Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Тақырыбы: «Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін есептеу»



бет45/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Тақырыбы: «Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін есептеу»

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін есептеудың алғы шартары. Ыстық су шығыны. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің қажетті қысымы. Қысымды көтеру насосын таңдау. Циркуляциялық шығын. Циркуляциялық насостың жуықталған есептік қуаттылығы. Жылудың есептік сағаттық шығыны.


Мақсаты: ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы және оны есептеумен танысу.


Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін есептеу ыстық судың шығынын, құбыр диаметрін, қажетті қысымды, суқысымды қазан көлемін, циркуляциялық насосқа жіберу қысымын және суды жылыту қондырғыларын таңдау жұмыстарымен қатар жүреді.


Ыстық судың шығыны ғимараттың түріне, суды пайдалану жағдайы мен көрсеткіштеріне, және де технологиялық талаптарға байланысты өзгереді.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің шығыны және суды тарату жүйесінің алдындағы қысымы, салқын сумен қамтамасыз ету жүйесін есептегендегімен бірдей болады. Максимальды ыстық суды тұтыну нормасын НжЕ 11-84-76 құжатына сай қабылдайды.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің температурасын есептегенде жабық жүйедегі температура +50 оС төмен және +75 °С, ашық жүйе үшін сәйкесінше +60 және +75 °С жоғары болмауы керек; салқын судың температурасы (бастапқы мәліметтер жоқ болғанда) 5°С тең деп алынады. Ыстық су шығынының нормасы жабық жүйе үшін температура tг=55 °С және ашық жүйе үшін температура tг = 65 °С деп есептелінеді.
Ыстық сумен қамтамасыз ету желісіндегі құбыр диаметрін, қақ тұрып олардың диаметрінің кемуін есепке ала отырып, салқын су желісін есептегендей етіп анықтайды. Осыған байланысты құбырдағы қысымның жоғалуын шартты түрде 20% дейін артыруға болады.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің салқын су беру суқұбырына жалғанған нүктедегі қажетті қысымды мына формуламен анықтайды:


(47)

бұндағы: zт және zд — жүйеге салқын су беретін құбырдың осьның және суды тарату арматурасының деңгейі;


hвп — суды жылыту қондырғысындағы жоғалған қысым;
i және l — үйкелуге және құбыр желісінің бөлігінің ұзындығында жоғалған қысым;
kм — жергілікті кедергіге және құбыр бойымен үйкелуге кеткен қысымның қатынасын есепке алатын коэффициент, ол суды тарату стояктары үшін 0,1; таратушы су құбырлары үшін 0,2 ; жылу пункттеріндегі құбырлар және суды тарату стояктары үшін 0,5 тең;
Нр — суды тарату арматурасы алдындағы жұмыстық қысым.
Қысымды көтеру насосын таңдау, жүйедегі ыстық судың есептік максимальдық секундтық шығынымен, қажетті және кепілдеме Нгар қысымдарының айырмашылығына тең есептік қысымның шамасына сай жүргізіледі.
Егер қажетті қысым салқын су желісіндегі қажетті қысымнан 0,1 МПа артық болса, онда бір уақытта ыстық сумен қамтамасыз ету желісіндегі қысымды және судың циркуляциясын арттыратын - қосымша қысымды көтеру насосын қолданады. Осындай қысымды көтеру-циркуляциялық насосын циркуляциялық құбырға емес, суды жылыту қондырғысынан кейін орналасқан тарату құбырына орналастырады.
Жеткізу құбыр желісіндегі тұрмыстық қажеттіліктен басқаға кететін жылу шығынын қалпына келтіру үшін циркуляциялық шығынға қажетті суды жібереді.
Циркуляциялық насосты суды алу режиміне сай таңдайды, олардың саны, қысымды көтеру насостарнының саны сияқты екеуден кем болмауы керек, оның біреуі резервте (қосымша) болады.
Циркуляциялық насостың жуықталған есептік қуаттылығын Gн.ц, м3/сағат, суды жіберетін циркуляциялық құбырдың сыймдылығына Vп.ц және ондағы судың алмасу жиелігіне п , (1 сағатта 2—3 аралығына тең) байланысты, егер п = 2,5 болса, онда ол:


(48)

бұндағы: т — суды беру және циркуляциялық құбыр желілерінің есептік бөлігі;


d және l — құбыр желісінің есептік бөлігінің диаметрі және ұзындығы, м.
Циркуляциялық насосты таңдауды анықтамас бұрын, жүйедегі судың табиғи циркуляциямен қамтамасыз етілуін тексеру керек, яғни жергілікті және құбыр бойындағы жоғалған қысымды толықтыратын гравитациялық қысымының мөлшері анықталады.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі жылудың есептік сағаттық шығынын -максимальды су алу сағаты кезіндегі салқын суды жылытуға қажет жылумен, суды жеткізу Qп және циркуляциялық Qц құбырлары желісіндегі жоғалған жылудың суммасымен анықтайды:
Qобщ=Gчρс(tг –tх)+ Qп+ Qц (49)

бұндағы: Gч — ыстық су шығыны;


ρ — судың тығыздығы, кг/м3;
с — судың сыбағалы жылу сыйымдылығы, Дж/(кг.°С);
tг и tх — ыстық судың (55 °С) және салқын судың температурасы (5° С).
Тапсырмалар:

  1. Ыстық су шығынын есептеу.

  2. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің қажетті қысымын анықтау.

  3. Қысымды көтеру насосын таңдау.

  4. Циркуляциялық шығынды анықтау.

  5. Циркуляциялық насостың жуықталған есептік қуаттылығын табу.

  6. Жылудың есептік сағаттық шығынын анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1


15 Тәжірбиелік жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет