Тақырыбы: «Ішкі су ағызу желісін есептеу»
Ішкі су ағызу желісін есептеудің алғы шартары. Жауын-шашын суының есептік шығынын анықтау. Максимальды есептік шығын. Жүйенің толық кедергісі.
Мақсаты: ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы және оны есептеумен танысу.
Ішкі су ағызу желісін есептеу - жауын-шашын суының есептік шығынын анықтау және желінің жекелеген бөлігінің өткізу қабілетін тексеру жұмыстарымен анықталады.
Жауын-шашын суының есептік шығынын qрасч, л/c, анықтау келесі формуламен жүргізіледі:
тегіс жабын үшін (еңістігі 1,5% кем емес)
qрасч= Fq20/10 000 (50)
қыртыс жабын үшін (еңістігі 1,5% және одан артық)
qрасч= Fq5/10 000 (51)
бұндағы: F — су жиналу ауданы, м2;
q20 және q5 — сәйкесінше ұзақтығы 20 және 5 минут болатын 1 га жауған жауын-шашынның белсенділігі, л/с. q20 мәні СНжЕ II-32-74 құжатының 1-суретінде көрсетілген; q5= 4n q20 (бұндағы: п — климатологиялық параметр, оның мәні СНжЕ II-32-74 құжатының 2-суретінде көрсетілген).
Қысымдық режимдегі жүйенің өткізу қабілетін, яғни максимальды есептік шығынын, л/с келесі формуламен анықтайды:
(52)
бұндағы: H — жүйедегі қысым, м; жабындағы воронканың биіктігімен өздігімен ағу құбырының осьы арасындағы айырмашылыққа тең;
So — жүйенің толық кедергісі, м с2/л2, желінің барлық бойындағы кедергімен, жергілікті құбырлардың кедергісін (воронка және құйылу кедергісін) қоса есептегенде.
Жүйенің толық кедергісін келесі формуламен есептейді:
Sо = Al+AмΣζ, (53)
бұндағы: Al — құбыр желісі бойындағы сыбағалы кедергі;
l — құбыр желісінің ұзындығы, м;
Aм — құбыр желісінің диаметріне байланысты өзгеретін жергілікті сыбағалы кедергі (егер ζ=1 болса):
d, мм
|
50
|
75
|
80
|
100
|
150
|
200
|
Ам, м с2/л2
|
0,0132
|
0,0026
|
0,002
|
0,00083
|
0,000165
|
0,000052
|
Σζ — воронкаға кіру және шығу кезіндегі кедергілерді өзіне қосатын жергілікті кедергілердің коэффициенттерінің суммасы
q шамасы (50) немесе (51) формулаларымен анықталған воронкаға су ағынының келу деңгейінен кем болмауы керек.
Тапсырмалар:
Жауын-шашын суының есептік шығынын анықтау.
Максимальды есептік шығынын табу.
Жүйенің толық кедергісін есептеу.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1
Достарыңызбен бөлісу: |