Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет32/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Тәжірбиелік жұмыс №2
Тақырыбы: «С уды тұтыну режимі»

Суды тұтынудың күндік сәйкессіздік коэффициенті. Өндірістегі суды тұтынудағы сәйкессіздік коэффициенті. Сағаттық сәйкессіздік коэффициенті. Суды тұтыну графигі.




Мақсаты: с уды тұтыну режимі есептеуге қажетті сәйкессіздік коэффициентімен танысу.
Суды тұтыну мөлшері жыл бойына біркелкі емес. Жазда суды тұтыну көлемі жоғары, ал қыста керісінше төмендейді. Дәл осылай басқа күндерге қарағанда демалыс күндері суды тұтыну мөлшері жоғары болады. Ең көп суды тұтыну күндерінің шығынының Qmах сут орташа суды тұтыну Qср сут күндерінің шығынына қатынасын, суды тұтынудың күндік сәйкессіздік коэффициенті деп атайды:


Ксут = Qmах сут/ Qср сут (7)


бұндағы: Qmах сут -ең көп суды тұтыну күндері шығыны;
Qср сут - орташа суды тұтыну күндері шығыны.


Күндік сәйкессіздік коэффициенті Ксут шамасы ғимараттың жабдықталуына байланысты. Ғимараттың жабдықталуы жоғары дәрежеде болса, күндік сәйкессіздік коэффициенті аз мәнеге ие болады.
Өндірістік мекемелерде күндік сәйкессіздік коэффициентін 1-ге тең деп есептейді, яғни жыл бойына суды тұтыну деңгейі бір қалыпты деп алынады. Өндірістегі суды тұтынудағы сәйкессіздік қолданылатын технологияға, шығарылатын өнім көлеміне кейде жыл мезгіліне байланысты болады. (сүт комбинаты, өндірістік цехтар). Соңғы жағдай суды салқындату үшін қолданатын өндірістерге тікелей қатысты.
Күн бойына да суды тұтыну мөлшері біркелкі емес. Мысалы түнде, күндізгіге қарағанда аз мөлшерде болады. Күн бойына осы көрсеткіштің өзгеруі суды тұтынатын тұрғындардың санына байланысты. Егер тұрғындар саны аз болса, онда сәйкессіздік мөлшері артады. Суды тұтыну сағат бойына да өзгереді. Бірақта есептеуді жеңілдету үшін сағат бойына суды тұтыну бір қалыпты деп алынады.
Ең көп суды тұтынатын сағаттық шығынға Qmах ч орташа сағаттық шығынның Qср ч қатынасын сағаттық сәйкессіздік коэффициенті деп атайды:


Кч= Qmах ч/ Qср ч (8)

бұндағы: Qmах ч -ең көп суды тұтынатын сағаттық шығын;


Qср ч - орташа сағаттық шығын.

Сағат бойына 1 күндегі суды тұтыну режимін, яғни судың шығынын кесте немесе график түрінде көрсетеді. Сонымен қатар суды тұтыну графигі сатылы немесе интегральды күйде де болады. 3- сурет.



3- сурет. Суды тұтынудың сатылы графигі

Сағаттық сәйкессіздік коэффициентін – мекен ету орындарының суды тұтыну нормасына байланысты қабылдайды.


Өндірістің шаруашылықтық-тұрмыстық тұтынудың сағаттық сәйкессіздік коэффициентін 2,5 немесе 3 тең деп алады. Өндірістік қажеттілік үшін суды тұтынудың сағаттық сәйкессіздік мөлшері технологияға байланысты өзгереді.
Тапсырмалар:

  1. Суды тұтынудың күндік сәйкессіздік коэффициентін анықтау.

  2. Өндірістегі суды тұтынудағы сәйкессіздік коэффициентін анықтау.

  3. Сағаттық сәйкессіздік коэффициентін анықтау.

  4. Суды тұтыну графигін талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет