Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік



бет6/6
Дата26.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#159715
1   2   3   4   5   6

Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; баға прейскуранттарын; есеп беру мен есептеменің белгіленген тәртібін жүргізу.

105. Жалға беру пунктінің қабылдаушысы 2 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Азаматтардың уақытша пайдалануына (жалға) шаруашылық және мәдени – тұрмыстық заттарын, спорттық керек – жарақтар жабдықтарды беру және олардың жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру. Жалға берілетін ақау заттарды жөндеуге беру, тозығы жеткен керек – жарақтарды есептен шығаруға актілер ресімдеу. Керек – жарақтар және құралдармен жалға беру қорын толтыруға арналған өтініштерді құрастыру. Азаматтардан жалға берілген заттарды алған жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру, азаматтардың кінәсінен пайдалануға жарамсыз заттарға актілер ресімдеу.

Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; жалға беру қорында бар керек – жарақтар мен құралдарды пайдалану ережесін және құрылғысын; жалға беру қорын пайдалану және ережесін; пайдалануға жарамсыз, жалға беру заттарына актілер ресімдеу.

106. Моншада қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Келушілерге қызмет көрсету. Келушілердің кіру билеттері бойынша рұқсаттама, оларға бос орындарды ұсыну, сеанстың (сеанс бойынша қызмет көрсету кезінде) аяқталуы туралы ескерту. Келушілерге моншаның керек – жарақтарын беру, тиісті тауарларды іске асыру, іш киімдер мен көйлектерді шұғыл жууға алу, шағын жөндеу, үтіктеу және басқа ақылы қызмет көрсету. Келушілердің бағалы киімдерді сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, мүгедектер мен қарт адамдарға көмек көрсету. Киім ілгіш орындарының, крандардың, вентилдің, душ қондырғыларының, құбыр жолдарының, электр каминдерінің жабдықтардың жағдайын бақылау және бұзылып тұрғандарды туралы әкімшілікке уақытында хабарлау. Жуу керек – жарақтарын тиісті тәртіпте ұстау, сабынды, булы және шешінетін бөлмешелеріндегі тазалықты қамтамасыз ету. Бу бөлмесіне бу беруді, желдеткіш жұмысының кестесін қамтамасыз ету. Пайдаланған монша қажеттіліктерін жууға тапсыру. Санитарлық және гигиеналық ережені сақтау.

Білуі тиіс: моншадағы санитарлық нормалары мен қызмет көрсету ережесін; техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін; көрсетілетін қызметтерге баға прейскурантын және моншаның ішкі тәртіп ережесін.

107. Униформашы 4 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Манежді құралдандыру: аппаратуралардың құрылымы мен салпыншақтарына реквизит беру. Көрсетілім және дайындық уақытында әртістерді сақтандыру және пассировка жасау. Нөмірлер мен аттракцион дайындығын өткізу, клоундардың кілемдік қайталымдарына қатысу. Манежге аңдарды шығару және оларды сахнаның сыртында қабылдау, тордағы аңдармен, реквизит, аппаратура цирк мүліктері мен цирк алаңында тасымалдау.

Білуі тиіс: аңдармен араласу ережесін; аппаратуралардың салпыншақтары мен құралымдары жүйелерін; реквизиттарды пайдалану ережесін; түйіншектердің түрлерін және қанатты тоқу тәсілдерін; жүк көтергіш механизмдері мен ыңғайлылығының құрамы мен пайдалануын; қауіпсіздік техникалары мен өртке қарсы шаралардың ережесін.

Фильмді тексеруші
108. Фильмді тексеруші 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлек бетінің, метражын, жапсырылғанның саны мен сапасының жағдайын тексеру негізінде әр бөлігі бойынша пайдаланудағы 35 – және 16 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау. Әр бөліктің техникалық жағдайының дәрежесін анықтау. Ағымды жөндеу және фильм көшірмесін тазалау. Қорғау түйіні мен ракорды түзету, толықтыру және ауыстыру. Стандартты емес және ақау жапсырылған, фильмді жаңадан жапсыру, тесіп қию, қайтадан жасау. Әр фильмнің көшірмесіне техникалық паспорт және ақау карточкаларды толтыру. Бөлек коробкалардағы фильмнің көшірмесін, фильмостаттардағы және арнайы дымқылдау камераларын дымқылдату.

Білуі тиіс: позитивті кинотаспаның түрлерін, форматтың және негізгі тәсілдерін; фильмді тексеру столының, дыбысты құрастыру столының және фильмді тазалау машиналарының құралын; фильмнің көшірмесіндегі ақаудың техникалық жағдайын анықтау үшін аспаптар мен құралдарды; фильмнің көшірмесін дымқылдату құралдарын; фильмостат құралдарын; нұсқауды орнатуға 35 – 16 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын.

109. Фильмді тексеруші 4 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетінің, тесілуінің, жапсырылғанның саны мен сапасын, реңдік қасиеті мен айқындық жағдайын бақылау негізінде әр бөлік бойынша пайдаланудағы 70 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау. Құрастыру жоспарын құрастырады парағымен салыстыру. Түзетулерді енгізгеннен кейін қажетті жағдайларда фильмнің көшірмесін құрастыру. Пайдаланудағы фильм көшірмесінің жолдарын жапсыру. Тозуда, жоғалтуда және бүлдіруде басты нормативтік актілерді, техникалық пайдаға жарамсыз фильмнің көшірмесін шығару актілерін құру.

Білуі тиіс: фильмнің көшірмесін техникалық пайдалану ережесін; дыбысты құрастыру столының және фильмді тазалау машиналарын тағайындауын және құрастыруын; құрастырылған парақтармен фильм көшірмесін салыстыру тәсілін; тесілген жолдарды жапсыру техникасын; жарамсыздық топтастыру түрін және олардың пайда болу түрін.

110. Фильмді тексеруші 5 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Норм – Кино» ракорд талаптарына сәйкес әр бөлігі бойынша бөлек бетін, тесілуін, метражды, жапсырылудың саны мен сапасын, ілеспені, геометрия мөлшерін, бейне мен фонограмманың жиілік жағдайын тексеру негізінде киноны көшіру фабрикасынан алынған жаңа фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау. Техникалық тозғандардың ішінен фильмнің көшірмесін құрастыру және жинақтау. Пайдаланудағы фильмді көшіру түрлі – түсті балансын анықтау. Өзгеріп кетуіне байланысты түсті бұрынғы қалпына келтіру немесе демонстрациядан алу үшін түрлі – түсті фильмнің көшірмесін таңдау. Жарамсыздықтың түріне байланысты оның сипаттамасын қалпына келтіру және анықтау үшін фильмнің көшірмесін таңдау. Қалпына келтіргеннен кейін фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау. Кинотеатрда көріністік және дөңгелек кино көріністерін бейне және магнит фонограммаларымен үш таспаны кірістіру. Көріністегі фильмнің көшірмесі мен фонограммасының тозғаның және жөндеуді есептеу. Киноны көшіру фабрикасының өніміне өтінішті әзірлеу. Төменгі санаттағы фильмді тексерушілермен басшылық ету.

Білуі тиіс: фильмнің көшірмесіне түрлі – түсті және қара, ақ кең форматты, көріністі және стереоскоптық техникалық жағдайын; техникалық тозғаннан фильмнің көшірмесінің технологиясын; құрастыру парағына сәйкес фильм көшірмесінің құрастыруын; бейне мен дыбыс ілеспесінің негізін; фильм көшірмесінің өзгеру дәрежесін анықтаудың ұсынуын; қызмет көрсету жабдығын тағайындауы мен құрылымын; нитротаспалар негізін ажырату нышанның; бүліну түрлерін қалпына келтіру жолдары мен жоюын; фильмді жалға алу және пайдалану ережесін» деген жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарымен толықтырылсын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет