Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Білім берудің алғашқы деңгейін ескеру принципін қарастырайық



бет21/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
kash kt ktan ok tu umkd1

Білім берудің алғашқы деңгейін ескеру принципін қарастырайық. Қашықтықтан білім беру жүйесінде тиімді оқыту әрбір жаңа қабылданған студент иеп бола бермейтін негізгі пәндік білімнің анықталған жиынын, икемділікті және дағдыны талап етеді. Жоғары оқу орнына дейінгі әр түрлі дайындығы бар оқушылар үшін қашықтықтан оқытуда кіріспе модульдердің болуы қажет. Бұл өз ретімен бейімдік оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және деңгейлік саралаудың негізі болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының оқытушының қолданып отырған педагогикалық технологиясына сәйкестік принципін қарастырайық. Оқыту технологиялары қашықтықтан білім беру модельдеріне дәл келуі керек. Оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде интерактивті мультимедиалық дәрістер, виртуалдық семинар мен практикалық сабақтар, зертхана, өзіндік жұмыстар, өндірістік практика, курстық және дипломдық жұмыстар, жобалар, білімді меңгеруді бақылау қолданылады. Қашықтықтан білім беру жүйесін ұйымдастыру үрдісінде пәндерді дәстүрлі оқыту түрлерінде кездеспейтін модельдер қолданылуы мүмкін, ол өз ретімен қашықтықтан оқытудың жаңа моделін туғызуы мүмкін. Бұл жағдайда қашықтықтан оқытудың жаңа моделіне сәйкес педагогикалық принциптер жаңа жағдай үшін қарастырылып, бар педагогикалық технология іріктеліп немесе жаңа педагогикалық технология алынуы мүмкін.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципін қарастырайық. Жіберілетін дискілердің өзгеріске ұшырауы немесе кемістігі, желідегі вирустар мен олқылықтар студентке жіберетін ақпаратты және оның жұмысының нәтижесін жойып жіберуі мүмкін. Сол себепті қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципі қашықтықтан оқыту және жіберуді, ақпаратты қауіпсіздігінің техникалық және ұйымдастырушылық әдістерін алдын-ала қарастыруды талап етеді.
Қашықтықтан оқытудың бағдарламаларының негізіне модульдік принцип алынған. Модуль – оқыту мазмұны мен оларды меңгеру технологиясын біріктіреді. Модульдерді қалыптастырудың негізі болып пәннің жұмыс бағдарламасы қызмет атқарады. Әрбір жеке модуль анықталған пәндік аймақ туралы тұтас көрініс береді. Бұл тәуелсіз курстардың – модульдердің жиынтығынан оқу бағдарламасын жасақтауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларын жасақтауға курстар – модульдер таңдалады, олар жиынтығында білім алушылардың білім алуға талаптарын, сонымен және оқу үрдісіне және мазмұнына жалпы талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет