Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ғылым министрлігі



бет27/42
Дата18.10.2023
өлшемі1.67 Mb.
#480965
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
gtf umkd 2024

Абстракциялау— зерттеліп отырған құбылыстан қызықтыратын жеке қасиеттерді, қатынастарды ойша бөліп алу.
Жалпылау — нәрсенің жалпы белгілері бойынша абстракцияның жоғары деңгейіне өту.
Индукция— жеке ұстанымдар негізінде жалпы қорытынды шығаратын зерттеу тәсілі.
Дедукция — жалпы тұжырымдардан жеке қорытынды тудыратын ойтолғамның тәсілі.
Аналогия — обьектілердің ұқсас қасиеттері бойынша басқа да қасиеттердің ұқсастығын туындататын танымның тәсілі.
Модельдеу— обьектіні алмастыратын көшірмесін жасап, соны зерттеу нысанына айналдыру. Оны материалдық (табиғи заңдылықтар аясындағы) және идеялдық (логика заңдары бойынша қызмет ететін бегілік құрылымдар) деп екіге бөледі. Қазіргі кезде компьютерлерарқылы идеялық модельдеу жиі қолданылады.
Методологиялық білімнің көпдеңгейлі тұжырымдамасына сәйкес, әдістерді былайша ажыратады.
1. Философиялық әдістер: диалектикалық, метафизикалық, аналитикалық, интуитивтік, феноменологиялық, герменевтикалық т.б. Олар абстракциялау деңгейінде әмбебап сипат алады. Олар математикаландыруға, формальдандыруға келмейді, логика мен тәжірибенің қатан терминдері аясына сыйғыздырылмайды. Олар жалпы реттеушілікті тудырады,түп стратегиясын айқындап береді, нақты соңғы нәтижені анықтамайды. Мысал ретінде, нақты көрсететін карта емес, жалпы бағдарды айқындайтын компас қызметінде сияқты болып тұрады.
Диалектикалық қағиданың жалпы әдістері мыналар:
— Объективтілік. Айғақтар мен олардың тұтастығынан, практикадан туындауды талап етеді.
— Жан жақтылық. Шындық құбылыстардың байланысын бейнелей келе, нәрсені жан жақты, тұтастай, көп қырлар бойынша қарастыруды талап етеді.
— Нақтылық. Орын, уақыт сияқты басқа да нақты жағдайларды есепке алып отыруды талап ететін қағида.
— Тарихилық. Нәрсенің өзгеруі мен дамуын басшылыққа алып қарастыруды көздейді.
— Қарама қайшылық қағидасы даму мен өзгерудегі қарама қарсылықтарды және олардың бірлігін тұтас қарастыруды негізге алады.
2. Жалпы ғылыми әдістер. Философиялық және іргелі ғылыми жағдайлар аралығындағы әдістер болып табылады да, информация, модель, структура, функция, система, элемент, оптимальділік т.б. ұғымдармен байланысты болып келеді. Олардың философиялық тәсілдерден айырмашылығы формальдандыруға, математикалық теория бойынша нақтыландыруға келетіндігінді. Сондықтан оған: жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық, ықтималдық принципы мен тұрғылары, моделдеу, формалдандыру т.б. жатқызуға болады.
3. Жеке ғылыми әдістер механика, физика, химия, биология т.б. ғылымдарда арнайы қолданылатын әдістер.
4. Пәндік әдістер белгілі бір пәндер бойынша құрылады.
5. Пәнаралық тәсілдер — синтетикалық, интегративті тәсілдер, олар ғылымдардың тоғысқан сәттерінде қолданылады.
2. Эмпирикалық танымның негізгі әдістері. Байқау — шындықты мақсат қоя қабылдау барысында оның қасиеттері мен қатынастары тіркелетін танымның түрі.
Ғылыми байқау енжар байыптау емес, байқаушы, байқау обьектісі мен байқау құралдары қатысатын арнайы қызмет. Байқаудың маңызды ерекшелігі мақсат қою. Бұл мақсат нені және қалай бақылау керектігін алдын ала айқындайтын және байқаушыға міндеттер қоятын алдын ала ұсынылған идеялармен, болжамдармен шартталады. Ол байқау нәтижелерін тіркеумен шұғылданатын суреттеумен байланысты.
Эмпирикалық суреттеу (описание) — байқалып тұрған обьекті туралы табиғи және жасанды тілдер арқылы мәліметтерді тіркеу. Суреттеу арқылы сезімдік ақпараттар ұғымдар, кестелер, белгілер, графиктер мен цифрлар тіліне аударылады, олар әрі қарай рационалды өңдеуге қолайлы форманы қабылдайды.
Суреттеу сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық суреттеу математика тілін қолдану және өлшейтін процедураларды өткізуді ұсынады.
Өлшеу өлшенетін шаманы, зерттеліп тұрған обьектіні анықтау. Сапалық суреттеу өлшеу нәтижелері мен эмпирикалық тәуелділікті біріктіреді. Өлшеу әдісін енгізу арқылы жаратылыстану ілімдері нақты ғылымдарға айналады.
Эксперимент (Тексеру, тәжірибе) бақылау сияқты эмпирикалық танымның базистік әдісі болып табылады. Ол бақылауды өзіне біріктіргенмен, онымен парапар емес. Эксперимент бақылауға қарағанда, белсенді болып келеді.
Эксперимент — өтіп жатырған құбылыстарды мақсат қоя, белсенді түрде нақты тіркелген жағдайда зерттеуші бақылап отыратын әдіс.
Эксперименттің басым бағыттары:
—экспериментте зерттеліп отырған обьект тек бақыланып қана қоймайды, зерттеуші арқылы қайта жаңғырады.
— эксперимент барысында табиғи жағдайда байқала бермейтін қасеттерді алауға мүмкіндіктер ашылады.
— эксперимент құбылысты күрделендіретін жағдайлардан оқшаулайды және құбылысты «таза күйіне» шығара алады.
—эксперимент жағдайында құралдар мен аппараттар, приборлардың қолданылу аясы артады. Эксперимент теорияны немесе гипотезаны бекіту немесе жоққа шығару мақсатында жиі қызмет етеді.

  1. Теориялық зерттеулердің әдістері. Теория — ғылыми білімді ұйымдастырудың жоғары формасы. Ол мазмұны бастапқы базистен логикалық жолмен туындайтын білімнің жүйесі.

Теория аксиомалықжәнегипотетикалық-дедуктивтікәдіспен құрылады. Аксиоматикалық Евклид геометриясын құруда алғаш рет қолданылды, кейіннен ол эмпирикалық ғылымдарда қолданылды. Бұнда дәлелдеуді қажет етпейтін бастапқы жағдайлар жиналуы қажет болады. Бұл жағдайлар аксиомалар және постулаттар бойынша құрылады.
Бастапқы аксиоманың жиынтығы және одан шыққан пікірлер аксиоматикалық теорияны құрайды. Эмпирикалық ғылымның математикадан, логикадан айырмашылығытеория тек қайшылықты болмауы тиіс қана емес, тәжірибелік жолмен негізделуі тиіс. Бұдан эмпирикалық ғылымдарда теориялық білімдерді құру ерекшеліктері туындайды. Бұндай құрылымның арнайы тәсілі гипотетикалық-дедуктивтік әдіс болып табылады.
Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс бойынша құрылған теорияның бастапқы базисіне гипотеза енеді.
Гипотезатермині екі мағынада қолданылады: 1) проблемалық, дәйекті емес білім формасын сипаттайды. 2) Теория, принцип, заңмен бекітілуге жетелейтін болжау әдісі.
Теория төменнен жоғарыға қарай құрылмайды, болжамнан айғаққа қарай жоғарыдан төменге қарай құрылады. Бірінші гипотетикалық конструкция құрылады, одан соң бұл жүйе тәжірибелік тексеруге тап болады, осы жолда ол нақтыланады. Гипотетикалық-дедуктивтік әдіспен құрылған теорияжаңа гипотезалармен толықтырылады. Бір ғана гипотеза емес, бірнеше бәсекелесетін гипотетикалық-дедуктивтік жүйелер құрылады да, олардың күресінен айғақтарды түсіндіретін және алдын ала айтатын гипотеза жеңіп шығады.
Идеалдандыру — шындықта принципті түрде іске аспайтын абстрактілі обьектілердің ойша құрылуы. («нүкте», «идеалды газ», «абсолютті қара дене» т.б.)
Формалдандыру — мазмұнды білімді формальді тіл арқылы бейнелеу. Обьект жөніндегі пайымдауларды белгіермен ауыстыру операциялары жүрізіледі. Формалдандыру теорияның мазмұнын және оның әр түрлі жағдайларының өзара байланысын жүйелеуге, нақтылауға, ашып көрсетуге және әлі шешілмеген мәселелерді құруға ықпал етеді. Формальдандыру математикада, лингвистикада, логикада кеңінен қолданылады.
Ойша эксперимент — идеалдаған обьектімен елестетілген әрекет, ол логика заңдылықтары мен оның қасиеттеріне сәйкес жүргізілуі керек. Ол эмпирикалық зерттеу әдісі емес, теориялық болып табылады, себебі, ол шынайы обьектімен қаншалықты байланысты еместігіне қатысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет