Тәжірбиелік жұмыс №3
Тақырыбы: «Есептік шығынды және еркін қысымды анықтау»
Есептік шығын. Судың күндік есептік шығыны. Күн ішіндегі ең көп және ең аз суды тұтынудың есептік шығыны. Судың сағаттық есептік шығыны. Еркін қысым. Суды жеткізудің геометриялық биіктігі.
Мақсаты: е септік шығынды және еркін қысымды анықтау тәсілдерімен танысу.
Есептік шығын. Құбыр желісі қондырғысы бүкіл жұмыс жасау уақытына сай келетін, су жіберу қабілетіне ие болуы керек. Есептік шығын ретінде - ең көп суды тұтыну күнінің суды максимальды алу сағатындағы шығын алынады.
Шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілікке жұмсалатын судың күндік есептік шығыны (орташа жылдық), м3/күн, мына формуламен анықталады:
Qср.сут = qжN/1000, (9)
бұндағы: qж — суды тұтыну нормасы;
N — тұрғындардың есептік саны.
Күн ішіндегі ең көп және ең аз суды тұтынудың есептік шығыны, м3/күн, мына формула бойынша анықталады:
Qmax cут =Кmax cут Qср cут (10)
Qmin cут =Кmin cут Qср cут (11)
бұндағы: Кmax cут және Кmin сут - күндік сәйкессіздіктің максимальды және минимальды коэффициенті.
Ол өндірістің жұмыс жасау режиміне, жабдықталуының деңгейіне, жыл мезгілінде және апта күндерінде суды тұтыну режиміне байланысты өзгереді. Ол Кmax cут = 1,1-1,3; Кmin сут 0,7-0,9 арлықтарында болады.
Судың сағаттық есептік шығыны, м3/сағ, төмендегі формуламен анықталады:
qmax ч =Кmax ч Qmax cут/24 (12)
qmin ч =Кmin ч Qmin cут/ 24 (13)
бұндағы: Кmax ч және Кmin ч -сағаттық сәйкессіздіктің максимальды және минимальды коэффициенті, ол келесі формуламен анықталады:
Кmax ч = αmax β max (14)
Кmin ч= αmin β min (15)
бұндағы: α ғимараттың жабдықталуына және өндірістің жұмыс жасау режиміне байланысты өзгеретін коэффициент;
αmax = 1,2 - 1,4; αmin = 0,4 - 0,6;
β - тұрғындар санына байланысты өзгеретін коэффициент ;
β max = 1….. 4,5;
β min = 0,01 ... 1 аралықтарына тең.
Достарыңызбен бөлісу: |