Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет19/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Табиғи желдету жүйелері. Табиғи желдету жүйелеріндегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа қысым бағандарының айырымы әсерінен орын алады. Бөлмеден «лас» ауаны шығару және бөлмеге «таза» ауа беру табиғи желдету жүйелерінде қоршау конструкцияларындағы арнайы ойықтар немесе арнайы ауа өткізгіштер арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда, желдету каналсыз, екінші жағдайда каналды жүйе деп аталады. Табиғи каналсыз желдету жүйесінің мысалы ретінде артық жылу бөлінетін цехтағы аэрацияны қарастыруға болады (51-сурет).



51-сурет. 1- төменгі ойықтар; 2- желдету фонарының фрамугалары.


Бөлмеге төменгі 1-ойықтар арқылы ауа кіріп, сыртқы ауаға қарағанда температурасы жоғары іштегі ауа жоғарыдағы 2- желдету фонарының фрамугасы арқылы шығарылады да, ауа алмасу жүреді.


Табиғи каналды желдету жүйелерінде сыртқы ауаны беру және ішкі лас ауаны әкету арнайы каналдар немесе ауа өткізгіштер арқылы жүреді (52-сурет).



52-сурет. 1- ауа өткізгіштер; 2- ауа алу торлары; 3-дефлектор; 4-құрастырмалы көлденең ауа өткізгіш; 5- ауа шығару шахтасы.

Табиғи каналды желдетудің ауа шығару жүйесі тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, бір еседен артық ауа алмасуды керек етпейтін бөлмелерде қолданылады. Бөлмеден шығарылатын ауа қозғаласының қарқындылығын арттыру үшін шығару шахталарына дефлекторлар орнатылады (53-сурет). Дефлектордың жұмысы жел ағыны энергиясын пайдалануға негізделген.





53-сурет. 1-шығару шахтасы; 2-диффузор.


Механикалық желдету жүйелері. Механикалық желдету жүйелері табиғи желдету жүйелерімен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделі және алғашқы күрделі қаржыны, пайдалану шығындарын көп қажет етеді. Сонда да, оның артықшылықтары көп:
1) сыртқы ауа температурасы тербелісі мен жел жылдамдығына тәуелсіз;
2) ауа ағынын едәуір қашықтықтарға жеткізу;
3) бөлмеге берілетін ауаны түрлі өңдеулерден өткізуге болады(қыздыру немесе салқындату, тазарту, ылғалдандыру немесе кептіру).
Сондықтан да механикалық желдету жүйелері өндірістік және қоғамдық ғимараттарда кеңінен қолданылады.
Желдетудің механикалық ауа беру және шығару жүйелерінің схемалары 54 а,б -суретте көрсетілген.

54-сурет. Желдетудің механикалық ауа беру және шығару жүйелерінің схемалар

Механикалық желдету жүйелерінде ауа қозғалысы электрмен жүретін ортадан тепкіш және осьтік желдеткіштер көмегімен іске асады (5-сурет)





55-сурет. а) ортадан тепкіш желдеткіштің схемасы: 1- жұмысшы дөңгелек; 2- қаптама; 3- кіру құбыры; 4- бағыттағыш аппарат; 5- муфта; 6- электрлі қозғалтқыш; 7- шығу құбыры; 8-тіректі іргетас


б) осьтік желдеткіш схемасы: 1- қаптама; 2- өзек; 3- жұмыс дөңгелектерінің қалағы; 4- электрлі қозғалтқыш; 5- тіректі рама

Ортадан тепкіш желдеткіштерді (55, а-сурет) жұмыс дөңгелегінің айналу бағытына қарап ажыратады. Егер электр қозғалтқышы жағынан қарағанда желдеткіштің жұмыс дөңгелегі сағат бағытымен айналса, онда ол оң айналу желдеткіші, ал сағат бағытына кері айналса, сол айналу желдеткіші деп аталады. Желдеткішке жұмыс дөңгелегінің дециметрлік диаметріне сай номер тағайындалады (мысалы, №5 желдеткіштің жұмыс дөңгелегінің диаметрі 5 дм, яғни 500мм).


Осьтік желдеткіш (55,б- сурет) электр қозғалтқышының өзегіне орнатылған жұмыс дөңгелегінен және ауа ағыны бағытын туғызатын қаптамадан тұрады. Қалақтар айналған кезде, желдеткіш осі бойымен ауа ғаыны қозғалысы туындайды, желдеткіш атауы да осыған байланысты.
Желдеткіштер екі параметр бойынша таңдалады: өнімділігі және арыны.
Ауаны жылыту үшін желдету жүйесінде болат пластинкалы калориферлер қолданылады, олар қыздыру бетінің ауданын үлкейту үшін пластинкалар немесе таспалар орнатылған болат құбырлардан тұрады.
Желдетудің механикалық жүйелерінде берілетін ауаны шаңнан тазарту үшін түрлі шаң ұстағыш құрылымдар: майлы, қағаз және жең тәрізді сүзгілер, циклондар, шаң отырғызу камералары және т.б. қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет