9
Қорыта айтсақ, халық педагогикасы
ғылыми педагогиканың
ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі
ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе
отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық
педагогиканың іргетасы болып табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та,
ғылыми-теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.
Қай
ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдері болатыны
сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгілі терминдері бар. Оларға,
жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкірт, мұғалім, ұстаз, оқыту, тәрбие
беру, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгі-ӛнеге кӛрсету, ақыл-ӛсиет
айту, оқыту, әдеттендіру,
жаттықтыру, жадыңда сақтату. Тәрбиенің
түрлері: дене
тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі,
адамгершілік
тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесі т.б.
Жоғарыда аталған халық педагогикасының негізгі қағидалары мен
ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе
ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады:
1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері – «сегіз қырлы,
бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2. Мазмұны – ұлттық салт-дәстүрлер
арқылы балаға ақыл-ой,
адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдістері – әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес
беру, үйрету, кӛрсету, үлгі кӛрсету, ӛтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру,
мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сӛгу, кінәлау, айыптау, жазалау
т.б.
4. Түрлері – ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.
5. Құралдары – санамақ, жаңылтпаш, ӛлең-жыр, тақпақ,
ертегі-
аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендік сӛздер, салттар,
ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгіме, кештер, айтыстар,
сабақтар мен үйірмелер.
6. Нәтижесі – «сегіз қырлы, бір сырлы», жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер – табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр,
ӛнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы – отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт,
мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектісі – бала.
10. Халық тәрбиешілері – әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары,
ауыл үлкендері, ӛнер иелері.
Біз
бұдан қорытындылайтынымыз, ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп
сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған дейміз.
10
Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне
байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-
ой тәрбиесі, ӛлең, жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі
принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін
қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық
педагогика – тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы,
халықтың рухани
мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық
мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар
тозығы да бар.
Ең негізгі мәселе – бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен
байланыстыра пайдалана білу болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: