Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 24 САҒАТ ЖӘНЕ ТАС ӨНДІРІСІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#138500
1   2   3   4   5   6
§ 24 САҒАТ ЖӘНЕ ТАС ӨНДІРІСІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат механизмдерінің 3-6 квалитеттер бойынша өңделген ерекше күрделі және ерекше дәл бөлшектерін және құрастыру бірліктерін, сағаттардың судан қорғау және су өткізбейтін сыртқы өңделуін механикалық өңдеуден кейінгі, күрделі механикалық, оптикалық, электрондық аспаптар мен олардың комбинацияларын қолдана отырып бақылау және түпкілікті қабылдау. Құрастырудың күрделі операцияларын бақылау және түпкілікті қабылдау, сағаттарды аналогтік-сандық индикациямен, дыбыс белгісімен, арнаулы уақыт құралдарын, автоматтандырылған (АЖО) жұмыс орындарын технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) қолдана отырып бақылау. Алынған нәтижелерді бақылау және сапаны басқарудың статистикалық әдістерін ескере отырып өңдеу.

Білуге тиіс: сағат және тастар өндірісінің бақыланатын бұйымдарының стандарттарын, техникалық жағдайларын, конструкторлық және технологиялық құжаттамасын; бөлшектердің, құрастыру бірліктері ақаулырының ықтимал себептерін, сағаттардың жұмыс істемеу себебін; дыбыцс белгісінің сандық және аналогтік индикациясы мен реттемесінің дәлдігі мен үйлесімділігін сынау және тексеру тәсілдерін; ТПБАЖ мен бақылаушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының (АЖО) нысанын және жұмыс приципін; дайын өнімді бақылау басқарудың статистикалық әдістерін.

Жұмыс үлгілері

1. Геометриялық параметрлерді – проектордағы шаш айналымдарының, бұрандалы (спиральдік) пружинаның адымын, нысанын проекторда проекторлық сызбаны енгізу әдісімен бақылау; плющенкалардың мөлшерін бақылау.

2. Корпустық сақина, айналма, су өткізбейтін сағаттардың қақпағы – механикалық өңдеуден кейінгі мөлшерлерін бақылау.

3. ПМТ-3, МИМ-7, МИМ-8 үлгісіндегі приборларда термоөңдеу сапасын бақылау – қаттылығын және микроқұрылымын анықтау.

4. Спиралдерді, баланс тораптарын Класс -О- Матик үлгісіндегі приборларда тексеру – бағдарламаны орнату; ішкі айналманы қалыптастыру; топтарға бөлу; гистограмманы құру.

5. Аналогтік-сандық индикациялы сағаттар, дабылды сағаттар, дабыл құрылғысы – құрастыру операциясын бақылау; сынау және түпкілікті қабылдаук.

6. Бөлшектердің, құрастыру бірліктері мен бұйымдардың сапасын статистикалық әдіспен бақылау.
§ 25. САҒАТ БҰЙЫМДАРЫН ЛАКТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттардың, қоңыраулы сағаттардың бөлшектерін (қаптамасын, тілдерін, циферблаттарын) қолмен және пульверизатормен лактау. Бөлшектерді жабуға дайындау. Кептіру камерасындағы температураны реттеу.

Білуге тиіс: қарапайым айлабұйымдардың құрылымын және оларды қолдану ережесін ; бөлшектерді жалтырату тәсілдерін; арнаулы лактар мен ацетонның қасиеттері мен нысанын; кептіру камерасындағы температураны реттеу тәсілдерін.


§ 26. САҒАТ БҰЙЫМДАРЫН ЛАКТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикалық, электрондық-механикалық қол және қалта сағаттар мен арнаулы уақыт құралдарының сыртқы әрлеу бөлшектерін (тілдерін, циферблаттарын) жартылай автоматтарда немесе пульверизатормен біркелкі лактау. Бөлшектерді бояумен жабудың алдында химиялық майсыздандыру.

Білуге тиіс: аэрография әдісімен әркелкі жалтырату тәсілдерін; қызмет көрсететін жартылай автоматтардың құрылымын.

§ 27. Сағат бұйымдарын лактаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтарда немесе пульверизаторлармен механикалық қол, электронды-механикалық, қалта және арнайы аспап сағаттарының сыртын безендіру бөлшектерін (циферблаттарды) аэрография әдісімен түрлі тонда лактау.

Білуге тиіс: аэрография әдісімен түрлі тонда лаутау тәсілдері; қызмет көрсетілетін арнайы жартылай автоматтардың құрылысы.


§ 28. СӘУЛЕЛЕНДІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Реттелген сәулелендіру станоктерінде және жартылай автоматтарда тегістеу айналымдарымен декоративтік сурет түсіру жолымен бөлшектердің бетін (қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттардың бұрама, барабандық дөңгелектерінің үстіңгі бетін) алдын ала және түпкілікті өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін сәулелендіру станоктер мен жартылай автоматтардың жұмыс істеу принципін; бөлшектерді тегістеу айналымдарымен сәулелендіру тәсілдерін; тегістеу айналымдарын қолданылатын тегістеуші және жылтыратушы пасталардың нысанын; абразивтің бұдырлығы мен қаттылығы бойынша іріктеу ережесін; айналмалардың сыртқы түрі мен бетінің бұдырлығына қарай олардың тозуын анықтау ережесін; бақылау-өлшеу және жұмыс құралының құрылымын және оларды қолдану ережесін; бақылаудың кезеңділігін; беттің бұдырлығын және олардың сызбадағы мағынасын.


§ 29. СӘУЛЕЛЕНДІРУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қымбат металдармен гальванді жабудан кейінгі реттелген жартылай автоматтарда сәулелендіру щеткасымен декоративтік сәулелі қиыршық түсіру жолымен бөлшектердің бетін (қалыпты және шағын калибрлі механикалық әртүрлі үлгідегі қол сағаттардың циферблаттарын) алдын ала және түпкілікті өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін сәулелендіру жартылай автоматтардың құрылымын; қолданылатын жылтыратушы эмульсиялардың нысанын; сәулелендіруге арналған щеткаларды іріктеу және орнату ережесін; щеткалардың сыртқы түрі мен өңдеу бетінің тазалығына қарай олардың тозуын анықтау ережесін.

§ 30. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТАСТАРДЫ ЖИНАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат бөлшектерін блокқа қолмен және вибробункерлік құрылғыларда жинау. Бөлшектерді блоктарда блокты жылыта отырып желімдеуіш заттардың көмегімен және преске қыса отырып бекіту. Бөлшектерді өңдеуден кейін бөлу. Сағат тастарының дайындамасы мен диаметрі 0,15 мм астам втулкаларды цилиндрлік, коникалық және баспалдақты сым мен синтетикалық талшыққа қолмен және бөлшектерді блоктауға, бөлуге арналған арнаулы айлабұйымдарда тізу және қайта тізу. Тізілетін тас дайындамалары тесіктеріне сәйкес қажетті жіп диаметрін таңдау. Айлабұйымдардағы қыспаның және қышқылда ерітпелеу арқылы сымның ұштарын дайындау. Бөлшектерді арнаулы айлабұйымдарға және сымға ілу, гальваникалық жабу үшін ваннаға салу, жабын салынғаннан кейін оларды түсіру.

Білуге тиіс: бөлшектерді блоктаудың, бөлудің тәртібін; әртүрлі блоктардың нысанын және оларда бөлшектерді бекіту тәсілдерін; қолданылатын блоктау массасының құрамын; блоктауға, бөлуге арналған арнаулы айлабұйымдарды пайдаплану ережесін; сымның диаметрін анықтау ережесін және тізілетін дайындамалар мен жүргізілетін опреацияларға қарай оларға қойылатын талаптарды, дайындамаларды сымға және синтетикалық талшықтарға тізу әдісін; қолданылатын өлшеу-бақылау құралының нысанын және құрылымын; бөлшектерді ілуге және ваннаға салуға арналған айлабұйымдардың нысанын және қолдану шарттарын.


§ 31. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТАСТАРДЫ ЖИНАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат бөлшектерін, тастар мен олардың дайындамаларын қолмен немесе арнаулы айлабұйымдарда белгілі жағдайға бағдарлай отырып жинау. Дайындаманың айлабұйымға бекті беріктігін қамтамасыз ететін прокладкаларды дайындау және іріктеу. Сағат тастарының дайындамасы мен диаметрі 0, 065 мм до 0,15 мм втулкаларды цилиндрлік, коникалық және баспалдақты сым мен синтетикалық талшыққа қолмен және бөлшектерді блоктауға, бөлуге арналған арнаулы айлабұйымдарда тізу және қайта тізу

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципін; дайындамаларды сымға тізуге арналған арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; күрделілі орташа және күрделі конфигурациялы бөлшектерді блоктаудың тәсілі мен әдістерін; блоктау сапасына қойылатын техникалық талаптарды; тастар мен желімдегіш заттарды дайындау үшін қолданылатын минералдардың қасиетін; сым мөлшерінің алынатын саңылау сапасына әсерін.


§ 32. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТАСТАРДЫ ЖИНАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тастардыжуапты қабатты өңдеуге арналған әртүрлі типтегі арнаулы айлабұйымдарда белгілі бір жағдайға бағдарлай отырып жинау. Сағат бөлшектерін, тастар мен олардың дайындамаларын қолмен немесе арнаулы айлабұйымдарда белгілі жағдайға бағдарлай отырып жинау. Желімдегіш заттарды іріктеу және жасау. Сағат тастарының диаметрі 0,065 мм дейінгі дайындамасын коникалық және цилиндрлік б сым мен синтетикалық талшыққа қолмен және арнаулы айлабұйымдарда тізу және қайта тізу

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; Желімдегіш заттарды дайыгндаудың тәсілін және рецептін; күрделі өлшеу-бақылау құралын қолдану ережесін; блоктау және тастарды тізу операцияларымен қосалқы технологиялық процес операциялары кешенін.


§ 33. пружина есуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сағат үлгілеріне арналған спиральді пружиналарды арнаулы станоктерде иілген қалыпта ұстай отырып есу. Дайындаманың берілген ұзындығын кесу, салмаларды пружина дайындамаларының ішкі және сыртқы ұштары саңылауларын штампылау, дайындама ұшын жалтырату, күршекті майыстыру, саллманы пружинаның сыртқы ұшына бекіту немесе пісіру. Пружинаны айналма сәтінде тексеру және оларды сұрыптау.

Білуге тиіс: пружина есуге арналған престің, станоктер мен айлабұйымдардың құрылымын және оларды пайдалану, айналма сәтін анықтау ережесін; бақылау-өлшеу құралының нысанын және қолдану ережесін; пружиналардың жарамдылығын анықтау; аспаптардың көмегімен және оларлы топтар бойынша сұрыптау ережесін.


§ 34. пружина есуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рояльді және жаншылған сымнан жартылай автоматтарда пружинаплардың әртүрлі үлгілерін есу. Дайындалған пружиналардың сапасын тексеру. Жартылай автоматтарлда жұмыс процесінде реттеу және реттемелеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жартылай автоматтардың құрылымын, оларды реттеу және реттемелеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу және жұмыс құралының құрылымын және қолдану тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 35. ТІС ФРЕЗЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫ МЕН ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАРДЫ РЕТТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тіс фрезерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарын сағат бөлшектеріндегі ұсақ модульдердің тістерін 5 дәлдік деңгейі бойынша кесу үшін реттеу. Өңдеу және кесу режимджерінің кезектілігін белгілеу. Кесетін және өлшейтін құралды, аспаптар мен айлабұйымдарды технологиялық және нұсқамалық карталар бойынша іріктеу. Кесетін құралды, айлабұ ымдарды және өңделетін бөлшектерді индикатор бойынша тексере отырып орнату. Станонктерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын; олардың дәлдігін тексеру ережесін; кесуші құралдың геометриясын; универсальді және арнаулы айлабұйымдар мен құралдардың, күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылымын және қолдану ережесін; орныдалатын жұмыс шегіндегі металлдар технологиясын; шестерняларды іріктеу ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 36. ТІС ФРЕЗЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫ МЕН ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАРДЫ РЕТТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тіс фрезерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарын сағат бөлшектеріндегі ұсақ модульдердің тістерін 4 дәлдік деңгейі бойынша кесу үшін реттеу. Кесетін және өлшейтін құралды, арнаулы айлабұйымдарды түрлі тегістіктерде тексере отырып орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын және кинематикалық сызбасын; оларды реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; арнаулы айлабұйымдар мен құралдардың, бақылау-өлшеу құралының конструктивтік ерекшелігін; кесетін құралдың геометриясын және оны қайрау мен орнату ережесін; тісті ілмектеу элементтері мен оларды бақылау әдістерін.


§ 37. ТІС ФРЕЗЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫ МЕН ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАРДЫ РЕТТЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тіс фрезерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарын сағат бөлшектеріндегі ұсақ модульдердің тістерін 3 дәлдік деңгейі бойынша кесу үшін реттеу. Кесетін және өлшейтін құралды, арнаулы айлабұйымдарды түрлі тегістіктерде тексере отырып орнату. Қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу кезінде қажетті есептерді орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын және кинематикалық сызбасын; оларды реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; арнаулы айлабұйымдар мен құралдардың, бақылау-өлшеу құралының құрылымын; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс режимін; метал кесу теориясының негіздерін.


§ 38. ЖУУ машинАЛАРЫН РЕТТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ультрадыбысты және арнаулы жуу машиналарын реттеу. Ультрадыбысты генераторлардың жұмысын және жуудың технолдогиялық процесін бақылау. Жуу машиналарын жөндеу жөніндегі алдын ала жұмыстарды жүргізу.

Должен знать: қызмет көрсететін жуу машиналарының құрылымын, оларды реттеу, бөлшектеу және құрастыру ережесін; түрлі ақауларды жою тәсілдерін және қызмет көрсететін жуу машиналарына ағымдық жөндеу жүргізуді; күрделілігі әртүрлі бөлшектерді ультрадыбыстық өңдеу режимдерін; жуу ерітінділерінің құрамын.


§ 39. ЖУУ машинАЛАРЫН РЕТТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі автоматты жуу машиналары мен арнаулы жуу агрегаттарын реттеу. Жуу ерітінділерінің гермикалылығын және жай-күйін тексеру. Жуудың технологиялық процесін сипаттайтын жабдықтарды бақылау. Жуу машиналары мен жуу агрегаттарына қызмет көрсету және жуу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу.

Білуге тиіс: жуу машиналары мен арнаулы жуу агрегаттарының құрылымын, олардың кинематикалық, электр және басқа да сызбаларын; жуу процесінің режимдері мен жуу ерітінділерінің құрамын; қызмет көрсететін машиналар мен агрегаттардың құрамды бөліктерін реттеу, бөлшектеу, жуу және құрастыру ережесін; жуу машиналары мен арнаулы жуу агрегаттарының түрлі ақауларын жою және ағымдық жөндеу ережесін.


§ 40. ҮСТЕЛГЕ ҚОЙЫЛАТЫН СТАНОКТАР МЕН

ПРЕССТЕРДІ РЕТТЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрастыру бірліктерінің мөлшері мен отырғызылуын 8-9 квалитеттер бойынша сақтай отырып орындайтын бір үлгідегі үстелге қойылатын токар, фрезер, бұрғылау, резьба кесетін, тегістейтін, жылтырататын станоктерді, пресстер мен айлабұйымдарды реттеу. Станоктерді, пресстер мен айлабұйымдарды жұмысқа дайындау, ақауларын жою, оларды қажетті мөлшерге реттеу, кесетін құралдар мен пуансондарды қайрау және орнату. Бақылау-өлшеу құралдарын ыңғайлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктерді, пресстер мен айлабұйымдардың құрылымын, оларды реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; айлабұйымдардың құрылымын және оларды қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарын қолдану шарттарын; өңделетін материал мен ресстерде престелетін бөлшектерге орай құралды қолдану жағдайларын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 41. ҮСТЕЛГЕ ҚОЙЫЛАТЫН СТАНОКТАР МЕН

ПРЕССТЕРДІ РЕТТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тілдер мен циферблаттарға баспа түсіруге арналған, үстелге қойылатын барлық үлгідегі металл кесуші жартылай автоматтар мен құрастыру бірліктерінің мөлшері мен отырғызылуын 6-7 квалитеттер бойынша сақтай отырып орындайтын түрлі үлгідегі үстелге қойылатын пресстерді реттеу. Өңдеу және престеу режимін белгілеу.

Білуге тиіс: үстелге қойылатын барлық үлгідегі металл кесуші станоктер мен пресстердің конструктивтің ерекшеліктерін және дәлдігін тексеру ережесін; жабдықтың жұмыс режимін анықтамалар мен паспорттары бойынша анықтау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты реттеу әдісін; металл кесу теориясының негіздерін; дайындалатын бөлшектер мен құрастыру бірліктеріне қойылатын техникалық талаптарды. айлабұйымдардың құрылымын және оларды қолдану ережесін; бақыау-өлшеу құралдарын қолдану шарттарын; өңделетін материал мен пресстерде престелетін бөлшектерге орай құралды қолдану жағдайларын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 42. ҚҰРАСТЫРУ АВТОМАТТАРЫН, ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАР МЕН АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДІ РЕТТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі орындау манипуляторлары екі түрден аспайтын, бұрама бастарын валмен, құлақшаларды айналмамен, браслеттерді құрастыруға арналған автоматтар мен жартылай автоматтарды, түрлі орындау манипуляторлары екі түрден аспайтын автоматты желілерді реттеу. Автоматтар мен жартылай автоматтарды, автоматты желілердің негізгі механизмдерін жұмыс процесінде реттеу және оларды ағымдық жөндуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіетін жабдықтың құрылымын, реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; күрделі бақылау-өлшеу құралы мен аспаптарының құрылымын және оларды қолдану ережесін; орындалатын жұмыс шегіндегі механика мен электротехника негіздерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 43. ҚҰРАСТЫРУ АВТОМАТТАРЫН, ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАР МЕН АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДІ РЕТТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үш түрлі орындау манипуляторлары бар, сағат тастарын, штифтерді престеуге арналған жартылай автоматтарды, дөңгелектерді трибтермен, баланс осьтерін айналмамен құрастыруға арналған автоматтарды, конвейерлер мен автоматтандырылған желілерді реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты реттеу кезінде қажетті техникалық есептерді орындау. Қызмет көрсететін жабдықтың, қолданылатын айлабұйымдар мен жабдықтың тез тозатын бөлектеріне арналған эскиздерді жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіетін жабдықтың кинематикалық және электр сызбаларын, құрылымын, реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; күрделі бақылау-өлшеу құралы мен аспаптар мен құралдарды реттеу ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді; механика мен электротехника негіздерін.


§ 44. ҚҰРАСТЫРУ АВТОМАТТАРЫН, ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАР МЕН АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДІ РЕТТЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Төрт түрлі орындау манипуляторлары бар көп позициялы құрастыру автоматтарын, автоматтандырылған желілерді, күрделі механикалық, электр және электронды сызбалары бар бақылау автоматтарын реттеу. Сағаттарды құрастыруға арналған жабдықтың жаңа үлгілерін реттеу, олардың оңтайлы жұмыс режимін белгілеу. Қызмет көрсететін жабдықтың құрастыру бірліктерінің тозуын, ыңғайлау, және ауыстыруды айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық, электр және вакуумдық сызбаларын; автоматтардың, жартылай автоматтардың және автоматтандырылған желілердің құрылымын, реттеу және дәлдігін тексеру ережесін; қызмет көрсетілетін жабдықтың ақауларын анықтау және жою тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.


§ 45. ҚҰРАСТЫРУ АВТОМАТТАРЫН, ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАР МЕН АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДІ РЕТТЕУШІ

7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Төрттен астам орындау манипуляторлары бар, сағаттар мен уақыт құралы үлгісіндегі механизмдерді құрастыруға арналған автоматтандырылған желілерді, күрделі механикалық, электр және электронды сызбалары бар бақылау құрылғыларын реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтандырылған желілердің, бақылау құрылғыларының, уақыт құралы үлгісіндегі жабдықтар мен манипуляторлардың құрылымын; күрделі бақылау-өлшеу жабдығы мен аспаптардың құрылымын; қызмет көрсетілетін жабдықтың барлық жүйелерінің диагностикасы жөніндегі жұмысты орындау және оның механикалық бөлігінің ақауларын жөндеу.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 46. циферблатТАРДЫ БАСУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар мен қоңыраулы сағаттардың циферблаттарын трафарет бойынша басу. Трафаретті рамкаға орналстыру. Бояуды жасау. Бояуды валикпен жағу.

Білуге тиіс: трафарет рамкаларының құрылымын; арнаулы трафареттердің көмегімен сандар мен бөліністерді қарапайым циферблаттарда басу тәсілін; қолданылатын бояулардың құрамын және оны жасау тәсілін.


§ 47. циферблатТАРДЫ БАСУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сағат үлгілеріне арналған циферблаттар мен шкалаларды арнаулы станоктар мен жартылай автоматтарда басу. Бояуды матрицаға көшіруге арналған желатин алмұрттарын дайындау. Бір түсті бірнеше бояудан композициялық бояу жасау. Циферблаттарды кептіру. Баспа сандар контурын тушьпен және бояумен ретуштеу. Станоктар мен жабдықтарды рет темелеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымын, жұмыс ітеу принципін және реттемелеу тәсілдерін; циферблаттарды үстелге орнату тәсілін; қолданылатын бояулардың құрамын, сұрпын, қасиеттерін және оларды дайындау тәсілдерін; матрицаларды скребпен (ракулмен) тазалау ережесін; циферблат бетін басуға дайындау ережесін; циферблаттарды басқаннан кейін кептіру ережесін; баспа сандар контурын тушьпен және сандарды бояумен ретуштеу ережесін және әдісін; циферблаттарды еріткішпен және сумен жуу тәсілдерін; қолданылатын еріткіш пен тушьтің қасиеттерін, сұрпын және санын; дайын циферблаттарға қойылатын талаптарды, оларды бақылау тәсілдерін.

§ 48. циферблатТАРДЫ БАСУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттар мен уақыт құралдарының барлық үлгілеріне арналған түрлі нысандағы және конструкциядағы цвиферблаттарды реставрациялау. Циферблаттарды күмістеуге және алтындауға дайындау. Баспа станоктарын, жартылай автоматтар мен айлабұйымдарды реттеу.

Білуге тиіс: баспа станоктарының құрылымын және кинематикалық сызбасын; арнаулы айлабұйымдар мен жабдықтың құрылымын және қолдану жағдайларын; циферблаттарды, дайындау үшін қолданылатын металлдар мен материалдардың қасиеттерін; дәнекер мен оның қасиетін; баспа станоктары мен жартылай автоматтарды реттеу тәсілдерін.


§ 49. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат және техникалық тастарды түрлі жылтырату станоктерінде алмаздың, теиір қышқылының және хром қышқылының микроұнтақтарымен, жұмсақ және жартылай қатты жылтыратушы, түрлі жұмсартушы және салқындатушы ерітінділерді қолдана отырып шекті 8-9 квалитеттер бойынша Rz 0,8 қабат бұдырымен жылтырату. Түрлі үлгідегі жылтырату станоктарын реттеу және жұмысқа дайындау. Станоктарға жылтыратқыштар мен айлабұйымдарды өңделетін тастармен орнату. Абразивті суспензияларды, жұмсартушы және салқындатушы ерітінділерді дайындау және беру. Жылтырату процесінде тас бетінің мөлшерін және өңдеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жылтырату станоктарының құрылымын, жұмыс принципін және реттеу әдістерін; сағат пен техникалық тастар әзірленетін минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; жылтырату ұнтақтарының қасиеттерін; дайындаиалар мен дайын астарға қойылатын техникалық талаптарды; қолданылдатын абразивтік материалдардың, жылтыратқыш үлгілерінің, жұмсартушы және салқындатушы ерітінділердің өңделетін қабаттың сапасына әсерін; өңделген қабаттың сапасын бақылау әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Агат втулкалар - бетін жылтырату.

2. Агат жіп өткізгіш көздері - сфераны және паз бетін жылтырату.

3. Жабдықтарға арналған салмалы агат тастар мен тегіс жастықшалар - беттерін жылтырату.

4. Коникалық және сфериялық агат ұштар – жұмысшы бетін жылтырату.

5. Агат таяқшалар – цилиндрлік бетін жылтырату.

6. Агаттан, кварциттен және яшмадан жасалған пазды жастықшалар - паз бетін жылтырату.
§ 50. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат және техникалық тастардың беті мени фасонды қабатын түрлі жылтырату станоктері жартылай автоматтарда алмаздың, темір қышқылының және хром қышқылының микроұнтақтарымен, қатты және жұмсақ жылтыратушы, түрлі жұмсартушы және салқындатушы ерітінділерді қолдана отырып шекті 7-8 квалитеттер бойынша Rz 0,4 - Rz 0,2 қабат бұдырымен жылтырату, түрлі үлгідегі жылтырату станоктары мен жартылай автоматтарды реттеу және жұмысқа дайындау. Тастарды өңдеудің мөлшері мен сапасын контактілі және оптикалық аспаптар мен бақылау-өлшеу құралдарын пайдалана отырып тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жылтырату станоктары мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін және реттеу әдістерін; сағат пен техникалық тастар әзірленетін минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; алмаз бен жылтырату ұнтақтарының қасиеттерін және тастарды айлабұйымға жапсыру сапасына қойылатын талаптарды; жылтыратқыш пен айлабұйымдардың сапасын анықтау әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Агат втулкалар - тесіктерін жылтырату.

2. Балансты корунд тастар - сфераны фаскі түсіре отырып жылтырату.

3. Импульсті корунд тастар - сегмент пен сыртқы щеттер тегістіктерін жылтырату.

4. Сағаттардың амортизациялы балансына арналған салмалы корунд тастар – цилиндрлі бетін жылтырату.

5. Сағаттардың және аспаптардың цилиндрлі корунд тастары – коникалық және сферикалық оймаларды жылтырату.

6. Корунд және агат өкшеліктер - паз бетін жылтырату.

7. Таразыларға арналған корунд және агат призмалар – ұстара ұштарын жылтырату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет