Тәжірбиелік жұмыс №5
Тақырыбы: «Су құбыры желісін пайдалануға қабылдау»
Су құбыры желісін пайдалануға қабылдау тәртібі. Құбыржелісінің төселу еңістігі. Гидравликалық сынақ. Қысымды құбыр желісін сынақтан өткізу. Сынақтық қысым.
Мақсаты: с у құбыры желісін пайдалануға қабылдау тәртіптерімен танысу.
Су құбыры желісін пайдалануға қабылдау жұмыстары келесі бөлімдерден тұрады:
1) орындалған жұмыстардың жоспар бойынша жасалғанын тексеру;
2) су құбырының және қондырғылардың көзге көрінетін бөліктерін тексеру;
3) гидравликалық сынақтан өткізу немесе жасалған сынақтың актымен танысу;
4) жуу немесе заласыздандыру немесе оның актын тексеру және т.б.
Құбыржелісінің төселу еңістігін жоспарға сай екендігін тексеру өте маңызды. Осы мақсатта олардың профилін құралмен тексеру жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар құбыр желісін қысыммен сынаған кезде ауа және судың сыртқа еркін шығуын қадағалайды.
Құбыр желісінің беріктілігімен араларындағы жамаулардың (жалғанған жерлері) тығыздығын тексеру үшін гидравликалық сынақ жүргізіледі. Траншеялар және каналдармен жүргізілетін қысымды құбыр желісін 2 рет сынақтан өткізеді:
1) бастапқы сынақ — траншеяны көмуге және арматураларды орналастыруға дейін;
2) соңғы сынақ — траншеяны көміп, гидранттар, сақтандырғыш клапандар және вантуздардан басқа (олардың орынын нығыздап уақытша бітейді) барлық жұмыстар біткеннен кейін.
Су асты құбырларын да сынақтан 2 рет өткізеді: су қоймасы табанында дәнекерленгеннен кейін және траншея түбінде оны көмуге дейін.
Бастапқы сынақ - сынақтық қысымдағы құбыр желісін монометр көмегімен, қысымның төмендеуін бақылау арқылы сынауға негізделген.
Соңғы сынақ-сынау қысымында, құбыр желісінен судың сыртқа шығу көлемінің өзгерісіне негізделген.
Сынақтық қысым-жұмыстық қысымға байланысты 1-кестеге сай алынады. Жұмыстық қысымды жоспарға қарап анықтайды. Ол сыналатын бөліктегі ең жоғарғы жұмыстық қысымға сәйкес келуі керек.
1-кесте. Сынақтық қысым.
Құбыр желісі
|
Жұмыстық қысым коэффициенті
|
Сынақтық қысым
|
Болат
|
1,25
|
Кем дегенде 1 МПа; жұмыстық қысымнан кем дегенде 0,5 МПа артық
|
Шойын
|
-
|
Жұмыстық қысымнан 0,5 МПа артық
|
Су асты болат құбыры
|
2
|
Кем дегенде 1 МПа;
|
Темір бетонды асбестоцементті
|
-
|
Жұмыстық қысымнан 0,3 МПа артық
|
Полиэтиленді
|
1,5
|
-
|
Соңғы гидравликалық сынақты құбыр желісінің әр бөліктері үшін кезектестіріп жүргізеді. Әр сыналатын бөліктің 2-жағын нығыздап фланцамен бітейді. (5-сурет)
5-сурет. Құбыр желісі бөлігін гидравликалық сынақтан өткізу схемасы
1 - өлшегіш ыдыс; 2 - тығынды кран; 3 - реттегіш вентиль; 4 - манометр; 5 - гидравликалық пресс; 6 -ауа жіберу вентилі.
Бөліктің биік жеріне артық ауаны сыртқа жіберуге арналғын винтелі бар құбыр жалғанады, ал төменгі нүктесіне қысымды көтеруге арналған гидравликалық прессті қосады.
Соңғы сынақ мына кезек бойынша жүргізіледі. Алдымен құбыр желісіндегі қысымды сынақтық қысымға дейін жеткізеді де, 10 минут ішінде оны кем дегенде 0,1 МПа шамасында ғана төмендетуге болатын мөлшерде ұстайды. Қажет болған жағдайда құбырға насос немесе пресс көмегімен қосымша су көлемін қысыммен жібереді. Осы процесстен кейін суды сыртқа шығару арқылы қысымды монометр көмегімен бақылап сынақтық қысымға жақын мөлшерге әкеліп тоқтатады. Осы сәт сынақтың бастапқы кезеңі саналады. Қысымның төмендеуін бақылағаннан кейін, суды қайтадан кем дегенде 10 минут ішінде құбыр желісіне жіберіп қысымды сынақтық қысымға дейін жеткізеді. Суды қайтадан өлшегіш ыдысқа жіберіп, қысымды бастапқы мөлшеріне түсіреді. Құбыр желісінен сыртқа кеткен қысым шығынының мөлшері:
q = V/ bT (25)
бұндағы: V —сынақтың басынан соңына дейінгі өлшегіш ыдыстағы судың көлемінің өзгеруі (құбырға жіберілген және сыртқа шыққан су көлемі арасындағы айырмашылық);
b— қысымның 20% -ға дейін төмендеуі кезінде 1-ге тең, 20%-дан артық төмендеуі кезінде 0,9-ға тең коэффициент;
Т — сынақ жүргізілген уақыт, мин.
Сынақтан өткен құбыр желісі бөлігіндегі қысым шығынының деңгейі 2-кестеде көрсетілген рұқсат етілген қысым шығынының деңгейінен аспаса сынақтан өткен деп есептелінеді.
2-кесте. Ұзындығы 3 км құбыр бөлігіне рұқсат етілген қысым шығынының деңгейі
Құбыр диаметрі,
мм
|
рұқсат етілген қысым шығынының деңгейі, л/мин, келесі құбырлар үшін
|
Құбыр диаметрі,
мм
|
рұқсат етілген қысым шығынының деңгейі, л/мин, келесі құбырлар үшін
|
болат
|
шойын
|
цементтік
|
болат
|
шойын
|
цементтік
|
100
|
0,28
|
0,7
|
1,4
|
450
|
1,05
|
2,1
|
2,96
|
150
|
0,42
|
1,05
|
1,72
|
500
|
1,1
|
2,2
|
3,14
|
200
|
0,56
|
1,4
|
1,9
|
600
|
1,2
|
2,4
|
3,44
|
250
|
0,7
|
1,55
|
2,22
|
700
|
1,3
|
2,55
|
3,7
|
300
|
0,85
|
1,7
|
2,42
|
800
|
1,35
|
2,7
|
3,96
|
350
|
0,9
|
1,8
|
2,62
|
900
|
1,45
|
2,9
|
4,2
|
400
|
1
|
1,95
|
2,8
|
1000
|
1,5
|
3
|
4,42
|
Сынақтан кейін құбыр желісін пайдалануға беруден бұрын жоғарғы жылдамдықтағы сумен шаяды. (кем дегенде 1 м/с). Шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілікке қолданатын су құбырын 1 литр суда 40 мг активті хлоры бар ертіндімен заласыздандырады. Хлорлы су құбыр желісінде 1 күн тұруы керек.
Тапсырмалар:
Құбыржелісінің төселу еңістігін табу.
Гидравликалық сынықты жүргізуді анықтау.
Қысымды құбыр желісін сынақтан өткізуді жасақтау.
Сынақтық қысымды есептеу.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1
Достарыңызбен бөлісу: |