Бақылау сұрақтары:
Желдету және ауа баптау жүйелерінің арналуы.
Бөлмелердегі ауа алмасу және желдету жүйелерінің жіктелуі.
Табиғи желдету жүйелері.
Механикалық желдету жүйелері.
Жергілікті желдету жүйелері.
Ауа баптау жүйелері.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 4, ҚӘ 1
№11 Дәріс
Тақырыбы: «Газбен қамту жүйелері»
Газ тәрізді отынның бірқатар артықшылықтары. Табиғи және жасанды газ. Сұйытылған газдар олардың құрамы. Тұтану температурасы және концентрациялық жарылу шегі. Жанғыш газдар құрамында улы заттар. Жанғыш газдарға иіс беру. Газ құбырлары
мен газ тармақтары. Газ реттеу орындары мен қондырғылары. Газ тармақтарының
жабдықтары мен құрылымы. Ішкі газ құбырларының құрылымы.
Дәрістің мақсаты: табиғи және жасанды газ, газ тармақтарының жабдықтары мен құрылымы, инженерлік желілері туралы жалпы мәліметтермен танысу.
Газбен қамту жүйелері дегеніміз - табиғи немесе жасанды газды өндіру, оны тасымалдау, сақтау және химиялық шикізат немесе отын ретінде өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жеткізуге арналған техникалық құрылымдардың күрделі кешені.
Басқа отын түрлеріне қарағанда газ тәрізді отынның бірқатар артықшылығы бар: құрғақ, күлсіз жану жылулығы жоғары отын, құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады, жеңіл тұтанады және ауаның аз ғана артықтығымен жана береді, жағу процесін механикаландыруға және автоматтандыруға ыңғайлы, сондай-ақ экологиялық таза отын.
Газды өндіру тәсіліне байланысты табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи газ тәрізді отын метан (СН4) қатарындағы көмірсітекті газдар (оның ішінде метан құрамы 95-99 %-ға дейін жетеді) мен одан аз мөлшерде ауыр газдардың, яғни этан (С2Н6), пропан (С3Н8), бутан (С4Н10), пентан (С5Н12) және басқа да газдардың қоспасы.
Метан қатарындағы газдардан басқа табиғи газ құрамында күкіртті сутек (H2S), сутегі (H2), балласт газдар – азот (N2), және көмір қышқыл газы (CO2) болуы мүмкін. Табиғи газдарды таза газ немесе шықты газ кенінен және мұнай газы деп бөледі. Таза газ немесе шықты газ кенінен алынған табиғи газдарда метан құрамы жоғары болады (85-тен 99% дейін) және соған сәйкес ауыр газдар аз (3-тен 7,5% дейін) болады. Балласт құрамы да салыстырмалы түрде аз болады – N2 =1-3%; CO2 =0,1–0,8%. Мұндай газдардың жану жылулығы Qнс = 35÷38 МДж/м3. Мұнай газдарында метан құрамы төмендеу (38-ден 77% дейін), ал жану жылулығы жоғары ауыр газдар мұнда көбірек (20-дан 40% дейін). Сондықтан, балласт құрамының жоғары болуына қарамастан, мұндай газдардың жану жылулығы таза газ немесе шықты газ кендерінің газдарына қарағанда жоғары болады - Qнс = 38-47 МДж/м3.
Жасанды газ тәрізді отындар. Жасанды газ тәрізді отындар қатты және сұйық отындарды технологиялық өңдеуден өткізу барысында алынады. Шикізат пен технологиялық процестердің алуан түрлі болуынан жасанды газ тәрізді отындардың құрамы, жылу өндіру қабілеті әр түрлі болады.
Жасанды газ тәрізді отындарға мыналар жатады:
1) көмірдің жер астында газдануы - Qнс ≈ 4,0 МДж/м3;
2) домна газы - Qнс ≈ 4,0 МДж/м3;
3) генератор газы - Qнс ≈ 5÷5,6 МДж/м3;
4) кокс газы - Qнс ≈ 17,0 МДж/м3;
5) мұнай газдары (крекинг газ) - Qнс ≈ 47,0 МДж/м3 және т.б.
Коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларды газбен қамтуда ерекше орын алатын «сұйытылған газдар» - метан қатарындағы көмірсутекті газдар, қалыпты температурада қысымы сәл артқан жағдайда сұйық күйге айналады.
Сұйытылған газдардың негізгі компоненті пропан (С3Н8) және бутан (С4Н10). Тұтынушыларды жаз кезінде газбен қамтамасыз ету үшін 80% бутаннан және 20% пропаннан тұратын (Qнс ≈ 113,0 МДж/м3), ал қысты күндері 35% бутаннан және 65% пропаннан тұратын (Qнс ≈ 101,0 МДж/м3) сұйытылған газ қолданылады.
Газ тәрізді отындардың тағы бір маңызды сипаты: тұтану температурасы (жарылу) мен концентрациялық жарылу шегі (тұтану).
Тұтану температурасы (жарылу) – газды ауа немесе газ бен оттегі қоспасының өздігінен тұтану немесе жарылуының төменгі температурасы (1-кесте).
Концентрациялық жарылу шегі (тұтану) - газды ауа немесе газ бен оттегі қоспасының өздігінен тұтануы жүрмейтін шекті (максималды немесе минималды) температурасы (1-кесте).
Жанғыш газдар құрамында улы заттар мынадай улы қоспалар болады: көміртегі тотығы (СО); күкіртті сутек (Н2S); күкіртті көміртегі (СS2); циан (С2N2); цианды сутегі (HCN); аммиак (NH3) және т.б.
Және де жанғыш газдар құрамындағы күкіртті сутек (Н2S) газ жабдықтары мен газ құбырлары металын таттануға ұшыратады. Жоғары температурада металл таттануын көміртегі тотықтары мен цианидтер де жеделдетеді.
1-кесте. Жанғыш газдардың тұтану температурасы.
Газ
|
Тұтану температурасы, 0С
|
20 0С температурада көлемі бойынша % жарылу шегі
|
Ауамен қоспасы
|
Оттегімен қоспасы
|
Ауамен
|
Оттегімен
|
min
|
max
|
min
|
max
|
Сутегі (Н2)
|
510
|
450
|
4,1
|
75,0
|
4,5
|
95,0
|
Метан (СН4)
|
537
|
645
|
5,3
|
15,0
|
5,0
|
60,0
|
Этан (С2Н6)
|
510
|
500
|
3,0
|
14,0
|
3,9
|
50,5
|
Пропан (С3Н8)
|
466
|
490
|
2,1
|
9,5
|
-
|
-
|
Бутан (С4Н10)
|
430
|
460
|
1,5
|
8,5
|
-
|
-
|
Көміртегі тотығы (СО)
|
610
|
590
|
12,5
|
75,0
|
13,0
|
96,0
|
Күкіртті сутек (Н2S)
|
290
|
220
|
4,3
|
45,5
|
-
|
-
|
Этилен (С2Н4)
|
450
|
485
|
3,0
|
16,0
|
3,0
|
80,0
|
Көптеген табиғи және жасанды газдар иіссіз болады, бұл олардың бөлмеде орын алуын және құбырлардан ағып шығуын уақытылы анықтауды қиындатады. Осыған байланысты, жанғыш газдарға арнайы жағымсыз әрі өткір иіс беретін, физиологиялық залалсыз зат, көбінесе меркаптан қосылады. Жанғыш газдарға иіс беруде этилмеркаптан (С2H5SH) көп қолданылады, оның шығыны 1000 м3 газға 19,1 см3 (16 г).
Достарыңызбен бөлісу: |