Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет34/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Еркін қысым. Су желісіндегі су- артық қорымен (қалдық қысым hост) ғимарат ішіндегі ең алыс және ең биік нүктеге жетуі керек. Осыған қажетті қысымды, еркін қысым (4-сурет) Н немесе қажетті қысым деп атайды.

4-сурет. Сыртқы желіден суды ғимарат ішіне жіберу схемасы


Нcв = Hг + hпот+hост (16)


бұндағы: Нг - жер бетінен ең биік суды алу нүктесіне дейінгі суды жеткізу жолының геометриялық биіктігі, м;
hпот — ішкі желідегі қысымның жоғалуы, м;
hост —есепке алу аспабындағы, қалдықты қысым мөлшері, м.
Суды жеткізудің геометриялық биіктігін Нг, м, келесі формуламен анықтайды:


Нг= hпл+ (n-1) hэт+hпр (17)

бұндағы: hпл — жер бетінен бірінші қабат деңгейіне дейінгі биіктік (жоспарлық биіктік);


n —ғимараттағы қабаттар саны;
hэт —ғимараттағы қабаттар биіктігі;
hпр — еден үстінде есепке алу аспабының орналасу биіктігі.

Тапсырмалар:



  1. Есептік шығынды есептеу.

  2. Судың күндік есептік шығынын анықтау.

  3. Күн ішіндегі ең көп және аң аз суды тұтынудың есептік шығынын табу.

  4. Судың сағаттық есептік шығынын анықтау.

  5. Еркін қысымды табу.

  6. Суды жеткізудің геометриялық биіктігін есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 2




Тәжірбиелік жұмыс №4
Тақырыбы: «Су құбыры желісін есептеу»

Сыбағалы су шығыны. Магистральды желінің құбырының диаметрі анықтау. Есептік шығынды анықтау. Болат және шойын су құбырындағы сыбағалы қысым шығыны.


Мақсаты: су құбырын желісін есептеуге қажетті өрнектермен танысу.


Су құбыры желісін есептеу- қажетті су шығынын қамтамасыз етуге керек құбыр диаметріне және жоғалған қысым шығынына байланысты анықталады. Соңғысы насос жүзеге асыратын қысым мөлшерін және су қысымды мұнара биіктігін анықтауға қолданылады.
Су құбыры желісін есептегенде өндірістік ошақтар үшін (өндірістік және шаруашылықтық- тұрмыстық қажеттіліктер үшін) су бір жерге бағытталған тұтыну ретінде берілсе, ал қалалар мен мекен ету ошақтарына шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілік үшін-магистральдық желінің бүкіл бойына бірдей тұтыну түрінде беріледі. Бірдей тұтыну түрінде берілетін 1 метр желінің ұзындығына келетін су шығынын (жыл бойына) сыбағалы (удельный) шығын деп атайды, ол келесі формуламен анықталады:


qуд=qоб/ Σl (18)


бұндағы: qоб —желінің бүкіл бойында жоғалған жалпы шығын;
Σl — магистральды желінің ұзындығы.
Магистральды желінің құбырының диаметрін келесі формуламен анықтайды:
_____
d=√ 4q/πυ (19)


бұндағы: q — есептік шығын;
υ — құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы.
(4.2) формуласындағы υ белгісіз шама болып саналады. Жоспарлық ұйымдардың тәжірбиесі көрсеткендей, ең тиімді су жылдамдығы υэ кіші диаметрлі құбыр үшін 0,6-0,9 м/с, ал үлкен диаметрлі құбыр үшін 0,9-1,5 м/c аралықтарына тең.
Есептік шығынды келесі формула арқылы анықтайды:


q=qт + 0,5 qп (20)


бұндағы: qт — транзитті шығын;
qп — жол бойындағы шығын.
Есептік шығын негізінде қысым шығынын есептеу нәтижесі, желінің бүкіл бойына суды бірдей тарату кезіндегі қысым шығынына тең.
Су құбыр желісін максимальды суды тұтыну көлемі үшін де есептейді.
Болат және шойын су құбырындағы сыбағалы қысым шығынын келесі формуламен анықтайды: (СНиП 11-31-74): егер υ < 1,2 м/с болса


i= 0,00148 (q2/ dр5,3)(1+0,867/ υ)0,3 (21)


егер υ ≥ 1,2 м/c болса
i= 0,001735 (q2/ dр5,3) (22)


бұндағы: q — су шығыны, м3/с;
dрқұбырдың ішкі есептік диаметрі, м.
(21) және (22) формуласымен есептеуді жеңілдету үшін кесте жасалынады. Кестені пайдалана отырып, қысым шығынын есептеуді мына формула арқылы анықтайды:


hl = il (23)
l-желінің ұзындығы;
і-болат немесе шойын су құбырының сыбағалы қысым шығыны.
Құбырдағы қысымның жоғалуын сонымен қатар келесі формуламен де анықтауға болады:
hl = Kп Sl q2 (24)

бұндағы Sl = Аl l— су құбырының кедергісі.


Әр түрлі материалдардан жасалған құбырлардың сыбағалы (удельный) Аl және Кп коэффициенттернің мәні арнайы қосымшада берілген.

Тапсырмалар:



  1. Сыбағалы су шығынын есіптеу.

  2. Магистральды желінің құбырының диаметрі анықтау.

  3. Есептік шығынды анықтау.

  4. Болат және шойын су құбырындағы сыбағалы қысым шығыны есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН2






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет