10-сурет. Ылғал грунтқа салынған көлемі 1000 м3 темір бетонды резервуар
1 — нығыздалған грунтағы табаны, битуммен гидроизоляцияланған бетон, 2- қабырға, 3 — люк, 4 — вентиляциялық құбыр; 5 — жабын; 6 — битумды гидроизоляция, 7 — ласты сыртқа шығаратын құбыр; 8—лас тұнбалар жиналатын орын.
Темір бетонды резервуарлар монолитті немесе бөлек элементтерден жинақталатын құрастырмалы түрде болады. Олардың ішкі беті су өткізбейтін жабынмен, ал сыртқы беті темірмен қапталады. Кірпіштен және тастан жасалатын резервуар қазіргі кезде өте сирек салынады.
Тапсырмалар:
Резервуардағы жалпы су көлемін анықтау.
Өрт сөндіруге қажетті су көлемін анықтау.
Таза су резервуарының құбыр желілерімен жабдықталуы.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 2
Тәжірбиелік жұмыс №8
Тақырыбы: «Канализациялық жүйенің есептік шығынын анықтау»
Тұрмыстық ақаба су шығыны. Суды алу нормасы. Тұрмыстық ақаба судың жалпы сәйкессіздік коэффициенті және орташа секундық шығыны.
Мақсаты: К анализациялық жүйенің есептік шығынын анықтау амалдарымен танысу.
Есептік шығын деп- ақаба судың мүмкін болатын ең көп секундық шығынын айтады. Осы есептік шығын негізінде канализациялық жүйенің және қондырғылардың параметрлерін есептейді.
Тұрмыстық ақаба су шығыны- канализациялық жүйені пайдаланатын тұрғындар санына және тұрмыстық суды алу нормасына сай, ал өндірістік ақаба су шығыны- өндірілетін өнім көлеміне және өндірістік суды алу нормасына байланысты өзгереді.
Суды алу нормасы деп- канализациялық жүйені пайдаланатын 1 адамға келетін немесе өндірісте шығарылатын 1 өнімге келетін ақаба судың 1 күндік шығыны. Суды алу нормасы суды пайдалану нормасына тең 3-кестеде көрсетілген.
Ақаба су көлемі канализациялық желіге әр күндері, күн ішінде және сағат бойына біркелкі келмейді. Ол сәйкессіздік суды тұтыну графигіне сай, сатылы немесе интегральды график түрінде көрсетіледі. (6 және 7 суреттері тәрізді 6 практикада).
Есептік шығынды есептегенде күндік Ксут және сағаттық Кч сәйкессіздік коэффициенттері орынына жалпы сәйкессіздік коэффициенті қолданылады:
К общ = Ксут Кч = Qmax ч / Qср ч (8.1)
бұндағы: Qmax ч — максимальды суды алу күніндегі максимальды сағаттық шығын;
Qср ч — орташа суды алу күніндегі орташа сағаттық шығын.
Тұрмыстық ақаба судың жалпы сәйкессіздік коэффициенті – олардың орташа секундтық шығынына байланысты:
Орташа секундық
шығын, л/с
|
5
|
15
|
30
|
50
|
100
|
200
|
300
|
500
|
800
|
≥1250
|
К общ
|
3
|
2,5
|
2
|
1,8
|
1,6
|
1,4
|
1,35
|
1,25
|
1,2
|
1,15
|
Qср. сут., м3/күн, q mах сек, л/с, су шығыны, келесі формуламен есептелінеді:
Қаланың тұрмыстық ақаба суы үшін:
Qср. сут.= Nqж/1000; (29)
qmах. сек.= (Nqж/86400) Kобщ (30)
Өндірістік ақаба су үшін:
Qср. сут.= Псут qпр/1000; (31)
qmах. сек.= (Псм qпр/Т 3600) Kч (32)
бұндағы N —тұрғындар саны;
qж; qпр — тұрмыстық және өндірістік ақаба суды алу нормасы, л;
Псут, Псм — сәйкесінше 1 күн ішінде және 1 сменде Т уақыты ішінде шығарылған өнім саны, сағат;
Kобщ — тұрмыстық ақаба судың жалпы сәйкессіздік коэффициенті;
Kч — өндірістік ақаба судың сағаттық сәйкессіздік коэффициенті.
Канализациялық жүйені есептегенде, ағу модульін пайдаланып шығынды анықтауға болады, ол мына формуламен анықталады:
qо =ρqж/86400, (33)
бұндағы: ρ—1 га.-ғы тұрғындар тығыздығы.
Есептік шығын:
qmах. сек = qо FKобщ (34)
бұндағы: F—канализациялық желімен қамтылған тұрғындар территориясындағы кварталдар ауданы, га.
3- кесте. Ақаба судың есептік шығынын есептеудің мысалы
Желінің есептік бөлігі
|
Шығынды құрайтын квартал номері
|
Квартал ауданы, га
|
Ағын модульі, л/(с∙ га)
|
Қосымша және қосалқы шығынның суммасы, л/с
|
транзитті шығын, л/с
|
Суммалық шығын, л/с
|
Кобщ
|
Тұрмыстық ақаба судың есептік шығыны, л/с
|
Бағытталған шығын, л/с**
|
Жалпы есептік шығын, л/с
|
қосалқы
|
қосымша*
|
жергілікті
|
транзитті
|
0-1
|
__
|
1
|
4
|
0,8
|
3,2
|
__
|
3,2
|
3
|
9,6
|
20
|
__
|
29,6
|
1-2
|
__
|
__
|
__
|
__
|
__
|
3,2
|
3,2
|
3
|
9,6
|
__
|
20
|
29,6
|
2-3
|
4
|
5
|
12
|
0,8
|
9,6
|
3,2
|
12,8
|
2,4
|
30,7
|
__
|
20
|
50,7
|
3-4
|
2
|
6
|
12
|
0,8
|
9,6
|
12,8
|
22,4
|
2,2
|
49,2
|
__
|
20
|
69,2
|
* Қосымша шығын - жақын орналасқан кварталдың желінің басына келіп қосылған шығыны.
** Бағытталған шығын - өндірістік мекемелердің тұрмыстық және есептік шығындарының суммасы.
Канализациялық желінің жекелеген бөліктерінің есептік шығыны- транзиттік, қосалқы (канализациялық желіге қосалқы тарамқтардан келетін), қосымша (көршілес орналасқан кварталдардан келетін) және өндірістік мекемелерден бағытталған түрде келетін шығындардан құралады.
Есептік шығынды есептеуді кестелік түрде орындайды.(3- кесте).
Тапсырмалар:
Тұрмыстық ақаба су шығынын анықтау.
Суды алу нормасын есептеу.
Тұрмыстық ақаба судың жалпы сәйкессіздік коэффициенті және орташа секундық шығынын табу.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН2
№9 Тәжірбиелік жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |