Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет44/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Тәжірбиелік жұмыс №13
Тақырыбы: «Ақаба судың құрамы мен түрін анықтау»

Минеральды және органикалық ластағыштар. Тұрмыстық ақаба судағы ерімейтін ластағыштардың концент­рациясы. Қалалық ақаба сулардың құрамындағы ерімейтін ластағыштардың концент­рациясы. Тұнбаның органикалық және минеральдық құрамдары.


Мақсаты: Канализациялық насостық станциясы, құрылымы қажетті қысымды анықтаумен танысу.


Ақаба су минеральды және органикалық заттармен ластанады. Минеральды ластағыштарға құм, саз, шлак, минеральды тұздар, қышқыл және сілтілер жатады. Органикалық ластағыштарға өсімдік текті (жемістер қалдықтары, көкеністер, өсімдіктер, қағаз және т.б.) және жануар текті (адамдардың және жануарлардың фи­зиологиялық бөлінулері, органикалық қышқылдар, тірі ағзалардың ұлпаларының қалдықтары, әртүрлі бактериялар, соның ішінде ауру тудыратындары, ашыту және көктеу саңырауқұлақтары — яғни бактериальды және биологиялық ластағыштар). Тұрмыстық ақаба судың құрамы 60% органикалық және 40% минералдық ластағыштардан тұрады.
Ақаба судың құрамында ерімейтін, коллоидты және еріген заттар болады.
Бір адаммен тұрмыстық ақаба суға жіберілетін ерімейтін ластағыштардың мөлшері шамамен 65 г/күн құрайды. Тұрмыстық ақаба судағы ерімейтін ластағыштардың концент­рациясы, мг/л, келесі формуламен анықталады:

рбыт= 1000b/q, (45)


бұндағы: b — бір адаммен тұрмыстық ақаба суға жіберілетін ерімейтін ластағыштардың мөлшері, г/;


q — бір адаммен суды пайдалану нормасы, л/күн.
Қалалық ақаба сулар тұрмыстық және өндірістік ақаба сулар қоспасынан тұрады. Қалалық ақаба сулардың құрамындағы ерімейтін ластағыштардың концент­рациясы, г/м3, келесі формуламен анықталады:
(46)

бұндағы: рбыт және Σрпр— ерімейтін ластағыштардың тұрмыстық және өндірістік ақаба судағы концентрациясы, г/м3;


Qбыт және ΣQпр — тұрмыстық және өндірістік ақаба судың шығыны, м3/күн.
Ақаба суларды тазарту қондырғыларында өңдегенде, ерімейтін ластағыштардың көп бөлігі тұндырғыш қондырғысында тұнбаға түседі. Бұл тұнба жоғарғы ылғалдылыққа ие. Тұнба түзілген қондырғының түріне және құрамына байланысты оның ылғалдылығы 90—99,5% аралығында болады.
Тұнба органикалық және минеральдық заттардан тұрады. Органикалық және минеральдық заттардың қатынасын бағалау үшін тұнбадағы минеральдық заттың мөлшерін көрсететін күлділік (зольность), түсінігі қолданылады. Оны пайыздық түрде көрсетеді. Қалалық ақаба судың күлділігі 25—35% құрайды. Органикалық заттарды басқаша күлсіз заттар деп те атайды. Олар қалалық ақаба су тұнбасында 65—75% шамасында кездеседі.
Тапсырмалар:

  1. Тұрмыстық ақаба судағы ерімейтін ластағыштардың концент­рациясын табу.

  2. Қалалық ақаба сулардың құрамындағы ерімейтін ластағыштардың концентрациясын есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 2


14 Тәжірбиелік жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет