Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму


Трамвай инфрақұрылымын пайдалану тәртібі



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі1 Mb.
#131198
1   2   3   4

2.Трамвай инфрақұрылымын пайдалану тәртібі

№ 1 параграф. Жалпы ережелер


173. Маршруттың әрбір соңғы станциясына соңғы станцияның шекарасын, қозғалыс тәртібін, трамвайлардың орналасуын және маневр жұмыстарының жүргізілуін анықтайтын техникалық-өкімдік акт жасалады.

Техникалық-өкімдік актіні РКҚ ұйымының басшылығы бекітеді.

174. Рельстік жолдар сәулет-жоспарлау тапсырмасына және нақты жол жағдайларына қарай:

1) жүру бөлігінің құрамалы элементі болып табылатын төсеммен бір деңгейде;

2) жекелеген және дербес төсемде орналаса алады.

Өткелдерді қоспағанда, жекелеген төсем жүру бөлігінен немесе тротуардан борттық таспен, биіктігі 1 м кем емес арнайы қоршаумен бөлінеді немесе көшенің жүру бөлігінен тыс дербес төсемде орналасады.

Қорғау қоршаулары, көгалдандырумен және байланыс желісі тіреулері бар жолақтарды қоса алғанда, жылдамдық трамвайдың жер үсті учаскелерінің жекелеген төсемінің ең төменгі енін 10 м кем емес қабылдау керек.

175. Көшенің жүру бөлігінде орналасқан трамвай жолдары жол жамылғысы деңгейінен 20 мм аспайтындай; жекелеген төсемде – рельс басынан 100 мм-ге борттық тастың төбесінен асырып орналастырылады.

Рельс аралық төсемнің рельстің жоғарғы басынан 30 мм асырып жоғарылатып орналасуына рұқсат етілмейді, ал төсем жабынының тегіс емес жерлердің тереңдігі 40 мм аспауы керек. Көрсетілген кемшіліктерді жергілікті басқару органы уәкілетті еткен ұйым айқындаған сәттен бастап 2 тәуліктен аспай жою керек.

176. Рельс жолдарының жолақтары аймағындағы жол жабыны мен құрылыстарды рельстің тозбаған басынан 30 мм аса биіктігі рұқсат етілмейді.

177. Жол жабынын төмендегі орналасқан трамвай жолдарындағы жарамды жағдайда ұстау және қолдау қажет:

1) біріккен төсемде;

2) құм балластымен жекелеген және дербес жабында – тұрғын құрылыс шегінде, сондай-ақ бойлық еңістерде 5% аса (50%) (темірбетон плиталада және асфальт бетонда);

3) ұсақ тас балластымен жекеленген және дербес жабында – аялдау пункттері шегінде, сондай-ақ жабын санитарлы-гигиеналық талаптар бойынша қажет жағдайларда;

4) депо аумағында, жөндеу шеберханаларында (зауыттарда).

Вагондар (поездар) қозғалысының қиын жағдайлары бар жол учаскелерінде темірбетон плиталардан және асфальт бетоннан жасалған жол жабындарын қолдануға жол берілмейді.


№ 2 параграф. Трамвай жолының жоспары мен пішіні


178. Пайдаланылатын желілердегі жолдардың бойлық еңісінің артуына жол берілмейді ‰:

90 - төрт білікті вагондардан құралған төрт білікті бір вагонды немесе екі вагонды поездардың көптеген бірлік жүйесі бойынша қозғалысы кезінде;

80 - екі вагонды (моторлық және тіркемелі) немесе үш вагонды поездардың көптеген бірлік жүйесі бойынша қозғалысы кезінде;

60 - мүшелес алты біліктік вагоннан жасалған үш вагонды (моторлық және екі тіркемелі) немесе бір вагонды поездардың қозғалысы кезінде.

Ерекше жағдайларда (көшелерді қайта құруға дейін) аталған көрсеткіштерді асыратын ерте салынған еңісті жолдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Тығыз жағдайларда (көпірлерге, жол өтпелеріне және эскадаларға, тоннельдердің рампалы учаскелеріне жақындағанда) пайдаланылатын желі жолдарының бойлық еңісінің 60‰ арттыруға жол берілмейді.

179. Трамвай вагондарының тұруына арналған жолдардың бойлық еңісін депоның, жөндеу шеберханаларының (зауыттардың) аумағында, соңғы станцияларда 2,5 ‰ арттыруға жол берілмейді.

Шегінуге айрықша жағдайларда және арнайы айдап әкетуге қарсы шаралары болған кезде (тіреулер, кедергілер, шпалды талшықтар) жол беріледі.

180. Қозғалыстың қиын жағдайлары бар жол учаскелерінің тізбесі олардың шектерін көрсете отырып, РКҚ ұйымдарының бұйрығымен ресімделеді.

3 параграф. Трамвайдың түйіспелі және кабельдік желісін



техникалық пайдалану тәртібі

181. Өтпе жол бөлігі деңгейінен кемінде 5 м және жаяу жол деңгейінен 3 м кем емес биіктікте анкерлік арқандарды орнату арқылы тіректердің күшеюіне рұқсат етіледі. Әрбір анкерлік арқанда тірекке бекітілген жеріне тарту изоляторы орнатылады.

182. Түйіспелі желінің тіректерін жерлендіру кернеуде тұрған, міндетті түрде желілер элементтері арасындағы екі дәрежелі оқшаулағышы және тіректері бар кезде талап етілмейді. Жерлендіргіштер ретінде металдық тіректерді қолдануға рұқсат етілмейді.

183. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына бекітілетін түйіспелі желілердің ұстайтын және тіркейтін құрылғылардың барлық арқандарына шуды бәсеңдеткіштер орнатылады. Кез келген арқанның бекітілген (ілмектелген) жерінен ғимараттың шетіне дейінгі қашықтығы, терезенің немесе есіктің ойығы кемінде 0,5 м болуы қажет.

Ғимараттарға түйіспелі желіні бекіту үшін аспалы темірбетон тақтайларынан тұратын қабырғаларды пайдалануға жол берілмейді.

184. Желілер тіреулеріне жылжымалы құрамның электр үнемдеу жүйесіне жатпайтын құрылғылар мен жабдықтарды РКҚ ұйымының (Энергия шаруашылығы қызметінің) рұқсат етуімен ғана орнатуға рұқсат етіледі.

Жылжымалы құрамның энергияны үнемдеу жүйесіне жатпайтын электр желілерді, электр жетектерін, жол белгілері мен жабдықтарын түйіспелі желінің икемді тіреулерінде және тіркейтін арқалықтар мен кронштейндерде орналастыруға рұқсат етілмейді.

185. Тіреулерді бірлестіріп пайдалану кезінде түйіспелі желі күйіне оған қызмет көрсететін персонал жауапты. Ал басқа ұйымдар құрылғыларының жай-күйіне осы ұйымдардың персоналы жауап береді.

186. Асып қою нүктесіндегі рельс басы деңгейінен түйіспелі сымдарының жоғарылау биіктігі минус 0,15 0,10 м плюске дейін рұқсат етілген ауытқумен 5,8 м барлық трамвай ұйымдары үшін бірдей белгіленеді.

187. Түйіспелі сымдардың іліну биіктігінің төмендеуі м кем емес:



1) өндіріс ғимаратының ішінде

5,2;

2) депо ғимаратының шығу және кіру қақпасы

ойықтарында 4,7;

3) бар инженерлік құрылыстарда

4,2.

 Түйіспелі сымдардың түрлі биіктікте ілінуімен түйіспелі желілер учаскелерінің түйіндесуі трамвай жолы пішіні 2%(20%) аспайтын сымдар еңістігімен орындалады.

төменгі габаритті жол өткелдері және көпірлерінен астынан кемінде 4,2 м іліну биіктігімен қолданыстағы түйіспелі желіні оларды қайта құруға дейін пайдалануға;

айрықша жағдайларда қозғалыс жылдамдығын 15 км/сағ дейін шектеген кезде түйіспелі сымдарын 4%(40%) дейінгі еңіспен ілуге рұқсат етіледі.

188. Түйіспелі желінің электрленбеген теміржол жолымен бір деңгейде қиылысында рельстің бас жағы деңгейінен түйіспелі сымдардың жоғарылату температураның, жүктеменің, тайғанақтың, желсіздіктің ең нашар есептік қосылысын есепке ала отырып, жетектің ең жоғарғы бағыты кезінде 5,8 м кем емес ұсталады.

189. Тікелей келген жол учаскелерінде (желілерде) түйіспелі сымның иірімдері статикалық жай-күйдегі токқабылдағышының осінен жоспар бойынша 250-ден 300 мм дейін, ал барлық аспа түрлері үшін иірім адымы екі жолды учаскелерде иірімінің симметриялық орналасуы кезінде аспаның екі аралығында рұқсат етіледі. Жолдың қисық учаскелерінде бекіту нүктелерінде қисықтың сыртқы жағына қарай статикалық жағдайда токқабылдағыштың білігінен түйіспелі желісі (ауытқу биіктігі), қисық ішінде хордалар бойынша орнатлатын сымды шығаруды 300 мм асыруға рұқса етілмейді.

190. Тиісті арматуралар мен белгілеу құрылғыларына (қысқыштар, бекіткіштер, кері бекіткіштер, қисықты ұстағыштар) арналған техникалық шарттарда белгіленген сынудың рұқсат етілген бұрыштарының қисық сызықты учаскелерінде түйіспелі өткізгіштері сыну бұрыштарының (жоспарда) көлемін асыруға жол берілмейді.

Ұзындығы кемінде 250 мм аспаған қысқыштарды қолдана отырып, түйіспелі өткізгіштерін бекіткен кезде түйіспелі өткізгішінің бір қысымға сыну бұрышы 4º асуына жол берілмейді. Түйіспелі өткізгіштердің сыну бұрышы түйінділер мен желінің қисық сызықтық учаскелеріндегі қисық ұстағыштарымен қолданылғанда 8° ден 45°-қа дейінгі диапазонда рұқсат етіледі.

191. Түйіспелі желісі әртүрлі іліп қою түрінде, конструктивті мүмкін жерінде түйіспелі өткізгіштері тартылуының (автокомпенсация) ауа температураның маусымдық өзгерістерін ескере отырып, тартуын қамтамасыз ететін автоматтық реттеу құрылғыларымен жабдықталады:

жез өткізгіштері, оның ішінде 6,0 бастап 11,0 кН дейін (600 бастап 1100кгс дейін) реттеу учаскесінің ұзындығы бойынша ауытқудың рұқсат етілген диапазонымен сымның 85 мм2-8,0 кН (800 кгс) көлденең қиылысы кезінде төмен қосындалалған;

жез өткізгіштері, оның ішінде 6,0 бастап 12,0 кН дейін (600 бастап 1200кгс дейін) реттеу учаскесінің ұзындығы бойынша ауытқудың рұқсат етілген диапазонымен сымның 100 мм2-8,0 кН (800 кгс) көлденең қиылысы кезінде төмен қосындалалған.

Реттеу құрылғыларының жарамдылығы мен жұмыс қабілеті кестеге, желінің маусымдық дайындығына сәйкес кезеңді регламентті қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

192. Автокомпенсация құрылғыларымен жабдықталмаған желі учаскілерінде маусымдық реттеу ауа темпиратурасына қарай жүзеге асырылады, бірақ жылына кемінде 2 рет, рұқсат етілген диапозондық керуге қарай:

жез сымдар, соның ішінде төмен қосындалалған, 85 мм2 - 4,0 бастап 11,0 кН дейін; бөлу 100 мм2 - 4,0 бастап 12,5 кН дейін;

193. Түйіспелі желінің негізгі элементтері:

1) тірек және тірек конструкциялары;

2) түйіспелі ілмелер;

3) арматура және арнайы бөлшектер;

4) түйіспелі, қоректендірілген және күшейтілген сымдар.

194. Түйіспелі желінің жаңа учаскесіне кернеу беруге дейін, кернеудегі түйіспелі желінің элементтерінің аймағында қызметтік саласы бойынша жұмысын жүргізе алатын ұйымдар пайдалануға беру алдында күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жазбаша түрде хабарландырады.

195. РКҚ электршаруашылық ұйымы қызметінің бұйрығы бойынша құрылыс-монтаждық ұйымдардан жұмыстардың біткені және желінің кернеуге қоюға дайын екені және жұмыс аймағынан адамдар мен механизмдерді шығарғаны туралы хабарлама алғанынан кейін, түйіспелі желісіне кернеу беріледі. Қалған опрециялар электрдиспетчердің өкімі бойынша жүргізіледі. Түйіспелі желісі секциялық изоляторлардың қоректендіргіш желілері коммутациялық аппараттарын немесе желілік қоректендіргіш қосылу (тұйықталу) аралықтарды қосу арқылы кернеуге беруге дайын сәтінен бастап кернеуде деп есептеледі.

Түйіспелі желісі кернеуге қоюға дайындығынан кейін тек электрдиспетчердің рұқсатымен және еңбек қауіпсіздігі қағидасын сақтаған кезде ғана құрылыс-монтаж ұйымдары жұмыстарын жүргізе алады.

196. Түйіспелі желісін түйіспелі ілмектерінің із салуын немесе конструкциясын өзгертумен күрделі жөндеуден кейін пайдалануға қабылдау тәртібі тиісті РКҚ ұйымымен регламенттеледі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін ұйым жөнделген желі учаскесін қабылдауға дайындығын жүргізеді.

197. Арнайы бөліктерге бағыттамалы жетектерді басқаруға арналған түйіспелі құрылғылары, түйіспелі желінің троллейбус немесе екі трамваймен қиылысуы, қисық ұстаушылар мен секциялық изоляторлар, жетектер кернеуін автоматты реттеу құрылғылар жатады.

198. Түйіспелі желіні секциялау үшін электрлік дұғаны өшіру үшін электромагнитті үрлеуіші бар секциялы учаскелік оқшаулағыштар; күшейткіш желілердің ілеспе секциялануы үшін, сондай – ақ шынжырлы аспалардың көтергіш арқандары үшін - тартқыш оқшаулағыштар қолданылады.

Орталықтандырылмаған электрмен жабдықтау кезінде секциялық изоляторлар мәжбүр болған режимде ток бөлімдерінің есептік нүктелерінде; орталықтандырылған элетрмен жабдықтау кезінде – осы қосалқы станцияның қоректендіру ауданынын электрлік есептеу нәтижесінде алынған нүктелерде және қалыпты жұмыс режимі үшін түйіспелі желі бойынша қосалқы станциялардың сабақтас барлық қоректендіру желілерінің ток бөлімдерінде қойылады.

Сондай – ақ, мәжбүр (жүк түсіретін) режимдер үшін секциялық изоляторлар көзделеді.

199. Түйіспелі желінің арнайы бөлшектерін трасса учаскілердінде 15% кем қиылысында бекіту қажет.

Оқшаулағыш жүріс элементтерімен түйіспелі желінің арнайы бөлшектерін келесі көлденең ұзақ трасса еңістерінде орнатуға жол беріледі, %, асырмай:

трамвай бағыты мен троллейбус бағыттары қиылыстары

25;

тіке учаскілерінде секциялық изоляторлар

40;

қисық сызықты учаскілерді 20 % дейін секциялық изоляторлар радиусы 100 м кем емес және 20 % түсірмелілерде.

20 % дейін.

Ерекше жағдайларда, көктайғақ болмаған кезде және тиісті негіздеме кезінде қиылыстарды 5‰ арттыруға рұқсат беріледі.

200. Токтың есептік (орташа) тығыздығын жез түйіспелі сымдарында электржабдықтау дұрыс жұмыс тәртібінде жазғы уақытта 5 А/мм2 астам асыруға жол берілмейді, мәжбүр болған тәртіпте - 6,8 А/мм2. Токтың тығыздығын есептеу кезінде түйіспелі желінің тозуын 20 % қиылысы бойынша есептеу қажет.

Авариялық режимде 20°С дейінгі ауа температурасы кезінде 0,5 с аспайтын уақытқа 7А/мм2 дейін, ауаның теріс температурасы кезінде бір тәулік ішіндегі ең жоғарғы жүктеменің барлық сағаттарына ток тығыздығын арттыруға рұқсат беріледі.

201. Қоректендіруші желіні түйіспелі желісіне қосу пункттерінде 1,0 кВ қоректендіруші дужкалармен, 95 мм2 көлденең қиылыспен икемді жез оқшаулағыш түйіспелі сымдарына қосылады. Душкалар саны және олардың көлденең қиылысы қоректендірудің мәжбүрлі және авариялық режидеріне арналған түйіспелі желісі секциясының (учаскесінің) жүктемесіне сәйкес келеді.

Қоректендіруші желісінің түйіспелі желі секциясына қосу екі қоры бар кем дегенде екі қорек душкадан және олардың қосылған эквивалентті қиылысы боынша жүзеге асырылады.

202. Жол аралық теңестіруші аралықтарды былай орналастыру керек:

1) ауа бойынша төсеммен әр 150-200 м сайын;

2) күшейту бағыттары бар түйіспелі желінің учаскесінде әр 150-200 м сайын;

3) шағын станциялар арасындағы ток бөлулерін есептеу кезінде әрбір секциялық изолятордың екі жағы бойынша (екі ұшудан ұзақ емес);

4) қоректенетін қосалқылар орналастырылмаған қоректендіру учаскелерінің арасындағы секциялық изоляторларда;

5) күшейту жетектері ретінде тіреу арқандарын пайдалану кезінде 80-150 м сайын.

Ерекше жағдайларда ғана 400 м дейін аралықтар арасындағы қашықтықпен желіні пайдалануға рұқсат етіледі.

Жол аралық теңестіруші аралықтардың қиылысуы түйіспелі желінің қиылысынан кем емес орнатылады.

203. Түйіспелі желінің барлық кернеудегі құрылғылары мынадайға қатынасы бойынша негізгі және қосымша оқшаулау қатынасында табылады бұл жөнінде:

1) тіреу конструкциясына (тіреулерге, ғимараттарға, инженерлік құрылыстарға);

2) жақын трамвай және троллейбус бағыттарының түйіспелі ілмесінің токөткізгіш элементтеріне;

3) басқа мақсаттағы жетектер мен жабдықтарға. Бұл ретте ешбір дыбыс жұтқыштар, ағаштан жасалған тіректер изолятор сияқты есепке қабылданбайды.

204. Изоляторлар (тартылатын және аспалы) оқшауды және түйіспелі желісі бекіту құрылғыларының жабдықты қоршаған ауаның температурасы –60°С-тан +50°С дейін, ластану дәрежесі IV-тен VII дейін атмосферада, теңіз бетінен 3000 м дейінгі биіктікте қамтамасыз етіледі.

205. Кернеудегі қалыпты түйіспелі желісі элементтерінен арақашықтығы жіберуі, кемінде, м:


тірек конструкцияларына дейін

1,50;

балконға, лоджиға және терезе ойықтарына дейін

2,00;

оқшауланған кронштейндерге дейін

0,25;

ағаш өзектеріне дейін

1,50;

ағаш бұтақтарына дейін

1,00;

инженерлік құрылыстың темір бөліктеріне дейін

0,10;

депо қақпасының жамылғысы жиегінің оқшауланған беті бойынша түйіспелі өткізгішін (қондырғысын) өткізу үшін, конструкция бөлшектерінің қоршаған жиегінен 0,2.

206. Трамвай желісі түйіспелі өткізгіштің троллейбуспен қиылысу конструкцияларында оқшаулау 1 минут ішінде жиілігі 50 Гц, кернеуі 5,0 кВ сынақты көтере алуы тиіс.

207. Инженерлік құрылыстың жеткіліксіз биіктігі және төбелік оқшауланған аспадағы түйіспелі желінің қатты аспасын пайдалану кезінде оқшаулағыш қалқандардың металл бекітулерінің (тегіс немесе тор) металлконструкциялық құрылысқа және төбелік аспаның оқшаулағыш қалқандарға арасындағы қашықтық оқшаулаудың үсті бойынша 0,2 м кем болмауы қажет. 

208. Қозғалыста үзіліс жасау қажеттілігіне байланысты жолаушылар бағытындағы жұмыстар алдын ала жұмыс басталуға дейін бір күн бұрын Қозғалыс қызметімен келісіледі, ал деподан жылжымалы құрамды шығаруды қамтамасыз ететін жолдарында одан басқа депоның басшылығымен келісіледі.

209. Түйіспелі желінің әр аймағында (энергетикалық шаруашылығында) мыналардың болуы қамтамасыз етіледі:

1) түйіспелі желінің қоректендіру желісінің шығарып әкетуі белгілеулерімен секцияландыру және қоректендіру схемалары;

2) желі схемаларымен, секциялық изоляторларының және қоректендіру желісінің шығарып әкетуі, арнаулы бөлшектері, тіреу конструкцияларыны, жасанды құрылыстарыны белгілеулерімен техикалық паспорт;

3) түйіспелі желіні жөндеу графигі;

4) түйіспелі желіні жөндеу мен реттеу журналы;

5) түйіспелі желінің зақымдануларын техникалық тергеу актілері;

6) бекітілген нысандағы бланктері;

7) лауазымдық және пайдалану нұсқаулықтары;

8) жекеше қорғану және өрт сөндіру құралдары;

9) ҚЖҚ және аспаптар, арнайы көлік құралдары және механизмдері.

210. Желі бақылауына трамвайдың электр өткізгіш қосылыстары мен троллейбустың түйіспелі желілердің минустық өткізгіштері сигнал беру тізбектері, оқшалау, уақытша жарық гирляндалары арқылы ж.б., және байланыс-байланыссыз электрөткізгіштер шунтирлеу секцияландырылған изоляторлар ұласқан желісінің секцияландыруын бұзатын әлде автоөтемді жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын «паразиттік» электр өткізгіштері айқындалуы одан әрі жойылуы қажет.

211. МФ, НЛОл 0,04 Ф түрлі түйіспелі өткізгіштері көлденең қиылысқан 85 мм2 и 100 мм2 алмасуы тиіс:

1) 75 % бойларына қиылысы 25% және 30% азайтқанда (қиылыс биіктігінің азайтуы 7,9 және 8,1 мм);

2) жоғары температураға (күйдірілуге) байланысты нықтылық сипаттамалары төмендегенде

3) учаскедегі асып қойылатын өткізгіштері нүктелері қиылысқан және күйген жерлері өлшемінен 75% барында

212. Қиылысатын қысымдары асып қойылатын түйіспелі өткізгіштерден 5 м аспай орналастырылады. Одан асырып жіберу қысымын бекітуі, еңкейу және қиғыштануын,қысымдарын шалқайту, өтімді желдерін бұзуын өңкейту кезінде болуы мүмкін.Жез өткізгіштерін түйістіруі суық дәнекерлеу қиысқан жері байланыс өткізгішпен тепе-тең бекітілгенде қолдануы шектеусіз.

213. Кернеудің РКҚ жылжымалы құрамының токқабылдағышқа дейін төмендеуінде қалыпты тәртібінде әрқайсы желі нүктесінде жиі есебінде 90 В астам, ең болмаса 170 В-ке дейін аспауға жол берілмейді.

Кернеу барынша төмендеудің есебінде түйіспелі өткізгіш орта тозуының қиылысынан 7,5 % ескертуі тиіс.

214. Қозғалыстың қиын жағдайлары бар учаскелерде кернеудің тарту қосалқы станциясындағы номиналдық кернеуінде 15%-тен астам төмендеуіне жол берілмейді.

215. Кабель желілеріне мыналар жатады және пайдаланым объектісі болады:

1) электрэнергияны қоректендіру көзінен шағын станциясына дейін беруге қолданылатын 10/6/ кВ конструктивті және номиналды кернеумен сыртқы электржабдықтау жүйесінің кабель желілері;

2) шағын станциялардың қажеттілігін қоректендіру үшін 0,4 кВ номиналды кернеумен кабель желісі;

3) шағын станциядан түйіспелі желіге дейін электрэнергиясының өзгеруін беруге арналған 1 кВ констркутивті кернеумен, 600 В номиналды кернеумен тұрақты токтың оң және теріс кабельдері бар электртартқыш жүйесінің кабель желілері;

4) кабельдік тұжырымдар және түйіспелі желінің теңестіруші кабельдік қоспалары, түйіспелі желіге қосылу пункттері, желілік кабельдік құрылғылар және құрылыстар (жәшіктер, шкафтар, құндақтар, камералар және құдықтар, айырып қосқыш пункттері).

216. Әрбір кабельдік сызыққа мынадай құжаттар жасалады:

1) кабельдік сызықтың құрылымдық схемасы;

2) көлемі 1:200 немесе 1:500 трассаның орындаушы сызбалары;

3) кабельді сызықтарға кабельді журнал 10 (6) кВ және 0,4 кВ, 600 В;

4) «жасырын» жұмыстарға акт;

5) барабандардағы кабелдердің соңғы қамсалу жай-күйіне актілер және қажеттілігіне қарай үлгілерді ашу және тексеру хаттамалары;

6) кабелдердің заводтық сынақ хаттамасы;

7) кернеуге қойғанға дейінгі төсемеден және монтаждан кейін кабелді сынау хаттамасы;

8) ауа температурасы минус 5°С төмен болғанда трасса және төсем бойынша жүргізу алдында барбандағы кабельді жылыту хаттамалары;

9) өндірістік жұмыстардың тізбесімен, себептерді түсіндірумен, жергілікті жеріне байланысты және күнді және өзгерістерді келіскен органды көрсете отырып, трассаны өзгерту журналы.



Кабелдің трассасын өзгерту, муфталарды орнату орындалатын сызбаларға енгізіледі. Жоқ құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болғанда, онда қалпына келтіруге болатын мәліметтер бойынша акт жасалады.

217. Электрожабдықтау режимі бойынша жедел қайта қосулар үшін түйіспелі желінің қосылу пунктері бойынша кабель шығаруларын сынау және өлшеу, бөлу кезінде кабель желілері трассаларында қайта қосу пункттері немесе оларды ауыстыратын құрылғылар орнатылады.

218. Электртартқыш (оң және теріс) жүйесінің кабелі ретінде біржелілік брондалған кабель бақылау желілермен (екеуден кем емес) металдық қапта қолданылады. Қайта құруға дейін үшжелілік және біржелілік, бақылау желілерінсіз, кабельдердің конструкциялық кернеуі 1,0 кВ кем емес брондалған пайдаланым жіберіледі.

219. Қаланың құрылыс шегінде жерге кабель төсеу кезінде жүру бөлігінен тыс, тротуар астында, ғимараттардың іргетасынан арасы кем дегенде 0,6 м орналасады немесе бұзылған кабель учаскелерін алмастырылатын жөндеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етумен коллекторларда, құбырларда немесе блоктарда төселуі қарастырылады.

220. Кернеуі 20 кВ кабельдерін тік жоспарланған белгіден кабель сыртынан төсеу тереңдігі 0,7 м құрайды.

221. Жерге траншеялы төселуі кезінде кернеуі 600 В және одан жоғары кабельдері механикалық бұзылуынан қуыс емес және силикатты емес кірпіштің бір қабатымен немесе арнайы тақтамен қорғалалады.

Кернеуі 1,0 кВ дейінгі кабельдер механикалық бұзылу мүмкіндігі бар учаскелерде ғана осындай қорғанысы болады. Көшелердің асфальтты жабынды жиі қазылмайтын жерлер ретінде қарастырылады.

Бірінші деңгейлі электр қабылдағыштарды қуаттандыратын кернеуі 20 кВ дейінгі кабель желісі үшін, 1,0 кВ жоғары желісінен басқа, саны екі кабельден артық емес траншеяларда механикалық бұзылудан қорғау үшін сигнал беру лентасын қолдануға рұқсат етіледі. Кабель желісінің иесімен келіскен жағдайда сигнал беру лентасы қолдану аймағын кеңейтуге рұқсат етіледі.

Кернеуі 10,0 кВ дейінгі күш беру кабельдерінің арасы қосымша 0,1 м кем емес болуы керек; әртүрлі ұйымдар пайдаланатын, сондай-ақ күш беру және электр байланыс кабельдерінің арасы 0,5 м кем емес болуы керек. Егер аралық сақталмайтын болса, кабельдер құбырларда төселеді немесе қалқалармен бөледі.

Тәуелсіз қуат көздеріне қосылатын қуат беруші желілер 10 (6) КВ бөлек траншеяларда төселенеді. Қайта құрғанға дейін бір траншеяда төселген желіні пайдалануға рұқсат етіледі.

222. Кабель желілері трамвай жолдарымен және электрлендірілген теміржолдарымен қиылысуында кабельдер электр өткізбейтін құбырларда төселенеді. Жер төсемінен құбырдың соңы екі жағынан арасы 2,0 м кем емес шығарылады, рельстің шетінен немесе су бұрғыш (сусіңгіш) жыраларынан арасы 1,0 м кем емес.

223. Кабельді желілермен қала жолдарын, трамвай жолдарын, темір жол және автомобиль жолдарының кабельді салу тереңдігі 1,0 м кем емес рельс табанының өтетін бөлік деңгейінде құралады және су арығы түбінен 0,5 м кем болмауы қажет.

Жетілдірілген кабель төселген жолдың өтетін бөлігінде трассаның мүмкін бөлінетін жерінде жолдың өтетін бөлігінің шекарасынан шығарып тастайтындай трубалар немесе блоктар төселенеді.

224. Әрбір кабель желісіне осы Қағидаларға сәйкес пайдалану, қызмет көрсету мерзімі, кабельдің жағдайы мен өткізу мүмкіндігінің ұзақтығын, конструкциялық кернеуін есепке ала отырып, кабель желісінің құрамдас бөлігі ток бойынша ұзақ жарамдылық жүктемесі белгіленеді.

225. 10 кВ кернеулі кабель желілері авариясын жою кезінде қосымша осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген бес күн аралығында артық жүк рұқсат етіледі. 15 жылдан астам пайдаланылып жүрген кабель желілері үшін артық жүк 10% дейін төмендетіледі.

226. Ауыспалы токтың 10 (6) кВ кернеулі кабелінің желілік қосылулары және герметизациясы үшін қорғасын муфтасын қолданылады, басқа муфталардың қолдануы кабель жасаушы кәсіпорынның рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

227. Тесіктен асып түсу, капиталды стеналар арқылы каналдар, коллекторлар болмаған кезде енгізу арқылы кабельдерді орнату үшін электр емес өткізбейтін трубалар қолданылады. Кабельдер төселгеннен кейін трубалар кесінділерінен шығу және кіру тесігі өртке қарсы төзімдемемен (цемент ерітіндісі, астбест) жабылады.

228. Әрбір кабельдің соңғы өңдеуі, металконструкциялық бекітпелер, сауыты, металл қаптамасы, болат корпустары бір-бірімен электрлі жалғанады және жалғанған жерлерінде жерге тұйықталады:

1) жалғанған жерлерінде – бөліп тұратын құрылғылардың жерге тұйықталатын жабдыққа;

2) шағын станцияларда - жерге тұйықталатын құрылғының ішкі контурында. Жерге матасудан қорғанудың сапасына байланысты жерге матасудан қорғанудың тікелей әсері токтың қосымша рельсі арқылы, ауыспалы ток бойынша шағын станцияның жерге тұйықталатын жабдығының контурына кабельдің соңғы өңдеуін жерге тұйықталу броны, қабы, металлконструкциялық бекіту рұқсат етіледі.

229. Қосылмалы муфталардың монтажы кезінде кабельдің қосылатын шеттерінің сабы мен сырты бір-бірімен электрикамен қосылады.

230. Кабельді желілер өндеу аяғында және басқа ашық салынған учаскелерде таңбалануы тиіс, сондай-ақ жергілікті нұсқаулықтар бойынша орындадған (жазба белгі, бирка, көрсеткіш) кабельдердің муфта косылысын қамтамасыз етеді,

231. Бөлу құрылғыларының қосылыстары мен қайта қосу пунктерінде кабельді тігу мен шығарудың мынадай түсі болады:

ауыспалы ток кабельдері: А фазалар – сары, В фазалар – жасыл, С фазалар – қызыл;

тұрақты ток кабельдері: оң – қызыл, теріс – көк.

232. Тұрақты токтың кабель желілері қысқа тұйықталу токтан, жерге артық және ток тұйықталуынан жылжымалы құрам электрожабдықтың желісіне байланысты емес қосылған желі – біржақты немесе екіжақты (қосарлас) қуаттаң, соның ішінде бөлектелген полюс жүйесінде қорғаныспен қамтамасыз етіледі.

Қайта құруға дейін кабель желілерін жерге тұйықталу токтарынан қорғаусыз пайдалануға рұқсат етіледі

233. Қуаттанған жүйенің саны, олардың жіберу қабілетті және түйіспелі жүйесінің секциялар бойынша бөлу электрмен жабдықтаудың қалыпты режимінде болсын, мәжбүрлі режимінде болсын қозғалыстың берілген өлшемдерінде жылжымалы құрамның тұтанатын есептік қуатына сәйкес келуі тиіс. Қоректендіруші желілерінің саны қозғалыс өлшемдерін қысқартусыз тексеру, сынау және жөндеу үшін әрбір қоректендіруші желіні, ал авариялық бұзылу кезінде – қозғалыста қайта қосу уақытына үзіліспен таңдаулы сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

234. Тұрақты ток желілерін қуаттандыратын кабельдердің бақылау жиектері кабельдің жай-күйін диагностикалау және қорғау құрылғыларында пайдаланылады.

235. Қаланың ғимарат құрылыстарынаң алыстаған жағдаймен қосылған жүйесі, ашық жергілікті бедерінең, жоғары қауіпті аймақтын кабель шығарымда найзағайлы активті қуатты жүйеде байланыс желі жағынан разрядтық унипуляр орналастырылады (кернеу шектегіші). Бұл ретте қабыршақ кабельдердың разрядтық жұмыс жерге тұйықтауы жіберіледі.

236. Кабельді желілердің механикалық зақымдалуын ескерту үшін, кабельді желілердің қалпына техникалық қадағалау орнатылады.

237. Кабельді желілердің көтеріңкі кернеуін оқшаулануын сынау екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.

238. Түзетілген кернеуді сынау:

1) бес ретті кабельді желілердің токты алуы үшін 10 (6) кВ, ал пайдалануға енгізгенде – алты реттік номиналды көрсеткіші фаза аралық кернеуі, әр фазада 5 минуттық сынау жалғасады;

2) кабельді желілердің 5 минуттағы үздіксіз ток алуы

Бөлек кабельдің көп мезгілі пайдаланыуын (20 жылдан аса), және техникалық түріне байланысты, кәсіп орынның бас инженердің қадағалауы бойынша сынау кернеуінің төмендеуі рұқсат етілген:

10 кВ-дан 35 кВ-ға дейін кернеу ауыспалы токтың кабелі;

6 кВ-дан 22 кВ-ға дейін кернеуі;

1,О кВ-дан 3 кВ-ға дейін кернеу тұрақты токтың кабелі. Жедел жөндеуден кейінгі тұрақты токтың бөлек кабель желілері кереғарлыққа қарамастан кейінгі стандарттық сынаудың 2,5 кВ кернеуімен сынауға рұқсат етіледі.

239. 1 кВ кернеуімен тұрақты токтың кабелінің изоляциясы сыналады:

жерге қатысты 5 кВ кернеуімен;

1 кВ кернеуімен басты ток беретін желіге қатысты.

240. Минус 5 °С градустан төмен кабель желілерді жөндеу жағдайда траншеяға салу алдында кабельді үстеме жылытылады.

4 параграф. Трамвай жолдарын техникалық пайдалану тәртібі


241. Тік учаскелерде аралас трамвай жолдарының осі арасындағы қашықтық мынадай параметрлерде ұсталады, мм:

түйіспелі желінің тіреуіштері жаңама орналасқанда 3200,

түйіспелі желінің тіреуіштері жол аралығында орналастырғанда 3700.

Егер түйіспелі желінің тіреуіштер ені 350 мм және одан аз болса, жол аралық енін 3550 мм дейін кемітуге болады.

Вагонның кузовы мен вагон рамасының биіктігінде өлшенген жол аралықта орналасқан тіреуіш шетінің арасындағы қашықтық 300 мм кем емес қашықтықта ұсталады (оған 838 мм тең рельстің жұмыс жиегінен тіреуіш шетіне дейінгі қашықтық сәйкес келеді)

Жол аралығында тіреуіштердің болмауы, ерекшелік ретінде жол остері арасындағы аралықты 3200-ден 3768 мм дейін ұлғайтуға немесе 3148 мм дейін кемітуге рұқсат етіледі.

242. Жай трамвайдың төрт осьті жылжымалы құрамы үшін трамвай жолдарының қисық учаскелерінде аралас жолдарының осьтер арасындағы аралық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сақталады.

243. Трамвай вагонының кузовы және қарсы вагонның кузовының кез келген нүктесінің арасындағы қауіпсіздік саңылау сақтауға алынып және кемінде 600 мм құрайды.

75 м кем қисық радиус басында және соңында және трамвай түйіндеріндегі саңылау көлемін 20 м биік емес аралық бойында 300 мм дейін азайтуға жол беріледі.

244. Жол маңындағы түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүктер құрылыстың жақындау габариті бұзылмайтындай салынады және бекітіледі. 1,2 м дейін биіктікте жол жұмыстары үшін түсірілетін балласты қоспағанда, жүктер соңғы рельстің сыртқы бас қырының 2 м жақын емес қашықтықта орналастырылады, ал үлкен биіктікте – 2,5 жақын емес, төгілетін жүктердің бектер табаны – 1,9 жақын емес болуы тиіс.

245. Жер асты инженерлік желілерді трамвай жолдарының жер тегістігінен тыс баурайының жиегінен немесе үйменің ұлтанынан 2 м арақашықтықта орналастыру тиіс. Нөлдік белгілерде жолдың біліктен жер асты желіге дейін жарықта көлденең аралықтары 2,8 м кем емес орналасады, ал 3 МПа аса қысыммен газ өткізгіштерге 3,8 м. кем емес болуы тиіс.

246. Жол аралық еніне қарамастан қатар қолданылған және оқшауланған төсемдегі трамвай төсемінің шегі сыртқы рельстен әрбір жақтан 0,7 м қашықтықта сақталады.

247. Рельстік жол табанның ені, мм:

жолдын тіке учаскелерінде және қисық радиусы 76 бастап 200 м дейін және аса 1524;

қисық радиусты 26 бастап 75 м дейі 1524.

Қисық радиусты 21 бастап 25 м дейін:

астаушы рельстерде 1528;

темір жол үлгісіндегі рельстерде 1532.

Пайдалануда рельстік жол табанның енінен мынадай мм аспай ауытқуға жол беріледі:

кеңеюі бойынша тікте 12; кеңеюі бойынша (жанама тозуды ескере отырып) қисықтарда 18; тарылуы бойынша төтелерде 4; қисықтарда 2.

Жолдарды жөндеу мен салу кезінде:

кеңею бойынша 4;

тарылу бойынша 2.

Ескі жылды рельстерді пайдалану кезінде мынадай нормалардан ауытқулар болуы мүмкін:

кеңею бойынша 5;

тарылу бойынша 2.

Қисық кеңеюінің екпіндеуі өтпелі қисықтың шегінде жүргізіледі, ал оның жоқтығында – қисыққа жанасатын 1 м ұзындыққа 1 мм аспайтын есеппен, жолтабан кеңеюінің екпіндеуі арнайы есеппен жүргізілетін кері қисықтарды қоспағанда, тіке учаскеде жүргізіледі.

248. Жол қиғаштауы (қысқа аралықта белгіленген нормалардан екі рельстік тіндерінің жан жақтарға ауытқуы) 10 мм жол беріледі, егер әрбірі тінінің орнықтыру ортасы бір-бірінен 10 м жақын емес тұрса. Кері қисықтардың арасындағы қоспаның шегінде, сондай-ақ шектес бағыттамалы бұрмалардың арасында қисаюына жол берілмейді.

249. Трамвай жолдарда олардың арналуына және төсегіш құрылғысына қарай мынадай рельстің түрлері қолданылады:

1) бойлық еңісі 2,0 % (20 %) аз тіке және қисық радиусы 200 м және және жоғары:

біріккен төсегіште – Тв-60;

жекеше төсегіште – Р-50 (жол жабыдғысы жоқ);

2) бойлық еңісі 2,0 % (20 %) және одан аса тіке және қисық радиусы 200 м және жоғары:

Тв-65 (Р-50 – ағаш шпалдарда Р-43-контррельстермен ішкі тіндермен);

3) 200 м кем қисық радиуста мынадай:

қиыстырылған төсегіште – Тв-65;

жекеше төсегіште – Тв-65 (Р-50 – ағаш шпалдарда Р-43- контррельстермен ішкі тіндер бойынша).

250. Трамвай желілерде қиыстырылған төсегіштерде (жол жабынымен) рельстердің барлық тораптары балқытып біріктірілуі тиіс.

Жекешеленген төсегіште жиналған тораптарды қолдануға болады. Бұл ретте жиналған тораптар орнатылады:

ашық жолдарда әрбір 75-100 м;

рельстің қалпақшасына дейін балластпен төселген жолдарда әрбір 300 м;

жиналған тораптағы барынша саңылау 20 мм аспау тиіс.

251. Жолдың сыртқы жағынан үйменің 2,0 м биіктігінде жекешеленген төсегіште орналасқан немесе жеке төсегіште орналасқан трамвай жолдары үшін «қозғалғыш» рельстің 200-300 мм арақашықтығында үсті бір деңгейде немесе «жұмыс» рельсінің баспағынан 5 мм төмен орналасқан күзеттік рельстерді қою қажет.

Күзеттік рельстерді орнату сондай-ақ:

5 % аспайтын ығысумен жолдын қисық учаскелерінде (радиусқа байланысты емес);

200, 0 м аз радиусымен қисық учаскелерде жүргізіледі.

252. Жиналмалы тораптары электр жалғамаларының сенімділігін арттыру үшін 500 мм2 кем емес жапсыру жерлерде түйісідің үстінен жалпы қиылысу аумағы 70 мм2 кем емес икемді мыстан жасалған сымды немесе мыстан жасалған пластинаны ерітіп жапсыру керек.

Жиналмалы тораптың электрлі қарсыласуы 2,5 м ұзындықтағы тұтас рельстің қарсыласуынан артуына жол берілмейді.

253. Рельстік жолдардың барлық тіңдері арасында қуат алатын теріс кабелдердің қосылатын жерлердегі электр қосындылар, сондай-ақ арнаулы бөлімдегі айналма қосындылары жалпы қиылысу аумағы 70 мм2 кем емес икемді мыс сымынан немесе мыстан жасалған пластинадан немесе қиылысу эквивалентті аумағымен құрыштардан жасалады. Ерітіп жапсыру орындарда түйісудің үсті 500 мм2 кем емес.

254. Рельсаралық электр қосындылары жалпы қиылысу аумағы 35 мм2 кем емес икемді мыс сымынан жасалады немесе мыстан жасалған пластинадан немесе эквивалентті аумағымен құрыштардан жасалады. Ерітіп жапсыру орындарда түйісудің үсті 250 мм2 кем емес.

255. Рельсаралық электр қосындылары мынадай жерлерде:

жол – 150 м сайын соң екі рельс тіні арасында;

жол аралық – 300 м соң аталаған сызықтың барлық рельстік тіндері арасында;

айналма – бағыттағыштардың және айқастырмалардың екі жағынан орнатылады.

256. Барлық бағыттағыштар тұйықтаушылармен жабдықталады. «Қарсы» бағыттағыштарда сапты бір бағытта бекітуге рұқсат етіледі.

Вагондардың жолшыбай бағыттағы жүруде құйылған немесе жиналмалы сапсыз бағыттағыштарды төсеуге рұқсат беріледі.

257. Бағыттағыштың қоздырылмаған жай-күйдегі электр жетегі вагонның (поездің) оңға шығуымен жылжуына саптың жай-күйіне сәйкес келеді.

Жетектің қоздырылған жай-күйі – трамвай вагонның (поездің) жылжуы кезінде саптың жай-күйі солға. Оң жаққа жылжу жай-күйінде жылжуы үшін бағыттағышты кері қайтару - әрбір вагонның (поездің) солға өтуінен кейін автоматты түрде.

Жергілікті жағдайларға байланысты, айрықша негізделген жағдайларда, РКҚ ұйымының келісімімен қарама-қарсы қалпындағы бағыттағыштарды орнатуға жол беріледі:

қоздырылмаған – солға шығумен жылжуға, қоздырылған – қосылған қозғалтқышпен оңға жылжуға. Бұл ретте, бағыттағыштар әрбір тәуліктің кез келген уақытында көрінетіндей арнайы «Л-В» (сол жақты, шығу) белгісімен белгіленуі қажет.

258. РКҚ ұйымымен келісілген және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағыттағыш бұрмалардың жетектерін орнатуға жол беріледі.

259. Жалпы желілі темір жолдармен, сыртқы кірме жолдармен және ішкі электрленген кірме жолдармен бір деңгейде трамвай сызықтарын кесіп өтуге жол берілмейді.

260. Трамвай сызықтарын темір жолдарымен әртүрлі деңгейде кесіп өту үшін жол өткелдері (тоннельдер) салынады. Жол өткеліндегі бойлы құрылыстар үстіндегі рельс басындағы байланыс өткізгішінің асып қою ұзындығы 4,4 м кем болуына жол берілмейді, бар жол өткелдерінде бұл аралықты 4,2 м, тоннельдерде 3,9 м кем емес азайтуға жол беріледі.

261. Трамвай желілерінің бойында автомобиль жолдары болмаған жағдайда, трамвай жолдары аймақтарына техникалық қызмет көрсету үшін бір жолақты поездар құрылғысы қажет.

262. Жол қызметінің техникалық персоналы жол шаруашылығын тексеріп, жай-күйін қарайды.

Қараудың және тексерудің нәтижелері мен табылған ақауларды жою шараларын жол шаруашылығының журналына енгізу қажет. Бұл журналға ақаулардың нақты жойылғандығы туралы белгілерді бастықтың немесе дистанция инженерінің (учаске шеберінің) өзі тікелей қояды.

263. Осы Қағидалардың 3 – қосымшасында көрсетілген тозу нормаларынан асқан рельстерді пайдалануға жол берілмейді.

264. Рельстің табаны астындағы едәуір шіруімен, рельстің табанына дейін бойлай жеткен жарықпен, тереңдігі 20 мм астам механикалық тозығы бар ағаш шпалдар, сондай-ақ өтпелі жарығы немесе бетонның бөлшектелген аймағының қирауы ауыстырылуға тиіс.

265. Арнайы құйылған бөлшектердің апаттық жағдайының белгілері мынадай:

1) саптың сынуы немесе жарығы;

2) тік тегістікте 6 мм артық және көлденен тегістікте 4 мм артық қозғалған кездегі саптың таянышы бекітпесінің тозуы;

3) бүрлеудегі астаушаның «қатаң» бағыттағыштарының шамамен 3 мм ойығы;

4) бағыттағыштар күші және тұйықтауышы элементтеріндегі жалпы саңылау 3 мм аспауы тиіс;

5) екі санты бағыттағыштардың сантарының рамалы рельске қатысына қарай 4 мм аса жоғарлауы немесе төмендеуі;

6) бір сапты бағыттағыштың саптарының рамалы рельстен 17 мм артық және 2 мм кем емес жоғарлауы;

7) сап жанамасының жоғарыдан 12 мм тозуы.

Саптың соңы рамалы рельстің деңгейінен жоғары асуына жол берілмейді.

Саптың жоғарлауы немесе төмендеуінің өлшемдері сап құлақшасы орналасқан жерде жүргізіледі.

266. Арнаулы бөлшектер жиналымының апаттық жағдайларының белгілері мынадай:

1) саптың сынуы немесе жарығы;

2) тік тегістікте 5 мм артық және көлденен тегістікте 7 мм артық қозғалған кездегі саптың таянышы бекітпесінің тозуы;

3) бағыттағыштар саптарының рамалы рельске қатысына қарай 6 мм аса жоғарлауы немесе төмендеуі;

4) сап жанамасының жоғарыдан 12 мм тозуы;

5) рамалы рельсінің сырғанау бетінің және саптың кемінде 5 мм сатылы тозуы.

267. Жолдың және жол құрылғыларының ағымдағы жөндеу жұмыстары, әдетте, қозғалыстың және жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларында қозғалысты үзусіз жүргізіледі. Көлемі бойынша ауқымды және орындалуы бойынша күрделі жұмыстар қозғалысты бір жолға ауыстырумен немесе қозғалыстың қысқа мерзімді үзілісімен орындалады.

268. Жол жұмыстарын жүргізу орындары қоршалады. Тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс орындары жарықтандырылады.

269. Белгіленген жылдамдықтармен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамсыз етпейтін жерлердің немесе жеке учаскелерінің жай-күйі қанағаттанғысыз болған кезде, соның ішінде:

1) жолдардың отыруы;

2) жолтабанның кеңеюі және тарылуы;

3) бағыттағыштың ақаулығы;

4) жиналмалы тораптар және арнаулы бөлшектердің сынғаны немесе жарылғаны.

Жол қызметі басшылығының хабарламасы бойынша жол қозғалысы қызметінің бастығы жылдамдықты шектетейді (үш тәулік мерзімге дейін) немесе оперативтік тәртіпте қозғалысты жабады. Қозғалыс жылдамдығын жалғаспалы шектеу (немесе жабу) қажетті құжаттардың бар болуында рәсімделеді. Жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін Қозғалыс қызметі технологиялық процесске сәйкес және жолаушылар тасымалдары үшін ең аза залалмен жобалық сметалық құжатпен алдын ала келісумен күндізгі немесе түнгі «терезе» жұмыстарын ұсынады.

270. Жолдарды жабу қажеттілігінде немесе қозғалыстың қысқа мерзімді үзілісінде жол жұмыстарының жетекшісі бір күннен кешіктірмей олардың басталуына дейін Қозғалысты (басқару) бастығына ремонт жерлердегі жолдарды, жөндеуге жататын жолдардың, бағыттағыштардың және тораптардың нақты тұрған орыны көрсетілген эскизді қоса берілген өтінімді береді. Қозғалысты жабумен немесе қозғалысты шектеумен байланысты жұмыстарды жүргізген жағдайда, олардың мерзімдері жұмыс жетекшісі белгілейді және Қозғалыс қызметінің бастығымен келісілуі тиіс.

Жолдардағы жұмыстардың аяқталуы және басталуы уақыты орталық диспетчермен келіседі.

Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда Қозғалыс қызметінің бастығы орталық диспетчерді және РКҚ ұйымының басшылығына хабарлаумен қозғалысты жабу немесе қозғалысты шектеу жөнінде шешім қабылдайды.

271. Трамвай ұйымдары мүдделі ұйымдардың және жер асты құрылыстарының иелерінің талабы бойынша ток есептерін шектеу бойынша басты шараларды орындау жөнінде мәлімдейді.

272. Кезбе токтардың әрекет ету аумағында орналасқан жерасты құрылыстарының тоттануына әкеліп соғуына қабілетті трамвай құрылыс жұмыстар режимінің өзгеруі туралы мәліметтер басқа жұмыс режиміне ауысқанға дейін бір ай ішінде үйлестіруші және тоттануға қарсы бақылауды жүргізетін ұйымдарға хабарланады.

273. Көпірлердегі, жолөткелдердегі, эстакадалардағы және басқа да жасанды құрылыстардағы жол шаруалықтарын күту және техникалық қызмет көрсету трамвайлық жолдарды техникалық күтіп-ұстау нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

274. Аялдау пукттерінің алдындағы тежеуіш жолының ұзындығына қисықты қоспағанда, барлық пайдаланатын учаскелерінде қисықтың 200 мм радиусындағы рельстерді үнемі майлау қажет.

Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына 1-қосымша



Есептік тежеуіш жолда ЕМU құрамдарына (метрлерде)


Тежеудің бастапқы жылдамдығы

Көтерілу, мыңдықта

Алаң

Еңіс, мындықта

40

30

20

10

10

20

30

40

80

218

226

229

254

297

318

339

396

429

75

197

206

210

230

267

285

304

351

381

70

176

185

190

205

236

251

269

306

332

65

155

164

171

181

205

195

223

252

270

60

134

143

151

156

174

183

199

216

234

55

114

122

131

136

152

160

174

188

207

50

94

101

110

115

129

136

148

160

179

45

74

80

89

95

107

113

122

132

151

40

54

59

68

74

84

89

96

104

123

35

39

41

44

46

56

59

65

72

96

30

32

34

37

39

42

48

53

60

69

25

20

21

23

26

30

35

38

44

51

20

7

8

9

12

18

21

23

28

32


Жедел тежеу кезінде тежеуіш жолдың есептік ұзындығы

(метрлерде)


Тежеудің бастапқы жылдамдығы

Көтерілу, мыңдықта

Алаң

Еңіс, мыңдықта

40

30

20

10

10

20

30

40

80

192

206

224

231

252

270

291

328

350

75

172

184

199

207

226

237

263

296

315

70

151

162

173

183

200

204

234

263

279

65

131

140

148

159

174

182

205

231

244

60

110

117

122

134

148

138

176

198

208

55

93

102

107

117

129

123

153

171

180

50

75

86

91

100

110

107

130

144

152

45

53

71

76

83

88

92

107

117

124

40

40

55

60

65

71

76

84

89

96

35

33

36

39

45

48

53

60

74

80

30

19

23

25

30

35

40

45

54

60

25

20

21

23

26

30

35

38

44

51

20

5

6

8

11

16

18

22

25

34

15

3

4

6

7

12

13

16

18

25

10

2

3

4

5

8

9

11

12

17

Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына 2-қосымша



Жай трамвайдың төрт осьті жылжымалы құрамына арналған трамвай желісінің қисық учаскелеріндегі іргелес жолдар осьтерінің арақашықтығы



Қисық радиусы, м

Түзу учаскелердегі осьтер арасының бастапқы арақашықтығы кезінде трамвай желісінің қисық учаскелеріндегі іргелес жолдары осьтері арасындағы қашықтық, мм













3200

3550

3700




18-20

4100

4100

4100




21-25

3860

3860

3860




26-30

3710

3710

3710




31-40

3580

3580

3700




41-50

3500

3550

3700




51-60

3450

3550

3700




61-75

3400

3550

3700




76-100

3350

3550

3700




101-150

3 300

3550

3700




151-300

3250

3550

3700




301 және жоғары

3200

3550

3700





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет