Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Балалар жырының тәрбиелік мәні 

Қазақтың  халық  педагогикасында  балаларға  арнап  шығарылған 

арнау-тілек  ӛлеңдері,  сұрамақтар,  тӛрт  түлік  туралы  жырлар,  тақпақтар 

ерекше орын алады. 

Арнау-тілек  ӛлеңдері  табиғат  құбылыстары  мен  жан-жануарларға, 

құстарға  қызығу  сезімін  оятып,  эстетикалық  әсер  беру  үшін,  баланың 

дүниетанымын арттыру мақсатында шығарылған.  

Жырларды  жаттап  айту  арқылы  баланың  табиғат  танымдылығы 

артумен  қатар,  сол  табиғатқа  деген  аяныш  сезімі  дамып,  ол  табиғатқа 

қамқорлық жасауға бейімделеді. «Кім айтар?», «Кім күшті?», «Түйе, түйе, 

түйелер»  сияқты  кӛлемді  сұрамақ  ӛлеңдер  сұрау,  жауап  арқылы  сӛз 

жүйесін  дамыта  айтқызып,  баланың  ой  жүйесін  ӛркендетеді.  Сұрамақ 

ӛлеңдер қанша бір кӛлемді болса да, баланың жаттап алуына оңай болады. 

Ӛйткені ондағы сӛз жүйесі баланың ойына оралымды құрылған. Тӛрт түлік 

туралы  жырларда  халық  әрі  тілек  білдіретін,  әрі  малдың  қасиетін 

қастерлейтін  сӛздерді  үйретіп,  баланың  түлікке  деген  қамқорлығын 

қалыптастырады,  мал  шаруашылығы  туралы  дүниетанымын  арттырады, 

түлікті  құрметтеуге  үйретеді.  «Ешкі  мен  қойдың  айтысы»,  «Иесі  мен 

сиырдың  айтысы»,  «Тӛрт  түліктің  кеңесі»  деген  жырлар  арқылы  тӛрт 

түліктің  қастерлі  қасиеттерін  айтып,  халық  баланы  түліктер  табиғатымен 

жан-жақты таныстырады. 

Халық  педагогикасындағы  балалардың  бірден  жадында  қалатын 

қысқа-қысқа  тақпақтар,  оларды  тақпақ  айтуға  ынталандырады,  еңбекке, 

адамгершілікке, Отанын сүюге, ӛнерге тәрбиелейді. 

Арнау-тілек  ӛлеңдері,  сұрақтар,  тӛрт  түлік  туралы  жырлар, 

тақпақтарды,  кӛбінесе,  отбасында  ата-аналар  балаларына  үйретіп,  тәрбие 

ісіне ол жырларды пайдалана білу керек. 

Балалар  бақшасында  тӛрт  түлікке  арналған  ертеңгіліктерде,  құстар 

күніне байланысты, ӛнерпаздар жарысында балалар жырларын жан-жақты 

пайдалана  білу  тәрбиешінің  білімдарлығы  мен  жауапкершілік  жігеріне 

байланысты. 



 

35 


 

Мектепте  балалар  жырлары  бағдарламалық  жүйеде  ӛтеді,  тәрбие 

ісіне пайдаланылады. Әсіресе, «Құстар  – біздің досымыз», «Тӛрт түліктер 

думаны»  т.б.  тақырыптық  кештер  мен  арнаулы  күндерде  балалар 

жырларын пайдалана білудің мәні ӛзгеше.  

Ӛлеңдер мен тақпақтарды отбасында, балалар бақшасында, мектепте 

балдырғандарға жаттатып, тәрбие жұмысына жан-жақты пайдалану керек. 

Балаларға  ӛлең-жыр,  тақпақ  жаттатуда,  олардың  әрбір  сӛзді 

дұрыстап  айтып,  дауыс  ырғағын  сол  сӛздің  мағынасына  қарай  құбылта 

білуін қадағалап,  сахнада,  жұрт  алдында  қалай  тұруды  үйрету  қажет.  Сӛз 

мағынасын  тыңдаушыға  толық,  әсерлі  жеткізуде  дауыс  ырғағы  мен  бет 

құбылыстың сӛзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе. Дауыс ырғағы арқылы бір 

сӛзбен  бірнеше  мағына  мәнін  ұғындыруға  болады.  Мысалы:  «бол»  деген 

сӛзге  леп  белгісін  қою  арқылы,  зекіру,  асықтыру,  қорқыту  мәні  берілсе, 

оған  сұрау  белгісін  қою  арқылы,  мәлімсіздік,  сұраулық  мән  беріледі,  бұл 

сӛздерді  айтудағы  бет  құбылыстың  кеюлік,  таң  қалу  нышаны  арқылы 

сӛздің  мән-мағынасы  естіп-кӛрушіге  айқындала  түседі.  Яғни  балаларға 

тақпақ  жаттатқанда  дауыс  ырғағы  мен  бет  құбылыс  арқылы  әрбір  сӛздің 

мән-мағынасын  тыңдаушыға  әсерлі  жеткізуге,  неғұрлым  толық 

ұғындыруға болады. Бұл баланың тілін, ойын дамытуға ӛте қажет.  



Мазақтамалардың тәрбиелік мәні 

Мазақтаманы  халық  балалардың  бірін-бірі  мінеуі,  сынауы,  шенеуі, 

әжуалауы  үшін  шығарған.  Мазақтама  айтушы  екінші  баланың  кемшілігін 

кӛзіне айтып, ызаландырып, қажырын қайрайды. 

Баланың  ӛз  мінін  ӛзіне  айтқызу  арқылы  халық  күлкілі 

мазақтамалармен әжуалай отырып, баланы адамгершілікке тәрбиелейді. 

Баланың  табиғи  кемшілігін  айтып,  тәрбиелеудің  орнына,  оның 

сүйегін  жасытатын,  тәрбиелік  мәні  керісінше  болатын  мазақтамалар  да 

бар, соларды қолданудан сақ болу керек. 

Мазақтамалар,  кӛбінесе  әдемі  әжуаға  құрылады.  Қазақ  балалар 

ақындарының  шығарған  мазақтамалары  кӛп.  Ол  мазақтамалар  балаларды 

әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелейді. 

Мазақтамалар  отбасында,  балалар  бақшасында,  мектепте  баланың 

есіне салу немесе жатқа айтқызу арқылы, балалар поэзиясының бұл  түрін 

де  тәрбие  жұмыстарына  пайдалана  білу  керек.  Мысалы,  берілген  іске 

жауапсыз  қарап  немесе  шалғайлық  жасаған  балаға  бір  мазақтаманы 

айтудың  ӛзі  жетіп  жатыр.  Ондайда  бала  тез  сергіп,  ісіне  қайта  қарап,  ӛз 

кемшілігін  екшей  бастайды.  ӛз  мінін  түзеп,  ескертпені  елеген  баланың 

ынта-жігерін арттырып, оны мадақтау тәсілін қолдану қажет. 

Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін кӛрсетіп, сынау, оны 

тәрбиелеу.  Ал  балалардың  бірін-бірі  мазақтауы  кезінде  орынсыз 

пайдаланып,  бір-бірінің  арына  тиіп,  ызаландырып  жасытуы  мүмкін. 

Ондайда оларға үлкендік, салиқалық кеңес керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет