Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/19
Дата05.12.2022
өлшемі73.24 Kb.
#466478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Силлабус жаңа.К-19-1,3. К-20-1у. Әдеби тіл(1)

Пәннің мақсаты мен міндеттері


Мақсаты: Ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы бағыттағы жүйеленген, нормаға түскен, стильдік тармақтарға бөлінген, диалектілік ерекшеліктерден жоғары тұрған, тілдің өмір сүруінің ең жоғары формасы болып табылатын әдеби тілдің тарихын, оның әр кезеңдегі әдеби үлгілерін тану, диалектілер мен говорлардағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді айқындай отырып, олардың аймақтық таралымын түсіндіру.
Міндеттері: Пәнді оқытудың мақсатына байланысты төмендегідей нақты міндеттерді шешу көзделеді:

  • қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты теориялық қағидаларды игеріп, оны лингвистикада дұрыс қолдана білу;

  • қазақ әдеби тілінің тарихының бағыт-бағдарын айқындай келіп, оның басқа салалармен байланысын зерделеу;

  • қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты ұғымдарды, терминдерді меңгеру, оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету;

  • қазақ әдеби тілінің тарихын оқыту барысында студенттердің өзіндік ой-пікірлерін дәлелдеп, жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • диалектілік ерекшеліктерді зерттеудің маңызы, оның халық, ұлт тілдерімен, әдеби тілмен арақатынасын ажырата көрсету, өзіндік белгілерін таныту;

  • диалектілер мен говорлардағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді айқындай отырып, олардың аймақтық таралымын түсіндіру;

  • диалектілердің тілдік құбылыс ретіндегі орны мен статусын белгілеу, олардың тілдік байлық екендігін ұғындыру;

  • жергілікті тілдік ерекшкліктерді жинау мен зерттеудің жолдарын көрсету, пайдалану мүмкіндіктерін ашу. Тілші маман ретінде жергілікті тілдік ерекшеліктерді жақсы игеруге бағыттау;

  • жергілікті тілдік ерекшеліктерді оқытуда халықтың географиялық қоныстану ерекшеліктері мен оның этникалық тарихына назар аудара отырып, диалектологияның ғылым ретіндегі маңызын ұғындыру;

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер мен күтілетін нәтижелер:

  • Бұл курста әдеби тілдің қалыптасу жолдары мен кезеңдерін, ол жөніндегі көзқарастар мен пікірлерді талдай алады;

  • белгілі бір дәуірдегі әдеби тілдің фонетика, лексика-грамматикалық күй-қалпын сипаттайды;

  • функционалдық стильдердің пайда болып, қалыптасуын зерттейді;

  • әдеби тіл статусын анықтап, жеке қаламгерлердің әдеби тіл дамуына қосқан үлесін және рөлін көрсетеді;

  • қазақ әдеби тілінің тарихы және диалектологиясы фонетика, лексика, морфология, семасиология, салыстырмалы грамматика, этнолингвистика салаларын оқып үйренуге негіз болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет