Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



бет4/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#1429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырып 2. Қорлар есебі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

2. Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

3. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі.

4. Материалдық қорларды түгендеу және қайта бағалау.

5. Аяқталмаған өндіріс есебі.

6. Дайын өнім және тауарлар есебі.

1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады.

Олардың өндірістік құралдарынан өзге заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан көбі еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттар өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есепке алудың міндеттеріне келесілер жатады:

- дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есепке алып, кірістеу немесе есептен шығару;

- қоймадағы материалдардың және жеткізу кезінде материалдардың сақталуын бақылау;

- материалдық қорлардың қалдығының дұрыс сақталуын тексеру;

- материалдардың өндірісте пайдаланылу нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;

- өндірісте материалдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;

- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтау және олардың жоспарлы бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Ұйымдардағы қорлардың есебі ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Тауарлық- материалдық қорлар түрінде көрсетелген активтердің үлкен бөлігін өнімдерді дайындауда, қызметтер мен жұмыстарды орындауда пайдаланылатын материалдық бағалықтар құрайды.

Материалдар өндірісте өндіру, қайта өңдеу немесе дайындау үшін, немесе басқадай қажеттіліктер үшін арналған.

Материалдық бағалықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың қажетті алғы шарты материалдардың іс жүзіндегі жіктелуін сақтау болып табылады. Қорлар келесідей жіктеледі:



  • сатылып алынған тауарлар;

  • қайта сатуға аранлған мүлік (ғимарат, үй, транспорт және басқалары);

  • ұйыммен өндірілген және сатуға арналған дайын өнімдер;

  • шикізаттар мен материалдар;

  • аяқталмаған өндіріс;

  • басқа көмекші материалдар.

Тауарлық-материалдық қорлар есебі тек қана топтары бойынша емес, сонымен қатар әрбір атауы, түрі, мөлшері, сорты және т.б. бойынша жүргізіледі.

Дайын өнімге өңдеудің барлық кезеңдерінен өткен, техникалық және сапалық сипаттамалары қойылатын талаптарға немесе қойылым келісімінің шарттарына сай келетін өнімдер жатқызылады.

Тауарларға сату үшін алынған материалдық құндылықтар жатқызылады. Сауда, жабдықтау немесе басқа да делдалдық қызметтегі ұйымдар тауарлар құрамында, сонымен қатар өніммен жабдықтаушыларға қайтарылуға тиіс төленген көп айнымалы ыдыстарды есепке алады.

Материалдар өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай келесідей бөлінеді: шикізат пен материалдар; сатылып алынған жартылай фабрикаттар; отындар; ыдыстар; қосалқы бөлшектер; құрылыс материалдары; өңдеуге берілген материалдар және т.б.



Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.

Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін.

Қорларды ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес есепте нақты өзіндік құнымен көрсетеді. Өзіндік құн тауар үшін төленген бағаны немесе оны өндіру үшін қажет соманы білдіреді.

Сатуға арналған қорлардың құны сатылған қорлардың құнының сомасына және түгендеудің үздіксіз немесе кезеңдік әдістері көмегімен кезең соңындағы қалған қорлардың құнына бөлінуі мүмкін.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.

Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдықтарды материалдық бағалауды, одан кейін шыққан материалдық қорлардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны кезең басындағы қорлар құнының жалпы бағасынан есеп беру кезеңінде түскен құнын қорлардың ескере отырып кезең соңындағы қорлар құнын алыптастау арқылы анықталады.

Материалдарды орташа құн бойынша бағалау кезінде сол есеп беру кезінде өндірісте пайдаланылған материалдардың жалпы құны қорлардың әрбір құны бойынша орташа сатып алу бағасын материалдық сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.

Материалдарды ФИФО әдісімен бағаланған кезінде бірінші шығарылған материалдық құнын есептен шығару көзделеді.

Арнайы сәйкестендіру бойынша бағалау әдісі әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын арнайы тапсырыстар мен жобаларға арналған материалдық бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді.

Келесідей берілген мәліметтердің негізінде бағалаудың үш әдісін қарастырамыз:



Көрсеткіштер

Түскені

Шығындалғаны

Саны, бірлік

Бағасы, теңге

Сомасы, тг.

Саны, бірлік

1.04.06 қалдық

10

30

300




Сәуір айында түскендері, оның ішінде:












05.04.06

10

34

340




10.04.06

20

40

800




25.04.06

30

50

1500




Жиыны қалдықпен

70




2940




Босатылғандары, о.і.:













07.04.06










10

18.04.06










20

25.04.06










15

30.04.06 қалдық

25









Есептің үздіксіз және кезеңдік жағдайында қорларды бағалау келесі түрде болады:



Есептің үздіксіз жүйесі

Есептің кезеңдік жүйесі

Орташа құн әдісі

01.04.06 - 10бірл.*30тг.=300 тг. 300

05.04.06 - 10бірл.*34тг.=340 тг. 640

Орт.құн = 640тг./20бірл. = 32 тг.

07.04.06 - 10бірл.*32тг.=(320) 320

10.04.06 - 20бірл.*40тг.=800 тг. 1120

Орт.құн = 1120тг./30бірл. = 37,33 тг.

18.04.06 - 20бірл.*37,33тг.=(747) 373

25.04.06 - 30бірл.*50тг.=1500 тг. 1873

Орт.құн = 1873тг./40бірл. = 46,82 тг.

29.04.06 - 15бірл.*46,82тг.=(702) 1171

Пайдаланылған қорлар тең болады

2940тг.-1171тг. = 1769 тг. немесе (320+747+702)



      1. 10бірл.*30= 300 тг.

      2. Сатып алулар: 60 бірл. – 2640 тг.

ЖИЫНЫ пайдалану үшін бар ТМҚ: 70бірл. – 2940 сомасына

Орт.құн. = 2940/70 бірл. = 42 тг.

Соңғы қалдық = 25 бірл.*42 тг. = 1050 тг.

Пайдаланылған материалдар құны = 2940тг.-1050тг. =1890 тг.



ФИФО әдісі

01.04.06 - 10бірл.*30тг.=300 тг. 300

05.04.06 - 10бірл.*34тг.=340 тг. 640

07.04.06 - 10бірл.*30тг.=(300) 340

10.04.06 - 20бірл.*40тг.=800 тг. 1140

18.04.06 - 10бірл.*34тг.=(340)

10бірл.*40тг. =(400) 400

25.04.06 - 30бірл.*50тг.=1500 тг. 1900

29.04.06 - 10бірл.*40тг.=(400)

5бірл. *50 тг. =(250) 1250

Пайдаланылған қорлар= 2940тг.-1250тг. =1690тг. немесе (300+340+400+400+250)



30.04.06 Соңғы сальдо = 25 бірл., соңғы партияның бағасымен бағаланады, яғни 50 теңгеден 1250 теңге сомасына.

Сонда, пайдаланылған қорлардың құны болады 2940 тг.- 1250 тг. = 1690 тг.



Арнайы ұқсастандыру әдісі бойынша: Егер қоймашы бухгалтерияға 30 сәуір 2006 жылы 25 бірлік келесідей құралғандығы туралы ақпарат берсе, онда: 5 бірлік бастапқы қалдықтан, 10 бірлік 10 сәуір 2006 ж.түскеннен, 10 бірлік 25 сәуірде түскеннен. Бухгалтер бұл бірліктерді келесідей бағалайды: (5бірл.*30тг.+10бірл.*40тг.+10*50тг. = 1050тг), Сонымен, пайдаланылған қорлар құны 1890тг. (2940-1050) сомасына бағаланады.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 1300 «Қорлар» бөлімшесінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше шоттарында (1310-1317 шоттары) құндылықтардың төмендігідей түрлері есепке алынады:

1310 «Шикізат және материалдар»- өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»- өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндіруге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.

1312 «Отын»- мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлеріне, яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.

1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға»- жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты пайдаланылатынан басқа ыдыстардың бәрі, соның ішінде ыдысты пайдалану мен жөндеуге арналған(жәшіктерді құрастыратын бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.

1314 «Қосалқы бөлшектер»- машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің (детальдар, агрегаттар, аккумуляторлар, автомобиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектерді.

1315 «Басқа материалдар»- өндірістің жарамсыз қалдықтары, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды.

1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар» - басқа жаққа қайта өңдеуге берілген және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың өздік құнына енгізілетін материалдарды;

1317 «Құрылыс материалдары» (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланылады) – құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланатын құрылыс материалдары. Бұл шоттар құрылыс қажетіне керек басқа да құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.

1300 «Қорлар» бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді.



2. Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

Материалдық қорлардың келіп түсуімен, орын ауыстыруы және баосатылуымен байланысты барлық операциялар сәйкес алғашқы құжаттармен толтырылады. Материалдық қорлардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.

Тауарлық-материалдық қорлар бойынша қабылдау техникалық жағдайларына және басқа да міндетті ережелері мен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.

Көлік ұйымдарынан жүктерді қабылдап алу кезінде ең алдымен тасымалдау кезіндегі жүктердің сақтығын: көлік құралдары немесе контейнерлерде пломбалардың дұрыстығын және бар болуын, олардағы белгілердің дұрыстығын, көлік құралдары мен ыдыстардың дұрыстығын, сонымен қатар жүктердің және олардағы маркировкалардың көліктік құжатта көрсетілгендерімен сәйкес болуын тексеру қажет.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын, берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.

Кіріс ордері жабдықтаушылардың немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.

Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі Акт. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорлардың дайындалу, сақталу немесе өндіру проценсінде жоғалғаны анықталған кезде қолданылады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансына шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз болады.

Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісірел қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімде қалады.



Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ. Ұйымның қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өнделгеннен кейін оларға табиғишығын нормалары қойылған болса, осы АКТ жасалады. Қорларды қабыдауды жүргізген кезде жасалынған актіге, кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға өткізеді, себебі акт қорлардың жоғалуына материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың есебінен шығарып тастауға негіз болып табылады, 2-ші дана қоймада қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы АКТ. Кәсіпорында бүлінуідің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (тауарлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлдардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

Лимиттік-жинақтама картасы. Өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы бақылау үшін және қоймадағы материалдық қорларды, шығарып тастауға негіз болатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номанклатуралық нөмірлердің) бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа- қорды пайдаланушыға, 2-сі қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорларды қойма, цех өкілі лимиттік- жинақтама картаның өзіне тиесілі данасын көрсетенде ғана босатады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимиттің қалғанын анықтайды.

Талап ету тұтыну қажеттілігі тұрақты емес материалдарды алуға толтырылады, оларды екі данада толтырады: біреуі (алушының қолхатымен) қоймада қалады, екіншісі (қоймашының қолхатымен( алушыда болады.

Накладнойлар өндірісте пайдаланылмаған материалдар мен бөлшектердің, тетіктердің қоймаға қайтарылуы, ішкі орын ауыстыруы кезінде материалдардың орнын ауыстыруы кезінде материалдардың қозғалысы есептеу үшін қолданылады.

Сыртқа материалдар босату накладнойлары жабдықтау бөлімімен екі данада толтырылады: біріншісі қоймаға жіберіледі, екіншісі материалдар алушыға беріледі. Материалдар босатылған соң накладной алушының қолхатымен бухгалтерияға шот-фактура жазу үшін табыс етіледі.
3. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі.

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.

Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады.

Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.

Қоймалық операцияларға бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояды. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады.

Материалдардың қалдықтық әдісінің негізінде оперативті және бухгалтерлік әдістерінің арасындағы толық үйлесімділік алынған. Есептің қалдықтық әдісі ең прогрессивті болып табылады, өйткені есептік жұмыс көлемін қысқартуға , материалдық қалдықтардың дұрыс және дер мезгілінде кіріске алынуына күнделікті бақылау өткізуге, материалдық қорлардың қоймаларда және басқа сақтау орындарында жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын дер мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар материалдардың талдамалық есебі бойынша жұмысты жеңілдетеді және есептің сапасы айтарлықтай жақсарады. Оның негізі артықшылығы мынада – бухгалтерияда материалдық қорлардың есебі бойынша талдамалық карточкалар жүргізілмейді және талдамалық шоттар бойынша айналым тізімдемелері толтырылмайды. Қоймадағы материалдардың бүкіл талдамалық есебін материалды- жауапты тұлға сандық өлшемде карточкаларда жүргізеді. Одан басқа қалдықтық әдіс қоймалардағы материалдарға, белгілі бір айдың күнімен шектелмей, кез келген уақытта түгендеу өткізуге мүмкіндік береді. Есептің қалдықтық әдісі ағымдағы есепте тұрақты есептік бағаларды қолдануын талап етеді.

Қоймадағы материалдар қалдығының есебінің тізімдемесі әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша жеке ашылады. Олар материалдардың қоймалық есеп карточкаларының мәліметтері бойынша материалдар қалдығын айдың бірінші күніне сандық мәнде қойып отырады. Мәліметтер қоймалық есептің номенклатурасы бойынша келтіріледі. Ай соңында тізімдемелер бухгалтерияға беріліп, онда материалдардың бар болуының сандық көрсеткіштері есептік бағалар бойынша есептеліп, материалдардың әрбір тобы бойынша жиыны шығарылады.

Материалдар есебінің қалдықтық әдісі кезінде қойма есебінің мәліметтерін баланспен салыстырудың мәні сол, мұнда әрбір қойма бойынша қалдықтардың жылдық кітабы жүргізіледі, онда айдың соңында сорттық есеп карточкаларынан бірінші күнге жағдайлары бойынша материалдардың барлық сандық қалдықтары ауыстырылып отырады. Кітаптағы жазулардың дұрыстығы қойма меңгерушінің қолымен расталады. Қалдықтарды бақылап алып, бухгалтер олардағы қалдықтық кітапта әрбір номенклатуралық номерге қарсы қойылған есептік бағаларға көбейтеді. Осылайша анықталған материалдар қалдығының жалпы сомасы қалдықтық кітап қорытындысы бойынша материалдардың қозғалысы және қалдығы есебі тізімдемесі ндегі материалдар сомасы мен тобы бойынша жинақтау тізімдемесінде келтірілген қалдықтар сомасына тең болуы керек. Барлық қалдықтық кітаптар тігіледі және мөрмен бекітіледі, ал беттері номерленеді.

Қорлардың синтетикалық есебін, сатып алу бағасы мен көліктік- дайындау шығындарынан және сатып алумен байланысты басқа да шығындарынан тұратын іс жүзіндегі шығындар бойынша жүргізеді.

Ұйымға материалдар негізінен жабдықтаушылардан және есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы және басқа жолдармен келіп түседі.

Материалдар қозғалысының есебі үшін 1300 «Қорлар» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшеге келесідей шоттар топтары жатады: 1310 «Шикізат пен материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқа да қорлар», 1360 «Қорларды қажетсіздендіру бойынша резерв».

1310 «Шикізат пен материалдар», тобы келесідей шоттарды қамтиды:

1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»;

1312 «Отын»;

1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға»;

1314 «Қосалқы бөлшектер»;

1315 «Басқа материалдар;

1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;

1317 «Құрылыс материалдары».

Бұл шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді.
Материалдық қорлар есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы


Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит


1.

Жабдықтаушылардан шикізат пен материалдар түсті.

1310,1350

3310

2.

Қосылған құнға салық сомасы

1420

3310

3.

Материалдық қорлар жеке тұлғалардан түсті

1310,1350

3390

4.

Материалдық қорлар жеке тұлғалардан және ұйымдардан тегін түсті

1310,1350

6220

5.

Жабдықтаушыларға материалдардың құны есеп айырысу шотынан төленді.

3310

1030

6.

Материалдық қорлар есеп беруге тиісті адамдардан кірістелді.

1310,1350

1250

7.

Өндіріске материалдар жіберілді.

8110,8210,8310

1310,1350

8.

Материалдық қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалды.

7210

1310,1350


4. Материалдық қорларды түгендеу және қайта бағалау.

Материалдардың нақты қалдығын, оларды сақтау және жіберу дұрыстығын анықтау мақсатымен түгендеу жүргізіледі. Түгендеуді кәсіпорын басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімінде материалды-жауапты тұлға барлық құжаттардың материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жазылып, бухгалтерияға берілгендігі туралы қолхат береді. Түгендеу тізіміне жазулар тек нақты есептегеннен кейін, ұзындығын өлшегеннен кейін, құндылықтардың салмағын өлшегеннен кейін жазылады.

Егер де түгендеу тізімінде ауытқулар табылса, онда салыстыру ведомості толтырылады. Әрбір ауытқу фактісіне материалды-жауапты тұлға жазбаша түсініктеме жазады.

Артықшылықтар кіріске алынуға және кәсіпорын табысына жатқызылуға тиіс: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоттардың дебеті және 6280 «Басқа да табыстар» шотының кредиті бойынша.

Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» немесе 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шоттарының дебеті бойынша және 1310 «Шикізаттар мен материалдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Материалдық зиянның өтелуі 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар» , 3350 «Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар» шоттарының дебеті мен 1250 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
5. Аяқталмаған өндіріс есебі.

Күрделі өндірістерде аяқталмаған өндіріс қалдықтары болуы мүмкін. Өндірістік есеп шоттарының қалдықтары бухгалтерлік баланста көрсетілмейді. Сондықтан да 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімнің шоттарында негізгі өндірісте есептелген шығындар есепті кезеңнің соңында қаржылық есеп шотарына, яғни 1340 «Ақталмаған өндіріс» шоттарына қажетсіздендіріледі. Бұл топ аяқталмаған өндіріс құнын есепке алу үшін мынадай шоттарды қамтиды:

1341 «Негізгі өндіріс»

1342 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары»

1343 «Қосалқы өндірістер».

Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру келесі жазбамен бейнеленеді:

Дебет шот 1341-1343 Кредит шот 8110, 8210, 8310

Келесі есепті кезең басында аяқталмаған өндірістің 1340 бөлімше шоттарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі:

Дебет шот 8110, 8210, 8310 Кредит шот 1341-1343.

1341- 1343 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемінде 8110, 8210, 8310 шоттарда басқару бухгалтериясында жүргізіледі.

1341, 1342, 1343, 8110, 8210, 8310, 8410 және 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің басқа шоттары бойынша кредиттік айналымдары №10 журнал- ордерде бейнеленеді.


  1. Дайын өнім және тауарлар есебі.

Өнімнің өндіріс аясынан айналым аясына өтуін өнімнің шығарылуы деп атайды. Ұйым өнімін өткізу процесінде ақша қаражаттары алынады. Олардың есебінен жұмсалған шығындар жабылады, салықтар және басқа төлемдер бойынша бюджетпен; еңбекті төлеу бойынша жұмыс істеушілермен; жабдықтаушылар мен мердігерлермен, басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.

Ұйымның қаржылық жағдайының нығаюы өндірілген өнімнің дер кезінде дайындалуы мен өткізілуіне тәуелді. Дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жалпылау үшін 1320 «Дайын өнім» шоты арналған. Бұл шоттың дебеті бойынша өндірістен шығарылып, қоймаға берілген өнімнің нақты өзіндік құны көрсетіледі.Шоттың кредиті бойынша өткізілу тәртібінде тиелген немесе сол жерде сатып алушыларға берілген дайын өнім есептен шығарылады. Сатып алушыларға дайын өнімдерді төлеу үшін есеп айырысу құжаттары ұсынылдаы. Дайын өнімдер ұйымның өзі қолданылуы үшін жіберілсе, онда «Дайын өнім» шотына кіріске алынбайды, 1310 «Шикізаттар мен материалдар» тобының сәйкес шоттарында немесе 7210 «Әкімшілік шығындар», 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсетулер бойынша шығындар» шоттарында есептеледі.


Дайын өнімдер есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы


Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит


1.

Өндірістен дайын өнімдер шығарылды

1320

8110, 8210, 8310

2.

Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өзіндік құны қажетсіздендірілді

7010

1320

3.

Сатып алушыларға шот көрсетілді:

сату құнына

ҚҚС сомасына

1210, 2110


6010


4.

ҚҚС сомасы ағымдағы банктік шоттан бюджетке аударылды

3130

1030

5.

Сатып алушылардан ағымдағы банктік шотқа алынды

1030

1210, 2110

6.

Өнімдерді сату бойынша коммерциялық шығындар бейнеленді

7110

1310, 3350

7.

Есепті кезең соңында шоттар жабылды

Табыстар


Шығындар

6010


5610

5610


7110, 7010

Ұйымдар тауарларды Қазақстан Республикасының және шетелдік жабдықтаушылардан ала алады.

Қорларды сатып алу шығындарына мыналар жатады:

- кез келген сауда шегерімдерін, салықтық төлемдерді қайтаруды шегерумен сатып алу шығындары;

- импорт (баж) салығы және сатып алумен байланысты басқа да салықтар;

- жеткізумен байланысты шығындар;

- жүктерді тиеу және түсіру шығындары;

- және қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.

Мысалы, АБС ұйымы шетелдік жабдықтаушыдан тауарлар сатып алды.

1. Жабдықтаушының шот- фактурасы 5000 $ мөлшерінде жабдықтау сомасына рәсімделді.

2. «EXW -зауытынан» жабдықтау шарты.

3. Қорлар 20.02.2006 жылы тиелді, жолда екі апта болды, АБС ұйымының қоймасына 05.03.2006 жылы кірістелді.

4. Доллар курсының теңгеге қатынасы келесідей болды:

10.02.2006 жылдан 20.02.2006 жылға дейін 1$ = 135 теңге;

21.02.2006 жылдан 30.02.2006 жылға дейін 1$ = 136 теңге;

01.03.2006 жылдан 10.03.2006 жылға дейін 1$ = 137 теңге;

5. Кеден декларациясын рәсімдеуде 01.03.2006 жылы баж жинағы 400 000 теңге және ҚҚС 102750 теңге сомасында төленді (5000*137*15%)=102750 теңге).

6. Темір жол қорларды транспортировкалау үшін 5000 теңге және 750 теңге сомасына ҚҚС төлеу үшін шотты 03.03.2006ж. ұсынды.

7. Ұйым «Такелаж» фирмасымен теміржол вагондарынан жүктерді түсіру және қоймаға материалдарды апару үшін келісімге отырды. «Такелаж» фирмасының шот- фактурасына сәйкес қызмет құны 2000 теңге және 300 теңге ҚҚС құрады.

8. Ұйымда қоймада бос орынның уақытша болмауына байланысты басқа жерден қойма жалдауына тура келді. Жалдың құны айына 1500 теңге қосылған 225 теңге ҚҚС.

Сонымен, осы қорларды сатып алу шығындары құрайды:

- шот- фактура бойынша құны: 5000*135=675000 теңге

Дебет шот 1330 675000

Кредит шот 3310, 4110 675000

- кеден жинағы:

Дебет шот 1330 400

Кредит шот 1030 400

- қосылған құн салығы құны:

Дебет шот 1420 102750

Кредит шот 1030 102750

- темір жол қызметтері:

Дебет шот 1330 5000

Дебет шот 1420 750

Кредит шот 3310, 4110 5750

- жүк түсірушілер қызметі:

Дебет шот 1330 2000

Дебет шот 1420 300

Кредит шот 3310, 4110 2300

Қойманы жалға алу шығындары қорларды сатып алу шығындарына жатпайды, олар дайын өнімнің өзіндік құнын кіретін өндірістік үстеме шығындар ретінде жіктеледі.

Сонымен, қорлардың өзіндік құны келесідей анықталады: 682 400 теңге (675000+400+5000+2000).

Сату үшін алынған тауарлардың бар болуы мен қозғалысының есебі үшін 1330 «Тауарлар» шоты арналған. Бұл шоттың дебеті бойынша сатып алынған тауарлардың құны көрсетіледі, ал кредитінен сатып алушыларға тиелген немесе жіберілген тауарлар құны есептен шығарылады.

Сатып алушыларға ұйымның қоймасынан тауарларды босату келісімдермен жүргізіледі. Сатылған тауарлардың іс жүзіндегі өзіндік құны 1330 «Тауарлар» тобы шоттарының кредитінен, 7010 «Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» тобы шоттарының дебетіне қажетсіздендіріледі. Төленуге тиісті көрсетілген шоттардың сомалары 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» және 2110 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шоттарының дебетіне, 6010 «Өнімдерді және қызметтерді сатудан табыстар» шотының кредитінен –жүргізіледі.

Сатып алушылардан ақшалардың түсуінде келесідей жазба жасалады:

Дебет шот 1010, 1020, 1030

Кредит шот 1210, 2110.

Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС сомасын аудару:

Дебет шот 3130 «ҚҚС»

Кредит шот 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы теңгедегі ақшалар».

«Тауарлар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал- ордерде бейнеленеді.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тауарлық-материалдық қорларға не жатады?

2. Тауарлық- материалдық қорларды бағалаудың қандай түрлері бар?

3. Қоймадағы материалдық бағалықтар бойынша қандай құжаттар толтырылады?

4. Материалдардың бухгалтериядағы есебінің жүргізілуі туралы не айтасыз.

5. Тауарлық-материалдық қорлардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

6. Дайын өнімдер деген не?

7. Аяқталмаған өндіріс есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

8. Дайын өнім есебінің жүргізілуі туралы айтыңыз.

9. Тауарлар бары және қозғалысының есебін айтыңыз.

10. Материалдық қорлардың түгендеуі туралы не білесіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет