Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет31/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Мақсаты: Әр түрлі су құбырлары желісін гидравликалық есептеумен танысу.
Тармақталған су құбыры желісі- суды пайдаланушыға жеткізуге арналған бір-біріне жалғанған құбыр жүйесі. (1-сурет, а.) Осындай құбыр желісіндегі қысымның жоғалуы келесі формуламен анықталады:


hl = i1l1+i2l2+….+imlm (1)
немесе
hl = Kп1 Sl q21+ Kп2 S2 q22 +….+ Kпm Sm q2m (2)


яғни, бір-біріне жалғанған құбыр желісіндегі жоғалған қысымның суммасына тең.
бұндағы: hl –құбыр желісіндегі қысымның жоғалуы;
i1, i2, im-құбыр желісінің бөлшектері;
Kп1, Kп2, Kпm- қысымның жоғалу коэффициенті;
Sl, S2, Sm-құбыр желісінің кедергісі;
q1, q2, qm –бөлшектердегі су шығыны, м3
Сақина тәрізді құбыр желісін есептеу қиынға соғады. Басты қиындық құбыр желісіндегі бөлек желілердегі қозғалыс бағыты мен шығын мөлшерін анықтауда туындайды.
Сақина тәрізді желідегі судың қозғалысы 2 ережеге (1-сурет , б.) негізделген:
1. Сақина тәрізді желідегі шығынның мөлшері-желінің 1 саласындағы қысымның жоғалуы басқа саладағы қысымның жоғалуымен тең жағдайды қамтамасыз ететіндей болып бөлінеді.


1-сурет. Су құбырлары желісі
а - тармақталған; б - сақина тәрізді; НС-насос станциясы; ВБ - су қысымды мұнара

1-суреттің б көрсетілген жағдай үшін:




habcd=haed ; hcfg= hcdhg және т.с.с.


Су қозғалысы сағат тілі бағытына сәйкес оң таңбасына ие және сағат тілі бағытына қарсы теріс таңбаға ие, сақина тәрізді желінің әр түрлі бөлшектеріндегі қысымның жоғалуын төмендегі формула арқылы анықтауға болады:
Σhпот= 0 (3)


бұндағы: hпот—сақина бойында жоғалған қысымның алгебралық суммасы.


2. Жүйе торабына судың келу кезіндегі шығын суммасы осы тораптан шығу кезіндегі шығын суммасына тең болуы шарт. (тораптағы шығынды қосқанда). 1-суреттің б көрсетілген жағдай үшін:


qbc=qcd+qcf; qеd+ qcd=qdh және т.б.


Тораптан шығу кезіндегі теріс таңбаға ие шығын мөлшері мен, торапқа келу кезіндегі оң таңбаға ие шығын мөлшерін мына теңдеумен жазуға болады:


Σq= 0, (4)


бұндағы: Σq — торапқа келген және шыққан алгебралық шығынның суммасы (тораптағы шығынды қосқанда).
Сақина тәрізді суқұбыры желісін есептеу, құбыр диаметріне, әр-түрлі бөлшектеріндегі су шығынының суды жіберу орынынан, жеткізілетін нүктесіне дейінгі қысымның жоғалуын анықтауға көмектеседі.
Бастапқы орыннан, жүйенің соңғы су жеткізу нүктесіне дейінгі қысымның жоғалуын қадағалау үшін, жүйені барлық тораптарымен сақиналары үшін (3) және (4) теңдеуі орындалатындай етіп орналастырады.
Сақина тәрізді су құбыры желісін есептеудің бірнеше түрі бар. Қазіргі кезде сақина тәрізді су құбыры желісін есептеу соңғы озық технология, түрлі есептегіш машиналар көмегімен жүзеге асырылады.
Сақина тәрізді желіні есептеу бірнеше мәрте жүргізіледі: максимальды шаруашылыққа қажет суды алу үшін, өртке қарсы қолданалатын су көлемі үшін т.б.
Осы есептеулер негізінде құбыр желесі үшін қажетті қысымды анықтайды, ол қысым насостардың және су қысымды мұнара көмегімен жүзеге асырылады. Су қысымды мұнараның биіктігі мына формуламен анықталады: (2-сурет)



2- сурет. Насос қысымы мен суқысымды мұнараның биіктігін анықтау схемасы


а - су қысымды мұнара желі басында; б - су қысымды мұнара желі соңында (контр ­резервуар)
Нбсв + hпот.с - (zб - zд), (5)

бұндағы: Нсв - өздігінен ағу кезіндегі еркін қысым;


hпот.с -желідігі жоғалған қысым суммасы;
zд және zб - еркін қысым кезіндегі жер беті биіктігінің нүктесі және су қысымды мұнара орналасқан жердің биіктігі.
Еркін қысым кезіндегі жер беті биіктігінің нүктесі ретінде - су қысымды мұнара биік болғандағы нүкте алынады. Ол көбіне мұнарадан алыс басқа жерлерге қарағанда биік болатын нүкте болып табылады.
Насостың қысымын төмендегі формуламен анықтайды: (2-суретті қараңыздар)


Н = Нб + Нбака + hпот.в+ hпот.вc +( zб - zo), (6)

бұндағы: Hбака суқысымды мұнарадағы бакта орналасқан судың биіктігі;


hпот.в - суды мұнараға дейін жеткізу жолында жоғалған қысым суммасы (мұнара желі соңында болса, hпот.в -желідегі және жеткізу жолындағы қысым);
hпот.вc - сору құбырында жоғалған қысым суммасы;
zo -су қоймасындағы судың ең төменгі деңгейі.

Тапсырмалар:



  1. Су құбырлары желісі қалай анықталады?

  2. Тармақталған су құбыры желісіндегі қысымның жоғалуы?

  3. Сақина тәрізді құбыр желісін есептеу?

  4. Насос қысымы мен суқысымды мұнараның биіктігін анықтау?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет