Тақырыбы: «Инженерлік жүйелер мен желілердің бақылау аспаптары»
Жарықтың көрсеткіштері және оны өлшеу аспаптары. Шу және дірілдің көрсеткіштері және оны өлшеу аспаптары. Аталған әсерлерден адамды тиімді қорғау көрсеткіштері.
Дәрістің мақасты: Жарық шамасын, шу, діріл деңгейін өлшеуге арналған аспаптар. Аталған әсерлерден адамды тиімді қорғау көрсеткіштері.
Жарықтың күн көзінен және аспан денелерінің шағылысуынан пайда болған түрін – табиғи жарық көзі дейміз де, электр шамдары арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық көзі деп атаймыз.
Жарықтың көрсеткіштері.
Жарық ағыны (Ф) дегеніміз көрінетін сәулемен көзге әсер ететін күші . Өлшемі - люмен ( лм ) .
Жарық күші (І) дегеніміз кеңістік бұрышындағы жарық ағынының тығыздығы. Ол мына формуламен есептеледі :
Ф
І = —— лм/рад , (59)
ω
ω - кеңістік бұрышы , рад ;
Жарық ағынын бірлік ауданға түскен мөлшерін жарық шамасы дейміз , ол Е әрпімен белгіленеді де
F
Е = —— ,люкс (59)
S
Жарық шамасының өлшеу бірлігі – люкс (лк) – ол ауданы 1 шаршы метрге тең жерге қуаты 1 люмен сәуле түскендегі жарық шамасы. Ал кез-келген нүктеге түскен жарық шамасы табиғи жарық коэффициенті (Т.Ж.К.) әрпі арқылы сипатталады:
(60)
- табиғи жарық коэффициенті анықталып отырған нүктенің жарық шамасы.
- сырттағы күн сәулесінің жарық шамасы.
Табиғи жарық коэффициенті ( ) зерттеп отырған нүктедегі жарық шамасы мен сырттағы күн көзі беретін жарық шамасы арасындағы проценттік қатынасты көрсету арқылы белгілі бір нүктедегі жарық шамасына сипаттама береді.
Кез-келген жазықтыққа түсіп тұрған жарық шамасын анықтау үшін люксметр аспабы қолданылады. Біз тәжірибе кезінде Ю-116 люксметрмен өлшем жүргіземіз.
Люксметр Ю-116 - өлшегіш бөлігінен 1 , жеке фотоэлементтен 2 және насадкадан 3 тұрады. Өлшегіш бөліктің бетінде өлшем көрсеткіш, түзеткіш, өлшемді өзгерткіш түйме және стрелканы нөлге қоятын тетік орналасқан.
Өлшегіш бөліктің қапталында селенді фотоэлементті жалғайтын розетка бар.
Насадканың ішіне қойылатын жарық сүзгілері ( М, Р, Т әріптерімен белгіленген) өлшеу шамасын өзгертуге арналған.
72- Сурет. Люксметр Ю-116 жалпы құрылысы.
1 - өлшегіш бөлік, 2 - фотоэлемент, 3 – насадка, 4 – сүзгі,
5 - өлшемді өзгертетін түймелер, 6 – нөлге қоятын тетік.
Люксметр Ю-116 өлшегіш бөлік шкаласының негізгі екі өлшем шамасы бар (5…..30 және 20…..100 лк).Сонымен қатар сүзгілердің көмегімен өлшеу шамасын тағы алты қосымша шамаларға өзгерте аламыз (50…..300 , 200…..1000 және 500…..3000 , 2000…..10000 және 5000…..30000 , 20000 …..100000 лк). Фотоэлементке насадкаға М сүзгісін пайдаланып өлшемді 10 есе , Р сүзгісін пайдаланып 100 есе , Т сүзгісін пайдаланып 1000 есе өлшем шамасын өзгертеміз. М,Р,Т сүзгілері жарықты жұтқыштар болып есептелінеді.
Өлшемді бастамас бұрын люксметрдің өлшегіш бөлігін горизонталь жазықтыққа қоямыз. Аспаптың стрелкасы нөлде тұрғанын тексереміз. Бұл уақытта фотоэлемент өлшегішке жалғанбай тұруы керек. Қажет болса түзеткіш арқылы стрелканы нөл бөлігіне қоямыз.
Өлшем бірлігін дұрыс алу үшін былай істейміз. Өлшемді өзгерткіш, оң жақтағы түймені басқанда, өлшем көрсеткішін шкаланың 0…..100 дегенінен қараймыз. Ал сол жақтағы түймені басқанда – 0…..30 шкаласынан көрсеткішті қараймыз.
Аспаптық көрсеткіші біздің өлшемге қандай сүзгіні пайдаланғанымызға және қай түймені басқанымызға байланысты. Мысалы: біз насадкаға Р сүзгісін кигізсек және сол жақтағы түймені бассақ стрелкамыз 0…..30 шкаласынан 10 бөлікті көрсетіп тұрса, демек өлшеп тұрған жарық шамасы 10 х 100 = 1000 люкс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |