Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет41/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Жылдамдық және еңістік. Ақаба сулар әртүрлі қосындылармен ластанған. Ол суда ерімейтін қатты заттар- органикалық және органикалық емес қосындылардан құралуы мүмкін. Органикалық қосындылар- канализациялық желі арқылы жақсы тасымалданады, ал органикалық емес қосындылар (құм, шлак, әйнек сынықтары т.б.) ақаба су қозғалысының жылдамдығы жоғары болған жағдайда ғана қозғалады.
Ластағыштарды қалқыма күйге жеткізетін ағын жылдамдығын өздігінен тазалау жылдамдығы деп атайды. Ең аз есептік ағын жылдамдығын, өздігінен тазалану жылдамдығынан жоғары жылдамдықта белгілеген жөн. Тұрмыстық канализациялық желі үшін өздігінен тазалану жылдамдығы төменде көрсетілген:



Құбыр диаметрі, мм

150-250

300-400

450-500

600-800

900-1200

1300-1500

>1500

Өздігінен тазалану жылдамдығы, м/с

0,7

0,8

0,9

1

1,15

1,3

1,5

Ақаба судағы құм және т.б. қатты заттар ағын көмегімен құбыр түбін бойлай тасымалданады, сондықтан да бұл жағдай да құбырдың төменгі бөлігінің беті жырылып бүлініп зақымданады. Ағынның жылдамдығы артқан сайын, құбырдың түбінің бүлінуі артады. Осыған байланысты ақаба судың жылдамдығын шектеуге тура келеді. Металл құбырларда 0,8 м/с-тан артық, ал металл емес құбырларда 0,4 м/с артық жылдамдық рұхсат етілмейді. Сондықтан құбырды еңіс, көлбеу етіп орналастырады. Тұрмыстық канализациялық құбырдың еңіс орналасуын мына формуламен анықтайды:


i= 1/d (40)

бұндағы: d –құбырдың ішкі диаметрі, мм.


Тапсырмалар:



  1. Құбырдың көмілу тереңдігінің анықтау.

  2. Жылдамдық және еңістікті есептеу.

  3. Өздігінен тазалау жылдамдығын анықтау.

  4. Ақаба судың жылдамдығын шектеу.

  5. Тұрмыстық канализациялық құбырдың еңіс орналасуын анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 2


11 Тәжірбиелік жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет