Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет24/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

СМі ≤ ПДК (11)

Бірақ көптеген заттардың зиянды әсері бір бағытты: NO+ SO2; SO+ V2O5; NO + NO+ SO+ V2O5 және т.б. Мұндай заттар үшін мына шарт орындалуы тиіс:




+ +…+ ≤1 (12)

Егер жер бетіндегі ауа қабатында зиянды заттардың фондық концентрациясы СФі (мг/м3) деп аталатын мөлшері бар болатын болса, онда мына шарт орындалуы керек:




СМі + СФі ≤ ПДКн (13)

ПДК ауа сапасының көрсеткіші болғанымен, оның бірнеше кемшіліктері бар:


1) ПДК мәніне тек зиянды зат шығарысын азайту арқылы ғана қол жеткізбейді, оған шығарыс лақтыру көзін биіктету арқылы да қол жеткізуге болады;
2) ПДК мәні зиянды заттардың адамға, флора мен фаунаға тек тікелей әсерін қарастырады да, жанама әсерлерін қарастырмайды;
3) ПДК мәні жұмыс жасап жатқан мекемелер проблемасын шешпейді, өйткені олардың шығарысы ШРК мәнінен асып кетеді, яғни СФі ≥ ПДКн.
Сондықтан, ауа сапасын жақсарту мәселелерінде шекті рұқсат етілген зиянды зат шығарысы көрсеткішін (ШРШ) пайдаланған жөн.
Атмосфера мен жер бетіндегі ауа қабатын жылжымалы және тұрақты зиянды зат көздері бірдей ластайды. Жылжымалы зиянды зат көзіне механикалық көліктің барлық түрі жатады. Қалған зиянды зат көздері тұрақты болып есептеледі. Тұрақты зиянды зат көздері нүктелік (жекелеген мұржалардан, шығарыс жалыны ұзындығынан бірнеше есе кіші диаметрлі құбырдан), сызықтық (аэрациялық фонарлар немесе қаз-қатар орналасқан бірнеше мұржалардан) және аудандақ (бірнеше бір типтес көздерден) болып бөлінеді.
Зиянды заттар температурасына байланысты технологиялық (ыстық) және желдету (суық) шығарылыс болып бөлінеді. Шығарыстардың технологиялық және желдету болып бөлінуі мына өрнек арқылы анықталады:


, (14)

мұндағы, w0 – шығарыс көзінен газ қоспасының шығу жылдамдығы, м/с;


Н – шығарыс көзінің жер бетінен орналасу биіктігі, м;
ΔТ – шығарылатын газ қоспасы температурасы мен атмосфера ауасының температура айырмасы, 0С;
DЭ – шығарыс көзінің тиімді диаметрі, м.
Егер f<100 (ΔT>0) болса, онда шығарыс технологиялық, ал f ≥100 (ΔT≈0) болса, онда шығарыс желдетулік болғаны.
Маңайындағы ғимарттарға қарағанда, шығарыс көзі биіктігі мен орналасу орнына байланысты биік, төмен, сыртқы және ішкі болып бөлінеді (66-суретті қараңыз).
Егер шығарыс көзінен шыққан зиянды зат, желдің айналу аумағын ластайтын болса, мұндай шығарыс көзі биік болып есептеледі. Басқадай жағдайда – төмен. Егер, шығарыс көзі айналу аумағының ішінде орналасса және одан шаққан зиянды зат толығымен айналу аумағына келіп түсетін болса, онда мұндай шығарыс көзі ішкі төмен шығарыс көзі болып табылады. Егер шығарыстар айналу аумағын жартылай ластайтын болса, онда ол сыртқы төмен шығарыс көзі болғаны.



66- сурет. Шығарыс көзі биіктігі мен орналасу орнына байланысты жіктелуі

Атмосфераны қорғаудың инженерлік әдістері белсенді және бәсең болып екіге бөлінеді. Қоршаған ортаны қорғаудың бәсең әдістеріне зиянды шығарыс мөлшерін азайта алмайтын, тек оның атмосферада тиімді таралуын қарастыратын әдістер жатады. Атмосфераны қорғауда кеңінен таралған бәсең әдістердің бірқатары: зиянды шығарыс көзінің биіктігін арттыру; газ қоспасының шығу жылдамдығын арттыру; газ қоспасының температурасын арттыру және т.б.


Зиянды әсерінің қосарлануы болмайтын, дөңгелек ауызды жеке тұрған желдету шығарысы көзінің биіктігі мына өрнекпен анықталады:
(55)

Ал, зиянды әсерінің қосарлануы бар заттар үшін:




(56)

Технологиялық жеке дөңгелек ауызды шығарыс көзінің минималды биіктігі Н, м, зиянды заттың қосарлануы болмаған жағдайда мына өрнекпен анықталады:


(57)

Ал, зиянды әсері қосарланатын заттар үшін:




(58)

(55)÷(58) өрнектерде:


А – атмосфераның температуралық стратификациясына байланысты алынатын коэффициент (ҚР үшін А=200);
М – зиянды заттың шығарылуы, г/с;
М1пр – зиянды әсері қосарланатын бір зиянды затқа келтірілген қосынды шығарылыс, г/с;
F – зиянды заттың атмосферада отыруын ескеретін өлшемсіз коэффициент;
m және n - зиянды заттың шығарыс көзінен шығуын ескеретін көэффициенттер;
η – зиянды заттың сейілуіне рельефтің тигізетін әсерін ескеретін өлшеусіз коэффициент;
V1 – газ-ауа қоспасының шығыны, м3/с;
ΔT – қоршаған ауа ортасы мен газ-ауа қоспасының температуралар айырымы; 0С;
ПДК/ШРК – зиянды заттың шекті рұқсат етілген концентрациясы мг/м3;
СФ – зиянды заттың фондық концентрациясы, мг/м3;
Сф1пр - зиянды әсері қосарланатын белгілі бір затқа келтірілген концентрация, мг/м3.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет