4. КВАНТ АСПАПТАР ӨНДІРІСІ
§ 1. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы беті сапасының шегі 100 мм-ге дейінгі өлшемде жалпы қателері бойынша 5 сақинадан жоғары, жергілікті бойынша – 1 сақинадан асатын, желілік өлшемдерге – 0,2 мм-ден жоғары, пластиналарға арналған сынаға, сыналар мен призмалардың бұрышына, қырларының параллельдігі және призмалардың пирамидалылығына - 6 мм-ден астам, линзалардың қиықтығына – 0,3 мм. өлшемдегі түрлі конфигурациядағы (линзалар, призмалар, пластиналар, сыналар) бөлшектерді толықтай әзірлеу. Шайыр, шұға және фетр жылтыратқыштарды дайындау.
Білуге тиіс: тегістеу-жылтырату және ортасын дәлдейтін станоктарды құрылғысы және оларды басқару; оптикалық әйнектердің таңбалары мен сұрыптары; тегістегенде және жылтыратқанда қолданылатын ұнтақтар; қосалқы материалдардың (балауыз, шайыр, гипс, лак, еріткіштер) таңбалары және оларды пайдалану; қосымша операциялардың (блоктау, блоктан шешу, гипстеу, гипстен ажырату) түрлері және оларды орындау тәсілдері; әйнектің маркасы мен тегістейтін және жылтырататын ұнтақтардың маркасына байланысты жұмыс істеу режимдері; жылтыратқыштарды әзірлеу процесі және оларға қойылатын талаптар; жылтыратқыштардың ластану дәрежесін айқындау және оларды тазалау, бөлшектерді ұстау ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 39 мм екіжақты шығыңқы линзалар – бетінің сапасына шегі жалпы қателер бойынша – 10 сақина, жергілікті бойынша – 2 сақина, желілік өлшемдер бойынша ±0,2 мм толықтай дайындау.
2. 82х82 мм өлшемді пластиналар – бетінің сапасына шегі жалпы қателер бойынша – 5 сақина және сынаға ұқсастығы – 6 минут бойынша толықтай дайындау.
§ 2. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы беті сапасының шегі 100 мм-ге дейінгі өлшемде жалпы қателері бойынша 2-5 сақинадан жоғары, жергілікті бойынша – 0,5-1 сақина, желілік өлшемдерге – 0,1-0,2 мм-ден жоғары, пластиналарға арналған сынаға, сыналар мен призмалардың бұрышына, қырларының параллельдігі және призмалардың пирамидалылығына - 6 мм-ден астам, линзалардың қиықтығына – 0,2 мм. өлшемдегі түрлі конфигурациядағы (линзалар, призмалар, пластиналар, сыналар) бөлшектерді толықтай әзірлеу. Оптикалық осін бағдарлай отырып 4-7 квалитеттер бойынша пластиналарды тегістеу және жылтырату. Қалыңдығы ±0,01 мм және контуры бойынша ±0,015-0,01 мм бойынша шекті сақтай отырып айналып тұратын планшайбада пластиналар дайындау. Қалыңдығы 1 мм-ге дейін фаскаларды дайындау. Түрлі кесілген және конфигурациялардағы пластиналардың фаскаларын жылтырату. Бір жазықтықта 1° дәлдікте пластиналарды тегістеу. Оптикалық жабдықтың көмегімен пластиналардың көлемін бақылау. Тегістеудің және жылтыратудың дұрыс режимін орнату. Жұмыс процесінде қолданылатын жабдықты теңшеу және реттеу.
Білуге тиіс: тегістеу-жылтырату және ортасын дәлдейтін станоктарды қарапайым құрылғысын теңшеу ережесі; оптикалық әйнектердің қасиеттері және олардың ақаулары, тегістегіш және жылтыратқыш ұнтақтардың тегістеу және жылтырату қабілеттері, қосалқы материалдардың (балауыз, шайыр, гипс, лак, еріткіштер) қасиеттері және оларды пайдалану саласы; қосымша операциялар (блоктау, блоктан шешу, гипстеу, гипстен ажырату) және оларды орындау тәсілдері; тазалық сыныптары бойынша ақауларды айқындау ережесі; шегі және оларды таңбалау, тегістегіштердің тегістеу жолдары; орындалатын жұмыс көлемінде кристаллография негіздері; монокристалдардың механикалық қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі Ш 45° бұрышпен сыналар – бетінің сапасының шегі жалпы қателері бойынша 3 сақина, жергілікті – 0,5 сақина және бұрышы - 10 минутқа дейін қалыңдығы 2,3±0,2 өлшеміне қиыстырып толықтай дайындау.
2. Диаметрі 50 мм линзалар - бетінің сапасының шегі жалпы қателері бойынша 3 сақина, жергілікті – 0,3 сақина және қиығынан және ортасын дәлдегенде – 0,1 мм өлшеміне қиыстырып толықтай дайындау.
3. Бұрышының шегі ±50 минут монокристалдардың бағдарлы үлгілері – жеткізу.
4. Өлшемі 45х67 мм бейнелегіштер – жалпы қателер бойынша 1-2 сақина, жергілікті – 0,5 сақина, сына түріндегі – 1 минут бетінің сапасына шегі бойынша 7±0,3 мм өлшеммен қалыңдығын қиыстыра отырып оптикалық байланыспен толықтай дайындау.
5. Қалыңдығы бойынша ±0,01 мм және контуры бойынша ±0,01 мм шегімен синтетикалық монокристалдардан жасалған пластиналар – жеткізу.
6. 15Сх21, 5Сх14С мөлшердегі көп қырлы күрделі конфигурациялы призмалар – жалпы қателер бойынша 3 сақина, жергілікті – 0,5 сақина және бұрышы 10±5 минутқа дейін бетінің сапасына шегімен толықтай дайындау.
§ 3. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі конфигурациялы (линзалар, фокустығы 10-20 км пластиналар және сыналар, көпқырлы призмалар) жалпы қателері бойынша 0,5-1 сақина, жергілікті – 0,5 кем сақина және 100-300 мм мөлшердегі желілік мөлшері 0,20мм аз, сына түріндегі пластиналарға, призмалар мен сыналардың бұрыштарына, қырларының параллельдігіне және призмалардың пирамидалығына – 3 минуттан кем, линзалардың қырына – 0,1-0,2 мм, ортасына дәлдемей 0,05 мм, шатыр бұрышына 5-10 секунд, шешуші күшке – 12-22 секунд бетінің сапасымен 100 мм-ге дейінгі мөлшердегі әйнектер мен кристалдардың бөлшектерін толықтай дайындау. Эталондық, сынамалық диаметрі 80 мм-ге дейінгі әйнектер жасау. Дәлдігі 1°-дейін оптикалық осін бағдарлай отырып 4-7 квалитеттер бойынша күрделі пластиналарды тегістеу және жылтырату. Қалыңдығы ±0,002 мм және контуры бойынша ± 0,005 мм шекті сақтай отырып, айналып тұратын планшайбада пластиналар жасау. Қалыңдығы 0,1 мм-ге дейінгі фаскаларды тегістеу. Түрлі кесілген және конфигурациядағы пластиналардың фаскаларын жылтырату. 40 минуттық дәлдікпен бір жазықтықтағы пластиналарды тегістеу. Оптикалық жабдықтың көмегімен пластиналардың мөлшерін бақылау. Түрлі жүйедегі тегістеу-жылтырату және ортасын дәлдейтін станоктарды теңшеу. Бұрыштық және желілік өлшемдерге арналған аспаптарды теңшеу.
Білуге тиіс: тегістеу-жылтырату және ортасын дәлдейтін түрлі жүйедегі станоктардың құрылғысы; оларды басқару және теңшеу ережесі; желілік және бұрыш өлшемдерін тексеру аспаптарын теңшеу ережесі; кристалдардың таңдалары, сипаты және құрылымы; қойылатын шегі және отырғызу жүйесі; аспаптағы берілетін күшті тексеру ережесі; өңделетін бұйымдардың сапасын арттыру тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Металл айналар (3240 ГОСТ 10994-64 балқыту) - жалпы қателері бойынша 2.....5 сақина, жергілікті қателері бойынша – 0,5 сақина бойынша бетінің сапасымен диаметрі 110 мм-ге дейін бір жағынан тегістеу, жылтырату.
2. Мөлшері 77х50 мм сыналар – жалпы қателері бойынша – 1 сақина, жергілікті қателері бойынша – 0,2 сақина, бұрышына – 15 секунд бойынша бетінің сапасы 8±0,3 мм өлшемге дейін шегімен қалыңдығын қиыстыра отырып толықтай жасау.
3. Диаметрі 73 мм жазық шығыңқы линзалар – бетінің сапасына шегі жалпы қателер бойынша – 1 сақина, жергілікті бойынша – 0,2 сақина, қиықтығына – 0,01 мм орталығы бойынша 5±0,2 мм өлшемге қиыстырып толықтай дайындау.
4. Бұрыш шегі ±30 минут монокристалдардың бағдарлы үлгілері – жеткізу.
5. Қалыңдығы ±0,002 мм бойынша және контуры бойынша ± 0,005 мм, оптикалық осінің бағдары ± 20 минуттық дәлдікпен синтетикалық монокристалдардан жасалған пластиналар - жеткізу.
6. 30 секундтан 3 секундқа дейінгі сына белгілі шегімен квант аспаптарға арналған пластиналар – жеткізу.
7. Өлшемдері 22,5х15,3±0,Зх22,5 мм призмалар - жалпы қателері бойынша 0,5-1 сақина, жергілікті – 0,2-0,5 сақина, бұрышының түрлілігі – 2 минут, пирамидалығы – 3 минут, бұрышына ±3 секунд бетінің сапасына шегімен толықтай әзірлеу.
8. Өлшемі 25х18С4х11,8 мм шатыр тәрізді призмалар - желілік мөлшері ± 0,1 мм, жалпы қателері бойынша бетінің сапасы - 1-3 сақина, жергілікті 0,2-1 сақина, бұрышқа ± 5 секунд, шатыр бұрышы ± 30 секунд, саланы ауыстыруға 0,002 мм шекте толық дайындау.
§ 4. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі конфигурациялы (линзалар, фокустығы 20-40 км пластиналар және сыналар, бес-алты қырлы призмалар) жалпы қателері бойынша 0,5-1 сақина, жергілікті – 0,5 кем сақина және 100-300 мм мөлшердегі желілік мөлшері 5 сақинадан кем, сына түріндегі пластиналарға, призмалар мен сыналардың бұрыштарына, қырларының параллельдігіне және призмалардың пирамидалығына – 1 минут және одан кем, линзалардың қырына – 0,5 мм, ортасына дәлдемей 0,05 мм, шатыр бұрышына 2-5 секунд, шешуші күшке – 6-12 секунд бетінің сапасымен 100 мм-ге дейінгі мөлшердегі әйнектер мен кристалдардың бөлшектерін толықтай дайындау. Эталондық, сынамалық диаметрі 80-130 мм-ге дейінгі әйнектер жасау. Радиус векторы ±0,003 мм және жергілікті ауытқуы ±0,001 мм жалпы ауытқумен эталонды асфериялық линзалар дайындау. Оптикалық осі 20 секундқа дейінгі оптикалық осін бағдарлай отырып 4-7 квалитеттер бойынша ерекше күрделіктегі пластиналарды тегістеу және жылтырату. 20 минут дәлдікпен екі жазықтықта тегістей отырып сына белгілі және параллельдігі 0,001 мм пластиналардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу. Түрлі конфигурациялы, күрделіктегі және мөлшердегі пластиналар дайындау. Жабдыққа қызмет көрсету. Күрделі оптикалық-механикалық аспаптардың көмегімен пластиналарды бақылап өлшеу. Тегістеуде және бақылап өлшеуде қолданылатын оптикалық-механикалық жабдықты толық баптау.
Білуге тиіс: түрлі күрделіліктегі сынама әйнектер мен синтетикалық материалдардан жасалған пластиналарды тегістеудің технологиялық процестері; кез келген конфигурациядағы пластиналарды жасау және әйнекті өңдеу тәсілдері, бақылап өлшеуде қолданылатын оптикалық-механикалық жабдықты пайдалану ережесі; өңделетін пластиналардың сапасын арттыру әдістері мен тәсілдері; орындалатын операциялар бойынша бөлшектерді өңдеудің технологиялық кезектілігін таңдау.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 136 мм эксцентрлік линзалар – жалпы қателері бойынша 0,5-0,1 сақина, жергілікті – 0,1 сақина, қиығына – 0,003 мм бетінің сапасына шекпен 16 мм өлшемге ортасынан ауыстырып және қалыңдығын қиыстырып толық даярлау.
2. Монокристалдардың бағдарлау үлгілері - бұрышы ± 15 минуттық шекпен жеткізу.
3. Түрлі конфигурациялы синтетикалық монокристалдардан жасалған пластиналар – оптикалық осі ± 10 минуттық бағдарлы дәлдікпен 4-5 квалитеттер бойынша жеткізу.
4. Сына белгісі 10 секундқа дейін және одан кем шекті квантты аспаптарға арналған пластиналар – жеткізу.
5. Жазық параллельді ЗОх40±0,01 мм өлшемдегі пластиналар - бетінің сапасына шегі жалпы қателері бойынша – 0,3 сақина, жергілікті – 0 сақина, сына белгілігі – 5 секундпен толық дайындау.
6. Диаметрі 80 мм фокустық қашықтығы 10 км пластиналар – бетінің сапасына шегі жалпы қателер бойынша 0,5 сақина, жергілікті қателер бойынша – 0,1 сақина, сына белгілігі ± 10 секунд 8±0,2 мм өлшемде қалыңдығын қиыстырып толық дайындау.
-
63х35±0,Зх35±0,3 мм мөлшердегі шатыр үлгідегі призмалар - бетінің сапасына жалпы қателер бойынша 0,2-0,3 сақина, жергілікті 0-0,05 сақина, пирамидалығына – 5 минут, беретін күші – 8 секунд, шатырдың бұрышын ± 4 секундқа қиыстырып толық даярлау.
8. Мөлшері 40В7х82.4х44 мм күрделі конфигурациялы үштен көп қыры бар призмалар - бетінің сапасына жалпы қателер бойынша 0,5-1 сақина, жергілікті 0,2-0,5 сақина, бұрышын ± 1 минутқа, қырларының параллельді еместігін 10 минутқа және беретін күшін – 4 секундқа қиыстырып толық даярлау.
9. Призмалар - бетінің сапасына жалпы қателері бойынша 0,5 сақина, жергілікті – 0,3, пирамидальдығы 15” салалық бетінің ортасын 1' дәлдеу, 10°32'40"±5" бұрышы (18±0,2)х(14±0,2)х(6,6±О,1) призмалар даярлау.
§ 5. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі конфигурациядағы (орталығы жылжытылған линзалар, эллиптикалық айналар, фигуралы пластиналар мен фокустылығы 40 км-ден асатын екіжақты сыналар, кемінде 8 қыры бар призмалар): жалпы қателері бойынша 0,5 сақинадан кем және мөлшері 300 мм-ден жоғары бетінің сапасымен желілік мөлшері 0,005 мм және одан кем шегімен бетінің сапасының жалпы қателері бойынша 2 сақина бойынша, призма және сыналардың бұрыштары, сына белгілігі, қырларының параллельдігі және призмаларының пирамидалығы 30 секунд және одан кем, қиығына, линзалардың ортасын дәлдемей – 0,06 кем, шатыр бұрышына және беретін күшіне – 2 секундтан төмен мөлшердегі бөлшектерді толықтай жасау. Радиус векторлары ± 0,002 мм жалпы ауытқуымен және жергілікті ауытқумен ± 0,0005мм асфериялық эталонды линзаларды дайындау. Исландиялық шпаттан призмалар дайындау. Диаметрі 100 мм-ден астам эталонды сынамалық әйнектер жасау. Оптикалық осі 10 минутқа дейін бағдармен 4-5 квалитеттер бойынша синтетикалық монокристалдардан ерекше күрделіктегі пластиналарды толықтай жасау. Монокристалдарды оптикалық, радиоспектрометриялық және рентген әдістерімен бағдарлау. Күрделі оптикалық аспаптарды пайдалана отырып синтетикалық монокристалдардан бұйымдарды қорытынды өлшеу. Тегістеуде және қорытынды өлшеулерде қолданылатын жабдықта қызмет көрсету, ақауларын жөндеу және анықтау.
Білуге тиіс: синтетикалық монокристалдардың құрамы мен қасиеті; кристалдардың қаттылығын айқындау тәсілдері, кристалдарды бағдарлау тәсілдері; айлабұйымдарды, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып синтетикалық кристалдардан кез келген нысандағы бұйымдарды жасау процесі; тегістеуде және қорытынды өлшеулерде қолданылатын жабдықтар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі, және олардың ақауларын анықтау әдістері.
Жұмыс үлгілері
1. Интерферометрлер - кемінде 2"базалық саңылаудың сына белгісімен, байланыс әдсінің оптикалық бөлшектерді отырғыза отырып, құрастыру және теңшеу.
2. Диаметрі 220 мм пластиналар – бетінің жалпы қателері бойынша 0,5 сақина, жергілікті – 0,02 сақина бойынша бетінің сапасына шегімен толық өңдеу.
3. Күрделі конфигурациялы призмалар – бетінің жалпы қателері бойынша 0,3 сақина, жергілікті – 0,5 сақина, бұрышы ±3 секунд, пирамидалығы - 10 секунд жол берілетін шекте толық өңдеу.
4. Өлшемі (23,5±0,2)х(17,7±0,2) мм призмалар - жалпы қателері - 0,3 сақина, жергілікті қателері бойынша - 0,1 сақина, бұрышының айырмасы - О секунд, пирамидалығы - 3 секунд берілетін күші - 5 секундтық бетінің сапасымен жол берумен толықтай өңдеу.
5. Қырының ені 10 мм көпқырлы призмалар (31 қыр) – жалпы қателері бойынша – 0,5 сақина, жергілікті - 0,2 сақина, бұрышы ± 30 секунд, берілетін күші - 13 секунд бетінің сапасына берілетін шекпен толық өңдеу.
6. Эллипстің радиусы 232,25 мм диаметрі 450 мм астрономиялық шығыңқы әйнектер - желілік өлшемдерге ± 0,2 мм шекте және 0,2 мм-ден аспайтын нүктелерде тарау шеңберімен толық өңдеу.
§ 6. КВАНТ АСПАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИГІ
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі конфигурациядағы (цилиндрлі линзалар, асфериялық айналар, толық ішкі бейнелеу призмалары, диаметрі 0,5-тен 1,5 мм-ге дейін шар микрооптикасы, фокустығы 40 км-ден асатын пластиналар мен екіжақты сыналар): жалпы қателері бойынша 0,25 сақинадан кем емес, желілік өлшемдері – 0,001 мм және одан кем, пластиналар үшін сына белгісі, призмалар мен сыналардың бұрыштары кемінде 2 секунд, шар микрооптика диаметрінің ауытқуы 0,001 мм-ден кем бөлшектерді толықтай жасау. Оптикалық байланыс әдісімен құрамалы оптикалық бұйымдарды дайындау. Жанасуы 1 топ бойынша МЕМСТ-ға сәйкес жапсырма бақылау-өлшеу құралдарын жасау. Тас тұз кристалдарынан және сынғыш химиялық-механикалық оптикалық әйнектерден бөлшектерді толықтай жасау. Оптикалық осі 1 минутқа дейін бағдарлай отырып кристалл материалдардан ерекше күрделіліктегі пластиналарды толықтай дайындау. Оптикалық, рентгенометриялық және рентген әдісімен кристалдарды бағдарлау. Лазерлік сәулелендіруді пайдалана отырып күрделі оптикалық аспаптарды қолданып қорытынды өлшеу. Жоғары нүктелі бұйымдарды дайындауда пайдаланылатын технологиялық жарақтардың конструктивтік параметрлерін есептеу. Абразивтік ұнтақтарды және жылтыратқыш пасталарды іріктей отырып оптикалық бөлшектерді жылтырату және жеткізу жөніндегі экспериментальды жұмыстар. Бұйымдарды жасауда және қорытынды өлшеуде қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, баптау және ақауларын анықтау.
Білуге тиіс: сфералық, асфералық, коникалық және басқа да оптикалық бөлшектерді жасаудың технологиялық процесі; лазерлік бақылау-өлшеу құралдарын пайдаланып әйнектен және кристалдан жасалған жоғары нүктелік бұйымдарыды жасаудың технологиялық процестері; түрлі қаттылықтағы кристалдардан және химиялық сынғыш әйнектерден жасалған оптикалық бөлшектердің қасиеті және дайындау әдістері; кристалдардағы және әйнектердегі ақаулардың түрлері; квантты электроника бұйымдарын жасауға қажет технологиялық жарақтардың конструктивті параметрлерін есептеу; жоғары нүктелік бұйымдар жасауда және бақылауда қолданылатын жабдықтар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі; олардың ақауларын анықтау әдістері.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 5-тен 100 мм-ге дейін триппель – призмалар - жалпы қателері бойынша - 0,25 сақина, жергілікті - 0,1 сақина, бұрышы ± 2 секунд, берілетін күші - 2 секунд бетінің сапасымен толық өңдеу.
2. Диаметрі 0,5 мм-ге дейін кристалл материалдардан жасалған шар линзалар – 0,001 мм аспайтын диаметрі бойынша толық өңдеу.
3. Күрделі конфигурациялы призмалар, 3 мм-ден кем өлшемдегі лазер элементтер бетінің сапасы жалпы қателер бойынша - 0,25 сақина, бұрышына ± 2 секунд, пирамидалығына кемінде 5 секундтық шекте толық өңдеу.
4. Толықтай ішкі бейнелеу призмалары – РО-10 бойынша МЕМСТ талаптарынан шығатын жұмыс бетінің оптикалық тазалығына талаптарды толықтай өңдеу.
5. Цилиндр бетті сынамалы әйнектер – бетінің сапасы жалпы қателер бойынша-0,5 кем, жергілікті қателер бойынша-0,2сақинашекте толықтай өңдеу.
Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі
№
р
с
|
Осы бөлімде орналастырылған кәсіптердің атаулары
|
Разрядтар диапазоны
|
2002 жылы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разрядтар диапазоны
|
БТБА шығ.№
|
Бөлімдердің қысқартылған атаулары
|
1.
|
Квант аспаптардың оптигі
|
2-7
|
Квант аспаптар элементтерінің оптигі
|
2-6
|
20
|
Жартылай өткізгіш өндірісі
|
Достарыңызбен бөлісу: |