Қазақстан Республикасы іім төтенше жағдайлар Комитеті Көкшетау техникалық институты рмм



бет1/2
Дата18.07.2016
өлшемі383.22 Kb.
#206750
  1   2
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті
Көкшетау техникалық институты РММ
Өрттін алдын алу дайындық кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

____ ________ 2015 ж.

Кафедра бастығы

техника ғылымдарының кандидаты

өртке қарсы қызмет полковнигі

___________ К Карменов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Күндізгі оқу факультеті курсанты Бесбай А.Ә.
5В100100 – «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша
Тақырыбы: «Алматы қаласы Мемлекеттік бақылау инспекторларының нақты еңбек шығындарын зерттеу»
Диплом жазушы:

Күндізгі оқу факультетінің 4 курстын ө.қ.қ. курсанты

____________________ А.Ә. Бесбай
Жетекшісі:

«ӨҚж/е АҚ ҒЗИ» АҚ вице-президенті – АҚ химиялық-радиометриялық зерттеу зертханасының бастығы _____________________ Е. Монтаев

Кокшетау 2015.

Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдайлар Комитеті

Көкшетау техникалық институты РММ
Сыртай оқу факультеті

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы


5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»

мамандығы бойынша дипломдық жобаны дайындауға
ДАЙЫНДЫҚ

Тақырып: «Алматы қаласы Мемлекеттік бақылау инспекторларының нақты еңбек шығындарын зерттеу».

1. Институт бойынша « 10 » қыркүйек 2014 жыл № 157 бұйрығымен бекітілді.

2. Біткен жұмыстың (жобаның) тапсыру уақыты « 10 » маусым 2015 ж.

3 Жобаға «ӨҚж/е АҚ ҒЗИ» АҚ «Қазақстан Республикасы Өрт қауыпсіздігі ғылыми –техниқалық өндеу жүйесі» есебі.

4.  Қарастыруға арналған мазмұны және оларды орындау мерзімі:





Бөлімнің атауы

Мерзімі

1

Кіріспе

10.11.2014

2

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық талдауы

10.12.2014

3

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты өрт жағдайларының модельдеу

25.01.2015

4

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің анықтау

20.02.2015

5

Республикалық өрт қауіп қатерлерінің картасын жасау үшін мәлімет жинау

15.03.2014

6

Өртке қарсы қызмет құрамының инспекторларының санын анықтау үшін критерийларды анықтау және әдістемелері

25.03.2015

7

МӨБ қызметкерлерінің жұмыстарының талдау

05.04.2015

8




30.04.2015

5. Тапсырманы беру күні 10.01.2015 ж.

6. Бекітемін (каф.бастығы) ө.қ.қ полковнигі К. Карменов

(лауазымы; т., а., ж.; қолы)

7. Жетекшісі полковнигі Е. Монтаев

(лауазымы; т., а., ж.; қолы)

8. Тапсырманы орындауға алған А.Ә. Бесбай

(күні, тындаушының қолы)

9. Графикалық бөлімі бойынша



ө.қ.қ. подполковнигі С.А. Карденов

(должность; ф.и.о.; подпись)

Мазмұны


Белгілер мен қысқартпалар

4

Кіріспе

5

  1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық талдауы

10

    1. Өрт қауіпсіздігі жүйесін құру әдістерінің салыстырмалы анализі және елді мекендерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің дислокациялану орынын анықтау

10

1.2 Казақстан Республикасының аумағында 2014 жылы болған төтенше жағдайлардың анықталған өршу үрдістері туралы ай сайынғы шолу-аналитикалық ақпарат

13

    1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты өрт жағдайларының модельдеу

19







2. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің анықтау

23

2.1 Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өрт жағдайының деңгейін анықтау

23

2.2 Өрт жағдайына елдің ауқат деңгейінің әсері

25







3. Өртке қарсы қызмет құрамының инспекторларының санын анықтау үшін критерийларды анықтау және әдістемелері

37

3.1 МӨБ құрамының инспекторларының жұмысы бойынша нормативтік құжаттардың анализі

37

3.2 МӨБ құрамының инспекторларының жұмысының талдауы

38







4. Өртке қарсы насихаттау қызметке ТЖД, өткізу ТЖБ бойынша ұйым және өрт қауіпсіздіктер шаралары

56

4.1 Өрттерінiң және олардың зардаптарының есепке алуы

56

4.2 Мемлететтік өртке қарсы қызмет органдарының

өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды



59







Қорытынды

62

Қолданылған әдебиеттер тізімі

64

Белгілер мен қысқартпалар




АҚЖ

Апат-құтқару жұмыстары

ӘТБ

Әкімшілік территориялды бірлік

АХҚЗ

Апат-химиялық қауіпті заттар

АЦ

Автоцистерналар

ТӘТЖ

Табиғи әлеуметтік техникалық жүйе

ІЖӨ

Ішкі жалпы өнім

АЖӨ

Аумақтық жалпы өнім

МӨБ

Мемлекеттік өртті бақылау

МӨҚҚ

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет

ЕӨЖ

Ерікті өрт сөндірушілер жасағы

ЕӨК

Ерікті өрт сөндірушілер командалары

ЕӨҚҚ

Ерікті өртке қарсы қоғам

ЕӨК

Ерікті өрт күзеті

ЕӨҚҚ

Ерікті өртке қарсы құрылымдар

ТЖД

Төтенше жағдайлар бойынша департамент

БИ

Білім индексі

ӨҰИ

Өмір ұзақтылығының индексі

ОҚТИ

Оқумен қамту толықтығының индексі

АПДИ

Адамзат потенциалының даму индексі

АДИ

Адамзат дамуының индексі

ІІМ ӨҚҚК

Ішкі істер министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті

ТЖС

Тез жанатын сұйықтықтар

ОӨС

Орман өрт станциялары

ЕАКӘ

Ең аз квадраттар әдісі

ЖҚҚ

Жағымсыз қауіпті құбылыстар

ОӨҚҚ

Объектті өртке қарсы қызмет

ӨҚҚЕ

Өртке қарсы қауіпсіздіктер ережелері

ӨҚҚ

Өртке қарсы қызмет

МҚКЖ

Массалық қызмет көрсету жүйесі

ӨҚҚЕЖ

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе

ТЖ

Төтенше жағдай


Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әр субъектінде өрт сөндіру қызметін атқаратын қалаларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері, ал мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде жасақталған бөлімшелермен ерікті өртке қарсы құрылымдар.

Заманауи түсініктер бойынша елді мекенде өртке қарсы қызметті (ӨҚҚ) ұйымдастыру келесі ережелерде негізделеді: әр кезде, қалада (ауылда) шыққан әр төтенше жағдайға тез арада барлық күшпен құралдармен әрекет етуді ұйымдастыру.

Сонымен қатар екі негізгі шектеулер сақталуы қажет:

- осы қызметтің күшпен құралдары шақыру орнына рұқсат етілген уақыт интервалдарының арасында жетуі қажет, ең бастысы өрттің өршуінің физика – химиялық заңнамаларына сай;

- елді мекенде ӨҚҚ күшімен құралдарының орта саны экономикалық жағынан тиімді, төтенше жағдай үшін белгіленген типке байланысты қауіп деңгейіне сәйкес. [1]

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі өртке қарсы қызметті ұйымдастыруды анықтайтын негізгі критерия болып Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 16 қаңтарынындағы №14 Үкімет қаулысына бекітілген «Өрт қауіпсіздігінің ортақ талаптарының техникалық регламенті» сәйкес шақыру бойынша өрт орнына бірінші келген бөлімшілердің уақыты болып саналады, ол қалаларда 10 минуттан аспауы қажет, ауылдарда 20 минуттан. [2]

Көрсетілген талаптарды орындау үшін ӨҚҚ орналасқан әр елді мекенде төтенше жағдайларды жою бойынша қажет жұмыстарды дәйектеу қажет. [3]

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әр субъектінде өртке қарсы қызмет ресурстарының санын анықтау бойынша сұрақтар туындайды., оларды субъект аумағында орналастыру және олардың заңнамалардың талаптарын орындау бойынша мүмкін бағалар. Сонымен қатар жеке алған аудандармен Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты көптеген ерекшеліктерді ескеру қажет.

Әлеуметтік – экономикалық потенциалды қалыптастыру және үнемді қолдану республикалық және әлеуметтік экономика үшін ерекше мәні бар. Анығына келгенде Қазақстан Республикасының және оның облыстарының экономикалық хал аухаты оларда бар табиғи ресурстардың, заманауи технологиялардың, өндірістердің және инновациялық потенциалдың барымен анықталады, сонымен қатар олардың мүмкін тәуекелдермен оптималды үйлесулерімен байланысты: саясат, қаржы және т.б., соның ішінде төтенше жағдайлардың болу рискіменде, көбіне өрттермен. Осыған байланысты әлеуметтік – экономикалық потенциалды басқару ролі артуда, оны тиімді қолдану, түрлі рисктердің әсерін төмендеуін, ТЖ болуының рискін қоса алғанда. Осыған байланысты көкейтесті мәселердің бірі болып өрт жағдайларына аумақтағы әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштерінің әсерін зерттеу болып келеді.

Елді мекендердегі өрт жағдайы көбіне адамдар санына байланысты. Сонымен бірге аумақтағы әлеуметтік – экономикалық құрылымдарыда осы көрсеткішке әсер етеді. Оның әсерінің дәрежесі көбіне адамның даму деңгейіне байланысты, оның денсаулығынан бастап экономикалық және саясаттық бостандығының деңгейінің жағдайына байланысты. ӨҚҚ жұмысы аумақтың табиғи – климаттық және табиғи мүмкін төтенше жағдайлармен толық байланысты.

Жоғарыда көрсетілген барлық аспекттер ӨҚҚ бөлімшелерін орналастыру орындарын анықтау әдістемесін жасау кезінде ескерілуі қажет.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өрттің болуының алдын алуға көп мән беріледі. Бұл жұмысты өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері атқарады. Бірақ, бүгінгі күнде осымен айналысатын өртке қарсы қызмет инспекторларының саны есептелмеген, бұндай жағдай оларға үлкен салмақ түсіруге, олардың жұмыстарының тиімділігін төмендетуге әкеледі, сондықтан осы бағыт бойынша зерттеулер жүргізуге қажет екенін анықтайды.



Тақырыптың актуалдығы өрт қауіпсіздігін қамтамсыз ету бойынша тапсырмаларды кешенді шешімдерін табу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материлды, мәдени және табиғи құндылықтарды сақтап қалу, сонымен қатар елдің индусриялануына және Қазақстан халқының хал жағдайынының сапасының артуына ықпал ету. Қазақстан Республикасың, оның бөлек блоктарымен элементтерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін зерттеу негізінде бізбен маңызды проблемалар белгіленді. Жүйе жұмысын терең және түбегейлі анализ жасау, модельдеу және болжау бізге уақыттында әрекеттерді оптимизациялау шараларын уақытында жасауға және оның эффективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік мониторинг жүйесін жасау, өрт жағдайларын және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігінің ғылыми – техникалық жобаларының жүйесін болжау Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудың негізі болып келеді. Жасалған математикалық модель, және оның негізіндегі компьютерлік модельдеу жасалған есептер дәлдігін және жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар еңбек шығындарын азайтады.

Осы жұмысты қолдану Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жүйесінің маңызды элементтерін зерттеуге мүмкіндік береді. Барлық қауіпті объектілерде осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігі тұрғындардың және шаруашылық объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жұмыстың мақсаты болып өрт жайдайларын және елдің әлеуметті - экономикалық даму көрсеткіштерінің әсерін зерттеу және зерттеу анализдерінің негізінде өрт қауіпсіздігі жүйесінің маңызды элементтерін зерттеу Қазақстан Республикасының елді мекендерінде өртке қарсы қызметтерін оптимизациялау критерияларын жасап шығару болып келеді.

Қоғамның заманауи өмір жағдайы өрттің және әлеуметтік-экономикалық салдарының өсуіне түгел әлемде әсер етеді. XXI ғасырдың өрттері барлық адамзатқа нағыз қайғы болды.

Қазақстанда жыл сайын 17 000 –ға дейін өрттер болады. Өртте қаза болғандар саны жылына орташа есеппен алғанда 550 адамды құрайды. Айта кететін жағдайдың бірі ғимараттарда заманауи көлемді – жоспарлы және конструктивті шешімдер қолдану салдарынан, ғимараттарда өртті сөндіру қиынға соғады, соның нәтижесінде материалдық шығындардың көлемін арттыруға әкеледі.

Сонымен бірге, кішкентай аумақта материалдық құндылықтардың концентрациясының тынымсыз өсуі байқалады. Соңғы жылдары Қазақстанда заманауи құрылыстың негізгі характерлі ерекшеліктерінің бірі адамдар көп келетін көп функционалды ғимараттардың салынуы болып келеді.

Өрт қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша мемелекттік өртке қарсы қызмет органдары жұмысының тиімділігін анықтайтын көптеген фактолрлардың ішінен бірінші орындардың бірін – басқаруды ұйымдастыру алады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын күштерді басқаруды жетілдіру жұмысын жақсартудың және түйінді қиындықтардың бірінің өрт ғылымының алдында тұрған маңызды факторы.

Қазіргі заманауи өмір жағдайын айтарлықтай ғылыми – техникалық прогресспен, өндірістің масштабтарының өсу қарқындылығы, мекемеаралық, салааралық, ішкі сала байланыстарының қиындатуы жаңа сапалы еңбек құралдарының пайда болуы, мүлдем басқа технологиялық процесстердің айтарлықтай шарттылығы өз кезегінде мемлекеттік өрт бақылау органдарын басқарудың ұйымдастыру құрылымына жаңа бағыттар қояды.

Өртке қарсы қызметті ұйымдастырушылық – барқару проблемаларын талдайтын болсақ жақынға дейін осы қиындықтар көбіне жинақталған тәжірибе және интуиция негізінде шешілетіндігін оңай байқауға болады.

Бірақ, бұл проблемалардың қиындылығы және масштабтылығы олардың шешімін бұрынғы тәсілмен табуды болдырмайды. Қазір олардың шешімі үшін терең ойластырылған, ғылыми негізделген әдістер қажет.

Түгел, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың маңызды резерві болып өрттің алдын алуды ұйымдастыруды жетілдіру болып келеді. Мұнда маңызды рольді өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік стандарттарды жасау және қайта қарау, мемлекеттік өрт бақылау жұмысын реттейтін нормативті – құқықтық базаны жетілдіру, жұмысты жоспарлауды жетілдіру, оны өткізуді бақылау, өртке қарсы пропаганда және осыған қоғамды тарту болып келеді, бірақ, бәрінен маңызды жұмыстарды орындатуға жұмсалған еңбек шығындарын бағалау. Өйткені дәл осы параметрлер өрттің алдын алуда жұмысшылардың санын негіздеуге көмектеседі, сонымен қатар олардың жұмыстарын дұрыс жоспарлауға.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жасайтын өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке кәсіпкерлермен заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын ұстану мақсатында тексерістер түрінде орындалады. ҚР мемлекеттік өрт бақылауы 174889 нысанада жасалады және бақылауға жататын нысаналар саны жыл сайын артуда. Осы уақытта бақылау қызметкерлерінің саны соңғы бес жыл ішінде өзгеріссіз қалуда,не бары бір мың адамнан асады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жағынан жеткіліксіз бақылау салдарынан жаңа және бұрынғы нысаналардың құрылыстар, қайта конструкциялау және эксплуатациялау кезінде өртке қарсы іс шаралады қамтамасыз етуге қиындықтар туғызады.

Өртке қарсы қызметтің өрттін алдын алу әрекеттері ол мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен өрттің болуының алдын алуға, оның санын төмендетуге, сонымен қатар адамдар және материалдық шығындар мөлшерін азайтуға, өрт қауіпінің деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді ұйымдастырушылық-техникалық іс шаралар өткізу болып келеді.

Қазургі уақытта өрттің алдын алу жұмыстарының жасау кезінде, сонымен қатар ҚР ТЖМ мемлеттік өртті бақылаудың жаңа және бұрынғы басқарушы құрылымдардың жұмысын жақсарту мақсатында өртке қарсы қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жетілдіру әдістерін жасау қажеттілігі туындайды.

Бұл мақсатқа жету үшін, бәрінен бұрын келесі негізгі тапсырмаларды шешу қажет:

- мемлекеттік өртті бақылау органдарын басқарудың бар әдістеріне талдау жасау;

- мемлекеттік өртті бақылау қызметкерлерінің санын өсіру;

- нысаналардың өртке қарсы жағдайын тексеруге жұмсайтын еңбек шығындарын анықтау;

- өрттің алдын алу жұмысын жоспарлауды жетілдіру және мемлекеттік өртті бақылау қызметкерлерінің санын негіздеу;

- өрттін алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың принциптерін жасау.
Тапсырмалардың белгіленген көлемінің шешімі төмендегі іс шараларда қарастырылған:

- аумақтық және жергілікті мемлекеттік өртті бақылау органдарын басқарудың бар жағдайын таңдау және соның негізінде оларды жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;

- мемлекеттік өртті бақылау органдарымен және аумақтық басқаруды жасайтын жағдайын анықтау;

- жетілдіруді талап ететін проблемалық жақтарын табу;

- аумақтық және жергілікті органдармен басқарудың мазмұнын ашу, олардың құрылымдарының тиімділігі бойынша кеңестер жасау;

- аумақтық және жергілікті басқару органдарының құрылымын жасау және басқару тапсырмаларының көлемін анықтау;

- аумақтың және жергілікті мемлекттік өртті бақылау органдары жұмыстарының әдістемесін жасау.

Зерттеу тапсырмасына төмендегілер кіреді:

- Қазақстан Республикасындағы өрттің жағдайына елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі параметрлерінің әсеріне және заңдылықтарына зерттеу жүргізу.

- Өртке қарсы қызмет инспекторларының санын анықтау үшін критерийлерді анықтау және әдістеме жасап шығару.

Өрт жағдайларын болжау бойынша математикалық модель жасап шығару және оны заманауи ақпараттық технологиялардан санау техникасының көмегімен іске асыру.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік және перспективтік маңыздылығы уәкілетті органдарында, ӨҚҚ бөлімшелерінде, ӨҚҚ мемлекеттік емес бөлімшелері бар кәсіп орындармен ұйымдарда енгізілетін болады.



1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық талдауы
1.1 Өрт қауіпсіздігі жүйесін құру әдістерінің салыстырмалы анализі және елді мекендерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің дислокациялану орынын анықтау
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу этапындағы зерттеулер, әлеуметтік – экономикалық даму, елді мекеннің құрамы және ерекшеліктері анализінің негізінде өртке қарсы бөлімшелердің орналасу орындарын анықтау, өрт жағдайларына байланысты толық жабдықталу әдістемесін жасап шығару үшін критерияларды анықтауға бағытталған. Адам және материалды ресурстарды тиімді пайдалану үшін елді мекендерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс, қала, аудан, ұйымдар жылдам өрт жағдайының терең талдауына негізделген кешенді тәсілдемелерін пайдалану қажет [1].

Әлемнің көптеген елдерінде, сонымен қатар Ресейде, Украинада, Словакияда елді мекендердегі және аумақтардағы өртке қарсы қорғау жүйелерін жобалау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Бірақ бұл зерттеулер әдетте үлкен әкімшілік құрылымдарға, үлкен қалалармен елді мекендерге қатысты [4], [5], [6].

Бірақ жоғарыда көрсетілген зерттеулер үлкен елді мекендерде және үлкен әкімшілік халық саны 5 мың адамнан кем емес ауылды елді мекендер үшін нормативтер анықтамаған. Осыған байланысты аудандарда және елді мекендерде жоғарыда көрсетілген нормативтерді талдау қажеттілігін анықтайды характерлі ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктерге төмендегілерді келтіруге болады:


  1. әкімшілік ауданның аумағы бойынша елді мекендер бірдей орналаспаған;

  2. бөлек ауыл елді мекендердің тұрғындардың саны әр түрлі;

  3. тұрғындары аз елді мекендер әдетте өрт бөлімшелерінің орналасу орындарынан алыс болады;

  4. өрттен қорғау зоналарын әдетте селитебті бірінші тобына жатқызуға болады;

  5. әдетте өрт сөндіру депосы орналасқан елді мекендер әкімшілік ауданның орталықтарында орналаса бермиді;

  6. жол байланыстары көбіне аудандық орталықпен ауылдын арасында жалғасқан, ал ауыл аралық жол жағдайы нашар;

  7. тұрғындары аз елді мекендерде өртке қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыратын өнеркәсіптік объектілер және инфраструктура жоқ;

Ауыл елді мекендерінде өртке қарсы қызмет құру кезінде туындайтын тапсырмаларды жоғары көрсетілген ерекшеліктерді ескере отыра шешу қажет.

Бөлінген қаражат шеңберінде, экономикалық ақтау мақсатында әкімшілік – аумақтық ауданда өрт көзіне жету уақыты минимум болатын өрттен қорғау параметрлерін анықтау қажет.

Ауыл елді мекендерінде өрт сөндіру депосын орналастыру кезінде бір қатар факторлерді қарастыру қажет:

- тұрғындардың саны, қалыңдығы;

- құрылыстардың қалыңдығы;

- өрт қауіпі жоғары объектілдердің орналасуының саны мен параметрлері;

- ауданның елді мекендерін байланыстыратын жол байланыстарынң сапасы;

- елді мекендер бар облыстардағы өрт сөндіру деполарының орналасу жағдайлары [7].

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отыра өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалау және елді мекендердегі, аумақтардағы өрт қауіпсіздігінің деңгейін көтеру әдістемелерімен тәсілдемелерін қарастырамыз және талдау жүргіземіз. Бұл талдау әсер ететін факторлерді толық қамту мақсатында, баға критерийларын таңдау анықтылығы, математикалық аппарат жетімділігі үшін матиматикалық модельді таңдау үшін жасалады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі тапсырмасы болып тұрғындарды және аумақтарды өрттен максималды қорғау және өрттен болатын шығындарды азайту болып келеді. Осыған байланысты елді мекен аумақтарында өрттен қорғау жүйесін қамтамасыз етуді адамдардың қауіпсіз тұруына және сыртқы қоршаған ортаның әсерін есепке ала отыра жоспарлау қажет. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің сыртқы қоршаған орта дегеніміз тұрғындардың саны мен қалыңдығы, елді мекеннің аумағы, оның экономикалық потенциалы, ғимараттар материалдарының отқа төзімділік дәрежесі, абаттандыру дәрежесі (сумен, жылумен қамту, жолдар және т.б.), түрлі шаруашылық объектілердің жалпы саны, қауіпті объектілердің бәры, климаттық жағдайлар.

Сыртқы қоршаған ортанының параметрлерін зерттеудің қажеттілігі математикалық құрылымдар жасауға болатын заңдылықтарды анықтайды, және ол параметрлер үшін негізгі болып келеді.

Осымен қатар аумақтар және әкімшілік – аумақтық бірліктерінің дамуын негізігі жоспарын құруға бағытталған ұзақ мерзімдік жоспарлар ескеру қажет (20-30 жыл). Тұрғындардың, үй шаруашылықтарының өсу перспективалары талаптар динамикасын зерттеу мақсатында, адамдардың өмір сүрудің негізгі түрлері, экономикалық потенциалдың даму потенциалы, көліктік инфрақұрылымның өзгеруі қарастырылды.

Жоғарыда келтірген барлық зерттеулер әкімшілік- аумақтық бірліктің өрт қауіпін анықтауды қарастырады (елді мекендердің, аудандардың, облыстардың, аймақтардың).

Толығырақ талдау үшін векторлы бағалау жүргізіледі, ол кезде көрсеткіштердің жиынтығы зерттеледі, олар: өрттердің шығу жиелігі және ықтималдылығы, өрт себептері, адамдардың жаралануы және өлімі, материалдық шығын және т.б. Векторлық көрсеткіштер кейбір жалпы (кешенді) көрсеткіштерге ауыстырылуы мүмкін. Ол өрт қауіпінің тура бағасы. Ол параметрлерді зертеліп жатқан объекттің характеристикаларын деталды талдау немесе статистикалық әдіспен, біріңғай топтағы объектілердегі өрт және оның саладарын статистикалық талдаулар негізінде санау әдісімен анықталады.

Көрсеткіштер бағасын анықтау үшін құрылымдар сипаты және халықтың саны, аумағы, табиғи климаттық жағдай, экономикалық потенциал және т.б. пайдаланылады, олар өрт қауіпінің жанама бағасын береді [8].

Аумақтың өрт қауіпін бағалау оның ішіне кіретін әкімшілік – аумақтық құрылымдарға байланысты екендігін айта кету керек.

Алынған мәліметтер негізінде жалпыланған индекстер, коэфициенттер, рейтингтер және т.б. алуға болады.

Табиғи-климаттық жағдайды, әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштерін ескере отыра аумақтағы өрт қауіпінің бағасын анықтаудың амалдары бар. Ол көрсеткіштерді пайдалану ескерілген көрсеткіштердің сферасын кеңейтеді, бірақ өрт қауіпі әдістемесін қиындатады [9], [10].

Кейбір зерттеушілер өрт сандарының жан-жақты талдауын ғана емес, сонымен қатар өрттің себебін және өрт шыққан объектілерінеде көңіл аударуда [11].

Республикадағы өрт жағдайларының анализі өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалау кезінде елді мекендерде және аумақтарда өрт қауіпіне әсер ететін факторлар, өртке қарсы қызмет жұмысы ескерілу керек.

Жұмыста [12] әкімшілік – аумақтық бірліктің (әрі қарай - ӘАБ) өрт қауіпін бағалау үшін өрт қауіпі критерияларын өрт шығу мүмкіндігінің функциясы және олардың нәтижелерінің өлшемдерін функция ретінде пайдалану қажет. ӘАБ өрт қауіпі критериясы ретінде таңдалған көрсеткіштердің дисперсияларының негізгі бөлігін суреттейтін және регрессиондық модельдерді құру кезінде тәуелді өзгеру ретінде компонентің маңыздысы таңдалады.

Өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін өрт қауіпін бағалау өрт күзетінде және ерікті өртке қарсы қоғамдар (әрі қарай-ЕӨҚҚ) жұмыстарын жетілдіру үшін кең пайдаланған. Мысалы, жұмыста [13] өрт жағдайларын сипаттайтын, техника – экономикалық потенциалды және ЕӨҚҚ-дың жұмысының көлемін корреляция және регресивті талдау әдістерінің көмегімен көрсеткіштерді зерттеу жүргізілді. Бұл көрсеткіштер тәуелсіз өзгермелі ретінде пайдаланылады және өрт қауіпінің критерияларының компоненті формасында көрсетіледі. Тәуелді өзгермелі болып пеш жылуымен байланысты өрттер саны, тұрғын ғимараттарында осындай өрттерден шыққан материалдық шығындар болып саналады.

Кешенді көрсеткішті ауыл елді мекендердің өртке қарсы қызмет жұмысын талдау үшін пайдалануға болады. [13]

Кейбір авторлар аумақтар моделін бағдарланған белгілі кескін түрінде қолдануды ұсынады. Бұндай модель өрттің жағдайларының көрсеткіштерінің себеп–салдар байланыстарын сипаттайды, өрттен болған факторлеріне және жою факторлеріне байланысты. Өлшем мөлшерін төмендету үшін үш индекс қолданылды. Біріншісі (Iп) – өрттен болған және олардың салдарынының факторларының жиынтығын сипаттайтын индекс ретінде қарастырылады. Екіншісі (Iн)-жою факторлерінің жиынтықтарының сипаттары ретінде, үшіншісі (Iоп) – өрт жағдайларын сипаттайды. Аумақтардағы өрт жағдайларын қалыптастыру механизмін нақтылы түрде түсіндірмелеу үшін тәуелділіктердің мүмкін типтері талданады: (Iоп)=F(Iп, Iн).

Өрт қауіптерінің деңгейі бойынша аудандардың салыстырмалы бағасы үшін ҚР ІІМ ТЖК «ӨҚж/е АҚ ҒЗИ» зерттеу зертханасын зерттеушілерімен аумақты зоналау және кешенді қауіп көрсеткіштері енгізілді. Ұсынылған көрсеткіштер қауіптің жалпы көрсеткіштері бойынша аймақтарды сипаттайтын көрсеткіштер комбинацияларын құрайды [15].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет