Лекция №14. JavaScript тілі интерактивті ресурстарды құру құралы ретінде
JavaScript программа тілі бренд Эйк есімді программист тарапынан Netscape Communications-та Netscape Navigator броузерлері үшін 2.0- версиясынан басталып, сценарийлер тілі ретінде өндірілген болатын. Бұл тілдің кейінгі дамытылу жұмыстарына Майкрософт Корпорациясы да қосылды, олардың Internet Explorer броузерлері JavaScript-ті үшінші версиясынан бастап, қолдайды. Майкрософт версиясы JavaScript деген атауға ие болды, себебі, JavaScript тілі Netscape фирмасының тіркелген маркасы болып табылады. 1996 жылы ЕСМА осы тілді стантартизациялау туралы шешім қабылдады, 1997 жылдың маусымында ЕСМАScript (ЕСМА-262) есімді бірінші версиясы қабылданған болатын. 1998 жылдың сәуірінде бұл стандарт ISO тарапынан ISO/IEC 16262 нөмірімен халықаралық стандарт болып қабылданды. Біз, келесі қатарда ЕСМА стандартының үшінші версиясымен (1999 ж. желтоқсан) танысамыз, бірақ келесі екі себептен ЕСМАScript атауын емес, JavaScript атауын қолданамыз . Бұл атау тарихи тұрғыдан бірінші болып табылады, және осы атаумен осы тіл кеңінен танымал. Сәйкес MIME типі, дәлірек айтқанда, «text/javascript» барлық броузерлерде оқылады, ол Jsript немесе ЕСМАScript-ке қарағанда осы тілдегі сценарийлерді қолдаймыз. JavaScript бұл сайттың функционалдылығын көбейту мақсатымен html 24 құрамында қолданылатын программалау тілі. JavaScript Netscape Netscape фирмасы тарапынан Sun Microsystems фирмасымен бірлестік ішінде Sun’s Java тілінің негізінде өндірілген болатын. Java скриптер клиент тарапында орындалады, дегенмен алғашқыда Liveware – JavaScript-тің көмегімен html-дің стандартты тэгтерімен жасауға болмайтын әдемі және интерактивті веббеттерді жасауға болады. JavaScript бұл клиенттің жағында да, сервердің жағында да жұмыс жасайтын сценарийлерді жазуға арналған объектті-бағытталған программалау тілі.
Сондықтан ол «толығымен» программалау тілі болып табылмайды, тек сценарийлер орындалатын аяның мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған (3.1- сурет). 3.1-сурет – JavaScript бағдарламалау тіліндегі «Сәлем әлем» коды Скрипттер қолданушы әрекетімен басталған қандай да бір әрекет нәтижесінде орындалады. Бұл әрекет, мысалға, курсорды керекті жерге апару, батырманы басу және т.б. болу мүмкін. JavaScript сізге функционалды веббеттерді жасауға көмектеседі. JavaScript және Java тілдерінің екеуі екі түрлі программалау тілі екенін айта кету қажет. Java бұл – тек компилятор мен көмекші файлдардың көмегімен жұмыс істейтін ОБП тілі. Мұндай жобалар не біткен қосымша ретінде, не іштей құрылған апплеттер ретінде жұмыс істей алады. JavaScript-тер html-дің ішіне құрылса, клиенттік компьютерде бөлек файл ретінде сақталады. Бұл екі тілдің арасындағы айырмашылықты қазірше көрсетпей-ақ қояйық. Жай ғана, Java Script тілінің Java емес екенін есте сақтаңыз. Сонымен, Java скриптер HTML тілінің ішіне орналасып, бөлек программа ретінде орындала алмайды, тек броузерде оқылып тұрған кезде функцияланады. Осы Java Script тілі мен кез келген басқа программалау тілдерінің арасындағы айырмашылық. Осылайша, Java Script скрипттерін 25 жасау, кез келген мәтіндік редактормен оған сәйкес броузерді талап етеді. Java Script тілінде скриптті жұмыс істету үшін, скриптерді өңдеп отыра алатын браузер ғана керек.
Достарыңызбен бөлісу: |