Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 34. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ



бет5/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
§ 34. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Микросхемалар мен жартылай өткізгіш аспаптардың, күрделі оптикалық бөлшектердің, тораптардың кристалдарын, арнайы мақсаттағы микромодульдердің микроэлементтері, бөлшектер мен дайын өнімдерді бақылау және қабылдау. Күрделі қосылыстардың сапасын тексеру. Дәл бақылау-өлшеу құралын, оптикалық аспаптарды, түрлі сынақ схемаларын пайдалану, оларды өздігінен баптау. Лабораториялық бақылау сынақтарын жүргізу. Жасанды пъезокварц пластиналарын іріктеп тесу. Ақаулық түрлері бойынша сыныптай отырып, аспаптардың сапасын тексеру (20 түрге дейін). Фотошаблондардың топологиялық сызбаға, фотошаблонның өріс тазалығына сәйкестігін тексеру (ақаулы модульдердің пайызы), элементтердің өлшемдік мөлшерін өлшеу. Өндірісте жарамсыз деп танылған және сынау кезінде, пайдалану кезеңіне жұмыс істеуден бас тартқан ИЭТ талдау. Терморезисторлардың, индуктивтілік орауыштарының, конденсаторлардың, диодтардың электр өлшемдерін өлшеу. Шикізат пен материалдар туралы қорытынды дайындау. Партияны қабылдау және тапсыруды ресімдеу, бақылау құжаттары мен хаттамаларын әзірлеу, рекламацияны қарау бойынша құжаттарды ресімдеу.

Білуге тиіс: технологиялық құжаттама және күрделі бөлшектерді, тораптарды, аспаптарды, микросхемалардың кристалдарына, арнайы мақсаттағы микромодульдердің микроэлементтеріне қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу құралдарының, аспаптарының, микроскоптар мен аппаратуралардың, сынақ схемаларының құрылысы, мақсаты мен шарттары; қондырма шектері жүйесі, дәлдік дәрежесі мен кедір-бұдырлық өлшемдері; әр түрлі мақсаттағы бұйымдардың күрделі тораптарын бақылау әдістері мен тәсілдері; әр түрлі есептер мен есептеулердің әдістері; пьезотехника өндірісіндегі моноблоктардың шығу пайызын айқындау тәсілдері; талдау әдісі, рекламацияларды қарау тәртібі және тиісті құжаттарды ресімдеу; жасанды пьезокварцты қыздыру тәсілдері, муфельді электр пештерін пайдалану ережесі; микроэлементтерді сақтау тәсілдері; ақаулықтардың негізгі себептері, олардың алдын алу және жою шаралары; бұйымдарды бақылау және қабылдау үшін тиісті құжаттарды ресімдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Баллондар мен ПУЛ, ЛБВ аяқтары және клистрондар - бақылау.

2. Рентген телевизиялық микроскоп блоктары – беріктігін тексеру; ЭВМ-ге арналған қоректендіргіш блоктар - өлшемдері бойынша бақылау.

3. ҮИС – сыртқы түрі, фотолитография сапасы бойынша бақылау; пластинада жарамдылық картасын жасау.

4. Катод блоктары - БМИ микроскобында орталықтандыруды тексеру.

5. ТҚШ және МҚШ катод, анод-торлы блоктар - бақылау.

6. Селен және купрокс түзеткіштер – түпкілікті қабылдау.

7. Ашалар мен ашалық розеткалар - электр беріктігін және электр өлшемдерін тексеру.

8. Геркондар, геркондардың бөлшектері – оптикалық аспаптарды пайдалана отырып сыртқы түрін бақылау; ақаулықты талдау; жабын қалыңдығын өлшеу.

9. ГИМ АЖЖ - оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, корпустарды, негіздерді және т.б. тораптарды бақылау .

10. ДПУ және ВКГ датчиктері - бақылау.

11. МИС-10, МИС-11 датчиктері - платаларды сызбалар мен ТУ-ға сәйкес әмбебап құралдардың көмегімен бақылау .

12. ПУЛ ішкі арматурасының бөлшектері мен тораптары, генераторлық және шамдардың аса берік сериясы, түсті кинескоп қабатының бөлшектері - бақылау.

13. Көп тесігі бар және өте таза өңделетін механикалық өңдеуден кейінгі күрделі бөлшектер (штоктер, толқынжолдар, толқынжол өткелдері, полюстік басұштар және т.б.), күйдіру, химиялық жылтыратудан кейінгі бөлшектер - бақылау.

14. ЭВП бөлшектері - түпкілікті қабылдау және бақылау.

15. Қыш бөлшектер – микроскоппен бақылау.

16. Әр түрлі пішінді қондырушы қыш бөлшектері – оптикалық аспаптарды қолдана отырып, геометриялық өлшемдерді бақылау.

17. Феррит бөлшектер – сапасын тексеру, шөгу коэффициенті.

18. Сандық индикаторлардың бөлшектері – қысқа тұйықталуын және кедергінің ауқымын бақылау.

19. Пьезокварц, суда еритін кристалл және пьезорезонатор дайындамалары - механикалық және әр түрлі электр өлшемдері бойынша бақылау.

20. Металдандырылған фотошаблондарға арналған дайындамалар - бетін көрсетпейтін жабынның қалыңдығын өлшеу.

21. Қыш бұйымдары - диэлектр сипаттамаларын бақылау.

22. Вакуумдық люминесцентті микроразрядты және сандық индикатор – сыртқы түрі мен өлшемдерін бақылау.

23. Ферриттер мен магнит диэлектр бұйымдары - қабылдап тапсыру сынақтарын МЕМСТ, СТ және ТУ-ға сәйкес жүргізу

24. Синтезделген, оксидтелген катодтар (кеуекті, тесік-тесік, рамалы), ТҚШ жанама қыздыру катоды - бақылау.

25. Пластмасса кварц ұстағыштар, герметикаланған, вакуумдық, дәлме-дәл, үшінші буынды ультра дәлме-дәл және пьезожүйе – сапаны сызбаларға сәйкес бақылау.

26. Кенотрондар, жоғары вольтті және орта генераторлық аспаптар – бақылау.

27. Кинескоптар – сыртқы түрін бақылау.

28. Электр вакуум аспаптарының колбалары, таразы терезе, дайындамалар, табақшалар – көзбен шолып бақылау, ақауды есепке алау және талдау.

29. Ашалық ағытпалардың контактілері мен серіппесі - контуры бойынша тексеру.

30. Сегнет тұзы кристалдары, кварц кристалдары – жасанды өсірілген кристалдарды қабылдау.

31. Барлық типті конденсаторлар – қабылдап-тапсыру сынақтарын жүргізу.

32. Магнитпен басқарылатын контактілер - сыртқы түрін бақылау, бөтен бөлшектердің болуын микроскоппен бақылау.

33. Түрлі-түсті кинескоптың эмаль жағылған конусы - сапасын тексеру.

34. Қабылдап-күшейткіш, металл, саусақша, шыны шамдар – жиналған аяқтарды, блоктар мен пакеттерді бақылау; сыртқы түрі мен ауқымы бойынша бақылау; сыйымдылығын (электрод аралық қашықтық) өлшеу.

35. Ерекше сериялы төзімділігі жоғары қыздыру шамдары - ерекше талаптарға сәйкес барлық өлшемдер бойынша қабылдау және бақылау.

36. Өзекті және рамалы құрылымды шамдар - СРТП жүргізу.

37. Фара-шамдар – газ қысымын айқындау, сутегі шығы нүктесін айқындау; сызбалар мен ТУ-ға сәйкес бақылау және қабылдау.

38. Жады матрицалары – жартылай орамалардың шекті кедергісін бақылау және есептеу.

39. Микросхемалар, АЖЖ-транзисторлар, диод және транзисторлық матрицалар – сыртық түрін, ауқымды мөлшерін бақылау.

40. Гальваникалық жабыннан кейінгі АЖЖ микросхемалары - оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, сыртқы түрі және жабын қалыңдығы бойынша бақылау.

41. Баспа монтажы – қысқа тұйықталу мен үзіктердің болуын бақылау.

42. Электр вакуум аспаптарының тегіс аяқтары - полярископ және басқа да құралдардың көмегімен штамп басу және өңдеуден кейін бақылау.

43. ТҚШ жинағы үшін түзету - бақылау.

44. Тәжірибелік радиобөлшектер партиясы - барлық электр өлшемдері бойынша бақылау және тексеру.

45. Шамдық панельдер, ауыстырып қосқыштар, ТВ және ТП тумблерлер, микро ауыстырып қосқыштар және микротумблерлер – тапсырыс берушінің өкіліне берілетін бөлшектерді нығыздаудан кейін бақылау; тапсырыс берушінің өкіліне берілетін бұйымдардың жинақтарын бақылау; тапсырыс берушінің өкіліне берілетін бұйымдарын құрылғыларындағы электр өлшемдері бойынша бақылау (контактінің, ауыспалы кедергінің, электр беріктік, оқшаулау кедергісінің болуы, жұмыс істесу, жұмыс барысы уақыты, қосымша және сараланған тәсіл).

46.АЖЖ микросхемасының ПГ2-7 бұйымдарының платалары, жинақтағы осьтері, тығындары, қақпақтары - нығыздаудан кейін тексеру; ПТ6 және ПТЗ бұйымдары – жинақтауды, ауыстырып қосу күшін, ом кедергісін, тұйық буды, оқшаулаудың электр беріктігін және оқшаулау кедергісін бақылау.

47. Баспа платалары - ТУ талаптарына сәйкес "прозвонка" бақылау сынақтары.

48. Барлық типті және таңбалау пластиналары мен кесіктері - өңдеу мен тесуді соңғы қабылдау және құжаттарды ресімдеу.

49. Кремний пластиналары - өңдеуден кейін қалыңдығын бақылау, бақылау-өлшеу құралдары мен оптикалық аспаптарды қолданып фотолитография сапасын бақылау.

50. Жады пластиналары – жартылай орамалардың ом кедергісін бақылау.

51. МИС пластиналары, кристалдар – қауды анықтау; сыртқы түрі бойынша бақылау.

52. Шыны пластиналар, сұйық кристаллы индикаторлар - оптикалық аспаптарды қолданып, геометриялық өлшемдерді бақылау.

53. Коллоид-графит препаратымен қапталған қыздырғыштар, катодтар, бөлшектер - проектор, микроскоп, тұрақты тоқ МБС және МОСТА қолдана отырып, сыртқы түрі және геометриялық өлшемдері бойынша бақылау.

54. МҚШ және ТҚШ аспаптары, беріктігі жоғары ерекше сериялы жартылай өткізгіш аспаптар, қабылдау шарттары ерекше тропикалық орындалған аспаптар – сыртқы түрін бақылау; барлық өлшемдері бойынша бақылау; ораманы ілеспе құжаттамасымен бірге бақылау.

55. Аспаптар, түрлі тораптар – жинақтау, дәнекерлеу, айдау, бүрку, газ сорғыштардан кейін бақылау; соңғы қабылдау және барлық өлшемдері бойынша бақылау.

56. Призмалар, линзалар, пластиналар - бақылау.

57. Қуаттары әр түрлі генераторлық аспаптар, сынаптық толтырғышы бар қуатты игнитрондар, тиратрондар, газ разрядтауыш аспаптар, жоғары вольтті АЖЖ кенотрондар - әмбебап құралдарды пайдалана отырып, тораптарды басқару.

58. Беріктігі жоғары өте кішкентай электр вакуум аспаптары - сыртқы түрін бақылау.

59. Корпуссыз аспаптар - ыдысқа орап салғанша және ыдыстарға салынған қорғаныш қабаттарды бақылау.

60. Әр түрлі диаметрі сымдар, оның ішінде баяу балқитын металдар мен олардың құймаларынан соғылған сымдар, жіңішке сорттар – сымдау, күйдіру, металдандыру, өңдеу, никельдеу және гальваникалық жабыннан кейін торзион таразыда өлшеу әдісімен бақылау; бетінің сыртқы түрін көзбен шолып және микроскоппен бақылау арқылы бақылау; арнайы және әмбебап өлшеу құралдарын пайдалана отырып, геометриялық өлшемдерін бақылау; механикалық және электр қасиеттерін бақылау.

61. Кварц пьезорезонаторлар - ТКЧ және жиілігі бойынша операциялық қабылдау.

62. Радиошамдар, толқынжол өткелдер, жоғары жиілікті трактілер, күшті импульсті трансформаторлар - ТУ бойынша тексеру.

63. Шырағдан – қабылдап-тапсыру сынақтары.

64. ППУЛ және МПУЛ, СПУЛ, титан қыш торлар - негізгі өлшемдерін бақылау.

65. Тор және ішкі арматура - микроскоп пен проектордың көмегімен орталықтандыру; бақылау.

66. Вакуумдық дәнекер - штамп басу, жоғары жиілікті дәнекерлеу және химиялық өңдеуден кейін БМ микроскобымен бақылау.

67. Бәсеңдету желісінің шиыршығы – микроскоптағы қадам мен диаметрді микроқұрылымдарды өлшеу құрылғысында оптикалық әдіспен бақылау.

68. Баспа схемалар - өңдеуден кейін бақылау; электр өлшемдерін өлшей отырып, түпкілікті қабылдау.

69. Интегралды схемалар (интеграция дәрежесі1У) –ақаулық түрлерін анықтау; электр өлшемдерін бақылау; сынаудың барлық түрлеріне ИС іріктеу.

70. Транзисторлар, теристорлар, оптрондар – ТУ бақылау және қабылдау.

71. Трансформаторлар мен дроссельдер - электр өлшемдер.

72. Орташа деңгейлі интеграциялы транзисторлар мен микросхемалар - аспаптардың корпустарын ашу және ақаулы тораптар мен элементтерді микроскоппен жекелеу оқшаулау.

73. Кварц, ситалл түтіктер және қыш өзектер - микроскопты қолдана отырып, сыртқы түрі бойынша бақылау.

74. Электрондық сәуле түтіктер (бір сәулелі) – жинақталған арматуралар мен аяқтарды бақылау.

75. Электрондық сәуле түтіктер (скиатрондар) – дәнекерлеу, айдау, цокольдеуден кейінгі бақылау.

76. Модульдік тораптар – оптикалық және бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау.

77. Аралық фото түпнұсқалар – желілік өлшемдерді УИМ-21-де аттестаттау.

78. Пленкалы фотошаблондар – бақылау.

79. Экрандар – жабын сапасы мен шыны сапасын бақылау.

80. Феррит бұйымдары мен пленкалардағы жады элементтері - әр түрлі пішінді бұйымдардың геометриялық өлшемдерін бақылау; күрделі бұйымдардың электр монтажын бақылау; жартылай орамалар, салыстыру және тыю орамаларын тексеру, матрицалардың күрделі емес түрлерінің жұмысқа қабілеттігін тексеру.
§ 35. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау-өлшеу құралдарын, арнайы және әмбебап құралдарды, электр, оптикалық аспаптарды, рентген телевизиялық микроскоп аппараттары мен құрылғыларын қолдана отырып, әр түрлі бөлшектерді, тораптарды, дайын өнімдерді бақылау, қабылдау. Интерферометр мен автоколлиматорды қолдана отырып, күрделі оптикалық бөлшектерді қабылдау және бақылау. Транзисторлардың, трансформаторлар мен арнайы мақсаттағы микромодульдерге арналған микроэлементтердің электр сипаттамаларын өлшеу. Аппаратураны өз бетінше баптау және сынау режимін таңдау. Бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін технологиялық процессін түзете отырып, қабылдау және сынау. Іріктеп қабылдап-тапсыру және үлгі сынақтарын жүргізу және тиісті хаттамаларды ресімдеу. Шыбықтар мен сымдарды ішкі ақаулықтарының болмауын кавиметр мен басқа да аспаптарда тексеру. Ақаулық түрлері бойынша сыныптай отырып, аспаптардың сапасын тексеру (20 түрден астам). Стендте сынау схемасын монтаждау. Ақаулық түрленін талдау.

Білуге тиіс: аса күрделі және дәл бұйымдарды, бөлшектер мен тораптарды, аспаптарды қабылдаудың техникалық құжаттамасына қойылатын талаптар; барлық микроэлементтерді, оларды дайындаудың технологиялық процессін бақылаудың тәсілдері мен әдістері; бақылау-өлшеу құралдары, аспаптар мен аппаратураны, сынау схемаларын баптау және реттеу ережесі; аса күрделі бөлшектер мен дайын өнімнің тораптарын қабылдау және сынауды бақылау әдістері; сынау схемаларын монтаждау ережесі; арнайы талаптарға сәйкес тапсырыс берушінің өкіліне бұйымдарды тапсыру шарттары; жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлардың жұмыс қағидаты; бақыланатын бұйымдардың өлшемдері жұмыс қабілеттілігіндегі ақаулықтардың түрлерін анықтау; рекламациялық актілерді ресімдеу тәртібі: радио және электр техника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. ТҚШ катодтарының блоктары – ерекше сериялы шамдарды іріктеу мақсатында бақылау.

2. Рентген телевизиялық микроскоптың блоктары – жұмысқа қабілеттілігін бақылау және түзету.

3. Геркондар, геркондардың бөлшектері, магнитпен басқарылатын контактілер, магнитпен басқарылатын контактілердің ерекше талапты бөлшектері - оптикалық аспаптарды пайдалана отырып бақылау; қабылдап-тапсыру сынақтары.

4. Қыш бөлшектер – механикалық өңдеуден кейін профилометр мен профилографты қолдана отырып, бетінің тазалығын бақылау.

5. Электр вакуум аспаптарының бөлшектерімен тораптары - рентген телевизиялық микроскопта бақылау; материалдарды механикалық қасиеттері бойынша кірме бақылау; барлық өндірістік цикл бойынша бақылау.

6. Әр түрлі пішінді бөлшектер - ультрадыбыстық өңдеуден және лазер сәулелерімен өңдеуден кейінгі бақылау.

7. Радиобелсенді жабыны бар бөлшектер, "Пик" типті бұйымдардың бөлшектері мен тораптары - бақылау.

8. Саңылаулары, пазалары, кемері мен дөңестері, өңдеудің жоғары дәрежелі дәлдігі келісілген өлшемдері (корпустар, резонатор блоктар) асимметриялы орналасқан бөлшектер мен тораптар – механикалық, ультрадыбыстық өңдеуден және лазер сәулелерімен өңдеуден кейінгі бақылау.

9. Шыны, қыш, металл қыш, ситалл және кварц тегістелген және жылтыратылған бөлшектер мен тораптар - УИМ-ды, проектор мен басқа да күрделі оптикалық аспаптар мен құрылғыларды қолдана отырып бақылау.

10. Диафрагмалар, торлы компенсаторлар, блоктар, жылдамдатқыштар, резонатор корпустары, торлы ұстағыштар - проекторды, дәлме-дәл микроскопты, МБС-1-2 микроскобын және т.б. қолдана отырып, өлшемі мен тазалығы бойынша бақылау.

11. Металданған фотошаблондарға арналған дайындамалар – бетін көрсетпейтін жабынның оптикалық тығыздығын өлшеу.

12. Интегралды және гибрид схемалар - ТУ бойынша бақылау.

13. Әр түрлі маркалы және күрделі пішінді шыны массадан жасалған үрлемелі бұйымдар - оптикалық индикаторлық қабырға өлшеуіштерді пайдалана отырып, сызбаға сәйкестігін бақылау.

14. ПГ-2-7 бұйымдары – жинақтарды оқшаулау кедергісіне, оқшаулаудың электр беріктігіне, тұйық контактілердің кедергілеріне және ауыстырып қосу сәтіне қарай бақылау.

15. Эррозиялық өңдеуден кейінгі катодтар, торц оксид катодтар – микроскопты пайдалана отырып, қалыңдығы, салмағы, жабын сапасына қарай бақылау.

16. Дәнекерленген және түрлі-түсті айдалған кинескоптар - бақылау.

17. Көп қабатты, жоғары температуралы конденсаторлар - ТУ-ға сәйкестігін бақылау.

18. Кристалдар, жиынтықтар, пластиналар, микросхемалар – бақылау-өлшеу құралдарын, оптикалық аспаптарды, аппараттар мен құрылғыларды пайдалана отырып, сыртқы түрі бойынша бақылау.

19. Оптикалық кварц кристаллы (жасанды өсірілген) - оптикалық сипаттамаларының, сапасын айқындау, құжаттардың қабылдау және ресімдеу.

20. Интеграциялық деңгейі жоғары микросхемалар – топология талдамасы; ақаулы элементтерді оқшаулау.

21. Микросхемалар- бақылау-өлшеу құралдарын пайдалана отырып, кристалдарды, жинақтарды бақылау.

22. Ашық микросхемалар – оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, монтажды бақылау.

23. АЖЖ модульдері және АЖЖ интегралды, жартылай өткізгіш модульдері – түпкілікті қабылдау және тексерілген аспаптарды кейіннен тапсырыс берушінің өкілдеріне тапсыра отырып, ТУ сәйкес барлық өлшемдері бойынша бақылау.

24. Электр вакуум аспаптарының тәжірибелік үлгілері - қабылдау және барлық өлшемдері бойынша бақылау.

25. Шам панельдер, ауыстырып қосқыштар, ТВ және ТП тумблерлері, микро ауыстырып қосқыштар, микротумблерлер – бақылау, электр сынақ стенділерінде бұйымдарды монтаждай отырып, тозуға төзімділігін құрылымдық сынау.

26. Кремний пластиналары – қалыңдығын тегістеуден кейін бақылау, качества фотолитография сапасын бақылау-өлшеу құралдары мен оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, бақылау.

27. СИС, ӨҮИС пластиналар – бақылау, контроль, кристалдардың сыртқы түріне қалап ақаулықтарын анықтау.

28. Платалар – дәлдігі жоғары жабдықты пайдалана отырып, кедергілері, сыйымдылығы бойынша бақылау.

29. Баспа платалар – оптикалық бақылау сызғыштарының көмегімен контактілі аралық өлшемдерді бақылау және тексеру; монтаждау схемасына сәйкес элементтерді дәнекерлеу сапасын бақылау; ТУ талаптарына сәйкес оқшаулау кедергісін өлшеу .

30. 25 топтағы аспаптар, тәжірибелік аспаптар - қабылдау және ерекше талаптарға сәйкес барлық өлшемдері бойынша бақылау; тапсырыс берушіге тапсыру.

31. Күрделі титан және металл қыш аспаптар - кейіннен тапсырыс берушінің өкілдеріне тапсыра отырып, ЧТС көлеміндегі бақылау сынақтары.

32. АЖЖ аспаптары – кейіннен тексерілген аспаптарды тапсырыс берушінің өкіліне тапсыра отырып, түпкілікті қабылдау және шамдарды динамикалық және импульстік режимде және үздіксіз генерация режимінде бақылау.

33. Қатты, феррит АЖЖ аспаптары - түпкілікті қабылдау және ТУ сәйкес барлық өлшемдерді өлшеу.

34. Беріктігі жоғары өте кішкентай ерекше сериялы ЭВП аспаптары - кейіннен тексерілген аспаптарды тапсырыс берушінің өкіліне тапсыра отырып, түпкілікті қабылдау және ТУ сәйкес барлық өлшемдерді өлшеу.

35. Беріктігі жоғары өте кішкентай электр вакуум аспаптары – жинақталған, күрделі пішінді электрод аралық қашықтығы 100 мкм дейін арматураны микроскоппен бақылау; технологиялық процесті статикалық реттеу мақсатында ақаулық себептерін ішінара талдай отырып бақылау контроль.

36. Электр вакуум аспаптары (қуаты орташа генераторлық, қуатты, сынаптық толтырғышы бар аспаптар, жоғары вольтті кенотрондар, АЖЖ аспаптары) - әмбебап құралдар мен оптикалық аспаптарды пайдалана отырып бақылау.

37. Баяу балқитын металдар мен қорытпалардан жасалған сымдар - шиыршықталуын бақылау.

38. Кварц пьезорезонаторлар, дроссельдер мен блоктар – қабылдау және тапсырыс берушіге тапсыру.

39. Кварц резонаторлар (екіленген) - ТУ бойынша бақылау.

40. Электр вакуум аспаптарының торлары - дәнекерлеу сапасын алтынмен жалатудан кейін бақылау; жабынды микроскопты пайдалана отырып бақылау.

41. Барлық телевизиялық қабылдағыштарға арналған сөндіру жүйесі - геометриялық орындаудағы, телевизиялық құрылғылардағы сәулелерді, қалдық айқасуларды жинақтауды бақылау.

42. Вакуум дәнекерлер - ПГИ-6 гелий ағын тесікті іздегішті айқындау.

43. ОКГ –ге арналған шыны- лазердің көмегімен толық бақылау.

44. Сынап толтырғышы бар жоғары вольтті тиратрондар - ТУ мен МЕМСТ-ке сәйкес бақылау.

45. Түрлі-түсті бейнелі қабылдағыштарға арналған күшті шығын, жолдық қашау трансформаторлары - бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, өлшемдерді жартылай автоматтарда бақылау.

46. "Габарит", "Малютка", "Потенциал, "Фактор" типті трансформаторлар мен дроссельдер – ерекше талаптарға сәйкес барлық өлшемдер бойынша тексеру және бақылау, тапсырыс берушіге тапсыру; тәжірибелік партиялар мен бұйымдарды экспорттық орындалуда тексеру.

47. Электрондық сәуле түтіктер (көп сәулелі) және потенциалоскоптар – жинақталған арматуралар мен аяқтарды бақылау.

48. Көп қабатты гальванды жабыннан кейінгі күрделі тораптар және дайын аспаптар - коррозияға қарсылығы мен жабын беріктігін, жабынның тұтасу беріктігін анықтау үшін жабын қалыңдығы бойынша бақылау.

49. Әр түрлі пішінді, жоғары орталықтау және электрод фокустау қуаты бар шам ішілік тораптар – микроскоптар мен топографтарды пайдалана отырып, жинақтаудан кейін көзбен шолып бақылау.

50. Ферриттер – тәжірибелік үлгілер мен технологиялық сынамаларды бақылау.

51. Аралық фото түпнұсқалар - "Биолам-М" типті микроскопта элементтер ұштарының кедір-бұдырлығын бақылау.

52. Баспа платалардың фотошаблондары (өлшемі 180 мм) - желілік өлшемдерді УИМ-21 (23)-ге аттестаттау.

53. Жиілік өлшеуіштер – тексеру.

54. Үш түсті экрандар – қабылдау.

55. Феррит бұйымдар мен пленкалардағы жады элементтері - күрделі түрлі матрицалардың жұмысқа қабілеттілігі саласын айқындау; ерекше қондыру шарттары бар бұйымдарға қабылдап-тапсыру сынақтарын жүргізу.
§ 36. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, тораптарды, ОКГ оптикалық элементтерін және барлық типті дайын аспаптарды 5-7 квалитет бойынша жасалған бақылау-өлшеу құралдарын, арнайы және әмбебап құралдарды, оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, бақылау және қабылдау. Күрделі ИЭТ және олардың элементтерін бақылаудың бұзбайтын әдістерін пайдалана отырып, талдау. Есептеу техникасының құралдарымен бақылау және талдау нәтижелерін өңдеу.

Білуге тиіс: күрделі, дәл бөлшектерді, ОКГ оптикалық элементтерін, аспаптардың тәжірибелік үлгілерінің тораптарын, машиналар мен механиздерін, сондай-ақ ерекше қабылдау шарттарымен қабылданатын бұйымдарды қабылдаудың технологиялық құжаттамасына қойылатын талаптар; мақсаты, ТУ, бақыланатын бөлшектерге қойылатын пайдалану талаптары; қабылдап-тапсыру сынақтары процессінде аспаптарды, машиналар мен механизмдерді қабылдау ережесі; тригонометриялық функциялар мен математикалық кестелерді пайдаланатын техникалық есептердің әдістемесі; материалдардың спектралдық талдамасы, ақпаратты ЭВМ-де машиналық өңдеу әдісі; бұйымдар сапасын бақылауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары; зиянды және жарылу қаупі бар заттармен жұмыс жүргізу ережелері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Өлшеуіш тәжірибелік аппаратура - ТУ бойынша бақылау және тексеру.

2. Түрлі бөлшектер - бақылау.

3. ЛБВ аспаптарына арналған катодтар мен электродтар - механикалық өңдеу және УИМ мен оптиметрде күйдіруден кейін бақылау.

4. Катодтар – эмиссиялық жабындарды бақылау.

5. Магнетрондар мен клистрондар корпусы - әмбебап өлшеу құралдарын пайдалана отырып, резонаторлық жүйелерді бақылау.

6. Микросхемалар, микромодульдер (тәжірибелік үлгілер ) –бақылау және арнайы стенділерде тексеру.

7. Тәжірибелік үлгілер - жапсыру және барлық өлшемдер бойынша бақылау.

8. Кез келген типті ОКГ - барлық өлшемдер бойынша таңдамалы бақылау.

9. ОКГ оптикалық элементтері – тазалау және бақылау.

10. Тегіс параллель пластиналар, тегістігі бойынша дәлдігі жоғары ситалл, кварц және ферриттен жасалған дискілер мен өзектер - УИМ-21, ИЗЕ-1 және басқаларды қолдана отырып бақылау.

11. Жартылай өткізгіш аспаптар – инжекторлық бақылау және ілеспе құжаттаманы ресімдей отырып, экспорттық орындаудағы аспаптарды бақылау және қабылдау.

12. 55 және 40 топты аспаптар – түпкілікті бақылау және электр өлшемдері бойынша тексеру, тапсырыс берушіге тапсыру.

13. Экспорттық орындаудағы ерекше сериялы электр вакуум аспаптары – бақылау, қабылдау, тапсырыс берушінің өкіліне тапсыру.

14. Кварц резонаторлар (дәлме-дәл, ультра дәлме-дәл, үшінші буынды кварц), тәжірибелік және эксперименталдық - ТУ-ға сәйкес бақылау.

15. 55 топ аспабының резонаторлық жүйесі – бұрыштары мен панельдер арасындағы қашықтықты бақылау.

16. Толқынжол трактісі - "Панорама " аспабындағы КСВ өлшеу.

17. Түрлі-түсті теледидар – техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сөндіруші жүйе өлшемдерін өлшеу.

18. ТҚШ – ақаулық түрлерін талдай отырып бақылау.

19. Интегралдық және жартылай өткізгіш сұлбалардың фотошаблондары (эталондық) – бақылау және аттестаттау.

20. Электронды сағат – соңғы бақылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет