Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Д. Серікбаев атындағы



бет8/8
Дата25.04.2023
өлшемі1.73 Mb.
#472701
1   2   3   4   5   6   7   8
Қалмахан Есдаулет отчет

4.4 Жер телімдерінің ауданын анықтау әдістері
Жер учаскесінің ауданын анықтау – жер пайдалануға берілетін нысанда
жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстарының негізгі құрамас бөлігі. Ауданды анықтау әдістері жүргізілетін өлшемдер мен қолда бар картографиялық материалдарға байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Аналитикалық әдіс. Түсіріс нәтижесінде жер беті үшбұрыштарға
бөлінген болса, нүктелердің анықталған координаталары X және Y арқылы бұл жер бетінің ауданын үшбұрыштың ауданын анықтау формуласын пайдалану арқылы табуға болады.
123 үшбұрышындағы нүктелерінің координаталары X1,2,3 және Y1,2,3 -ге тең болсын. Үшбұрыштың нүктелерінен 8-суретте көрсетілгендей, координат осіне перпендикулярды жүргізіп, олардың ұзындығын белгілейміз. Сонда
үшбұрыштың ауданы I, II және III трапецияларының аудандарының қосындысына тең болады:

Сурет-5 Ауданы анықтаудың аналитикалық әдісі

S=SI+SII+SIII


Бөлшектен құтылу үшін үшбұрыштың
екіге көбейтілген ауданын есептейміз:
2S=(X1+X2)(Y2-Y1)+(X2+X3)(Y3-Y2)-
(X3+X3)(Y3-Y1)
Жақша ашылғаннан кейін келесі
формула пайда болады:
2S=X1(Y2-Y3)+X2(Y3-Y2)-X3(Y1-Y2)
Бұл әдіспен ауданды анықтау тиімдірек. Өйткені есептеу нәтижесінің дәл
шамасы электронды тахеометрлер немесе GPS жүйелерін пайдалану кезінде
анықталған өлшеу қателіктерімен байланысты болады.
Графикалық әдіс. Планда немесе картада жер бетінің бір бөлігінің
ауданын анықтау – графикалық әдіс деп аталады. Әр учаске қарапайым
геометриялық фигуралар ұшбұрыштарға, төртбұрыштарға, трапецияларға
бөлінеді. Әрбір фигура үшін негіз бен биіктік 2 рет анықталады. Шыққан
нәтижелерді әр фигураның ауданын анықтайтын формулаларға салып, жер
телімінің жалпы ауданын жоғарыда анықталған нәтижелердің жалпы
қосындысынан табады. Графикалық әдіс бойынша анықталған ауданның шынайылығы пайдаланылған графикалық материалдың масштабының дәрежесіне тәуелді. Өте ұсақ масштабты карталарда ауданды анықтау тиімді емес, өткені қорытынды нәтиженің шамасы шын мәннен бірнеше есе төмен болады. Жалпы карталарды пайдаланып аудандарды анықтаған кезде, есептеу жұмыстарын бірнеше есе қайталап, шыққан нәтижесін екі қайтара тексеру қажет. Және де осылай екі қайтара жүргізілген есептеулер нәтижелерінің көрсеткіштері бір-бірінен үлкен
айырмашылықта болмауы керек.
Механикалық әдіс. Ауданды анықтаудың механикалық әдісі планиметр
атты құрылғыны пайдаланып еркін шекаралары бар учаскені картада немесе
жоспарда өлшеу жұмыстарынан тұрады. Полярлық планиметрдің екі тұтқасы
болады: полюсті және айналмалысы. Планиметрлер келесі талаптарға сай
болуылары керек:
- планиметрдің санақ дөңгелегі осьпен жеңіл және еркін айналуы керек;
- санақ дөңгелегінің жазықтығы айналмалы рычагтің осьіне перпендикуляр
болуы керек.
Қорытынды

Өндірістік іс – тәжірибе 2023 жылы наурыздың 16 –нан бастап, сәуірдің 19 –на дейін «Құрылыс-Комфорт» ЖШС –інде өтілді. Онда жерге орналастыру, құрылыстық іске байланысты әр түрлі далалық және камералдық жұмыстар кешені атқарылды.


Іс–тәжірибе барысында жерге орналастыру жобаларын дайындау, әзірлеу, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу. Жер учаскелерін біріктіру бөлімі шекараларды түзету, нақтылау, жер учаскелерінің ауданын өзгерту жұмыстарымен қарастырылды.
Практикада жерге орналастыруды жобалау кезіндегі геодезиялық жұмыстардың құрамы қарастырылды. Жер учаскесін планлау схемасы ашылды және сәулеттік шешімдер келтірілген.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді қолдану есептеу жұмыстарының өнімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өту қажет. Бөлу жұмыстарын электронды тахеометрлер сияқты өндірістік аспаптармен орындаған жөн.
Практикадан өту кезеңінде қойылған мақсатқа қол жеткізілді – кәсіпорынның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптерімен, оның негізгі функцияларымен танысу, нормативтік-құқықтық база мен құрылымды зерттеу.
Өндірістік практикадан өту аяқталғаннан кейін құрылымы бұрын санамаланған мақсаттар мен міндеттермен айқындалған есеп ресімделді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі





  1. М. Нұрпейсова, Қ. Рысбеков, О. Сарыбаев, Д. Киргизбаева, Геодезия –

Оқулық, Астана: Фолиант, 2016
2. Ж. Сейфуллин, Жер кадастры – Оқулық, Алматы: ҚазҰАУ, 2001
3. Ж. Игильманов, Г. Кусаинова, А. Игильманов, Инженерлік геодезия – Оқулық, Алматы: Эверо, 2016
4. Т.Есполов, Т.Жоламанов, Т.Пентаев, О.Абралиев, Жер кадастры – Оқулық,
Алматы: 2013
5. Т. Тұяқбаев, С. Солтабаева, Ж. Нукарбекова, Ы. Жақыпбек, Инженерлік
геодезия – Оқулық, Алматы: 2013

Қосымша А


Жер кадастрлық ісі


Қосымша Б


Жер учаскесіне акт


Қосымша В


Жерге орналастыру жобасының титул парағы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет