Тәжірбиелік жұмыс №7
Тақырыбы: «Су резервуардың көлемін есептеу»
Су резервуарларды қолдану мақсаты. Резервуардағы жалпы су көлемін анықтау. Өрт сөндіруге қажетті су көлемін анықтау. Таза су резервуарының құбыр желілерімен жабдықталуы.
Мақсаты: с у резервуарларды қолдау мақсаты және жалпы су көлемін анықтау амалдарымен танысу.
Резервуарлар су қорын сақтауға арналған қондырғы. Резервуарлар келесі мақсатта қолданылады:
а) 1- көтеру насосы және сүзу станцияларынан келген суды қабылдау және сақтау;
б) қайтымды су жүйесін толықтыратын «жаңа» су қорын қабылдау;
в) желідегі қысымды бір қалыпты ұстау (су қысымды резервуар) үшін және реттеуші су қорын сақтау;
г) өрт сөндіруге және апатты жағдайда қажетті су қорын сақтау.
Көбіне резервуарлар жоғарыда көрсетілген мақсаттардың бірнешеуіне қатар қолданылады.
Резервуарлар көлемі олардың пайдалану түріне және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына тікелей байланысты. Су қысымды мұнара орынына пайдаланатын биік жерге орнатылған резервуарлар көлемі су қысымды мұнара қазанының көлемін анықтау 6.1-формуласымен анықталады.
Суды сүзу станцияларындағы резервуардағы таза су көлемі, сүзу станциясынан келіп құйылған сумен 2-лік насос арқылы желіге жіберілген су көлемі айырмашылықтарын қалыпқа келтіруге қажетті резервуардың реттеу көлемімен анықталады. Резервуардың реттеу көлемін Vр, сүзу станциясынан келіп құйылған және екіншілік насос арқылы желіге жіберілген су көлемінің сатылы немесе интегральды графигі көмегімен белгілейді.
Таза су резервуарында сонымен қатар өрт сөндіруге қажетті Vп және техникалық қажеттіліке керек Vф (фильтрлерді және т.б. қондырғыларды шаю) су көлемі болады.
Сонымен резервуардағы жалпы су көлемі:
V= Vр+Vф + Vп (27)
Норма бойынша өрттің ұзақтығы 3-сағатқа тең деп алынады. Осы уақыт ішінде резервуардан шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілікке максимальды су шығыны және өртке сөндіруге қажет су көлемі Qп желіге жіберіледі. Осы кезде резервуарда суды реттеу көлемі болмайды. Ал резервуарға су 1-лік насос арқылы үзіліссіз жіберіліп отырады Q1,.
Сәйкесінше,
Vп =3 Qп+ ΣQх - 3 Q1 (28)
бұндағы: ΣQх — 3 сағат ішінде максимальды шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілікке керек суды тұтыну көлемі (график бойынша)
9-суретте көрсетілгендей резервуарлардағы су құбырының орналасу тәртібі төмендегідей болады: 1-құбыр арқылы таза су резервуарға жіберілсе, 3-құбыр көмегімен таратылады. Сонымен қатар резервуар 2- артық суды сыртқа шығару және 4 лас суды төгу құбырларымен жабдықталған.
9-сурет Таза су резервуарының құбыр желілерімен жабдықталуы
2 немесе оданда көп резервуарлар қатар орналастырылса, олардың арасында бір-бірімен жалғанған құбыр желілері орнатылады. Резервуарларды көп жағдайда темір бетоннан жасайды. Темір бетонды резервуардың көлемі 2000 м3 кіші болса шеңбер формасында (10-сурет), ал одан үлкен болса — тік бұрышты формада жасайды. Цилиндр тәрізді резервуардың жабыны балкасыз тегіс бетті, ал тік бұрышты резервуардың жабынын— тегіс бетті балкалы немесе балкасыз болып орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |