Пререквизиттері: Философия
Постреквизиттері:
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы):
ЖБҚ3/ОК3/GC3 Ғылым тарихы мен философиясы ғылым ұғымы мен құрылымын, методологиясын, қоғам дамуындағы ролі мен қайшылықтарын, ғылым мен техника ара-қатынасын, ғылым динамикасы мен оның заңдылықтарын, ғылым тарихының негізгі кезеңдерін қарастырады.
Пән бойынша оқытудан нәтижелері:
Күтілетін нәтиже: бағдарламалық: ғылыми теориялардың негізгі концептілерін және казіргі қоғамның түрлі сфераларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсыну;
пәнаралық: философия, тарих, математика психология, мәдениеттану тағы сол сияқты әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста бола отырып, олардың теорияларын ғылыми тұрғыдан қолдана алу;
әлеуметтік: төзімділікке және кұрметтеуге негізделген тұлғааралык және мәдениаралык байланыстар дағдыларын, ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу; семинар сабағында, диспуттарда өз ойын қорғап және дәлелдей білу;
дамытушы: қазіргі коғамның ғылыми мәселелерін жобалауда және болжауда, талдауда тұтастык тұрғыдан келу дағдыларын; әдебиеттермен өзіндік жеке жұмысы, ғылым философиясының методологиялық құрылымын терең оқып, қарастыру.
креативті: кәсіби міндеттерді шешуге альтернативті, жаңа және инновациялық ғылыми тәсілдерді колдана білу
ұйымдастырушы-әдістемелік: ауызша және жазбаша түрде өзінің ойын дұрыс негіздей отырып калыптастыра білу, білімін нақты ситуацияда қолдана білу. Жинақталған бай логикалық-рационалдық материалды және рефлектстік іс-қимылдың аса тиімді құралдарын игере білу болмақ.
Қалыптасатын құзіреттер
Негізгі құзіреттері (НҚ) - магистранттар ғылымның тарихы мен философиясының негізгі түсініктерімен танысады және кәзіргі ғылыми даму жағдайға дұрыс баға беріп, бұл процеске теориялық білімдердерін пайдалана отыра қатысады.
Пәндік құзіреттері (ПҚ) – пән толық аяқталғаннан кейін магистраннтар ғылым тарихы мен философиясы дегеніміз не, ғылым логикасы, ғылым тарихының статусы мен проблемалары қандай заңдылықтармен жүргізіледі, ғылым философиясының методологиялық негіздерін, қоғамдағы ғылымның рөлі мен қызметтерін толық меңгеріп шығады.
Арнайы құзіреттері (АҚ) – ғылым көп жағдайда қазіргі өркениеттің барлық жаман жақтары мен күнәләріне жауапты болатын жағдайда қаралып келді, осы мәселеге дұрыс шешімдер қабылдауға үйренесіздер; ғылыми дамудың мәнін, мүмкіндіктерін, заңдылықтарын айқындауды, келешегін және негізгі түрлерін түсінеді; философиялық концепцияның ғылымның дамыуна әсерін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |