§ 72. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электронды-механикалық, дәлдігі жоғарылатылған және бірінші сыныптық қосымша құрылғысы бар қол сағаттар механизмін құрастыру ақауларын анықтаумен және анықталғандарын жоюмен байланысты жұмыстарды орындау. Қос тілді секундомердерді, хроноскоптар мен арнаулы уақыт құралдарын толық құрастыру. Түрлі үлгідегі сағаттардың сынақ партияларын құрастыру механизмдегі құрастыру ақауларын жойғаннан кейін, сағаттардың жүру дәлдігін реттеу.
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электронды-механикалық, дәлдігі жоғарылатылған және бірінші сыныптық қосымша құрылғысы бар (автобұрау, күнтізбе, дабыл құрылғысы және т.б.), қол сағаттардың, секундомердердің, хроноскоптар мен арнаулы уақыт құралдарының сағат механизмдерінің құрылымын; сағат жүрісінің дәлдігін реттеу тәсілдерін; сағат механизмдерін құрастыру ақауларының себептерін; электронды-механикалы сағаттардың электр шынжырларын тексеру тәсілдерін; катушкалардың қарсылығын, элементтің кернеуі мен электр қозғау күшін тексеру тәсілдерін; адымдық қозғағыш магниттерінің коэрцетивтік күшін, электронды блок катушкалары саңылаулары мен құрастырушы бұйымдардың магниттік индукциясын; кварцті генератор блоктарының кернеу амплитудасын, кіші және үлкен амплитуда кезіндегі ток шығыны өлшеу тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар - құрастыру ақауларын анықтау және жекелеген бөлшектер мен құрастыру бірліктерін ауыстыра және олардың жұмысын реттей отырып жою.
2. Электронды механикалық қол сағаттар – құрастыру ақауларын жекелеген бөлшектер мен құрастыру бірліктерін ауыстыра отырып жою; механизмді реттеу; адымдық қозғағышты реставрациялау.
3. Дәлдік сыныбы жоғарылатылған электронды-механикалық және механикалық қол сағаттар – механизмді толық бөлшектеумен, тазалаумен, құрастырумен, реттеумен байланысты кепілді жөндеу.
§ 73. ТАСТАРДЫ ТЕСУШІ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыныны, Моос шкаласы бойынша қаттылығы 4 дейінгі жарамды тастарды бұрғылау станоктарында арнаулы эмульсияларды қолданып, бақылау-өлшеу құралымен өлшей отырып тесіп бұрғылау.
Білуге тиіс: бұрғылау станогының құрылымы туралы негізгі деректерді; шынының және жарамды тастардың қасиеттерін; қолданылатын бақылау-өлшеу және кесу құралын қолдану ережесін.
§ 74. ТАСТАРДЫ ТЕСУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Моос шкаласы бойынша қаттылығы 4 жоғары жарамды тастарды, сондай-ақ жартылай бағалы және бағалы тастарды зергерлік бұйымдар үшін тесіп бұрғылау.
Білуге тиіс: бұрғылау станогының принципін; бағалы және жартылай бағалы тастардың қасиеттерін, бұрғыға алмаз ұнтағын салу ережесін; алмаз ұнтағын үнемді пайдалану тәсілдерін; тастарды дайындауға қойылатын техникалық талаптарды; қолданылатын абразивтер мен эмульсиялардың құрамын.
§ 75. ТАСТАРДЫ ТЕСУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы бұйымдарға арналған техникалық тастар дайындамасында диаметрі 1 мм артық тұтас тесіктерді көп шпиндельді бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтарда тесу, оларды реттемелу. Алмазды суспензия дайындау. Бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтар шпиндельдеріне диаметрі 0,06 мм артық бұрғыларды бекіту және салыстырып тексеру. Тасы бар бұрғылар мен тас ұстағышты шпиндельдерді станоктар мен жартылай авттоматтарға орнату. Станоктардағы тас ұстағыштарды ауыстыру. Бұрғылау барысында тозған бұрғыларды ауыстыру.
Білуге тиіс: бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтардың құрылымы мен реттемелеу тәсілдерін; шпиндельдер мен тас ұстағыштардың осін дәл орталықтандыру әдістерін; техникалық тас джайындамаларына қойылатын техникалық талаптарды; бұрғылар мен тас жапсырмаларын тас ұстағыштарға бектіу үшін қолданылатын желімдеуіш заттардың құрамы мен қасиеттерін; бақылау-өлшеу құралын, арнаулы айлабұйымдардың нысанын және оларды қолдану ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді
§ 76. ТАСТАРДЫ ТЕСУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы бұйымдарға арналған техникалық тастар дайындамасында диаметрі 0,1 мм дейінгі тұтас тесіктерді көп шпиндельді бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтарда тесу, оларды реттемелу. Бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтар шпиндельдеріне диаметрі 0,06 мм артық бұрғыларды бекіту және салыстырып тексеру.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі бұрғылап тесу станоктары мен жартылай авттоматтардың кинематикасын, олардың дәлдігін тексеру ережесін және оларды реттеу тәсілдерін; тастарды жапсыру сапасын бақылау ережесін; алмазды суспензияның оңтайлы құрамын және оны дайындау тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралының, арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді
§ 77. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЕЛІМДЕУШІ
1-разряд
Жұмыс сиапттамасы. Инелердің корунд салмасын сақина тесігіне қолмен пинцеттің және предметтік шынының көмегімен желімдеу.
Білуге тиіс: инелердің корунд салмасы мен сақина тесігінің мөлшерін; қолданылатын желімнің қасиеттерін; корунд салмасын сақина тесігіне желімдеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды; желімдеу сапасын тексеру тәсілдерін.
§ 78. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЕЛІМДЕУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Корунд тастардың дайындамаларын эмаль шликерімен желімдеу. Эмальді шар диірменде ұнтақтау және тарту.Эмаль ұнтағының гранулометриялық құрамын тексеру және анықтау. Эмаль шликерін белгілі бір пропорцияларда жасау. Эмальді кептіру және балқыту. Эмальды плавик қышқылында еріту.
Білуге тиіс: эмальді шар диірменде тарту процесін; эмаль ұнтағының гранулометриялық құрамын анықтау әдістерін; плавик қышқылының техникалық шарттарын, оның химиялық қасиетін және силикатқа, корундке, парафинге және басқа да материалдарға әсерін, тас дайыгдамиаларын онда жуу тәсілдерін; сағат тастарының дайындамаларын жабуға арналған эмаль шликерінің құрамын; эмальді кептіру және балқыту режимін.
§ 79. ТАСТАР МЕН САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІН СҰРЫПТАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым сағат бөлшектерін, сағаттар мен техникалық тастардың дайындамаларын механикалық елек көмегімен, линиялық сызық мөлшері бойынша арнаулы аспаптар мен құралдарды қолдана отырып сұрыптау. Сағаттардың бөлшектері мен құрастыру бірліктерін механикалық өңдеуден және бағалы емес металдармен гальваникалық жабудан кейін, олардың сыртқы түріне қарай лупаның көмегімен сұрыптау. Сұрыпталатын бұйымдарға арналған құжаттарды ресімдеу.
Білуге тиіс: сұрыпталатын бұйымдарға арналған техникалық шарттарды; бақылау-сұрыптау аспаптарының түрлері, нысанын және оларды қолдану ережесін; өңдеу параметрлдері туралы неігзгі деректерді; сұрыпталатын бұйымдарға арналған құжаттарды ресімдеу ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Сағат және техникалық тастардың цилиндрлі және шаршылы дайындамалары - формасы мен мөлшері бойынша сұрыптау.
2. Сағат және техникалық тастардың дайындамалары – тақталарды жолақтар мен шаршыларға кескеннен кейін жарамды дайындамаларды, кесінділер мен түйіршіктерді іріктеу.
3. Дөңгелек дайындамалары – қалыңдығына қарай сұрыптау.
4. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электронды-механикалық, қол сағаттар, ірі габаритті сағаттар мен басқа да арнаулы уақыт құралдары - механикалық өңдеуден кейін сыртқы әрлеу бөлшектері мен құрастыру бірліктерін көзбен немесе лупаның көмегімен сұрыптау.
5. Қалыпты және шағын калибрлі қол сағаттар, ірі габаритті сағаттар мен басқа да арнаулы уақыт құралдары - бөлшектерді саңылау диаметрін калибрмен – тегіс тығынмен тексере отырып сұрыптау.
§ 80. ТАСТАР МЕН САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІН СҰРЫПТАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың күрделігі орташа және күрделі бөлшектері мен құрастыру бірліктерін, бағалы емес металдармен гальваникалық жабудан кейін, олардың радиальді және сыртқы соғуы, геометриялық формалардан ауытқулары бойынша айлабұйымды бинокулярлық микроскоптың көмегімен сұрыптау. Бөлшектерді сағат проекторында контурын тексере отырып, сондай-ақ автоматтандырылған бақылау-өлшеу қондырғылары мен арнаулы аспаптарда сұрыптау.
Білуге тиіс: сұрыптау опреацияларын орындаудың әдістері мен тәсілдерін; бақылау –сұрыптау аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін; бұйымдардың нысанын; түрлері, нысаны және оларды қолдану ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Сағат және техникалық тастардың дайындамалары - саңылауларды бітегеннен, жылтыратудан және сыртқы диаметрін өңдегеннен кейін сұрыптау.
2. Өкшеліктер дайындамалары – ақаулардан, кесінділер мен сынықтардан жарамды дайындамаларды іріктеу.
3. Механикалық, электронды-механикалық, қол сағаттар – платиналар мен көпірлердің құрастыру бірліктерін бинокулярлық микроскоптың көмегімен тастың сыртқы түріне қарай, қисық, жарықтардың болуын тексере отырып сұрыптау; анкерлік айырлардың, анкерлік дөңгелектердің, фиксатордың геометриялық формасын тексере отырып, сағат проекторында сызба бойынша сұрыптау; балансты «БАЛАНС-О-ТЕСТ» үлгісіндегі аспаптарда теңгерімділік дәрежесі бойынша сұрыптау.
4. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электронды-механикалық, қол сағаттар, ірі габаритті сағаттар мен басқа да арнаулы уақыт құралдары - баланстың құрастыру бірліктерін, трибтерді дөңгелекпен сыртқы және радиальді соғуын тексере отырып, цапф бетінің бұдырлығын айлабұйымды бинокулярлық микроскопта сұрыптау.
§ 81. ТАСТАР МЕН САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІН СҰРЫПТАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағаттар мен тастардың ерекше күрделі бөлшектері мен құрастыру бірліктерін механикалық өңдеуден және құрастырудан кейін, өңдеу сапасына қойылатын техникалық талаптарға сәйкес универсальді бақылау-өлшеу құралдары мен арнаулы аспаптарды қолдана отырып сұрыптау. Сағаттардың бөлшектері мен құрастыру бірліктерін бағалы металдармен гальваникалық жабудан кейін сұрыптау.
Білуге тиіс: сағаттар мен тастардың бөлшектерін өңдеу және құрастыру жұмыстарынан кейінгі сұрыптауды орындау тәсілдерін; гальванды жабу режимін; гальванды жабуды бақылау әдістерін; өңдеу параметрлері туралы неігзгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Сағат және техникалық тастар дайын тастарды саңылауының өңделу сапасына, формасына және оливаж сапасына қарай сұрыптау.
2. Механикалық қол сағаттар – платиналар мен көпірлердің құрастыру бірліктерін тастарды престеу мөлшері бойынша сұрыптау.
3. Электронды-механикалық кварцты сағаттар - адым қозғағышын жұмыс істеуіне, ток тұтынуына және сыртқы түріне қарай сұрыптау.
§ 82. фольгАНЫ ӨҢДЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар мен қоңыраулы сағаттар циферблаттарында қарапайым белгілерді (циферблат нүктелерін, шаблондарды және т.б.) басу үшін үстіңгі бетін кейіннен жалтыратып өңдей отырып өңдеу, майсыздандыру. Жарық сезгіш эмульсияларды, арнаулы ерітінділерді, пасталарды, мастикаларды дайындау.
Білуге тиіс: фольганы өңдеу, майсыздандыру процесстерін; фольганы жарық сезгіш эмульсиямен жабу, оны бекіту және термоөңдеу тәсілдерін; қышқылдармен, химикаттармен жұмыс істеу ережесі мен режимін; арнаулы эмульсияларды, ерітінділерді, пасталарды, мастикаларды дайындау тәсілдерін.
§ 83. фольгАНЫ ӨҢДЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар мен қоңыраулы сағаттардың, арнаулы уақыт құралдарының циферблаттарында күрделі белгілерді (жазуларды, суреттерді, сандарды) жоғары дәлдікпен басу үшін болат матрицаларды, шаблондарды, тарафареттерді, фольганы өңдеу, майсыздандыру.
Білуге тиіс: фольгада суреттерді, сандарды, шкалаларды өңдеу әдісімен салу тәсілдерін; фотобаспа бойынша өңделетін гальваникалық жабу тәсілдерін; фольганы жарық сезгіш эмульсиямен жабу, оны бекіту және термоөңдеу тәсілдерін; өңдеуден кейін эмульсияны кетіру тәсілдерін; өңделетін бөлшектер фонын алудың және түрлі бояуларды түсіру тәсілдерін; бөлшектерді ретушьтеу тәсілдерін; қолданылатын химикаттар қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін.
§ 84. механиКАЛЫҚ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикалық үстелге қойылатын және гирлі сағаттарды дербес жөндеу. Сағаттың жүруін бұзатын себептерді анықтау және жою. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті балансты және маятникті дабылсыз сағаттардың тораптарын операциялық жөндеу кезінде бөлшектеу, қарапайым және күрделілігі орташа тораптарын бөлшектеу, тазалау және құрастыру. Жөнделетін сағаттардың жаңа құрастыру бірліктері мен бөлшектерін, оларды ауыстыра отырып іріктеу және реттемелеу.
Білуге тиіс: ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті балансты және маятникті дабылсыз сағаттарды операциялық жөндеу кезінде бөлшектеу және құрастыру бөлшектеу және құрастыру ретін; бөлшектенетін құрастыру біоліктерінің құрылымын, нысанын және өзара әрекетін; арнаулы бақылау-өлшеу аспабының нысанын және оны қолдану ережесін; қолданылатын майлардың сұрпын және сағат механизмінің майланатын жерлерін; өңдеу параметрлері туралы негәізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттар - операциялық жөндеу кезінде ангренажды бөлшектеу, тазалау, құрастыру және бақылау.
2. Ірі габаритті балансты және маятникті дабылсыз - толық дербес жөндеу.
§ 85. механиКАЛЫҚ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттарды, ірі габаритті балансты және маятникті дабылсыз сағаттарды, механикалық қол және қалта сағаттарды дербес жөндеу. Күрделі емес бөлшектерді әзірлеу. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттар мен дабылсыз сағаттардың тораптарын операциялық жөндеу кезінде құрастыру. Сағаттың түрлі ақауларын жою. Бөлшектенетін сағаттардың құрастыру бірліктері мен бөлшектерін ауыстыру және реттемелеу. Механикалық қол және қалта сағаттардың тораптарын бөлшектеу, қарапайым және күрделілігі орташа тораптарын опреациялық жөндеу кезінде құрастыру.
Білуге тиіс: дербес жөндеу кезінде ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, қол және қалта сағаттардың күрделі емес құрылғыларды бөлшектеу және құрастыру жөніндегі операциялардың ретін; операциялық жөндеу кезінде қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар мен қалта сағаттарды құрастыру реттілігін; ірі габаритті балансты және маятникті дабылсыз сағаттарды бөлшектеу және құрастыру бөлшектеу және құрастыру ретін; сағат жүрісін бұзатын себептерді және оларды жою әдістерін; жаңа бөлшектерді қорландыруды және саңылаударды футерлеуді; бақылау-өлшеу және жұмыс құралдарының құрылымын және қолдану тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
Дербес жөндеу:
1. Ірі габаритті қоңыраулы сағаттар мен дабылсыз механикалық сағаттар – толық жөндеу, құлыпты, бұрау пружинасын түзеу; тісті барабанға қою; винттерді, штифті және пружиналы собачкалар мен басқа да бөлшектерді дайындау. ,
2. Ірі габаритті түрлі маркадағы механикалық сағаттар- вал барабанының, аудару рычагінің, секундік дөңгелектің және басқа да бөлшектерді жасай отырып реставрациялау.
Операциялық жөндеу:
1. Ірі габаритті қоңыраулы сағаттар мен дабылсыз механикалық сағаттар – жүрукді қосу және реттеу; баланыс пен триб осьтерін жалтырату; дөңгелектерді жөндеу; жиналған сағаттарды бақылау.
2. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар мен қалта сағаттар, күрделі емес конструциялар, қалта сағаттар – механизмнің болат бөлшектерін жетілдіру; ремонтуарды құрастыру, баланстың тербеліс кезеңін белгілеу.
§ 86. механиКАЛЫҚ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Отандық және шетелде жасалған дабылды пружиналы қозғағышы бар және гирлі механизмді механикалық қабырға сағаттарды, шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттарды, қалыпты калибрлі қол және қалта сағаттарды дербес жөндеу. Дабылды бұзатын себептерді анықтау және жою. Баланс осьтерін жасау. Спиральді түзеу, рычагтер мен пружиналарды кесу. Операциялық жөндеу кезінде қалыпты калибрлі қол және қалта сағаттардың күрделі тораптарын құрастыру. Ось саңылауларын реттеу; Сағаттардың жиналатын құрастыру бірліктерінің өзара әрекетін және жүруді реттеу.
Білуге тиіс: дербес жөндеу кезінде механикалық қабырға сағаттарды, шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттарды бөлшектеу және құрастыру жөніндегі операциялардың ретін; операциялық жөндеу кезінде қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар мен қалта сағаттарды құрастыру реттілігін; жасалатын бөлшектерді термиялық өңдеу ережесін; жөнделетін сағаттардың жүрісін бұзатын себептерді және оларды жою әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
Дербес жөндеу:
1. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар – сағат тастарын ауыстыра отырып толық жөндеу; баланс осьтерін жасау; брегеттелген спиральді іріктеу және реттеу; спиральді баланс колодкасына қою.
2. Дабылды механикалық қабырға сағаттар - толық жөндеу; құлыпты жасай отырып, ескі пружинаны қайта есу; валикті қайрау.
Операциялық жөндеу:
Қалыпты калибрлі қол және қалта сағаттар – балансты түзеу; жүрісін реттеу; баланс осін, тастарды ауыстыру; ангренажды құрастыру; жиналған сағаттарда тексеру.
§ 87. механиКАЛЫҚ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үстелге қоятын, төртінші дабылды, пружиналы қозғағышы бар және гирлі механизмді механикалық сағаттарды, шағын калибрлі механикалық қосымша құрылғылары бар (орталық секунд тілі, дабыл құрылғысы, күнтізбе, автобұрау) қол сағаттарды, бір тілді секундомерлерді, арнаулы нысандағы сағаттарды дербес жөндеу және реттеу. Тозған бөлшектерді жөндеу және жасау. Операциялық жөндеу кезінде шағын калибрлі механикалық қол сағаттар механизмдерінің күрделі тораптарын құрастыру. Ось саңылауларын реттеу. Жиналатын құрастыру бірліктерінің өзара әрекетін және сағаттың жүруін реттеу. Сағат тастарын ауыстыру. Анкерлік айырды монтаждау, балансты түзеу және теңгермелеу.
Білуге тиіс: дербес жөндеу кезінде үстелге қоятын, төртінші дабылды механикалық сағаттарды, қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттарды бөлшектеу және құрастыру жөніндегі операциялардың ретін; операциялық жөндеу кезінде қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттарды құрастырудың технологиялық реттілігін; түрлі токарьлық операцияларды орныдауды.
Жұмыс үлгілері
Дербес жөндеу:
1. Үстелге қоятын, төртінші дабылды механикалық сағаттар – толық жөндеу; күрделі кобаны және күрделі конфигурациялы рычагты жасау;
2. Қосымша құрылғылары бар, механикалық қол сағаттар - жаңа анкерлік айырды іріктеп және реттей отырып механизмді реставрациялау; толық жөндеу; дәлдігін реттеу.
3. Бір тілді секундомер сағаттар - толық жөндеу; дөңгелектер мен трибтерді жасау.
Операциялық жөндеу:
Шағын калибрлі механикалық қол сағаттар – жүрісін реттеу; механизмді іске қосу; жиналған сағаттарда тексеру.
§ 88. механиКАЛЫҚ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы сағат түрлері мен уақыт құралдарының, хронометрлердің, екі тілді секундомерлердің күрделі конструкцияларын дербес жөндеу және реттеу. Жетіспейтін және тозған бөлшектерді 6-7 квалитттерге дейінгі шектеумен жасау.
Білуге тиіс: дербес жөндеу кезінде арнаулы сағат түрлері мен уақыт құралдарын, хронометрлерді, екі тілді секундомерлерді бөлшектеу және құрастыру жөніндегі операциялардың ретін; оларды толық құрастыруды және бөлшектеуді; құрастыру бірліктері мен бөлшектердің өзара әрекетін, жүру дәлдігін реттеуді; дайын сағаттар мен уақыт құралдарына, және олардың дайындау технологиясына қойылатын техникалық талаптарды.
Жұмыс үлгілері
1. Уақыт құралдары мен арнаулы нысандағы күрделі құрылымды сағаттар – толық жөндеу және жүруін бақылау.
2. Екі тілді секундомерлер, хронометрлер - жұлдызшаны жасай отырып толық жөндеу және жүруін бақылау.
§ 89. электронДЫ ЖӘНЕ кварцТЫ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электронды және кварцты сағаттардың қоректендіру элементтерін, шыныларын, корпусын, құлақшаларын, сақтандырғыштар мен басқа да бөлшектерін ауыстыру. Шнурды және штепсель айырын жөндеу және ауыстыру. Басқару кнопкаларын жөндеу, жарамсыз контактілерді жою. Сағаттардың механикалық бөлшектерін жуу және майлау.
Білуге тиіс: электронды және кварцты сағаттардың жұмыс принципін; сағаттардың жекелеген элементтерінің ақауларын анықтау әдістерін; электронды блоктардың жекелеген элементтерінің сипаттамасын; қоректендіру элементтері мен басқару конпкаларының сапасыз контактілерінен туындаған ақауларды анықтау әдістерін; сағаттардың қоректендіру элементтерін тексреуге арналған өлшеу құралдарын пайдалану ережесін; қолданылатын құрал мен айлабұйымның нысанын және қолдану ережесін; электротехника мен радиотехника негіздерін .
§ 90. электронДЫ ЖӘНЕ кварцТЫ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағат пен минутты көрсететін, қол және үстелге қоятын 4-қатарлы электронды сағаттарды бөлшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру. Электронды блок элементтерінің ақауларын арнаулы стендтерде анықтау және оларды жою. Дабыл құрылғылы электр сызбасындағы ақауларды жою. Электронды сағаттардың микросызбаларындағы ақауларды анықтау. Электронды және кварцты сағаттардың жүру дәлдігін аспаптар бойынша тексеру. Уақыттың дәлдігін белгілеу.
Білуге тиіс: қол және үстелге қоятын 4-қатарлы электронды сағаттардың құрылымын, оларды жөндеу ерекшеліктерін; электронды сағат ақауларының негізгі түрлерін және оларды анықтауды; сағаттарды бөлшектеу, жөндеу мен реттеуді жүргізу реттілігі мен тәсілдерін; қолданылатын бақылау-өлшеук аппаратурасының нысанын және қолдану ережесін; электротехника мени радиотехника негіздерін.
§ 91. электронДЫ ЖӘНЕ кварцТЫ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағат пен минут, секундты көрсететін, қол және үстелге қоятын 6-қатарлы электронды сағаттарды бөлшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары сағатшының басшылығымен кварцты сағаттардың генераторын, резонаторын бөлшектеу, жөндеу және реттеу. Сағаттардың жүруін арнаулы стендтер мен аспаптарда демпфермен реттеу. Электронды сағаттардың электр сызбаларындағы ақауларды анықтау. Жарамсыз микросызбаларды, генераторлар мен резонаторларды ауыстыру. Жөнделген сағаттардың сапасын аспаптардың көмегімен тексеру.
Білуге тиіс: қол және үстелге қоятын 6-қатарлы электронды сағаттардың құрылымын, оларды жөндеу ерекшеліктерін; электронды блоктардың принципті сызбасын және оларды қалпына келтіру технологиясын; күрделі бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және қолдану ережесін; жөнделген сағаттарға қойылатын талаптарды.
§ 92. электронДЫ ЖӘНЕ кварцТЫ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағат пен минут, секундты, аптаның күнін, жылды және т.б. көрсететін, 8 және одан жоғары қатарлы электронды сағаттарды бөлшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру. Кварцты сағаттардың генераторы, резонаторын бөлшектеу, жөндеу және реттеу және құрастыру. Сағаттардың жекелеген бөлшектерін жасау. Сағат тастарын ось саңылауын реттей отырып ауыстыру.
Білуге тиіс: электронды және кварцты сағаттардың принципті және монтаждау сызбаларын; электронды блоктарды жөндеуді жүргізудің әдісі мен тәсілдерін; электронды және кварцты сағаттарды бөлшектеу, жөндеу операцияларының реттілігін; электронды және кварцты сағаттарды бөлшектеу, жөндеу ережесін; құрастыру бірліктері мен дайын сағаттарға қойылатын техникалық талаптарды.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 93. электронДЫ ЖӘНЕ кварцТЫ САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ САҒАТШЫ
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағат индексациясы жылжытылған, аналогтік-сандық кварцт сағаттарды, сондай-ақ үш күнтізбелі, дабыл қондырғылы, есептеу дискреттілігі 0,01 секунд (минут, секунд, секундтың ондық үлесі) таймерлі, сандық сағат индексті, сағаттары, минуттары, секундтары в 12 - 24-сағаттық шкаладағы, күнді көрсететін.сағаттарды бөлшектеу, ақауларын анықтау, жөндеу, реттеу және құрастыру. Күрделі жүйелі: екі және мәңгілік күнтізбелі, дабыл құрылғысы бар кварцты сағаттарды бөлшектеу, ақауларын анықтау, жөндеу, реттеу және құрастыру. Жөнделген сағаттардың сапасын аспаптар мен диагностика жүйелерінде бақылау.
Білуге тиіс: адымды қозғағышы бар аналогтік-сандық кварцт сағаттардың, күрделі жүйелі электронды және кварцты сағаттардың жұмыс принципін, құрылымын, жөндеу ерекшеліктерін; электронды блоктардың принципті және монтаждау сызбаларын; электронды блоктарды жөндеуді жүргізудің әдісі мен тәсілдерін; күрделі бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және қолдану ережесін; жөнделген сағаттарға қойылатын талаптарды
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |