Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125007
1   2   3   4   5

Параграф 3. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды

жинақтаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау. ілеспе құжаттар бойынша тігін бұйымдарының, терінің өз мақсатына сәйкес келуін тексеру. Үлбірмен өңделген жаға, манжет және басқа да бөліктерді, табиғи үлбірден жасалған астарды түрі, сорты және өлшемі бойынша жинақтау. Пішімді дәлсіздіктерді кесу және жекелеген бөліктерін ауыстыра отырып, буда, жинақ етіп жинақтау. Пішімге арналған материалдың бөліктері мен қалдықтарын артикулы, түсі, өлшемі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептемей жинақтау. Пішімге арналған бау мен таспаны олардың қолданылуын алдын ала есептеп, жинақтау (парашют өндірісінде). Материалдар мен құрақтардың әртүрлі топтарын ескере отырып, дайын тігін бұйымының бағасын дайын бұйымдардың бағалар прейскуранты бойынша айқындай отырып, пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын толтыру.

  1. Білуге тиіс:

әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау ережесі, пішімге арналған материал бөліктерін, баулар мен таспаларды жинақтау, тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемі, тілу тәсілдері және пішім бөліктерін ауыстыру ережесі, жинақталатын бұйымды жасауға жұмсалатын материалды жұмсау нормасы, орналастыру схемасы, дайын тігін бұйымының бағасын айқындай отырып, бағдар парақтарын толтыру ережесі, дайын бұйымдардың бағалар прейскуранты.

Параграф 4. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды

жинақтаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалдардың бөліктері мен қалдықтарын төсемеде қалдықсыз немесе барынша аз қалдықпен пайдалану үшін әр түрлі тәсілдермен есептеу. Есептеу және пішу картасын толтыру. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу және оларды артикулы, түсі мен өлшемі бойынша жинақтау, төсеушімен бірлесе отырып пішімнің қалдықтарын сұрыптап, қоймаға тапсыру, парашют өндірісінде жоспарлау карталарын жасау. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу үшін ақпаратты дайындау және дербес электронды- есептеуіш машинасына енгізу, толтырылған карталарды басып шығару.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, материалдардың қалдықтарын әр түрлі тәсілдермен есептеу ережесі, пішім кестесі, жинақталатын бұйымдарға материал жұмсау нормалары, есептеу және пішу картасын толтыру ережесі, материалдардың артикулдары, жинақталатын материалдарға, пішім мен бұйымдарға арналған паспорттарды, жоспарлау карталарын, өлшеу ведомостерін толтыру тәртібі.

Параграф 5. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды

жинақтаушы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

пішім кестесіне сәйкес тігін бұйымдарының барлық үлгілері және материалдардың түрлері бойынша,матаның паспортын таңдай отырып, наряд-тапсырмаларды ресімдеу, материалдарды тиімді пайдалану есебін орындау, дербес электронды есептеуіш машинада жұмсалатын фурнитураны есептеу. Материалдар мен жапсырмалардың барлық түрлері бойынша пішім картасын ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, наряд-тапсырма жазу және пішім картасын ресімдеу тәртібі, дербес электронды- есептеуіш машинасына жұмсалатын фурнитураны есептеу, материалдарды тиімді пайдалануды есептеудің әдіс-тәсілдері, пішу кестесі, тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемдері, жинақталатын тігін бұйымдарына жұмсалатын материалдарды жұмсау нормасы.

6. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы


Параграф 1. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 1-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

лента, шілтер, таспа, сутаж және басқа да әшекейлеу материалдарын бақылау. Материалдардың ұштық балқытарын өлшеу. Материал өлшеу қорытындысын ведомоске жазу.

  1. Білуге тиіс:

материал ұзындығын бақылаудың әдіс-тәсілдері, материалдарды өлшеу ведомостерін толтыру.

Параграф 2. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдардың ұзындығын өлшеу машинасында немесе үстелде бақылау.

  1. Білуге тиіс:

материалдың ұзындығы мен енін бақылаудың әдіс-тәсілдері, бақыланатын материалдардың мемлекеттік стандарттары және техникалық құжаттамасы, өлшеу машинасының жұмыс қағидаты.

Параграф 3. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

барлық түрлі ас үй, төсек-орын жабдықтарын, үшкіл орамал, орамал, шарф, сондай-ақ лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің және сол бұйымдарға жасалған пішімнің сапасының эталон үлгілерге сәйкестілігін бақылау және сорттылығын анықтау. Бақыланатын материалдар мен бұйымдардың ақаулықтарын анықтауды есепке алу. Тауарлық белгілерді толтырудың дәлдігі мен дұрыстығын материалдар мен бұйымдардың өңделуі мен сорттылығына үстемеақылар мен жеңілдіктерді ескермей, тауарлық белгілер деректемелерінің соңғысына сәйкестігін тексеру.

  1. Білуге тиіс:

бақыланатын бұйымдардың, лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын анықтаудың әдіс-тәсілдері, материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесі, бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттама, бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясы, анықталған ақаулықтарын есепке алу тәртібі.

Параграф 4. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

ішкиімнің, сырма көрпе, галстук, әр түрлі ойыншықтардың, қолғап, носки-шұлық, галантереялық және басқа да бұйымдардың сапасын бақылау және сорттылығын анықтау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау. Фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын бақылау. Пішім картасын ресімдей отырып, материал төсемесін бақылау. Бұйымдардың өлшеу деректеріне сәйкестігін тексеру.

  1. Білуге тиіс:

бақыланатын бұйымдардың, фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесі, бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттама, бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясы, материал жаймасын бақылау ережесі және пішім картасын ресімдеу.

Параграф 5. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

көйлек түржиынының, куртка, бушлат, көкірекше, шалбар, қысқа комбинезон, жейде-форма, корсет бұйымдарын, өндірістік киім бұйымдарын, бас киім, такелаждық бұйымдардың және жартылай дайын өнімдердің сапасын бақылау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау, әр түрлі материалдардың сапасын электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, бақылау. Жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және олардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкес, жеке тапсырыстар бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды анықтау. Сапасыз өнімге акт жасауға, ресімдеуге және өнім жеткізушілерге шағым білдіруге қатысу. Тапсырыс берушілердің жеке тапсырыс бойынша жасалған бұйымның сапасына жасаған шағымдарын қарауға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, жаппай өндіріс бұйымдары мен материалдарының сорттылығын айқындау, бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары, бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясы, ақаулығын анықтау-өлшеу машинасының құрылысы, электронды есептеуіш машинаның құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы.

  1. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Параграф 6. Материалдарды, лекалалар мен

бұйымдарды бақылаушы, 6-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай дайын өнімдер мен пальто-костюм түржиыны бұйымдарын: пальто, жоғары үлбір бұйымдарының, астарлы және жиекті салымды курткалар, шинель, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, жалбағай, жакет, комбинезонның сапасын бақылау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау. Жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және мемлекеттік стандарттарға сәйкес жеке тапсырыс бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды тапсырыс берушілерге беруге дайын екенін анықтау.

  1. Білуге тиіс:

бақыланатын бұйымдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, көрсетілген жаппай өндіру өндірісінің түржиынындағы бұйымдардың сорттылығын анықтау ережесі, мемлекеттік стандарттың бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясы.

  1. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

7. Көшірмесін жасаушы


Параграф 1. Көшірмесін жасаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

сурет контурын трафарет бойынша әр түрлі материалдарда парафин, жаққыш немесе тампонның көмегімен көшірме жасау.

  1. Білуге тиіс:

суреттің көшірмесін трафарет бойынша жасаудың әдіс-тәсілдері, парафиннің қасиеттері.

Параграф 2. Көшірмесін жасаушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

лекало жаймасын кішірейтілген көлемде машинада немесе қолмен көшіру.

  1. Білуге тиіс:

лекало жаймасын машинада немесе қолмен көшірудің әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы.

8. Бас киімдердің үлгісін жасаушы


Параграф 1. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

мақта-мата мен кендір матадан (барқыт пен ши барқыттан басқа) жазғы бас киімнің барлық түрлерін үлгілер бойынша машинада немесе қолмен жасау және жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

мақта-мата мен кендір матадан бас киім жасаудың және жөндеудің әдіс-тәсілдері, жазғы типті бас киімнің түржиыны, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, машиналардың мақсаты қолданылатын құралдар мен оларды пайдалану ережесі.

Параграф 2. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

кепка, фуражка, күнқағарсыз үлгілері бойынша машинада немесе қолмен әр түрлі шапкалардың, әйелдерге арналған жаздық, жиегі сырмаланып тігілген қалпақтарды әр түрлі материалдардан жасау және жөндеу, жүн және жібектен, мақта-мата барқыт пен ши барқыттан, сабан таспадан, жасанды үлбір, былғары мен күдеріден бас киім жасау және жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, бас киім жасау технологиясы, қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидаты.

Параграф 3. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

машинада немесе қолмен «сәлде» типті, бүрмеленген, әр түрлі материалдармен күрделі әшекейленген, сондай-ақ бас киімді табиғи үлбірден, былғары мен күдеріден, синтетикалық ши барқыттан, жібек барқыттан, «құс жүнінен», целлофаннан, рафтан, кендірден, моноталшықтан жасау және жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, операцияларды орындау жүйелілігі, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

Параграф 4. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бас киімдердің үлгілерін машинада немесе қолмен әр түрлі материалдардан, былғары мен үлбірден жасау.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, операцияларды орындау жүйелілігі, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

9. Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы


Параграф 1. Арнайы бас киімдер аппаратурасының

монтаждаушысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

дұлығаның астары мен басқа да арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждау, монтаждаудың дұрыстығын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждаудың әдіс-тәсілдері, арнайы бас киімдердің түрлері, монтаждалған аппаратураны тексерудің әдіс-тәсілдері.

10. Төсеуші


Параграф 1. Төсеуші, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

қапсырмаларын, біріктіру буындарының орау қаптарын, тыстарын ашуға арналған материалдардың механизмдері мен құралдарының көмегімен төсеу, парашют өндірісінде орама жаймаларын орау. Материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеу.

  1. Білуге тиіс:

төселетін материалдардың қасиеттері мен артикулы, материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын механизмдері мен құралдарының жұмыс қағидаты.

Параграф 2. Төсеуші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептемей, машинамен немесе қолмен төсеу. Материалды секцияның ұзындығы бойынша төсеуге арналған үстелді белгілеу, төсеменің ұзындығын тексеру. Төсеменің жоғарғы бетіне жаймалар мен трафареттердің суреттерін салу. Материалдарды парашюттің күмбезін, ранецтерін, камераларын, тысын олардың паспорттық деректері, физикалық-механикалық көрсеткіштері, түсі, эталоны бойынша таңдай отырып төсеу, парашют өндірісінде схемаға немесе сызбаларға сәйкес жайманы белгілеу.

  1. Білуге тиіс:

материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептемей, төсеудің әдіс-тәсілдері, секциядағы үстелдерді орналастыру тәртібі және материалдарды төсеу тәсілдері, пішім түрін айқындау үшін төселетін материалдарды таңдау ережесі, төселетін материалдардың қасиеттері, парашют өндірісінде жайма төсеу кезінде схемалар мен сызбаларды оқу ережесі.

Параграф 3. Төсеуші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептеп, машинамен немесе қолмен төсеу. Парашют өндірісінде бұйымдарды пішуге арналған материалды қаптау кезінде ақаулықтарын белгілеп немесе кесіп тастап тексеру.

  1. Білуге тиіс:

материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептеп, төсеудің әдіс-тәсілдері, дайын бұйымдағы шекті ақаулықтарды белгілеу тәсілдері және оларды бұйымның жасырын немесе жабық жерлеріне келтіру, тиімсіз қалдықтар, ұзындығы бойынша материал жоғалту лимиттері, материалдардың шектері мен белгілеу ережесі, қолданылатын машиналардың құрылысы.

11. Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор

Параграф 1. Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор, 7-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдардан жасалған пальто-костюм және көйлек түржиыны бұйымдарына лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеу, лекалоны салу шарттары туралы ақпаратты электронды есептеу машнинасына енгізу, жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау, лекалоның дайын жаймасын электронды есептеу машнинасының дерекқорына енгізу.

  1. Білуге тиіс:

лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеудің әдіс-тәсілдері, ақпаратты электронды есептеу машнинасына енгізудің тәсілдері мен техникасы, жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау әдістері, лекалоны дұрыс жаймаудың алдын алу және жою тәсілдері.

  1. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

12. Тігін жабдығының операторы


Параграф 1. Тігін жабдығының операторы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

күрделігі орташа бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Пішім сапасын, бөліктердің, бұйымдардың, жіп пен түймелердің және қосымша материалдар түсінің сәйкестігін бақылау.

  1. Білуге тиіс:

бөліктерді өңдеудің технологиялық параметрлері, тігіс түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, әр түрлі құралдарды, құрылғылар мен автоматтандыру құралдарының мақсаты мен оларды пайдалану ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

    1. носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу;

    2. саңылаулардың ілмектерін түю;

    3. клапандарды, белдіктерді, манжеттерді, сыналарды, шлицаларды, паттарды өңдеу;

    4. түйме тігу;

    5. киімнің бөліктерін бекіт;

    6. фурнитураларды қосу;

    7. тігістер мен бүкпелерді тегістеу.

Параграф 2. Тігін жабдығының операторы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

тігін бұйымдарының күрделі бөліктерін автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, оларды жөндеуге қатысу. Әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып, автоматтандырылған төсеу кешенінде төсеу процессін жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

тігін бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерін өңдеудің технологиялық параметрлері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, оны жөндеу ережесі, әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып төсеудің әдіс-тәсілдері, автоматтандырылған жабдықты басқару панеліне төсеу режимін орнату жүйесі, төсем ұзындығының шегі және орнату ережесі, көтеру механизмін реттеу тәсілдері және төсеу құрылғысының қозғалу жылдамдығы, төсеме сапасына қойылатын талаптар, материалдардың қасиеттері мен оларды төсеу ерекшелігі.

  1. Жұмыс үлгілері:

    1. жайманы фигуралық сырмамен сырып тігу,

    2. жағаны, өңірді, қайырманы, қалтаны өңдеу,

    3. бұйымның (шұлықтың) бөліктерін қосу.

Параграф 3. Тігін жабдығының операторы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

аса күрделі бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу. Автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету. Электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, әр түрлі материалдардың сапасын бақылау процессін жүргізу. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын электронды есептеуіш машинада есептеу және оларды пішу үшін артикулы, түсі мен көлемі бойынша жинақтау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, оны жөндеу ережесі, автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі, пішу режимін түзету, пішім сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, материал бөліктерін, пішім графикасын есептеудің әдіс-тәсілдері, материалдарды жұмсау нормасы және технологиялық қалдықтардың шекті пайызы.

Параграф 4. Тігін жабдығының операторы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу және оны жөндеу. Пішу бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін кешеннің құрылымдық ерекшеліктері, механикалық, электр және пневматикалық шағын жүйелердің құрылысы, автоматтандырылған пішу кешенінде ақаулықтардың пайда болуы себептері, олардың алдын лау тәсілдері, пішу сапасына қойылатын талаптар, пішу режимін түзету.

  1. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

13. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші


Параграф 1. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өнімдерді, бөліктерді, әр түрлі материалдарды олардың қасиеттеріне қарай крахмалдау режимін айқындай отырып, қолмен крахмалдау. Крахмалданған бұйымдарды, бөліктерді, әр түрлі материалдарды кептіру. Крахмал ерітіндісін дайындау. Құрақтарды бояу. Құрақ бөліктерді тігін машинасында қайып тігу.

  1. Білуге тиіс:

крахмалдау, кептіру және қайып тігудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, материалдардың жекелеген түрлеріне крахмалдау процессінің тигізетін әсері, крахмал ерітіндісін дайындау технологиясы, крахмалдың түрі мен сорты, олардың сапасына қойылатын талаптар, тігін машинасының жұмыс қағидаты.

Параграф 2. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

матаның бетіне аппреттеуіш ерітіндіні бүріккішпен бүрке отырып тегістеп жағу. Матаның жиектерін түзету, матаны белгілі бір мөлшерде керу, кептіру камерасының қыздыру температурасын норма шегінде сақтау. Аппреттеуіш ерітіндіні дайындау.

  1. Білуге тиіс:

аппреттеудің, өңдеу түстерін жасаудың әдіс-тәсілдері, аппреттеуіш ерітіндіні дайындауға қойылатын техникалық талаптар, бөшкеге дайын ерітіндіні құю техникасы, материалдардың құрылысы мен мақсаты, кептіру камерасының, қолданылатын құралдар мен өлшеу аспаптарының құрылысы.

14. Плиссирлеуші-бүрмелеуші


Параграф 1. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

машинада плиссирлеу және бүрмелеу. Материалды машинаға салу, плиссирлеу және бүрмелеу режимін белгілеу. Плиссе мен бүрмені бекітуге арналған ерітінді дайындау және жағу.

  1. Білуге тиіс:

машинада плиссирлеу және бүрмелеудің әдіс-тәсілдері, плиссирлеу және бүрмелеу түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ерітінді дайындау рецептурасы мен технологиясы, оларды жағудың әдіс-тәсілдері.

Параграф 2. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

дайын қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу. Материалды қалыптарға салу. Қалыптарды буландыру және кептіру.

  1. Білуге тиіс:

қолмен плиссирлеу және бүрмелеудің, әр түрлі материалдарға арналған қалыптарды буландыру және кептірудің әдіс-тәсілдері.

Параграф 3. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 5-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет