Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Канал – есептеу торабының түйіндері байланысатын орта. Канал



бет23/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Канал – есептеу торабының түйіндері байланысатын орта.
Канал – хабарлардың шығу көзі мен оны қабылдаушыны өзара байланыстыратын қатынас жүйесінің бөлігі.
Шалғай құрылғыларға қызмет көрсету сипаты бойынша каналдар мультиплекстік және селекторлық болып бөлінеді;
Компьютерде канал ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Байланыс жүйелерінде канал ретінде ақпарат таситын өткізгішті немесе кабельді атайды.
Аналогты канал
Мұндай каналғамысал ретінде телефон байланысын қамтамасыз етуші қарапайым өткізгіш сымды жатқызамыз. Яғни, компьютерлік желілерде мәлімет алмасу үшін аналогты телефон каналы да пайдаланылады.Бұл каналда мәлімет жіберу екі әдістің бірімен жүргізіледі. Бірінші әдісте телефон каналы терминалдық құрылғылар (DTE) жалғанған екі желіні байланыстыру құрылғысын (DCE) өзара жалғастырады. Мұндай каналды оқшауланған линия деп атайды. Екінші әдісте телефон номерін теру арқылы (модем көмегімен) байланыс орнатылады. Мұны коммутациялықлиния деп атайды.
Оқшауланған линияда мәлімет жіберу сапасы жоғары болады және байланыс тез орнатылады. Қателіктің орташа ықтималдылығы 10 -4 – 10 -5аралығында. Бірақ оқшауланған линияда ұсынылатын қызмет төлемақысы жоғары болады.
Коммутациялық линияда модем қосылған телефон номері бос болмаса немесе аралық линияның жұмыс жүктемесі тым көп болса, онда каналдың бос уақытын күтуге тура келеді. Бұл линиядағы қателіктің орташа ықтималдылығы 10 -3 – 10 -4 аралығында болады.
Трафик көлемінің өсуіне байланысты аналогты каналдың мүмкіндігі азайып келеді. Атап айтқанда: мәлімет жіберу жылдамдығының және сенімділігінің төмендеуі.
Сандық канал
Қазіргі таңда аналогты телефон каналымен қатар сандық сигналдармен жұмыс істейтін телефон каналдары пайдаланылуда. Сандық каналдарда дискретті мәліметтермен қатар, сандық түрге келтірілген аналогты мәліметтерді де (дыбыстық, бейнелік, факсимильдік т.б.) жіберуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет