастау жөніндегі дайындық және қосалқы жұмыстары. Машина арқылы отырғызылған екпе көшеттерді қолмен жөндеу, көшеттердің дұрыс егілуін бақылау, қорықтардағы егістіктерді қолмен суару. Қазып алынған екпе көшеттерді іріктеу және уақытша отырғызу. Дайын шіліктен, өзге де материалдардан шарбақтар, механикалық қоршаулар жасау. Қорықтар мен плантацияларды қоршау, құрғату (суармалау) желілер үстінен өтпе жолдар мен көпірлер жасап орнату. Орманды қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық жұмыстары. Орман кесетін жерді тазарту, қарағайдың қылқанын дайындау, сұрыптау, тазарту және буып – түю. Тін мен шел қабықтан, мочалодан шикізат дайындау, шетперден сыпырғылар, бұйымдар жасау.

Білуі тиіс: орман дақылдарын өндіру әдістері мен тәсілдерін, ормантану негіздерін; ағаш шебері және балташы жұмыстарының негіздерін; көшеттерді отырғызу агротехникасын, егіс материалдарын дайындаудың ережелері мен әдістерін, ағаш және бұта тұқымды көшеттердің стандарттарын, отырғызу сапасына қойылатын талаптар, егіс материалды көму ережелерін; ағаш кесілген жерлерді тазарту ережелерін; қарағай қылқанын дайындаудың әдістері мен стандарттарын; шикізатты дайындау ережелерін, шетперден бұйымдар жасау технологиясын; жұмыстарды атқарудың озық әдістері мен қауіпсіздік техникасының ережелері; аспаптар мен оларды қолдану ережелерін.

ОРМАНШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атты және қол аспаптарын, құралдары және қажетті материалды тексеру және дайындау. Орман егестерін, қорықтар, плантациялар егуге топырақ дайындау. Орман дақылдарын, екпе көшеттерді, тікпе көшеттерді қолмен және салт атпен күту. Егістік материалды дайындау; ағаш және бұта тұқымдарын жинау, өңдеу және егуге дайындау; екпе және тікпе көшеттерді қазып алу, сұрыптау, тиеу және түсіру. Егістік және көшет материалдан қысқы уақытта сақтауға дайындау. Табиғи жағуарына көмектесу (топырақ бетіндегі қыртысты алу және топырақты қопсыту). Өрттің алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде топырақты минерализациялау. Ұшақтарға улы химикаттарды тиеу, зиянды жәндіктермен және орман ауруларымен жүргізілетін күрес нәтижелерінің есебін жүргізу. Этномофаунаның қоныстығының тығыздығын тексеру үшін топырақты зерттеу (тұзақ шұқырларды қазып алу), қоршағыш және тұзақ арықтарын орнату, ағаштарға желім шығыршықтарын салу, ұядағы жұмыртқаларды мұнайлау, тұзақ ағаштарды тізу. Ағаштың қабықтарын, өрт сөндірушілер балтасының саптарын дайындау, себеттер тоқу. Бұталар мен өсіп тұрған ағаштардан қолмен тұқым жинау. Өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштардан бүршіктер жинау. Кесілген ағаштардың жемістері бар бұтақтарын дайындау. Қалқа астында дайындалған бұтақтарды кептіру, бұтақтардан жемісті сілкіп түсіру немесе сындырып алу, тұқымдарды желдетіп алу, елеп алу, кептіру және ыдыстарға салу, сақтайын жерге тасымалдау. Қылқан жапырақты ағаштардың бүршіктерін кептіргіш камераларға себу. Кептіргіш камералардың пешін жағу. Аралары ашылған бүршіктерді камерадан түсіру, тұқымдарды ыдыстарға салу, тұқымды сақтауға тапсыру. Сөрелердегі сақтауға қойылған тұқымдарды қопсытып отыру. Бүршік кептіретін және тұқым сақтауға арналған қоймаларды жинау, оларды әктеу және зарарсыздандыру.

Білуі тиіс: топырақтану негіздерін (топырақтың механикалық құрамын, құрылымын, топырақтың негізгі қасиеттерін), ормантану, орман, тұқым ісінің, ормандық тауартанудың, орманды қорғау жұмыстарының негіздерін; топырақ өңдеудің және орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді күту агротехникасын; ағаш түрлерін, тұқымдардың пісу және оларды жинау уақытын, бүршіктерді өңдеу тәртібін; тұқымдарды сақтау ережелерін, көшет материалдарын, жемістерді, бүршіктерді, емен жаңғақтарын, тұқымдарды, дайындау агротехникасын, оларды сорттау, сақтау және олардың стандарттарын; бүршіктерді кептірудің температуралық режимін; ағаш материалдарының техникалық шарттары мен стандарттарын; орман жұмыстарын орындау, аттарды күту ережелерін, түрлі құралдары, аспаптарды және құрылғыларды пайдалануды; жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
ОРМАНШЫ__4-разряд__Жұмыс_сипаттамасы'>ОРМАНШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіркегіш құралдары, аспаптарды және құрылғыларды тексеру және жұмысқа әзірлеу, оларды жұмыс ауысымы бойы күту, егістік және көшет материалдарын дайындау. Екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызу, тұқым егу. Орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді механикалық құралдар арқылы күту. Топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ерітінділер, эмульсиялар, уланған еліктіргіштер дайындау; екпе және тікпе көшеттерді, ағаш түрлерінің табиғи төлдерін, шөп өсімдіктерін себелеу. Жерді жырту арқылы екпе көшеттерді алу, топырақты минерализациялау, табиғи жаңартылуына қолдау жасау және ат жегілетін соқалар мен механизмдердің қолданылумен жүргізілетін жұмыстар. Ағаш кесетін жерлерді белгілеп бөлу және орманды жоспарлау жұмыстарын атқару, оның ішінде моторланған аспаптарды қолдану арқылы сынама алаңшықтардың салынуын бастау, ағаштарды есептеу, тұқым шаруашылықтарын өлшеу, визирлерді, кварталдық орман жолдарын және шекара сызықтарын қазу, тазалау және өлшеу, сәнді ағаштарды шабу жөніндегі жұмыстар кешені. Топырақ пен орман паталогияларына қатысты зерттеулер жүргізу үшін шұңқырлар дайындау.

Білуі тиіс: Ормантанудың, орман жоспарлаудың, топырақтанудың, орман жаңғыртудың, орман қорғаудың, орманды пайдаланудың және орман тауартанудың негіздерін; топырақты өңдеудің, екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызудың, тұқым егудің, егістіктерді және отырғызылған көшеттерді күту агротехникасын; екпе ағаштардағы ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын; тіркегіш және аспалы трактор және ат күшімен жүретін машиналар мен құрылғылардың, моторлы аспаптардың құрылымын және қолдану ережелерін; жұмыстар атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
ОРМАНШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағаш отырғызатын машиналарды, ат күшімен жүретін және қол аспаптары мен құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы бойы оларды техникалық күту. Жабық тамыр жүйелі көшет материалдарын өсіру жөніндегі жұмыстар кешені, екпе тікпе көшеттерін механиканы қолданып отырғызу. Қалемшелерді ұластыру, жеміс ағаш және ағаш мектептері мен плантациялардағы көзбақтау. Қорықтарды жаңбырлату қондырғылары, мотопомпалар арқылы суару. Орман өртін мотопомпалар, тракторлы, атты және қол бүріккіштердің көмегімен өшіру. Орман шабу орындарын және орман жоспарлау жерлерін бөлу жөніндегі жұмыстар кешені.

Білуі тиіс: ормантану, орман жаңғырту, орман жоспарлау, топырақтану, орман қорғау, орманды пайдалану және орман тауартану негіздерін; көшет материалдарын, оның ішінде тамыры жабық жүйелі көшеттерді өсірудің әдістерін; тәсілдерін, технологиясын, субстраттар дайындау әдістерін; қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар тұқымдарын ұластыру әдістері мен техникасын; улы химикаттардың сипаттамасын; улы химикаттардың ерітінділерін, эмульсияларын дайындау ережелерін; орманды қорғау жұмыстарын өткізудің технологиясын және химиялық күрестің нәтижелерін есепке алу әдістерін; ормандағы өртпен күресу әдістері мен тәсілдерін; ағаш кесуді жүргізудің технологиясын; орманды күту әдістерін; сүректің ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын анықтау әдістерін; орман отырғызуға, аурулардан және этномозиянкестерден қорғауға арналған тіркегіш және аспалы тракторлі машиналар мен құрылғылардың, тоғын – механикаландырылған тізбектердің құрылымын, оларды қолдану және техникалық қызмет көрсету ережелерін; жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
ОРМАНШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыстар атқаруға қажетті моторлы құралдарды, аспаптарды және құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы барысында оларды шамамен жөндеу және күту. Жас бұталарды механикаландырылған аспаптар арқылы күту. Моторлы қол аспаптарын қолданып орманда жеміс – жидек көшеттерін отырғызғанда шұңқырлар дайындау, орман дақылдарын өсіру және оларды арасы қашық өлшегіш материалмен отырғызу. Жарылыс арқылы өртке қарсы орлар жасағанда аммонал заряды астына шпурлар бұрғылау. Қажетсіз өсімдікпен, этномозиянкестермен және орман аурулармен күресу мақсатында моторлы қол аспаптарын қолданып орман учаскелерін, орман дақылдарын, қорықтарды химиялық заттармен өңдеу.

Білуі тиіс: орман өсірушілікті, орман қалпына келтіруді, топырақтануды, орман шаруашылық жұмыстарының механизмін; руды, пайдаланудың техникалық ережелерін және моторландырылған құралдармен қызмет көрсетуді, бензинді қозғалтқыштар базасындағы аэрозалды генераторларды; өндірістің технологиясы мен агротехниканың негізгі талаптарын, орман шаруашылығының, орман мәдениетінің, орман қорғаудың және басқа да орман шаруашылығында орындалатын жұмыстардың үздік әдістерін; улы химикаттар эмульсиясын, ерітінділерді дайындау ережесін; химиялық күрес нәтижелері әдістерінің есебін; ыстықтай майлайтын материалдардан шығыс нормаларын; оларды үнемдеу бойынша шараларды; техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық сақтау және көрсетілген механизмдерді пайдалану кезінде өртке қарсы қорғануды және ыстық майлайтын материалдармен, химикаттармен және жырылғыш материалдармен жұмыс жасау ережелерін жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарымен толықтырылсын».

2. «Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасы шығарылымдарын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 306-ө бұйрығына:

1) БТБА, 52-шығарылымында:

«Теңіз және өзен көлігі» бөлімінің атауы:

«Теңіз және ішкі су көлігі» редакциясында жазылсын;

«Теңіз және ішкі су көлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы:


«АЭРОШАНА ЖҮРГІЗУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарда және суда адамдар мен жүктерді тасымалдау кезінде аэрошананы жүргізу. Аэрошаналарға техникалық қызмет көрсету: сапар алдында, сапар соңында және бағыттық тексеріп қарау; регламенттік жұмыстарды, ағымдық, авариялық жөндеу жұмыстарын орындау және күрделі жөндеуге қатысу. Аэрошаналардың сақталуын және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Радиостанцияларды пайдалану және қызмет көрсету. Жүк тиеу жұмыстары кезінде аэрошаналарға жүктердің дұрыс орналастырылуын қадағалау. Аэрошанаға формуляр жүргізу, қабылдау - тапсыру құжаттарын, тасымалданатын жүктердің құжаттамаларын ресімдеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Білуі тиіс: аэрошаналардың жабдықтарының, двигателдері мен қызмет көрсету құралдарының құрылымын; радиоқабылдағыш және радиоөткізу құрылғыларының нысанасын, құрылымын; және жұмыс істеу принципін; аэрошаналарда жұмыс істеу кезінде пайдалану және техника қауіпсіздігі нұсқаулықтарын; отын мен жағармайлардың техникалық шарттарын; жабдық ақауларының негізгі себептерін және оларды жоюдың тәсілдерін; жолмен жүрудің, ішкі су жолдарымен жүзудің тәртібін; формулярларды, тасымалданатын жүктер мен поштаның қабылдау-тапсыру құжаттарын, жол парақтары мен басқа да техникалық құжаттамаларды ресімдеу тәртібін» деген жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығымен толықтырылсын;

2) БТБА, 61-шығарылымында:

«Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімі мынадай мазмұндағы:
ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БЮРОСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халықтың тапсырысы бойынша әртүрлі тұрмыстық қызметтерді орындау: азық – түлік, өнеркәсіп тауарларын, дәрі – дәрмек және т.б. сатып алу және оларды үйге жеткізу. Хабарламаларды, жарнамаларды, газеттерді, жер – жерге афиша жапсыру. Адамның табиғи деректерін өлшеу: медициналық таразыларда салмақтау, бойын өлшеу, клиенттің сұрауы бойынша силомермен қолының күшін өлшеу. Көрсетілген қызметтері үшін клиенттерден ақша алу. Өлшеу аспаптарын реттеу. Іске асырылған талондар бойынша есеп жүргізу.

Білуі тиіс: тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдарды мен дүкендердің жұмыс істеу кестесі мен мекен – жайын; қызмет көрсететін учаскедегі анықтамалық және жарнамалық стендтерің орналасуын хабарламалар мен жарнамалық стендтердің орналасуын хабарламалар мен жарнамаларды жапсыру ережесін; адамның табиғи деректерін өлшеу үшін белгіленген аспаптарды пайдалану ережесін және құрылғысын және оларды реттеу ережесін; тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау үшін қала бойынша тиімді маршруттарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет