Тақырыбы: «Жауын-шашын желісі қондырғысын жоспарлау»
Су ағызу желісін жоспарда орналастыру. Жауын-шашын желісінің жұмыс барысы. Темір бетонды жауын-шашын қабылдағыштың құрылысы. Жауын-шашын желісін есептеу. Жауын-шашынның белсенділігі. Ағын коэффициенті.
Мақсаты: Жауын-шашын желісінің жұмыс құрылымы және жауын-шашын желісін есептеумен танысу.
Су ағызу желісін жоспарда орналастыру жергілікті жердің бедеріне, жоспарлау схемасына және жер асты қондырғыларымен осы территорияның қамтылуына тікелей байланысты. Су ағызу желісімен жауын-шашын суын тасымалдау канализациялық желімен тұрмыстық ақаба суды тасымалдау принципіне ұқсас. Су ағызу желісінің каналдарының ұзындығын қысқарту мақсатында оны, су қоймасына, арнайы шұңқырларға ең жақын орналасқан қала көшелеріне орналастырады. Егер қала көшелерінің ені 30 м дейін болса су ағызу каналын ортасынан, ал одан ені кең болса екі жағынан қатар жібереді.
Жауын-шашын сулары жабық су ағызу желісіне, жауын-шашын қабылдағыш арқылы түседі. Жауын-шашын қабылдағыш арнайы тормен жабылған құдық. Жоспар бойынша жауын-шашын қабылдағыш тік бұрышты (0,6x0,9м) немесе дөңгелек (диаметрі 0,8 м) пішінде болады. 13-суретте темір бетонды дөңгелек пішінді жауын-шашын қабылдағыш көрсетілген. Олардың бір-бірімен орналасу арақашықтығы 50 - 80 м аралығында болады
13-сурет. Темір бетонды жауын-шашын қабылдағыш
1 — тротуар; 2 — тор; 3 — жалғағыш желі.
Жауын-шашын желісін есептеу. Жауын-шашын желісінің жекелеген бөлігінің есептік шығынын төмендегі формуламен анықтайды:
Qрасч=qFψ (41)
бұндағы: q — жауын-шашынның белсенділігі, л/(с•га);
F – ағын ауданы; га;
ψ — ағын коэффициенті.
Жауын-шашынның белсенділігін q, л/(с•га), келесі формуламен анықтаймыз:
(42)
бұндағы: n және C аймақтың климаттық ерекшелігін ескеретін шама;
q20- ұзақтығы 20 минут және жылына 1-рет қайталанатын жауын-шашынның белсенділігі (берілген аймақ үшін бұл шама тұрақты);
р — желінің бір рет толу периоды;
t — жауын-шашынның есептік ұзақтығы, мин, желімен қамтылған ауданның ең алыс нүктесінен қабылдағышқа дейін келу уақытына тең.
Жоғарыда айтылған шамалардың мәндері СНжЕ 11-32-74 алынады. Ағын коэффициенті:
Ψ=qc/q (43)
бұндағы q және qc — сәйкесінше жауған және 1 га-дан жауын-шашын желісіне түскен атмосфералық жауын шығыны.
Жауын-шашын желісін гидравликалық есептеу тұрмыстық ақаба желісін есептеу формулаларымен анықталады.
Тапсырмалар:
Темір бетонды жауын-шашын қабылдағыштың құрылысы.
Жауын-шашын желісін есептеу.
Жауын-шашынның белсенділігін табу.
Ағын коэффициентін анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1
Тәжірбиелік жұмыс №12
Достарыңызбен бөлісу: |