Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#125089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өз кезегінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы қызмет бойынша жүрулердің тұрақты өсуіне жағдай жасайды.

Ішкі туризмнің және Қазақстанға бизнес-себептермен келген келушілердің сұранысын қанағаттандыру, сондай-ақ келу туризмін тартымды ету үшін, мемлекетке орналастыру орындарының санын, орналастыру орындарындағы төсек-орындар санын және көрсетілген қызметтер көлемін арттыру қажет. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде туристік және көліктік инфрақұрылымын, мемлекеттің автомагистральдарында жол бойы инфрақұрылымын дамытуда және туристік салаға инвестиция тартуда, туристік салада білікті қызметкерлер санының өсуінде көрінісін табады.


Экономика мен қоғамның ғарыш өнімдері мен қызметтері деген сұраныстарын қанағаттандыру

2010 жылдан бастап Қазақстан «KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыш жүйесі, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ), дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (ДЖСНЖ), ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚұСК) және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені (ҒЗК) кіретін толыққанды отандық ғарыш инфрақұрылымын құрудың белсенді фазасына кірді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ғарыш аппараттарының (ҒА) екі орбиталық тобы: «KazSat-2», «KazSat-3» екі байланыс тобы және «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» екі ЖҚЗ ҒА тобы құрылды, ұшырылды және пайдалануға енгізілді. 2012 жылы «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің және 2014 ЖҚЗ ҒЖ жерүсті инфрақұрылымдары жасалды және пайдалануға енгізілді.

«KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін («KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА) және «KazSat» ғарыш жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын (ЖБК, РЖБК) сақтандыру қамтамасыз етілді, сондай-ақ 2014 жылы Қазақстан Республикасы ЖҚЗ ҒЖ сақтандыру жөнінде 2 шарт жасалды.

Қазіргі жағдайларда ғарыш қызметін сақтандыруға дамуды қолдаушы фактор ретінде қарау қажет екенін айта кеткен жөн, себебі сақтандыру кездейсоқ залалды өтеу қаржылық кепілдіктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістік циклдің үздіксіздігіне әсер етеді, кәсіпорынға, оның қызметіне тән тәуекелдерді кешенді және тиімді басқару мүмкіндігін береді.

2014 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы ДЖСНЖ жерүсті инфрақұрылымы үшін ДЖСНЖ орталығы ғимаратының құрылысы аяқталды және пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектісін құру шеңберінде тәжірибелі өндірісімен ҒТ АКТБ және ҒА ҚұСК технологиялық жабдығын жасау және ғимараттарын салу жұмыстары жүргізілуде, ғарыш технологияларының ұлттық зертханасын құру бойынша жобалау алдындағы жұмыстары басталды.

2012-2014 жылдар аралығында Қазақстанда ДЖСНЖ жерүсті инфрақұрылымы құрамында дифференциалдық станциялар (ДС) желісі құрылды. 2015 жылы 60 ДС құрылысы нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағының 55%-ы түзетуші ақпаратпен қамтамасыз етуіне қол жеткізілді( есеп 1-кестеде).

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағының 80%-ы түзетуші ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ДС желісін бұдан әрі өрістеу қажет.

«SurreySatelliteTechnologiesLimited» ағылшын компаниясымен үш жылдық шарттың шеңберінде технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінен және ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесінен тұратын ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жөніндегі төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру және сынау технологияларын пысықтау, Жер ионосферасының ғылыми зерттеулерін жүргізу, меншікті зерттемелердің кіші жүйелерінің үшу тарихын алу үшін жүмыстар жүргізілуде. 2014 жылдың қорытындылары бойынша «Ғалам» БК» ЖШС SSTL компаниясымен бірлесіп ҒТМ ҒЖ алдын ала жобалау жұмыстарын аяқтады және ҒТМ ҒЖ толық жобалау жұмыстарын бастады.

2014 жылдың басында «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен жобасын «Зенит» тасымалдағыш зымыран (ТЗ) базасында іске асыру жоспарланған. Ресей тарабы украиналық-ресейлік «Зенит» ТЗ базасында «Бәйтерек» жобасын одан әрі іске асыру мүмкін еместігі туралы мәлімдегеннен кейін Қазғарыш Роскосмоспен «Бәйтерек» жобасын «Ангара» ТЗ базасында іске асыруды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. «Бәйтерек» жобасын табысты іске асыру Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметіне қатысуын кеңейтуге ықпал етеді.

Бұдан басқа объектілерді пайдаға асыру, жерін қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ табиғатты қорғау нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағындағы қатты қалдықтар заңсыз орналастырылған жерлерді жою жөнінде табиғатты қорғау іс-шаралары тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл іс-шара ғарыш айлағына жақын және алыс шетелден көптеген делегациялар келген кезде денсаулық сақтауға және Қазақстан Республикасының имиджін көтеруге айтарлықтай әсерін тигізеді.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының Ресей Федерациясының құрамына кірмеген және құрамынан шығарылған 131 объектілерінің сақталуын және 15 посттың қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер жыл сайынғы негізде көрсетіледі.

Ғарыш қызметінің кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде ғарыш саласының 80 маманының біліктілігін жыл сайын арттыру және қайта даярлау қамтамасыз етіледі, оның ішінде 20 маман Еуропаның жетекші ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтуде.

Ғарыш жобаларын іске асыру үшін мамандарға өсіп келе жатқан қажеттілік, білікті жұмыс кадрларының жетіспеушілігі, жаңа білім қажеттілігі, жаңа технологияларды үздіксіз жетілдіру, инновациялық технологияларды пайдаланудың өндірістік қажеттілігі, жобалардың тәуекелдері мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін кешенді бағалау маңыздылығы бұл бағдарламаны одан әрі іске асыру қажеттігін алдын ала белгілейтін маңызды факторлар болып табылады.

Ғарыш саласының міндеттерін шешуде Қазақстанның ғарыш ғылымы мамандарды негізгі жеткізіп тұрушы және қозғалтқыш күш болған және болып қала береді, әрі оның өнімі жоғары технологиялық өнім болып табылады. 2014 жылдың қорытындылары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер шеңберінде ғарыш техникасының отандық үлгілерін құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар атқарылды.

2010-2014 жылдар аралығында ғарыш аппараттарының


5 жиынтықтауышының эксперименттік және тәжірибелік үлгілері және 14 арнайы аппараттық-бағдарламалық құрал әзірленді, олар ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтеріне техникалық кіруге рұқсат алу үшін ел экономикасының түрлі салаларындағы соңғы пайдаланушыларға қажет.

Оның ішінде, 2013 жылы спутниктік навигация үшін дифференциалдық станциялар (ДС) құру жөнінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды, 50 дана көлемінде ДС тәжірибелік партиясы жасалды, олар Қазақстанның аумағында орнатылған және Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің құрамында қызмет істейді.

2014 жылы борттық ұтқыр терминалдардың 10 тәжірибелік үлгісі және АҚШШ (автожолдардағы апаттар мен қираулар кезінде шұғыл шақыру) жүйесіне арналған диспетчерлік орталық құрылды, ІІМ үшін шартты түрде сотталғандардың орын ауыстыруының электрондық мониторинг жүйесін әзірлеу жұмыстары орындалды.

Astronomy &Astrophys.Transactions, Astrophys.&Space Science, Astron&Astrophysics, Bulletin Amer.Astron.Soc., Chinese Physics Letters, Journal of Geophysical Research, Annales Geophysicae, Journal of Planetary and Space Science, Journal of Atmospheric and Solar-Terrestrial Physics, Physics Review, Geomagnetizm and Aeronomy, European Phys. Journal, Nuclear Physics, Journal Physics сияқты ірі халықаралық ғылыми баспаларда қолданбалы ғыдыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау да аса маңызды жетістіктер көрсеткішіне жатады. Сөйтіп, 2012-2014 жылдар ішінде 3 монография, оның ішінде 2 – алыс шетелдерде, 227 жұмыс, оның ішінде – 54 алыс шетелдерде, Ресей мен жақын шетелдерде – 60, Қазақстан Республикасында – 113 жарияланды (суретте бағдарламаны орындау қорытындылары бойынша 2012-2014 жж. кезеңіндегі жарияланымдар саны).



ҚР ЖШ АШ


1-сурет – 2012-2014 жылдар кезеңіндегі жарияланымдар саны
Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған экологиялық нормалау жүйесінің қазіргі заманғы ғылыми базасы дамытылуда және жетілдірілуде.

Ел экономикасының түрлі салаларының (ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология, жер пайдалану, геодезия, картография, геология, тау-кен ісі, күш құрылымдары және т.б.) соңғы пайдаланушылары ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтерін пайдалануын кеңейту үшін қажетті ғылыми әдістер мен аспаптарды үнемі жетілдіру қажет. Осы ғылыми әдістер мен аспаптар – бұл соңғы пайдаланушыларға ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтеріне техникалық кіруге рұқсат ашатын соңғы пайдаланушылар мен ғарыш жүйелері мүмкіндіктерінің арасындағы ерекше көпір.


1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Тау-кен металлургия кешенінің саласында саланың дамуын тежейтін бірқатар проблемалық мәселелер бар, олар: минералдық-шикізат базасының кедейленуі, ТМК өнімін тасымалдауға арналған теміржол торабы магистралының реттелетін қызметінің жоғары теміржол тарифтері, тұтынушылар сұранысының төмендеуі, дайын өнімге тапсырыстың жоқтығы, машиналарды, жабдықтарды, құрылғыларды импорттаудың жоғары көлемділігі, бұл метал мен метал өнімінің негізгі тұтынушысы машина жасау, құрылғылар жасау және құрылыс индустриясы саларының дамуын тежейді, сонымен қатар білікті кадрлардың, бірінші кезекте орта буындағы мамандықтар бойынша тапшылығы.

Отандық машина жасау саласының дамуы мынадай жүйелік сипаттағы бірқатар проблемалармен байланысты:

- қазақстандық кәсіпорындардың төменгі технологиялық және инновациялық әлеуетіне байланысты өнімнің бағасы және сапасы жағынан бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- жабдықтаушылардың және өзіндік құрамдық базаның экожүйемен дамымағанына байланысты өндірілетін өнімнің қосылған құнының және лқшаулаудың төмен деңгейі;

- кәсіпорындарды дамыту үшін қолжетімді қаржыландырудың жетіспеушілігі, бұл сала өсімінің баяулауына алып келеді;

- техникалық реттемелеу жүйесі жеткілікті дамымаған;

- қазіргі бар кәсіпорындардың өсімі және жаңа кәсіпорындарды құру үшін білікті кадрлардың тапшылығы.



Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының негізгі проблемалары:

- кәсіпорындар қаржыландыруының тапшылығы, оның ішінде құрылыс индустриясы Индустрияландыру картасын іске асыруында;

- құрылыс материалдары өндірісінің маусымдығы күз-қыз мезгілдерінде кәсіпорындардың жүктемесіне кері әсерін тигізеді, сұраныстың төмендеуі, нәтижесінде саланың жалпы дамуына кері әсері;

- технологиялық құрал-саймандардың тозуы, нәтижесінде өндірістердің технологиялық құралдырандыруының және жаіартуының қажеттілігі.



Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуы келесі проблемалармен түйіндескен:

- саладағы бар кәсіпорындардың технологиялық құрал-саймандардың тозуы, өндірістердің технологиялық құралдырандыруының және жаіартуының қажеттілігі;

- төмен инвестициялық белсенділік;

- ағаш өңдеу технологиясы саласындағы білікті маиандардың тапшылығы;

- таяу және алыс шет елдердің ұқсас тауарлармен бәсекелестікке отандық өнімінің жарамсыздығы.

Химия өнеркәсібінде бірқатар жүйелі проблемалар бар:

- электрэнергия тарифтерінің жыл сайынғы өсімі;

- өнімдерді жөнелтуге арналған теміржол вагондарының жетіспеушілігі (жабық және ашық вагондар);

- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызмет тарифтерінің тұрақты өсуі (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ);

- Қытай және ЕО-ның отандық фосфор өнім экспортының кедендік бажы;

- өнімдерді ішкі нарыққа сату.



Фармацевтика өнеркәсібі секторының негізгі проблемалары:

- инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы;

- Дәрі-дәрмектерді сараптау Ұлттық орталығында ММБ, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің ұзақ мерзімді тіркеу тәртібі;

- Кепілді сату нарығының болмауы;

- Тегін медициналық көмектің кепіл көлемі аясында медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша тетіктің болмауы;

- Экспорт әлеуетінің төмендігі GMP халықаралық стандарт талаптарына кәсіпорындардың сәйкес келмеуіне байланысты.


Жеңіл өнеркәсіптің дамуы

Жеңіл өнеркәсіпте жүйелі проблемалар қатары бар:

- негiзгi қорлардың едәуiр тозуы және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi;

- отандық салалық өнімдердің тұтыну үлесінің төмендігі;

- еңбек жағдайларының қолайсыздығына байланысты білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі;

- жүн және былғары шикізат сапасының төмендігі;

- салаға қаржы жұмсалымының жоқтығы;

- қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі;

- отандық брэндтердің іс-жүзінде толық жоқтығы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар проблемалар бар:

- жаңа көкжиектердің құрылысы баяу серпінде болуы, көмір тасымалдау мен жабдықтардын технологиялық қауіпсіздік сұлбаларын желдету тұрғысынан дайын және тазалауға арналған забойларды тұрақты желдету, төменгі қабатта жатқан көмір қорын аршу үшін күрделі қазбалау мен желдету арналары, қыртыстарды алдын ала желдету әсері;

- тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыруда қауіпсіз жағдайға келтіру жеткіліксіздігі;

- мұнай және газ ұңғымалар жалпы қоры ұлғаю салдарынан тізбекаралық қысымның (ТАҚ) көбеюі;

- технологиялық жабдықтар тозуының жоғары деңгейі (50-ден - 70%-ға дейін);

- құрылыс құрылымдар элементтері, құрылыстар мен ғимараттар ескереді және өз қабілетін жоғалтады;

- жылу энегиясының тапшылығы.
«Жергілікті қамту» сферасында бірнеше проблемалық мәселелер бар:


  1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсету бойынша сатып алуларда жергілікті қамтуды бір орталықта бағындырылған мониторингінің жоқтығы;

  2. ірі компаниялардың ішінде өндіріс циклдын процесстін кезінде жеке тауардық топтарды, атап айтқанда жоғары техникалық өнімдерді, шетелдік жеткізушілерден сатып алуды мәжбүр болатын жағдайлар болады, үйткені қазақстандық рынкінде сәйкес үйлестердің өндірісі жоқ;

  3. интеграциялық процесстердің активтендірушілгіне байланысты мемлекеттік қолдау шараларлы жарым-жарты немесе толық жоғалту, (Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына және Бірңғай экономикалық Кеңістікке қосылуы (ЕАЭС).

  4. Жер қойнауын пайдаланушыларымен тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету бойынша сатып алулар жөнінде ақпаратты ұсыну бойынша бақылаудың төмен деңгейі;

  5. тауар биржалар арқылы жер пайдаланушыларымен сатып алуларды іске асыру;

  6. жергілікті қамту бойынша сараптаманы іске асыру;

  7. мемлекеттік бағдарламаларды орындау кезінде іске асатын жұмыстарды жобалау кезеңінде жергілікті қамтудын үлесін үлкею қажеттілігі;

  8. жергілікті қамтудың үлесін улкейту бойынша өнім бабында келісімнің операторлардың міндеттемелердің жоқтығы;

  9. офсеттік келісімдерін қолдану мәселелері.

Сондай-ақ энергия тиімділігі саласында бірқатар проблемалар бар:

Статистикалық мәліметтері бойынша, 2013 жылы еліміздің электр энергиясын жалпы 75,1 мың кВт/сағ құрады. Электр энергияның негізгі тұтынушысы өнеркәсіп секторы болып табылады. Өнеркәсіп секторымен электр энергиясын тұтыну үлесі 68,4% құрайды, алайда Еуропалық одақ елдерінің бұл көрсеткіші – орташа 24%.

Өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының көпшілігі ескірген технологияларды және тозу дәрежесі елеулі жабдықты пайдаланатыны, энергия шығынының көздерінің бірі болып табылатын елеулі тозу дәрежесімен жабдықтарды (жабдықтардың физикалық тозуы – 45-60%) пайдалануы өнеркәсіп секторы электр энергияны тұтынудың жоғары көрсеткішінің маңызды себебі болып табылады.

Экономиканың электрге және жылу энергиясына мұқтаждығы экономиканың барлық секторларында энергия үнемдеуді насихаттау және дәріптеудің жеткіліксіз деңгейінен, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру мәселелерінен жеткіліксіз хабардар болуы салдарынан халықтың электр мен жылу энергиясын тиімсіз және ұтымсыз пайдалануы елдің энергия тұтынуының өсуіне әкеледі.
Инвестициялық салада бірқатар мәселелер бар, олардың ішінде:

1) шикізат секторында инвестиция үлесі басым: 2014ж. кен өңдеу өнеркәсібінде инвестиция үлесі 35,5% және өңдеу өнеркәсібінде - 15,7% -ды құрады (негізі инвестициялар мұнай-газ секторында АҚШ және Нидерландыға келеді);

2) инвесторларға қолдау мен қызмет көрсету, сонымен қатар шетелде инвестиция тарту саласында халықаралық жүйенің жетілмеуі;

3) Қытай мен Ресеймен салыстырғанда нарық сыйымдылығының шағын болуы;

4) мұнай мен металға әлемдік конъюнктура бағасына тәуелділік.

Осы мәселелерді инвестиция және инвестициялық ахуал саласында заңнаманы жетілдіру жолымен шешу мүмкін, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес шетелде халықаралық өкіл жүйесін ашу, Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері туралы ақпараттық-презентациялық жетілдіру бойынша жұмыс белсенділігі, инвесторларға қызмет көрсету және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде, сонымен қатар инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсменнің тиімді жұмысы және т.б.


Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы

Бастама жобаларды тиімсіз жоспарлаудың салдарынан, сонымен қатар Индустрияландыру карта жобаларын уақытында іске қоспау және жобаланған қуатқа жетпеу мүмкіндігі әлемдік нарықта шарттардың төмендеуі болып табылады.

Ағымдағы жоба жағдайын үнемі мониторингтеу, Индустрияландыру картасының жоба көрсеткіштеріне әсерін талдау индустрия саласында Ұлттық даму институты базасында индустрияландыру бағдарламасын басқару офисі шеңберінде өткізілетін болады.
Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту

Белгілі бір нәтижелерге жеткенге қарамастан, келесі мәселелерді жою бойынша арнайы экономикалық аймақтар тиімділігін жоғарылату бойынша жұмысты жалғастыру қажет:

- АЭА басқарушы органы болып табылмайтын, түрлі ұйымдармен іске асырылатын инфрақұрылым объектілерінің құрылысын уақытылы аяқтамау және жеткіліксіз қаржыландыру;

- АЭА әркелкі институционалды дамыту;

- АЭА қызмет етуі, сондай-ақ АЭА аумағында жеңілдетілген салық салымдары бөлігінде АЭА қызметін реттеуші заңнамаларда олқылықтар мен қайшылықтардың бар болғандығы.

Дамыған көлік және инфрақұрылымсыз АЭА экономикалық өсім нүктесі ретінде дамыту мүмкін емес. Инфрақұрылымның жоқтығы, немесе оның жеткіліксіздігі АЭА аумағына әлеуетті инвесторларды тарту үшін негізгі кедергі болып табылады.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы шеңберінде 6 АЭА инфрақұрылымы құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. АЭА дамыту бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық деңгейдегі сарапшы – мемлекеттің қатысуымен «JURONG» сингапурлық компаниясы тартылды, компания АЭА барлық АЭА қызмет етуін, қаржыландыру, жоспарлау құрылымын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізді. Одан әрі, басқарудың және инвесторлармен жұмыстың халықаралық стандартын барлық АЭА-ға енгізу жоспарлануда. Бұл жұмыспен «Kaznex Invest» АҚ базасында қызмет ететін Бірыңғай үйлестіру орталығы (БҮО) айналысатын болады.

Сондай-ақ, АЭА инвесторлар үшін барынша қолайлы ахуал жасау және АЭА сапалы, жоғары технологиялық жобалармен толтыру мәселесін жүйелі шешуге бағытталған заң жобасын әзірледі.


Ұлттық инновациялық жүйенің дамуына жәрдемдесу

Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) ағынын артуы және өндірістің тез дамуы, елдің табиғи ресурстарын тиімді қолдануға ықпал еткен озық өнеркәсіптік саясат нәтижесінің негізінде соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан қатты экономикалық өсімге өзгерді. Сонымен бірге:

- инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының жетілмегіндігі,

- инновацияда жеке секторлардың нашар қатысуы, инновациядағы сұранысты тиімді механизмдермен қаматамасыз етудің жоқтығы,

- инновациялық саясаттың аймақтық дамудан бөлектігі,

- инновация жолындағы әкімшілік кедергілері,

- экономиканың жоғары технологиялық секторлардың дамуы бойынша міндеттердің орындалуы және жеделдетілген индустрияландыруды шақыруда білімнің отандық жүйесінің қол жетімсіздігі,

- мемлекеттік сектор, университеттер мен өнеркәсіптегі инновацияны дамыту, сондай-ақ инновацияны жасаушы түсінігінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер бар.

Осының барлығы экономиканың дамуында инновацияның салымы жиынтығында елеулі түрде шектейді.
Техникалық реттеу және метрология саласында оңды ілгерілеумен бірге нормативтік техникалық құжаттардың (бұдан әрі - НТҚ) Бірыңғай мемлекеттік қорында НТҚ бірыңғай қорын қалыптастыру және жүргізу бойынша салалық ведомстволардың нашар қызығушылықтары орын алып отыр.

Жыл сайын қор НТҚ үлкен санымен толықтырылады, осыған байланысты қолданыстағы ақпараттық жүйелерді әрі қарай дамыту және жаңарту жолымен қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді және құжаттың өзін ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Сонымен бірге, менеджмент жүйесін енгізуге кәсіпорындардың төмен қызығушылығы, қалыпты әдістің болуы және менеджмент жүйесінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың жетіспеушіліктері сияқты проблемалар бар.Экономиканың, сонымен бірге ғылым мен техниканың дамуы өлшем құралдарының қолданылатын паркін үнемі жаңартып тұруды қажет етеді. жаңарту өлшем диапазонының кеңеюі және дәлдікті көтеру жағына қарай болады. Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне тиесілі, сондай-ақ тиісті мемлекеттік эталондардың жоқтығынан жұмыс өлшем құралдарының бастапқы эталондарының бірқатарын ескере отырып, жыл сайын республикадан шеткері тексеруге әкетіледі. Мұндай жағдай әлемдік нарыққа отандық өнімнің шығуына тосқауыл болады, басқа елдерден республиканың техникалық және экономикалық тәуелділігіне әкеледі, сол елдерден өзінің бастапқы эталондарын және жұмыс өлшем құралдарын тексеруге мәжбүр болады.

Санитариялық және фитосанитариялық саудадағы техникалық кедергі (бұдан әрі - СФС/СТК) жөнінде ақпараттық орталықты жандандыру шеңберінде келесі проблемалар бар:

1) ДСҰ барлық мүше-мемлекеттері қолданатын, ережелер мен техникалық нормаларды зерделеуде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызығушылықтарының жоқтығы;

2) қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан хабарлама хаттарда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұраныстардың деңгейлерінің төмендігі байқалады.

Кеден одағының бірыңғай нарығын құру және жандандырудың іргетасы тауарлардың еркін қозғалысы болып табылады. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы сыртқы нарыққа өнімнің шығуы үшін тосқауыл жасайды. Саудадағы техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалаудың нәтижелерін бөзара танумен негізделеді.

Сонымен бірге, техникалық реттеу саласындағы тәжірибелі мамандардың жетіспеушілік мәселесі бар, техникалық регламенттерді бейімдеу және енгізу тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ, мемлекеттік стандарттау жоспарларын қалыптастыру кезінде әзірлеуге ұсынылатын нормативтік құжаттардың (жалпы техникалық талаптар, сынақ әдістемелері) жинағының жоқтығы, техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық мәліметтер менсынақтардың жоқтығы.


Геология саласының негізігі өзекті мәселелері болып келесілер саналады:

1) Ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуде геологиялық инфрақұрылымның, заманауи зертханалық базаның, тас материалдарды сақтау қоймасының жоқтығы;

2) геологиялық барлау жұмыстарының бүкіл топтамасын жүргізуде саланың кәсіпорындарының техника және құрал-жабдықтар импортына толық тәуелділігі;

3) нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелділігі;

4) геологиялық барлау кешенінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

5) салада білікті мамандардың, сондай-ақ әйгілі кәсіби ассоциациялардың мүшесі болатын тәуелсіз сарапшылардың жетіспеушілігі;

6) геологиялық қорларға аудандардың жетіспеушілігі, бұл геологиялық мәліметтердің сақталуын қауіп астына қояды.
Жер қойнауын пайдаланудың өзекті мәлеселер тізіміне мыналар жатады:

- артта қалған техникалық база, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қысқартылуы, минералдық-шикізат кешенінің стратегиялық дамуын мемлекеттік басқарудың тиімді механизимдерінің болмауы;

- минералдық-шикізат, тау-кен қайта өңдеу және металлургиялық кешеннің ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық-құрылымдық потенциалының әлсіз ықпалы, сондай-ақ Қазақстанның минералдық-шикізат базасын зерттеу мен игеру процестерін реттейтін тиімді жүйенің жетіспеушілігі;

- шикізаттық кешендерді реттеуді қамтамасыз етуге және кешеннің дамуына жаңа серпінді қалыптастыруға барынша мүмкіндік бермейтін нормативті құқықтық базаның мүлтіксіз болмауы.


Қазақстан Республикасында туризм дамуының негізгі кедергілері келесілер болып табылады:

- туристік инфрақұрылымының нашар дамуының деңгейі (туристік тапты орналастыру орындарының және демалыс объектілерінің жетіспеушілігі, көптеген туристік объектілерің қанағаттандырылмағандық жағдайы, барлық дерлік автомагистральдардағы сапалы жол инфрақұрылымының жоқтығы);

- инвесторларға қол жетімді ұзақ мерзімді кредиттік инструменттердіңтуристік-рекрациялық кешен объектілеріне инвестициялардыинвесторлар үшін қолайлы мерзімде қайтаруға мүмкіндік беретін пайыздық мөлшерлеменің жоқ болуы;

- білікті кадрлардың жетіспеушілік салдарынан туристік индустрияның барлық секторларында қызмет көрсету сапасы жоғары емес (кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілік деңгейлерін көтерудің деңгейінің нашарлығы және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы, туристік сала үшін кадрларды даярлау сапасының төмендігі);

- шекарадан тыс Қазақстан имиджін көтеру стратегиясының біріңғай ойластырылған маркетингісінің жоқ болуы.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Келу туризмін дамытуда негізінен мемлекеттің ішіндегі сондай-ақ шекарадан тыс экономикалық және саяси жағдайы сияқты сыртқы факторлары әсерін тигізеді. Осы факторлардан көбіне туристік дестинациясы ретінде елдің туристік имиджінің көтерілуі немесе төмендеуі тәуелді, бұл өз кезегінде туристік объектілерінің құралыс қарқындарының төмендеуіне (тоқтатылуына) әкелуі мүмкін.

Туристік саланың дамуына әсерін тигізетін ішкі факторларға елдің экономикалық жағдайы, форс-мажорлық жағдайының пайда болуы, кадрлық саясат, отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингі және құқықтық реттеулер жататы.


«KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыш жүйесін құрудағы негізгі мәселе 2017 жылы қазақстандық спутниктік байланыс операторларының халықаралық спутниктік байланыс компанияларынан спутниктік сыйымдылықты жалға алу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшарттарының аяқталумен байланысты болып отыр. Соңғысы, шетелдік спутниктердің спутниктік сыйымдылықтарын жалға алудан бас тарту нәтижесінде туындайтын қазақстандық спутниктік байланыс операторларының сұраныстарын қанағаттандыру үшін «KazSat-4» ҒА құрудың және ұшырудың қажет екенін білдіреді.

ЖҚЗ ҒЖ құрудағы мәселе оптикалық ЖҚЗ ҒА түнгі уақытта, күн бұлтты болғанда, күндізгі уақытта аумақтар түсірімдерін алуға мүмкіндік еместігінде болып отыр. Осы себепке байланысты Қазақстанның спутниктік тобына радарлық ЖҚЗ ҒА енгізу қажет, бұл тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа райында түсірілімдер алуға мүмкіндік береді.

ДЖСНЖ жерүсті инфрақұрылымын құру проблемасы 60 ДС-тен тұратын желі Қазақстан аумағының 55%-ы ғана жабуға мүмкіндік беретінінде. Еліміздің бүкіл аумағын ДЖСНЖ қызметтерімен жабу үшін қосымша ДС құру және пайдалануға енгізу қажет.

ҒА ҚұСК құрудағы келелі мәселе коммерциялық мақсаттағы ҒА өндірісі үшін ұшу тарихы бар, яғни ғарыштық ұшудың нақты жағдайларында сынаулардан табысты өткен жиынтықтауыштарды пайдалану қажеттігінде. Мұндай жиынтықтауыштарды шетелдік компаниялардан сатып алу өзіміз өндірген жиынтықтауыштардан бірнеше есе қымбат болады. Осындай мәселені шешу үшін ғылыми технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жобасын іске асыру қажет, оның шеңберінде отандық өндіріс жиынтықтауыштары ғарыштық ұшудың нақты жағдайларында сынаудан өте алады.

Ғарыш қызметін экологиялық нормалау жүйесін дамытудың негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жеке қазіргі заманғы ғылыми-техникалық базасының болмауы болып табылады.

Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытудың негізгі мәселесі ғарыш зерттеулерінің қазіргі заманғы зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасының болмауы болып табылады.

Атап айтқанда, астрофизикалық зерттеулерді жүргізу үшін айыру қабілеті үлкен телескоп түрінде ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы құралы қажет. ЖҚЗ деректерінің негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін ғарыш ақпаратын қабылдау орталығын қазіргі уақытта ескі ЖҚЗ ҒА орнына келіп жатқан жаңа буынның ЖҚЗ ҒА сипаттамалары жаңғыртылуы тиіс. Ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу жөніндегі қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін қазіргі заманғы өлшеу және сынау аппаратурасы бар зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын құру қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет