Қазақстан Республикасы іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты


Өрт сөндіру үшін көбік түзгіштер және беттік-белсенді



бет3/5
Дата30.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#168266
1   2   3   4   5

2.3 Өрт сөндіру үшін көбік түзгіштер және беттік-белсенді

заттар және олардың қасиеттері

Көбікті объектілердің көп түрлілігінің барлығынан өртке қарсы көбікті бөлу, біріншіден, оның алу тәсілінің – көбіктің торда түзілу спецификасына байланысты. Бұл тәсілдің арқасында көбікті құбылыстың түзілуі бірнеше секундта жүзеге асады және бұл жерде анықтау қасиеттері тордағы суландырғыш қабықшалар және олардың тез деформациясы мен қарым-қатынас әсері процессінде бос қабықшаларға байланысты.

Өртке қарсы көбіктің түзілу процессіне қатысты маңызды көрсеткіші көбік түзуге берілген ауаны пайдаланудың толықтығы және көбік түзілуінің критикалық жылдамдығы болып табылады. Өртке қарсы көбіктің екінші сипаттамалы аспекті сөндіру процессі мен сұйықтықытң қайтадан жануын болдырмайтындығын анықтайтын оның кейбір химиялық қоспалардың бетінде қарым-қатынас тұрақтығының нәтижелігі болып табылады. Сонымен, көбік түзудің спецификалық тәсілінің көбік түзгіш композицияның құрамын өзгерту мүмкіндігімен қатынасы көбіктің физико-химиялық қасиетін көбік түзу режимін (тәртібін) өзгертумен де, көбік түзгіштің рецептурасын ауыстырумен де реттеудің бағыттылығы туралы сұрақты тудырады.

Тордағы көбік түзу процессін анализдеу, стабилизация механизмі мен көбік ыдырауы кезінде байланыстырғыш топ «көмірсутегі – ББЗ ерітіндісі – ауа» бөлінісі шекарасындағы электробеттік қасиеттері болып табылады.

Көбік және «көбік сұйықтық» жүйесі үшін олардың мәні өмір сүрудің барлық кезеңдерінде маңызды болады:


  • тордағы көбік түзілген кезде – қысымды ығыстыратын электростатикалық компоненттер мен электроосматикалық токқа қарсылықтың белсенділігі салдарынан деформациялық қабықшалар және қосалқы суландырғыш қабықшалар кезінде;

  • көбіктің сусыздануы кезінде – көбік қабатының қысқаруының жылдамдығы төмендеуі және тік құбырларда көбік қозғалғанда көбік каналдарының капилярлы қысымының динамикалық компоненті шамасы төмендегенде;

  • көбіктің қозғалуы және деформациясы кезінде – Плато-Гиббс каналының капилярлы қысымының динамикалық компоненті шамасы төмендегенде;

  • қарым-қатынасты ыдырау кезінде – органикалық ерітінділер мен көбіктің шекарасындағы бөлетін қабаттың түзілу процессінде полимерлі бөлшектердің изоэлектрлік күйін қамтамасыз етуде және көбік пен ерітінді әсері кезінде көбік каналдарында аралас ерітіндінің түзілуі кезінде «ерітінді-ауа» шекарасының электрокинетикалық потенциалық төмендетуде;

  • электрлік өрісте – сұйықтықтың орын ауыстыруының электроосматикалық әрекеттесуінде және сыртқы жоғары сапалы электрлік өрістің «ерітінді-ауа» шекарасында екі электрлік қабаттың иондарымен экрандалуы;

Көбікті зерттегенде ең негізгі қиындық оның эталонды үлгісін жасадың мүмкін сіздігі болып табылады, сондықтан жұмыстың маңызды жағы көбіктің физико-химиялық параметрлерін өлшеудің әдістемесін және қондырғыларын табуда және оларды алудың бақылайтындай шартын қамтамасыз етуде жатыр.

Көбіктің өрт сөндіру нәтижелігі параметрлердің физико-химиялық кешенімен анықталады. Сонымен қатар, тағайындалуына байланысты көбітің маңызды қасиеттері ретінде оқшалауғыш қасиет, термиялық тұрақтылық, жабысқақтық, кернеудің шекті сығылуы, еселік, өздігінен ағылу және т. б. болып табылады.

Осы қасиеттерді қамтамасыз ету көбік түзгіш ерітіндінің құрамын және көбік алу тәсілін таңдау жолымен жүзеге асады.

Негізінен өрт сөндіруде қолданылатын көбік түзгіштер ББЗ ерітінділерінен концентрациясы болып табылады. Көбік түзгіш ерітіндіні алу үшін бастапқы көбік түзгішті сумен 3 немесе 6% концентрацияға дейін ерітеді.

Жұмыс ерітіндісінің концентрциясы көбік түзгіштің түріне байланысты. Мысалы, ПО-ЗАИ (ИВА) көбік түзгіші 3 пайызды концентрациямен қолданылады, ал ПО-1Д6-пайыздыда. Мұндай айырмашылық осы көбік түзгіштер негізі жасалған беттік-белсенді заттардың (ББЗ) табиғатына байланысты.

ББЗ молекулаларының құрамы мен химиялық құрылысы көбік пен жанғыш сұйықтықтың әрекеттесу сипатын анықтайды, бұл аяғында көбіктің жанғышпен «ластануында» (сорбция), көмірсутектер бойынша су ерітіндісі мен көбіктің өздігінен ағылуында және төмен молекулалы спирт сияқты полярлы сұйықтықтарда тұрақты көбікті қамтамасыз етуде жатыр.

ББЗ молекулаларының табиғаты қойма бөлмелері мен кемелердегі өрт сөндіруге қажетті жоғары еселікті көбік түзу мүмкіндігін анықтайды.

Көбік түзгіштер (көбікті концентраттар) құрамына беттік-белсенді заттардың бір немесе бірнеше түрі (ББЗ, қоспалар, көбіктің термиялық және гидростатикалық тұрақтығын, көбік концентарты қатаюының төмен температурасын қамтамасыз ететін құрамдар, коррозияның ингибиторы, және жоғарыда қарастырылған компоненттердің араласуын қамтамасыз ететін заттар) енетін көп компонентті су ерітіндісі болып табылады.

Орта еселікті көбікті алу үшін эжекционды түрлі көбік генераторларында көмірсутекті беттік-белсенді негіздегі көбік түзгіштер қолданылады. Бұл заттар су ерітіндісіне жоғары көбік түзгіштік қасиет береді, бірақ олардың негізіндегі көбіктің термиялық төзгіштігі төмен және ол жанармайға түскенде мұнай мен мұнай өнімдерімен араласып кетеді. Көмірсутекті ББЗ негізіндегі төмен еселікті көбіктер көмірсутектердің өртін сөндіруде қолданылмайды, өйткені олар мұнай өнімдерімен жақсы араласады және оқшалауғыш қасиетін жоғалтады.

Фторлы ББЗ бар көбік түзгіштер негізінде алынған төмен еселікті көбік тер осы заттардың жұмыс ерітінділерінің өте төмен беттік пернеуімен сипатталатын қасиеттерге ие. Бұл қасиет көбіктің жанғышпен араласуын тоқтатады және судың көбіктен мұнай өнімінің бетінде жұқа қабық түрінде өздігінен ағылуын және түзілуін қамтамасыз етеді.

Беттік-белсенді негізінің табиғатына қарай көбік түзгіштер протеинді (фторпротеинді) синтетикалық (фторсинтетикалық) болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында МЕСТ көбіктүзгіштерді жалпы және арнайы тағайындалуы бойынша бөледі, сонымен бірге «жалпы» дегеніміз көбік түзгіштің баға жағынан тиімділігін білдіреді. Арнайы қолданыстағы көбік түзгіштер ацетон және этил спирты сияқты полярлы жанғыш сұйықтықтарды сөндіру үшін қолданылады.

Сонымен қатар құрамында фторы бар көбік түзгіштер арнайы топқа жатады және біріншіден төмен молекулалық спирттердің өртін сөндіру үшін жасалған. ПО-1, ПО-1Д және ПО-6К сияқты көбік түзгіштер биологиялық қатты топқа жатады, сондықтан оларды өндіру жақын жылдарда тоқталады. ПО-3А (ПО-ЗАИ), ПО-34П, «Сампо», ТЭАС (ПО-6ТС) сияқты көбік түзгіштер мен олардың аналогтары биологиялық жұмсақ, аз мөлшерде шығарылады. Және тәжірибе көрсеткендей резервуардағы мұнай өнімдерінің өртін сөндіруде нәтижесіз.

Фторсинтетикалық ББЗ негізіндегі көбік түзгіштер ең қолайлы болып табылады, олардың негізіндегі көбіктер мұнай мен мұнай өнімдері бетімен өздігінен ағылатын су қабықшасын түзе алады. Бұл көбік түзгіштердің жалпы атауы – сулы қабықша түзетін көбіктер. Бұл көбік түзгіштердің тобына «Подслойный» (Ресей, Новороссийск), «Фторэтол», «Универсальный» құрамдары жатады.

Қабат асты өрт сөндіру жүйесінде қолданылатын фтор құрамды көбік түзгіштерге қосымша талаптар қойылады:

Көбік түзгіштің жұмыс ерітіндісінің беттік кедергісі – 17,5 мН/м жоғары емес.

Гептан шекарасында фазалық аралық беттік кедергісі – 2,0 мН/м кем емес.

Көбік түзу қасиеті жұмыс ерітіндісін жасауда қолданылған судың қаттылығына тәуелді болмауы керек.




    1. Беттік - белсенді заттар - өрт сөндірудегі көбік түзгіштердің

негізі

Көбікті беттік-белсенді заттардың (ББЗ) су ерітінділерінен алады. Бұл затардың ерекшелік қасиеті олардың «су-ауа» және «су-көмірсутектер» фазаларының шекарасында өздігінен конденсацияланатындығы мен абсорбацияланатындығында жатыр.

ББЗ-көбік түзгіштердің ерекшеліктері олардың мицелл түзу қасиеті болып табылады, онда ББЗ аккумуляторларында егер олардың концентрациясы мицеллотүзудің критикалық концентрациясы (МКК) мәнінен жоғарылап кетсе. Мысалы цепотүзу кезінде бос кеңістік пайда болғанда, ББЗ молекулалары мицеллдардан көбіктің қабықшасына өтеді. Қайтадан түзілген қабықша беті мицеллдардағы молекулалар қоры таусылмағанға дейін тұрақты болады.

ББЗ – бұл ақуызды немесе синтетикалық негізде синтезделген заттар, мысалы, көмірсутекті немесе фторкөмірсутекті негіздегі оларға олардың судағы ерітінділігін арттыратын гидрофилды топтардың қосылуынан пайда болған қосылыстар.

ББЗ судың беттік кернеуін төмендетеді және осы арқылы барлық уақыт бойы су қабықшаларының эластикалығын қамтамасыз етеді. ББЗ молекулаларымен судың беттік кернеуін төмендету олардың бет үстінде еркін концентрациялануы салдарынан жүзеге асады. Сонымен қатар, ББЗ молекулалары көмірсутекті гидрофобты соңымен ауаға, ал полярлы гидрофобпен – суға орнығады. Сондықтан, егер де үстінен қарасақ, онда ББЗ су ерітіндісінің беті көмірсутекті сияқты байқалады,ал көмірсутектердің беттік кенеуі суға қарағанда төмен. Нәтижесінде адсорбация салдарынан судың беттік кернеуі онда ББЗ көп мөлшері ерісе де төмен болып қала береді.

ББЗ молекулаларының адсорбацияға тартымдығы олардың дифильды құрылысымен түсіндіріледі, яғни бір молекулада судағы еруі бойынша айырылатын екі бөлік бар: гидрофобты бөлік – бұл көмірсутекті тізбек, және гидрофильды бөлік – қышқылдың тұзды қалдығы. Мұндай химиялық құрам анионды ББЗ тобына жататын заттарға тән. ББЗ басқа түрлері де гидрофобты және гидрофилды бөлікке ие, бірақ олардың химиялық құрамы басқаша болады.

ББЗ молекулалары суда ерігенде молекуланың гидрофобты бөлігі сумен нашар араласатындықтан ерітіндінің бетіне ығысады. Концентрацияның үлкею шамасы мен белгілі шекті өлшеміне жетуіне қарай ББЗ молекулалары мицеллдар деп аталатын ассоциаттар түзеді, онда молекуланың гидрофилды бөлігі сыртқа, ал гидрофобты бөлігі ішке қарайды. Мицеллярлы ерітінділер термодинамикалық тұрақты колоидтық жүйелер болып табылады. Мицеллдар түзіле бастайтын ББЗ концентрациясын мицелл түзілудің критикалық концентрациясы (МКК) деп аталады.

Молекулалар адсорбациясы кезінде беттіктің алатын заряд белгісіне байланысты барлық беттік-белсенді заттар төрт топқа бөлінеді:

Анионды – бетке теріс заряд береді;

Катионды – бетті оң зарядтайды;

Неионогенді – беттің зарядына әсер етпейді;

Амфолитті – беті ортаның қышқылдығына байланысты (рН) зарядтайды, қышқылды ортала – оң, ал сілтілі ортада – теріс.

ББЗ мұндай тәртібі молекулалардың диссоциациясының сипатына байланысты. Сонымен анионды ББЗ беттік-белсенді аниондар түзілуімен диссоциацияланады, ал катионды – беттік-белсенді катион түзеді. Мысалдар:

Анионды ББЗ: карбон қышқылының натрий тұзы;

Катионды ББЗ: төрттік амонийлік тұз;

Амфолитті ББЗ: карбоксибетаин;

Неионогенді ББЗ: оксиэтилды бутилфенол.

«Ерітінді-ауа» шекарасындағы ББЗ молекулаларының адсорбация шамасы су бетінің бет керенеуінің ББЗ концентрациясына тәуелділігі шамасын анализдеу негізінде анықталады.



2.5 Көбік түзгіштердің құрамы мен тағайындалуына байланысты

топтастыру

Көбік түзгіштер мен көбіктер: тағайындалуы, құрылымы, беттік-белсенді заттардың химиялық табиғаты мен түзілу тәсіліне қарай бөлінеді.



Негізгі беттік-белсенді заттардың табиғатына байланысты:

- протеинды (ақуызды); - синтетикалық көмірсутекті; - фторқұрамды.



Түзілу тәсілі бойынша:

- химиялық (конденсациялық); - ауа-механикалық; - барботажды; - ағынды.



Тағайындалуы бойынша көбік түзгіштер бөлінеді:

- жалпы қолданыстағы; - арнайы қолданыстағы; - қабықша түзетін;

Құрылымы бойынша көбік жоғары дисперсті және катоң дисперсті болып бөлінеді.

Еселігі бойынша:



  • төмен еселікті көбіктер мен көбік эмульсиялары;

  • орта еселікті көбіктер;

  • жоғары еселікті көбіктер;


2.5.1 Көбік түзгіш құрамының көбік қасиетіне әсері

Арнайы қоданыстағы көбік түзгіштер құрамының белгілі бағытымен ажыратылады. Мысалы, өте тұрақты көбік түзетіндер ауада көп уақыт бойы ыдырамайды. Мұндай көбіктер сөндірілген жанармай мен мұнай бетінің үстінде жақсы сақталады, ал бұл жанғыштың қайтадан тұтануына кедергі келтіреді. Осындай көбік түзгіштер көп компонентті ерітінділер болып табылады, мысалы «Сампо» көбік түзгіші, оның құрамына алкилсульфаттар, жоғары майлы спирттер, карбамид, бутанол және бутилацетат кіреді.

Спирттер мен суда еритін органикалық қосылыстардың өртін сөндіру үшін құрмына табиғи және синтетикалық полимерлар енетін көбік түзгіштер қолданылады, олар су ерітіндісі еріткішпен араласқан кезде коагуляцияланады. Коагуляция нәтижесінде органикалық еріткіштің бетінде қалың полимерлі қабықша түзіледі, ал механикалық түрде көбікті еріткішпен әсерлесуінен қорғайды. Табиғи жоғарымолекулярлы қоспа – натрий альгинаты кең қолданылады, оны теңіз балдырлары – ламинарийден табады. Көбік полимер спиртімен әсерлескен кезде спирт бетінде қалың полимерлі қабықша түзіп коагуляцияланады, ол көбік пен спирт арасындағы тікелей әсерлесуді болдырмайды.

Сонымен қатар арнайы қолданыстағы көбік түзгіштерге аязға төзгіш көбік түзгіштер жатады, олардың құрамында 15%-дан 35%-ға дейін полиэтиленгликоль кіреді. Универсалды «Фторэтол» және «Универсалды» (Ресей) көбік түзгіштері қандай да болмасын жанғыш сұйықтықты сөндіру үшін жарамды, бірақ олар метанол мне этил спиртін сөндіргенде жоғары нәтиже көрсетеді. Сонымен қатар сөндіру олардың сумен араласуысыз жүзеге асады.

Қабықша түзетін көбік түзгіштер, мысалы «Подслойный» (Новоросийск, Ресей) көмірсутектер бетінде өздігінен су қабықшасын түзеді, ол жану аймағына су буларының өтуін болдырмайды. Бұл нәтиже су ерітіндісінің беттік кернеуі 15 - 18 мН/м шамасына жеткенде орнығады.

Көбік – бұл қабықша мен каналарда болатын ауа мен сұйықтықтың деформацияланған көпіршіктерінен тұратын құрылымды дисперсті жүйе.

Көбіктегі V0 көбік көлемінің V1 сұйықтық көлеміне қатынасы еселік К деп аталады.

K = V1/V0 (2.4)

Көбік тұрақсыз дисперсті жүйе болып табылады. Түзілу кезінен бастап көбікте ауаның кішкентай көпіршіктерінен үлкенге ауысудың диффузиялық процессі басталады, нәтижесінде уақыт өте көпіршік саны азаяды, ал олардың орташа мөлшері үлкейеді. Су ерітіндісі каналдар жүйесі арқылы ақырындап көбіктен бөлінеді. Бұл процессті дәстүрлі түрде синерезис деп аталады, бұл суды жоғалту дегенді білдіреді.


2.5.2 Көбіктің тұрақтылығы

Көбіктің тұрақтылық сипаты оның бастапқы құрылыс параметрлерін сақтау қасиеті болып табылады. Көбіктің тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткішткр болады:



Көбік көлемінің тұрақтығы. Бастапқы көлемінің 25% ыдырау уақытымен сипатталады.

Сусыздануға (синерезиске) тұрақтылығы. Көбіктен 50% сұйықтықтың бөліну уақытымен сипатталады.

Құрылыстық тұрақтылық. Бастапқы өлшемнен көпішіктің орташа диаметрінің 25%-ға өзгеру уақытымен сипатталады.

Көбіктің әсерлесу және термиялық тұрақтылық.

Полярлы жанғыш сұйықтық бетіндегі әсерлесу тұрақтылығы. Көбіктің толық ыдырауы уақытымен сипатталады.

Термиялық тұрақтылық. Шырақ жалынынан бөлінетін жылу ағысы әсерінен көбіктің барлық көлемінің ыдырау уақытымен сипатталады.

Оқшалауғыш іс - әрекеттің тұрақтығы. Жалынның ашық ошағынан сұйықтықтың тұтануын болдырмайтын көбік қабаты уақытымен сипатталады.

Көбіктің әсерлесу жылулық ыдырауы себебі беттік-белсенді заттар молекулаларының – көбік түзгіштің десорбациясы, көбік қабықшасындағы ерітіндінің жоғарғы температурасы кезінде молекулаларының беттік-белсенділігін жоғалтуы болып табылады.

Көбіктің суда еритін органикалық ЖС әрекеттесуі кезінде көбік каналдарында аралас ерітінді түзіледі, онда көбік түзгіштің молекулалары жақсы ериді. Ондай еріткіште мицеллдар түзілмейді, өйткені ерітінділер нағыз, молекуларлы, яғни молекулалар «ерітінді-ауа» шекарасында адсорбацияланбайды.

Осындай жағдай көбік түзгіштің ерітіндісін қыздырған кезде пайда болады. Температураның арту шамасына байланысты ББЗ молекулаларының молекулярлы (нағыз) ерітінділігі жоғарылайды және олар беттікте концентрацияланбайды.

ББЗ молекулаларының бет белсенділігінің төмендеуі су-органикалық қоспада жанғыш компоненттің концентрациясы артуы шамасы бойынша немесе су ерітіндісініңтемпературасы артқаны бойынша жүзеге асады.
2.5.3 Көбік еселігі

Еселіктің өлшеміне байланысты көбікті төрт топқа бөледі:

Көбік эмульсиялары, К < 3;

Төмен еселікті көбіктер, 3 < К < 20;

Орта еселікті көбіктер, 20 < К < 200;

Жоғары еселікті көбіктер, К > 200.

Өрт сөндіруде көбіктің төрт түрі де қолданылады, олардың әртүрлі тәсілдер мен қондырғылармен алады:


  • көбік эмульсиялары – ерітіндінің бос ағындарын қосумен;

  • амбардағы мұнай өрттерін сөндіру үшін;

  • төмен еселікті көбіктер – көбік генераторларымен? Онда эжектық

ауа көбік түзгішінің ерітіндісімен араласады;

  • жоғары еселікті көбік желдеткіштен көбік генераторына ауаның үрлеу нәтижесінде жұқа металл бетінің перфорирді беті бар генераторларда немесе арнайы қондырғыларда алынады.

Көбіктің сусыздануға тұрақтығы көбінесе оның оқшалауғыш іс-әрекетін анықтайды, ол жанғыш буларының жану аймағына ену жылдамдығының төмендеуімен сипатталады. Көбік көп сұйықтық жоғалтса, көбік қабықшасы жұқарайды, яғни олар жанғыш булануына аз кедергі келтіреді.

Құрамында натрийдің екінді алкилсульфаты және жоғары майлы спирттердің қоспасы бар көбік түзгіш «Сампо» деп аталады, онда қарастырылған беттік-белсенді компоненттермен бірге төменгі температураларда жүйенің қабықталуын болдырмайтын және көбіктің термиялық тұрақтылығын арттыратын заттар болады.

Көбік түзгіштер беттік-белсенді заттардың (ББЗ) концентрациялы су ерітіндісі болып табылады, олар негізінен массаның 25%-ын құрайды.

Көбік генераторларында тікелей көбік түзетін жұмыс ерітінділері көбік түзгіштің 3 ... 6 % құрайды, яғни беттік-белсенді заттар массасының 1 ... 2%.

Көбік түзетін жұмыс ерітіндісінде ББЗ моекулаларының минималды құрамы қайтадан құралған көбік қабықшасының бетінде көбік түзгіштің адсорбцияланған молекулаларынан тығыз моноқабат түзу қажеттілігімен анықтайды.

Кесте 2.4



А және В топтағы өрттерді сөндіру үшін арнайы қолданыстағы синтетикалық көбік түзгіштердің қасиеті:

р/н

Бақыланатын параметрдің атауы

Көрсеткіштің мәні

1

Сыртқы түрі

Қабықтануы және тұнбасы жоқ біртұтас сұйықтық

2

20С кезіндегі тығыздық, кг/м3

1025

3

20С кезіндегі кинематикалық тұтқырлық, мм32

2,1

4

Сутекті көрсеткіш (рН)

6,95

5

Қатаю температурасы, С

Минус 10

6

Төмен еселікті көбіктің сумен қолданғандағы еселігі, с:

- тұщы


  • теңіз

10,5

11,0


7

Суды қолданғандағы орта еселікті көбіктің тұрақтығы (көбіктен 50% сұйық көлемінің бөліну уақыты), с:

- тұщы


- теңіз

145

180


8

Орта еселікті көбіктің сумен қолданғандағы еселігі, с:

- тұщы


- теңіз

12

80


9

Суды қолданғандағы орта еселікті көбіктің тұрақтығы (көбіктен 50% сұйық көлемінің бөліну уақыты), с:

- тұщы


- теңіз

247

290


10

Суды қолданып, орта еселікті көбікпен н-гептанды (0,032 ± 0,002) дм32/с қарқындылықпен сөндіру уақыты, с:

- тұщы


- теңіз

65

77


11

Жоғары еселікті көбіктің сумен қолданғандағы еселігі, с: - тұщы

- теңіз


576

620


12

Суды қолданғандағы жоғары еселікті көбіктің тұрақтығы (көбіктен 50% сұйық көлемінің бөліну уақыты), с: - тұщы

- теңіз


250

278


13

Кепілді сақтау мерзімі, жылдар

2

3. Нысанның қысқаша сипаттамасы

Santo Member of Polpharma Group («Химфарм» АҚ сауда атауы) 2011 жылы Polpharma тобының инвестициясы келуімен құрылды, инвестициялар казақстандық өндірістік жаңартылуы мен жетілдірілуіне жұмсалды. Қазіргі таңда «Химфарм» АҚ жоғары сапалы қол жетімді дәрі-дәрмек өнімдерін өндіреді және Қазақстан мен Орта Азияға жеткізеді. Santo Member of Polpharma Group компаниясы жыл сайын 1 миллиард таблетка, капсула және гранулалар, 200 миллион ампулалар мен 24 миллион антибиотик флакондарын өндіреді.



Зауыт негізгі және көмекші өндірістердің қызметі үшін қажетті барлық аладарға ие, сондай-ақ әрі қарай даму үшін резервті алаңдарға ие. Барлық қажетті траснпорттық және энергетикалық коммуникациялар, өзінің жылу қазандығы және скважинасы бар.

Шымкент қаласының «Химфарм» АҚ-ның жалпы көлемі 14,784 га, ғимарат соғылған бөлімі 3,75 га. Бадам өзенінің жағасында, қала орталығынан 3 шақырым арақашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда «Химфарм» АҚ дайын дәрі дәрмектер шығарады (таблеткада және ампулада). Нысанда 320л аммиак қоры бар,ол галенды препараттар цехының қоймасында сақталады. Аммиак күйі газ – аэрозоль. Аммиак түссіз газ ауа ылғалдылғымен қосылғанда жарылады. Зақымдауышы мөлшері 15мг/мин/л. Сонымен қатар керек болған жағдайда 1тонна көлемінде спирт әкелінеді. Спирт оңай тұтанғыш заттарға жатады. Сұйық күйде өткір иісті, тез буланғыш. Спирт буланған күйде жарылу қауіпі бар.

- Цех №1- Апиын шикізатынан өндіру (морфин, кодеин, стиптицин және т.б.). № 1 цех 3 блоктан тұрады, әр қайсысы көлемі 50х30, 24х13,6 және 24х12 ғимарат 1 қабатты. Күйдірілген қыштан салынған. Жалпы көлемі 2148 шаршы метр.

- № 2 цех ғимараты 3 қабатты темір бетоннан көлемдері, 18х45 және 24х66 метр жалпы аумағы 5527 шаршы метр

- Цех №3 – Өсімдік шикізатынан өндіру (целанид және т.б).

Цех – ЦТЛС ғимарат бір қабатты күйген кірпіштен, қабырғалары темір бетоннан, көлемі 24х84 м, аумағы 1964 шаршы метр.

- Цех №4 - Эфидрин және т.б. өндіру.

Цех – ЦГП ғимарат 4 қабатты, темір бетоннан, көлемі 18х108 м, аумағы 7260 шаршы метр.

1 қабат – медициналық сұйығын құю цехы.

2 қабат – контора

3 қабат - ОТК

4 қабат - ЦЗЛ

- Қазандық, көлемі 40х20м, күйдірілген қыштан салынған,солярка майымен жағылады.50т солярка қоры бар.

- Цех №5. Никотин қышқылын өндіру.

3.1 Өрт сөндіру және дабылқаққыш қондырғысы
«Химфарм» АҚ-ның дабылқаққыш түрі: ИП-103-5/2 Гранит-3,5,24 түтін дабылқаққыштары бар.

Өрт сөндіру қондырғысы қарастырылмаған.

Түтін сору және желдеткіш қондырғылары жоқ.

Камера мен бейне бақылау жүйесі орнатылған.


3.2 Электрмен жабдықтау, жылу жүйесі және желдеткіші

«Химфарм» АҚ нысанның жеке қазандығынан жылытылады, автономды. Электрқосқышы,трансформаторлық подстанциясы галенды препараттар цехының жанында орналасқан 220 в және 380 в жұмыс істейді.



3.3 Су көздері
Зауыттың аумағында 11 дана ӨГ бар және 3 дана 250 м куб су қоймасы бар. Барлық цехтармен контораларда ішкі өртке қарсы крандары бар, жалпы саны 150дана, зауытқа жақын жерде орналасқан 3 ӨГ және Бадам өзені бар. Зауыттың өрт сөндіру бөлімі бар, онда бір өрт сөндіру автобөшкесі бар, ол толық өртті сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген.
3.4 Өрттің даму болжамы
Нысанның жедел-техникалық сипаттамасын ескере отырып өрт болуы ықтимал орны «Химфарм» АҚ-ның қатты дәрілер қоймасында электр сымдары қысқаша тұйықталуы мүмкін деген болжам бар. Қойманың көлемі 70м2, биіктігі 3 м., ғимарат 2 қабаттылық, қоймасындағы заттардың жануының салдарынан түтін пайда болып, адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Бірінші бөлімше келген уақытта ғимараттың іші толық ашық жалынға оранып, қалған бөлмелер қою түтінге оранды, өрт көрші бөлмелерге жайылу қауіпі төнеді.

Өрттің көлемінің болжамы:

- өрттің таралу желілік жылдамдығы (линейная скорость) – vл = 1,5м/мин.

- өрттің даму болжамы бойынша өрт сөндіруге жұмсалатын судың мөлшері - Is= 0,06 л/ (м²с).


3.5 Құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
« Химфарм» АҚ-ның жұмыс тәртібі 900-ден кешкі 1900-ге дейін.

«Химфарм» АҚ қызметкерлерінің саны күндіз 300 адам, түнде 4 күзетші. Ғимараттардан эвакуация есіктері отыз.

Ең бірінші қауіпсіз жерге көшіруге баспалдақтар қолданылады, эвакуациялық құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, есік ашылуы тиіс.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта ең бірінші барлау жұмыстарын жүргізе отырып, ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін күштер мен құралдары жұмылдыру.

Түтіндеген бөлмелерден адамдарды құтқаруға арнайы құрылғыларды пайдалану.Құтқарылған адамдарды автотұраққа және КДМ ғимаратына 100м арақашықтықта орналастыру. Жарақат алған адамдарға уақытылы көмек көрсету үшін, жедел жәрдем бригадасын жіберу.
3.6 Адамдарды құтқару уақытының есебі

Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі өрт туралы хабар түсісімен 7 минутта келеді, сол уақытта өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін мекеменің қызметкерлері адамдарды қауіпсіз жерге көшіреді. Осыған байланысты өрт сөндіру бөлімшесінің құрамымен келген ГТҚҚ қызметкерлерімен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын ұйымдастырады.


3.7 Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұйымның, қаланың, елді мекеннің (ауданның) авариялық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру

3.1 кесте



№ р/с

Міндеттердің мазмұны

Жауапты қызмет

Жұмылдырылатын әр түрлі қызметтердің лауазымды тұлғалары

1

Өрт немесе апат туралы хабар алысымен шақырылған жерге мекеменің меншік түріне қарамастан авариялық бригадасын жіберу

Әль-Фараби ауданы бойынша электр жүйесі АҚҚ

Байтереков П.

53-53-65


2

Шымкент қаласы мен облыс төңірегінде өрттер мен авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қоғамдық тәртіптің сақталуымен, құтқарылған мүліктерді талан-таражға түсіруге жол бермеуге, өрт техникалыр мен қатыстырылатын арнайы қызметтер кедергісіз оқиға орнына жетуге және кіріп шығуына ықпал жасау үшін нұсқау талабына байланысты тәулік мезгіліне қарамай жедел штаб бастығының нұсқауымен ІІД-нің қызметкерлерін қатыстыру.

ОҚО ішкі істер департаменті

Досумов С.Т.

21-20-41


3

Зардап шеккендер туралы хабар алысымен, шақырылған жерге дәрігерлік жедел жәрдем бригадасын жолдау.

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясы

С.Шәмшиев

53-07-96


43-33-14

4

Газдандырылған мекемедегі газ қондырғыларында, магистралдарын-да өрт немесе апат туралы хабар алысымен, шақырылған жерге апаттан құтқару тобын жіберу.

«ҚазТрансГаз» АҚ

ШФ


Байзақов С.У.

53-2-52, 53-86-47

104


5

Нысандар мен тұрғын үйлерде орын алған өрт немесе апат орнынан өрт гидранттарының ақау алған мінез-демесін немесе су құбыры қысымы-ның төмендегі жайында хабар алысымен, бірінші басшыларын құлақтандырып, шақырылған жерге апаттық қызметтің тобын жіберуге және оқиға орын алған аудандағы су құбырының қысымын жоғарлату.

«Әль-Фараби ауданы бойынша су жүйесі» МКК



Мұратов Б.

53-09-56




6

«Шымкент жылу электр орталығы» МКМ-гі өрт сөндіру басшылығын ОҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін «Шымкент жылу орталығы» МКМ-нің аға лауазымды тұлғасы басқарады.

«Шымкент жылу электрорталығы» МКК

ТЭЦ-1


Асанбаев Т.

53-65-29


56-29-27


3.2 кесте

Өрт сөндіру қондырғыларының болуы және сипаттамасы



р/с


Өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалатын

үй-жайлардың атауы




Қондырғылардың түрі мен сипаттамасы

Өрт сөндіру қондырғыларын автоматты және қолмен іске қосудың болуы және орны

Іске қосу тәртібі мен өрт сөндіру кезінде пайдалану жөніндегі ұсыныстар

1

2

3

4

5

Өртке қарсы жабдықтары - жоқ

Ескертпе: Ғимараттың сипаттамасына сәйкес өрт дабыл қондырғылары орнатылған.

3.3 кесте

Өндірісте айналатын заттармен материалдардың өрт қауіптілігі және жеке құрамды қорғау шаралары

р/с



Орынжайдың, технологиялық жабдықтың атауы

Жаннғыш (жарылғыш) заттар мен материалдардың атауы

Орынжайлардың саны (көлемі),

(кг, л, м3)



Өрт қауіптілігінің қысқа сипаттамасы

Сөндіру құралдары

Ж/қ қор,ғау шаралары жөніндегі ұсыныстар

Қосымша мәліметтер




қойма

Спирт

1 тонна

Спирт оңай тұтанғыш заттарға жатады.Сұйық күйде,өткір иісті, тез буланғыш

Көбік,

инертті газдар,

ұнтақтал

ған су


Жеке құрам гзқағарларда және арнайы киімдерде жұмыс істеу керек.

Спирт буланған күйде жарылу қауіпі бар

3.4 кесте

Түтінді шығару қондырғыларымен қорғалатын және ауаны беру бөлмелері


р/с




Түтін шығару қондырғыларымен қорғалатын және ауаны беру бөлмелерінің атауы

Қондырғының түрі мен сипаттамасы

Түтінді шығару және ауаны беру автоматты және қолмен іске қосудың болуы мен орындары

Іске қосу тәртібі мен өрт сөндіруде қолдану жөнінде ұсыныстар

1

2

3

4

5

Түтін сору жүйлері және вентиляция өздігінен

Ескертпе: Ғимараттың сипаттамасына сәйкес өрт дабыл қондырғылары орнатылған.

3.5 кесте

Орынжайларда, технологиялық қондырғыларда (аппараттарында) БХУЗ, радиоактивті заттардың болу




р/с№

Орынжайдың, технологиялық жабдықтың атауы

Заттың атауы, оның саны

Қысқа сипаттамасы

Өрт сөндіргіш құралы

Ж/қ қорғау құралдары

Ж/қ қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар

Қосымша мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8




қойма

Аммиак 320л.

Аммиактың күйі газ-аэрозоль.Аммиак түссіз газ,ауа ылғалдылығымен қосылғанда мүсәтір спиртін құрайды,оттегімен қосылғанда жарылады.Зақымдаушы мөлшері 15мг/мин/л.

Ұнтақталған су

Тыныс алу органдарын қорғайтын өндірістік газқағарлар

Жеке құрам газқағарлармен жұмыс істеуі керек

Газқағар жоқ болған жағдайда 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мата дәкесі пайдаланылады


4. Зерттелетін көбіктүзгіштердің сипаттамасы

    1. «Рауан-6Ц» көбіктүзгішінің сипаттамасы




      1. «Рауан-6Ц» КТ-ің сапасы, сақтау және қолдану

«Рауан-6Ц» көбіктізгіші 1998 жылдың қыркүйегінен бастап «Пирна-Копиц» (Германия) химиялық фабрикасы әзірлеген технология негізінде өндіріледі. «Рауан-6» көбіктүзгіші А және В класты өрттерді сөндіру үшін арналған (соның ішінде мұнай мен мұнай өнімдері). «Рауан-6Ц» көбіктүзгіші беттік-белсенді затының сулы қоспасы болып табылады және орташа қысқалықты көбікті алу үшін арналған (20-дан 200-ге дейін). Көбіктің шынайы қысқалығы 105-110 аралығында.

«Рауан-6Ц» көбіктүзгіші мақсатты қолдануға арналған көбіктүзгіштер тобына жатады. «Рауан-6» көбіктүзгіші химиялық құрамы бойынша – синтетикалық көмірсутегі және жоғары өрт сөндіру тиімділігімен ерекшеленеді.

«Рауан-6Ц» көбіктүзгішін өндіру негізі Техникалық шарттарға сүйенген (ТУ 648 РК 39908-19-98) [35].

"Рауан"ЖШС – ҚР ТМЖ берілген лицензияға сәйкес «Рауан-6Ц» көбіктүзгішін өндіруге және сатуға құқықты жалғыз кәсіпорын, осыған сәйкес өндірістік базасы, технологиялық қондырғылары және білікті мамандары бар.

Осының бәрі «Рауан»ЖШС-не екі жыл ішінде 500 тоннадан астам «Рауан-6Ц» көбіктүзгішін өндіріп, оны сатуға мүмкіндік берді, Қазақстанда өзін заманауи стандарттарға сай өнім өндіретін отандық өндіруші ретінде танытты.

Көбіктүзгішті сатып алушылар арасында СП «Тенгизшевройл», ААҚ «Казахойл-Эмба», ААҚ «Мангистаумунайгаз», ААҚ «Узеньмунайгаз». СП «Харрикейн Кумколь Мунай», ААҚ «Шымкентнефтеоргсинтез», СП «Бехтел-Энка», РММ «Резерв», РММ «Актауский морской торговый порт», СП «Матин», СП «Атма-Атырау Аэропорт», «Атырауский ГПС» және тағы да басқа ірі компаниялар бар.

«Рауан-6Ц» көбіктүзгіші техникалық шарттарға сәйкес өндіріледі және сапа паспортымен рәсімделеді. Өнім сапасының талдауы «Атырау МӨЗ»ААҚ-ның зауыттыұқ зертханасында өткізіледі, ол өз кезегінде Қазақ Стандарттау институтында аккредитталған. Көбіктүзгіштің қысқалығы, тұрақтылығы және т.б. сол сияқты спецификалық көрсеткіштерінің талдауы «Рауан» ЖШС-нің меншіктің сынау зертханасында жүргізіледі және сапа талабына қатаң бақылаудан өткізіледі.

Өзінің пайдалану параметрлері бойынша «Рауан-6Ц» көбіктүзгіші шетелдік аналогтардан қалыспайды және Ресей көбіктүзгіштерінен әлдеқайда сапалы.


Кесте 4.1
«Рауан-6Ц» (Казақстан) және ТЭАС (Ресей)

көбіктүзгіштерінің салыстырмалы кестесі




р/б

Көрсеткіштер

Рауан-6Ц

ТЭАС

1

Көбіктің қысқалығы

110

60

2

Көбіктің тұрақтылығы, кем емес, с

10120

1800

3

Қату температурасы, °С

-12

-6

4

20 °С кезіндегі кинематикалық тұтқырлығы, мм2·с-1, көп емес

3,2

40

Көбік қысқалығының жоғарылығы мен тұрақтылы өртті санаулы минутта сөндіруге мүмкіндік береді. Бұл жыл сайынғы «Рауан-6Ц» көбіктүзгішімен мұнай өнімдері жанып жатқан 50 м2 ауданды сөндіру сынағы кезінде расталады.

«Рауан-6Ц» көбігінің тұрақтылығы Ресей аналогтарына қарағанда 5 есе артық болып табылады. Бұл өте маңызды көрсеткіш, себебі көбіктің тұрақтылығы ұзақ уақытта жеткен кезде қайтадан өздігінен тұтану оқиғаларын болдырмайды.

«Рауан-6Ц» көбіктіүзгішінің кинематикалық тұтқырлығы 3,2 мм2·с-1 құрайды, демек, ресейлік өнімге қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл көбік қысқалығын жоғары көрсеткіштерде алуға мүмкіндік береді – 100-ден кем емес.

«Рауан-6Ц» көбіктүзгіші экологиялық таза, биологиялық жұмсақ өнім болуы оның ерекшелігі болып табылады, оның биологиялық ыдырау көрсеткіші - 82%. Бұл Қазақстан Республикасы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен берілген санитарлық-токсикологиялық паспортпен расталады, онда қауіптілігі бойынша «Рауан-6» 4-ші класқа жатқызылатыны туралы айтылған – қауіптілігі аз заттар және адам организміне канцерогенді және мутагенді әсерлерін тигізбейді.

Сынақ өткізу нәтижелері бойынша «Lloyd's Register» халықаралық компаниясы «Рауан-6Ц» көбіктүзгішіне № STU 0000563/1 халықаралық сертификатын бергені осыған растау болып табылады.

«Рауан-6Ц» көбіктүзгіші сыйымдылығы 180-220 литрлік полиэтиленді бөшкелермен жеткізіледі. Көбіктүзгіштің сапасын сақтау мақсатында оны тот баспайтын темір және полиэтиленді бөшкелерде сақтауға кеңес беріледі. Осы мақсаттарда, көбіктүзгішті көміртекті темір сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат берілмейді, себебі коррозия нәтижесінде көбіктүзгіштің сапасы нашарлауы мүмкін.

Тасымалдау және сақтау шараларын орындау барысында көбіктүзгіштің техникалық шарттар талаптарына сәйкес болуына өндіруші кепілддік береді.

Көбіктүзгішті кепілді сақтау мерзімі – өндіру мерзімінен бастап 3 жыл. Ережелерді сақтаған жағдайда «Рауан-6Ц» көбіктүзгішін 10 жылға дейін сақтауға болады.

Көбіктүзгіштің қатуға төзімділігі 12°С температураға дейін жетеді. Одан төмен температураларда көбіктүзгіш қоюланады, бірақ қайтадан ерігеннен кейін өзінің қолдану сапасын жоғалтпайды. Ресейлік көбіктүзгіштерге қарағанда көбіктің жақсы қысқалығына судың 0-1 температурасында қол жеткізіледі.

«Рауан-6Ц» көббіктүзгішін қолдану кезінде құбыр жүйесіндегі суды, тұзды суды, тазартылған өндірістік суды қолдануға болады.

Жұмыс ерiтiндiсiн алу үшiн көбiктендiргiштiң шоғырлануын (94% су) 6% құрайды. Бұл маңызды шарт болып табылады, себебі, көбік концентрациясының өзгеруі көбік қысқалығын төмендетеді. 6%-шi көбiктендiргiш көбiктiң алуы үшiн және 94 %-шi су бiр мезгiлде дерлiк берiлуi керек тойғанша емген, жүйеге көбiктендiргiш бұл ретте ең алдымен ығысады. Арқылы өт тойғанша емген, көбiктендiргiш супен араласады, және өрттi сөндiру үшiн көбiктi генераторға ығысатын жұмыс ерiтiндiсi құрады. Бойымен қолданудың тәртiбi «Рауан - 6Ц» ресейлiк өндiрiстiң көбiктендiргiштерiнiң бар таңбаларынан ерекшеленбейдi, яғни. применяется с пожарных машин и другой техники российского производства. «Рауан-6Ц» көбіктүзгішінің араластырғышы басқа көбiктендiргiштермен ұсынбайды. Шұғыл жағдайлардағы барлық таңбаларды көбiктендiргiш араласуға рұқсат етiледi. Нормативтi көрсеткiштер бұл ретте араластыр ең аласа мағыналар бойымен таңдайды. «Рауан-6» көбіктүзгішін басқа жұмыс сұйықтықтары ретінде рұқсат етілмейді.




      1. «Рауан-6Ц» көбіктүзгішін енгізу бағыттары

Көбiктендiргiштердi сақтау үшiн Қазақстанда осы кездегi тұтынушыларда ыдыс көмiртектi ие болды. Сонымен бiрге, өз құрамда ресейлiк көбiктендiргiштер жемiрiлу тежегiшi ие болғанын керек көздегенi болу. Бұл ыдыстардағы өнiмi көмiртектi сақталуға рұқсат бер ағымында белгiлi болды, бiрақ көбiктендiргiштiң сапасы бұл ретте бұлжытпай төмендетедi. Сапаның сақтауы мақсатында бойымен сақтауға жол берме мұндай ыдыстарда «Рауан - 6Ц».

"Рауан" ЖШС бұл мәселені шешу үшін үш маңызды бағытты анықтады:

Басшылығы бар 2000 жылдың желтоқсанында алматы қаласында келiссөздер барысында «Пирна - Копиц «Пирна -йтын уағдаластық қол жеткiздi- Копиц ғылыми-зерттеу институтқа тапсырыс бередi Германия, жемiрiлу тежегiшiнiң таңдап алуына. Ингибитордың қосымшасы тот ыдыстардағы көбiктендiргiштi сақталуға мүмкiншiлiк бередi көмiртектi ағымында белгiлi бол |стать кешiк. В сынақ осы шақ ойдағыдай өт |проитию, анықтауды жүредi рецептура. 2001 жылды маусымда тот көбiктендiргiштiң өндiрiсi ингибиторды қолданып басталған.

1. Мысалы, көп кәсiпорындар "Рауан" ТОО ұсыным арналған, НКТН мұнай қотару бойымен ұлттық оператор «Қазтасымалойл» құбыр арналған ) тапсырыс бередi және ыдыс орнатады тот баспайтын көбiктендiргiштiң сақтауы үшiн бол |стать «Рауан - 6Ц». В одан әрi мұндай жұмыс сабақталады.

2. Iрi тұтынушыларды бөлiк, мұнай компаниялары сан зарыққан бойымен сақтал полиэтилен күбiлерiнде «Рауан - 6Ц» қойма және туған жерлерде тiкелей.




      1. Баға саясаты

Қазіргі уақытта көптеген елдер биологиялық «жұмсақ» кқбіктүзгіштерге көшуде, «Рауан-6Ц» сондай көбіктүзгіш болып табылады.

«Салаватнефтеоргсинтез»ААҚ (Ресей) өндірісіндегі көбіктүзгіш экологиялық параметрлерге сай келмегендіктен, 1998 жылдан бастап оларды пайдалануға тыйым салынған, осындай тыйым салу Қазақстанда да орын алуда.

Ресей өндірушілері мақсатты қолдануға арналған биологиялық «жұмсақ» көбіктүзгіштерді тоннасына 1000 АҚШ доллары бағасына ұсына алады. Бірақ негізгі техникалық сипаттамалар бойынша «Рауан-6Ц» көбіктүзгішіне жетпейді.

Әлемдік өндірушілер бағасы жағынан «Рауан-6Ц» көбіктүзгішінен қымбат келетін өз өнімдерін ұсына алады.

Кесте 4.2



КБ маркасы, фирма

Өндіруші ел

Кедендік тазартудан кейін 1 тонна КБ бағасы

«Доктор Штамер»

Германия

2500 доллар

Alraum

Германия

1400 доллар

AZF

Германия

2400 доллар

ПО6 A3F,

ЗАО "Эгида"




Россия

3500 доллар


      1. «Рауан-6Ц» көбіктүзгішінің техникалық талаптары

«Рауан-6Ц» көбіктүзгіші 4.3-кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сай келуі тиіс:



Кесте 4.3



р/б

Көрсеткіштің атауы

р/б

ТУ

Норма

Сынаулар

Қабылдау-стадиялық

Аралық

Серти-фикаттық

1

2

3

4

5

6

7

1

Сыртқы түрі

6.1

Қалдықтанбаған және қабаттанбаған біртекті сұйықтық

+

-

+

2

20 0С кезіндегі тығыздығы, кг/м3

6.2

1000 - 1100

+

-

-

3

20 0С кезіндегі кинематикалық тұтқырлығы, мм2с, көп емес

6.3

10

+

-

-

4

Сутегі көрсеткіші (рН)

6.4

6,5 – 10,0

+

-

-

5

Қату температурасы, 0С, жоғары емес

6.5

-8

+

-

+

6

6%-дық қоспа көбігінің қысқалығы: орташа


6.6

20 – 200

+

-

+

7

Орташа қысқалықты көбіктің тұрақтылығы, с, кем емес

6.6

900

+

-

+

8

Берілген қарқындылық кезіндегі сөндіру уақыты 0,032±0,002

л/м2




6.7

300

+

-

+

1

2

3

4

5

6

7

9

Көбікті алуға қажетті жұмыс қоспасының концентрациясы,%




6,0

-

-

+

10

Көбікараластырғышты алу үшін қажетті жұмыс қоспасы,%

6.8

1,0

-

-

+

11

Жұмыс қоспасын берудің критикалық қоспасы, л/м2с, көп емес

6.7

0,022

-

-

+

12

Жұмыс қоспасын берудің нормативті қарқындылығы, л/м2с, көп емес




0,05

-

-

+

13

Көбіктүзгіштің жану тобы




Жанбайды

-

-

+

14

Көбіктүзгіштің коррозиялық белсенділігі, аралығында, мм/жыл

6.9

0,01 – 0,05

-

+

-

15

Қолдану кезіндегі көбіктүзгіштің температурасы – минималды, 0С

6.10

-8

-

+

+

16

Шекарадағы беттік тартылыс

Сұйықтық – ауа, эрг/см2, көп емес



6.11

40

-

-

+

Ескертпе: «Рауан-6Ц» көбіктүзгішін пайдалану кезінде құбыр суын, теңіз суын, аралас қоспалы суларды, тазаланған өндірістік суларды қолдануға болады.

    1. «Рауан-6» көбіктүзгішінің сипаттамасы

Тағайындалуы: Сыныптар өрттi сөндiру үшiн ресми рұқсат етiлген мақсаттық тағайындау пе бiрiншi отандық синтетикалық биоразлагаемый ал және тiзiмнiң көбiгiн қолданумен, орташа және пайдаланумен биiк еселiгi теңiз және соттарда тұщы су және объект теңiз және өзен флоты.

Құрам: Су ерiтiндi тұрақтандырушы қоспалармен беттiк-активтi затқа араластыр. Сыртқы түрi: Бiртектi сұйықтық тұнбалықсыз және қабыршақтану.

Қолданудың шарты: Рауан көбiктендiргiш - 6 6%-шi көлемдiк үлеспен су ерiтiндiнiң түрiнде қолданылады. 6%-шi көлемдiк үлеспен көбiктендiргiштiң жұмыс ерiтiндiсiн берудiң нормативтi қарқындылығы орта еселiктiң көбiгiнiң көмiрсутек отындарының сөндiруiнде - 0нен аса емес, 08 дм3 / м2с. Жұмыс ерiтiндiлерiн дайындау үшiн кез-келген қаттылық суты пайдалануға рұқсат етiледi.4.4-кестесінде «Рауан-6» көбіктүзгішінің негізгі қаситеттері көрсетілген.

Кесте 4.4

Рауан-6 көбіктүзгішінің көрсеткіштер кестесі

20 °С кезіндегі тығыздығы, кг/м3

1000-1200

Сутегі көрсеткіші (pH)

7,0-10,0

20 °С кезіндегі кинематикалық тұтқырлығы, мм2/C, көп емес

100

Қату температурасы, °С, жоғары емес

- 20

Көлемдік үлесі 6% жұмыс қоспасының құбыр және теңіз суымен жұмыс жасау қысқалығы, кем емес
- ГПС 600 оқпанында
-жоғары қысқалықты оқпандарда

60

500



Орташа қысқалықты көбіктің тұрақтылығы, с, кем емес:

- сыйымдылығы 200дм3 ГПС-100 көбік көлемінен шашырау 50%

- стендтық қондырғыда алған көбіктің бөлінуі, сұйықтық көлемінің 50%

1200


1700

Н-гептанды сөндіру уақыты

(0,032 ± 0,002) дм32 с,

с, көп емес


300

Биологиялық ыдырау дәрежесі

90 %-дан жоғары

Рауан бойымен көбiктендiргiш - 6 өрт қауiпсiздiгi, сәйкестiктiң куәлiктерi [3] талаптарға сәйкестеп, ие болады және гигиеналық. Көбiктендiргiштiң жұмыс ерiтiндiлерi улылықтың параметрлерiне арналған өрт жарылыс қаупi жоқ, зиянсыз.



5. Сынақ өткізу бөлімі
5.1 Өрт сөндіру уақытын, көбікті берудің оңтайлы және критикалық қарқындылығын анықтаудың сынақ өткізу әдісімен анықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет