Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы «9» желтоқсандағы



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#5970
  1   2   3







Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «9» желтоқсандағы

№ 1194 бұйрығымен бекітілген



Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

  1. Алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, процесстердің әр қайсысының сапалы шығуының жақсаруын, өндірістік істе кемістіктер мен статистикалық ауытқулардың төмендеуін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі - Six Sigma);

  2. индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және басқа құжаттаманың пакеті;

  3. индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерде басшылықты, салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  4. Кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерін және басқаруды, сонымен қатар өмірдің барлық жақтарын үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапондық пәлсапа немесе тәжірибе (бұдан әрі - Kaizen);

  5. Канбан (Kanban) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, «дәл мезгілде» қағидасын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі - Kanban);

  6. Карта жобасы – Индустриялизация картасына немесе Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылған және басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын индустриялық –инновациялық жоба;

  7. қаржылық емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде, «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын қоса қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» компоненттерін қоспағанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

  8. Құрал жабдықтарды барынша күту (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндірістің бөлшегі техникалық күтудің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірістік құрал-жабдықтар менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – ТРМ);

  9. құрал операторы – құралдар жеткізетін, жарғылық капиталында мемлекеттің 100-пайыздық қатысуы бар заңды тұлға және (немесе) ұлттық даму институтының, ұлттық басқару холдингінің еншілес ұйымдары;

  10. орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

  11. өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде құралдарды алу үшін өтінім берген индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі;

  12. топ-менеджер – заңды тұлға басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе ұйымдастырудың жекелеген кезеңдерін басқаруға жауапты тұлға;

  13. Ұқыпты өндіріс – Kaizen, 5S, TPM, Kanban, Six Sigma және басқа да элементтерді қамтитын ысыраптардың барлық түрлерін жоюға ұмтылуға негізделген өнеркәсіптік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;

  14. 5S – ұқыпты өндірістің бөлшегі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру мен оңтайландыру (бұдан әрі - 5S).

  1. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтеуге жатпайды.

  2. Өтініш беруші мен орындаушы арасында шарт жасау үшін, соңғысы осы Қағидалардың 11, 25, 35, 43-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиісті.



2. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді

дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібі


  1. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай құралдарды ұсынумен қорытындыланады:

  1. мына кездерде индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру:

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде;

Картаның жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау кезінде;



  1. кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға кететін шығындардың орнын мына жағдайларда толтыру:

кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау;

сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу;



  1. технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру;

  2. өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру;

  3. Аумақтық кластерді дамытудың стратегиясы және Жол картасын әзірлеу үшін кететін шығындардың орнын толтыру.

Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген құралдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушілерге арналған Экономиканың басым секторларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған өтініш берушілерге ұсынылады.

1-параграф. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру


  1. Өтініш берушіге индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындардың орнын толтыру түріндегі мемлекеттік қолдауды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.

  2. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шеңберінде, кәсіпорын шеккен мынадай шығындардың орнын толтыру көзделеді:

1) 50 (елу) пайыз көлемінде, бірақ 2 (екі) миллион теңгеден аспайтын көлемде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге;

2) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлемесі және/немесе сараптамасына 50 (елу) пайыз, бірақ 15 (он бес) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтініш берген күнге дейін 12 (он екі) айдан бұрын емес.

Ұлттық институт өтейтін өтініш берушінің шығындар сомасы өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес мерзімде қол қойылған қызмет көрсетудің ақырғы актісінің негізінде анықталады.


  1. Қарауға индустриялық–инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдеріне жол беріледі:

1) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырушы және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлаушы;

  1. Карта жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын.

  1. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

1) қызметті кемінде 2 (екі) жыл бойы жүзеге асырған;

2) өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар және инфрақұрылымдық жобалар бойынша кешенді, бизнес-жоспарларды, техникалық–экономикалық негіздемелерді әзірлеу саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;



  1. көрсетілетін қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық немесе штаттан тыс мамандардың болуы.

  1. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялары, рұқсаттары бар немесе қызметті кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асырған (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда);

2) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық немесе штаттан тыс мамандары бар.

  1. Аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе аттестацияланған сарапшылар, немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеменің кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін өтініш беруші тартқан орындаушылар болып табылады.

  2. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне кететін шығындардың орнын толтыруды алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды береді:

1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;



  1. индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың көшірмесі;

  2. индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсеткен қызметтері актісінің көшірмесі;

  3. индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомаға берген шот-фактурасының көшірмесі;

  4. индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;

  5. ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру беру туралы құрал операторының оң шешімінің көшірмесі;

  6. қызметтерді индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған өтініш беруші бланкісінде еркін нысанда рәсімделген өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);

  7. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында қызметтерді көрсету кезінде тартылған штаттық және штаттан тыс мамандардың бар екендігін растайтын мәліметтер;

  8. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

  9. көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмелері;

  10. осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осындай заңды тұлғаның қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

  1. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;

  2. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

  3. өтініш беруші мен Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

  4. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

  5. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

  6. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;

  7. өтініш берушінің Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

  8. бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген, Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);

  9. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтерді көрсету кезінде тартылған орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында штаттық және штаттан тыс мамандардың бар екендігін растайтын мәліметтер;

  10. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);

  11. осы Қағидалардың 10-тармағы 2) тармақшаларына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

12) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.



  1. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

  2. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.



2-параграф. Кәсіпорын құзыретін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру


  1. Осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды ұлттық институт ұсынады.

  2. Кәсіпорын құзыретін арттыру шеңберінде:

1) өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес жүргізілген, бір кәсіпорын бойынша 40 (қырық) пайыз, бірақ жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлауға;

Ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш берушінің шығындар сомасы өтінім беру күніне дейін 6 (алты) айдан бұрын емес қол қойылған, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырған, ұйымның қызмет көрсетудің соңғы актісінің, сондай-ақ, осы Қағидалардың 20-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шығындарды растайтын құжаттардың негізінде анықталады.

2) өтінім берілген күнге дейін 12 (он екі) айдан бұрын емес жүргізілген, 40 (қырық) пайыз, бірақ 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, алайда бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізуге кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу көзделеді.

18. Еңбек өнімділігін артыруға бағытталған кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау, жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында инженерлік-техникалық персоналдың, топ-менеджерлердің, біліктілігін арттыруды, оларды оқытуды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткізуді, оның ішінде шет елдерде де, ұйғарады.

19. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және/немесе қайта даярлауды өтініш беруші мына түрде жүзеге асырады:

1) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда курстарда, семинарларда 1 (бір) айдан көп емес оқыту;

2) тағлымдама ұйымдастыру үшін тартылған ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мамандандырылған ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан көп емес тағлымдамадан өткізу.

20. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеуге:

1) кадрларды даярлауды немесе қайта даярлауды жүзеге асырған ұйымның көрсетілетін қызметтерінің құны;

2) бір мәрте іссапарға жіберілген орынға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту жол жүрісі құны;

3) жұмыскердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде, курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағлымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын тұрғын-үйді жалдау, тәуліктік шығындардан басқа, құны жатады.

Бұл ретте, жол жүрісі мен тұруға кететін шығындардың орнын толтыратын сома Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспауы қажет.

21. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу технологиялық үдерістерді жетілдіру, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында білікті шетелдік мамандарды тартуды көздейді.

22. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу, өтелетін кезең ішінде еңбек ақы қоры шеңберінде еңбек ақысын және қызметтерді көрсету жеріне және тұратын жеріне қайту үшін жол ақысын төлеуді көздейді және сарапшының тұруына арналған шығындар, тәуліктік шығындар кірмейді.

Еңбекке ақы төлеу қоры шеңберіндегі еңбекке ақы төлеу бойынша орны толтырылатын шығындарды есептеу кезінде орнын толтыру кезеңіне кіретін толық күнтізбелік айлар қабылданады.

23. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі:

Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын.

24. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін өтініш беруші мына критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:



  1. білім беру және ғылыми ұйымдар үшін:

қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін тиісті лицензиясы, рұқсаты бар (аталған құжаттар міндетті түрде 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес болған жағдайда);

қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы;



  1. тағылымдаманы және/немесе оқытуды ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін:

қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын;

көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;

қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы;


  1. базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін:

қызметін кемінде 5 (бес) жыл жүзеге асыратын;

қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы.

25. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу үшін өтініш берушімен тартылатын орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігі және кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

26. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға жұмсалған шығындардың өтелуіне үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

3) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персонал кадрларын және/немесе топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

4) өтініш беруші мен кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

5) жалпы сомаға (іссапар шығындарынан басқа) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

6) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

7) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;

8) жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы білім мен дағдыларды кәсіпорында қолданумен байланысты міндеттемелер жазылған біліктілігін, оның ішінде шет елдерде алынған, арттырған қызметкермен жасалған шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;

9) өтініш берушінің орындаушыға қызмет көрсету қорытындысы бойынша еркін нысанда бірінші басшының немесе оның орнын басушы тұлғаның қолымен (бірінші басшының орнын басушы тұлғаның қолы қойылған жағдайда, сенімхатты қоса тіркеу керек) есебі;

10) өтінім берген қызметкердің курстарда, семинарларда оқығанын, тағлымдамадан өткенін құжаттамалық растауды – сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);

11) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың «Турист» және «Бизнес» сыныпты купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір мәрте іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қатынас көлігін беретін жағдайлардан басқа); жол жүру билеттері мен қонақүйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде, пойыздарда төсек-орын жабдығын пайдалану құнын растайтын құжаттың көшірмесі;

12) қызметкерді 1 (бір) айдан аспайтын курстарда, семинарларда оқытуда және 3 (үш) айдан аспайтын тағылымдамада даярлау немесе қайта даярлау мерзімі кезіндегі тұрғын үйді жалдау құны нөмірдің бағасы стандарт классификациясымен нақты шығындар бойынша, оның ішінде тәуліктік шығындардан басқа брондау шығындары дәлелденген құжат көшірмелері;

13) көрсетілетін қызмет саласында жұмыстарды орындаушыда қызметтерді көрсету кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың болуын растайтын, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мәліметтер;

14) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда) - білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдар үшін;

15) тағылымдаманы ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін – көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе кемінде 2 (екі) акті көшірмелері;

16) осы Қағиданың 24-тармағына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.

27. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

3) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

4) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша білікті шетелдік маманның көрсеткен қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын заңды бекітілген тәртіпте рәсімделген құжаттар көшірмелері;

5) экономикалық класс тарифтері бойынша – қызметтер көрсету орнына және кері қарай тұратын орнына бір рет әуе көлігімен жол жүруінің құнын растайтын құжаттар көшірмелері; егер осы шығындарды растайтын құжаттар бар болған кезде іссапарға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту кезіндегі жолақы билеттерін броньдау, сонымен қатар поездарда төсек-жабдықтарын пайдалану құны;



6) білікті шетелдік мамандарда тиісті салада жоғары кәсіби білімінің және тиісті салада жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанға сәйкес, мәліметтер;

7) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);

8) тартылатын шетелдік маманның біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.

28. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

29. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қол қоюымен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет