Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму


Қызметтік хат-хабарды ресімдеу және жіберу



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі344 Kb.
#14215
1   2   3   4

5. Қызметтік хат-хабарды ресімдеу және жіберу
56. Құжаттарды дайындаған кезде қолданыстағы қағидаларды, құжаттарды, анықтамалықтарды, сөздіктерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың атауларын жазудың бірізділігін сақтаған жөн.

57. Шығыс құжатты дайындау – ЭҚАБЖ ДБ «Жобаларда» тіркелген электрондық түрде жобаны әзірлеу, оны келісу және оған қол қою (бекіту) болып табылады.

Комитеттің жауапты қызметшілерінің (орындаушылардың, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының) тиісті визалары ЭҚАБЖ ДБ тиісті жобаны және жекелеген жағдайларда жауап хаттың екінші даналарын келісу кезінде тек электрондық форматта ресімделеді.

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысымен және құжатқа қол қоятын тұлғамен міндетті келісуден өткеннен кейін шығыс құжат жобасы «ЭҚАБЖ» ДБ тіркеуге орындаушымен жолданады.

ЭҚАБЖ ДБ-ғы барлық операциялар (жобаны жасау, келісу, қол қою) электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін қамтитын ақпаратты кілтті жеткізгішті қолдану арқылы орындалады.

58. Қағаздағы шығыс құжаттың әзірленуі мен қол қойылуы құжат бойынша сақталуы 10 жылдан астам мерзімімен 2 данада:

1) біріншісі – Министрлік пен Комитет басшылығының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Комитеттің фирмалық бланкісінде;

2) Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы мұрағатында сақталатын екіншісі – ЭҚАБЖ ДБ қолдары қойылған беті қоса берілген таза парақта.

МО ЭҚАБЖ қосылмаған субьектілерге жолданатын құжатты жасау кезінде хаттың фирмалық бланкісінде Министрлік пен Комитет басшылығының қолымен құжаттың бірінші данасы ресімделеді. Жобаны келісу құжаттарды қалыптастырудың барлық этаптарында ЭЦҚ қолдануымен электрондық түрде ЭҚАБЖ ДБ жүзеге асырылады.

Қағаз тасығыштағы құжатты әзірлеу мен ресімдеу кезінде белгіленген бірізділікпен орналасқан деректемелер сызбасымен осы Қағидаларға
8-қосымшаға сәйкес қолданылады, бланкінің нөмірі сол жақ төменгі бұрышқа қойылады.


59. Қағаз тасығыштағы шығыс құжаттар Төрағаға орындау мерзімі өткенге дейін кемінде бір күн бұрын, төрағаның орынбасарларына орындау мерзімі өткенге дейін кемінде екі күн бұрын қол қоюға енгізеді.

Төрағаға қол қоюға жолданатын хат-хабарды қабылдау күн сайын жұмыс күнінің бірінші жартысы 12-30 сағатқа дейін және жұмыс күнінің екінші жартысы 17-00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

60. Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Ұйымдар мен азаматтармен хат жазысу мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда шет тілінде жүргізіледі.

Мемлекеттік органдармен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болғанда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі. Комитеттің фирмалық бланкісінде мәтін тек мемлекеттік тілде ғана басып шығарылады. Жоғары органдарға жолданатын құжаттар міндетті түрде Комитеттің ҚҚЕМТДБ, сонан соң Министрліктің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен келісу керек, құжаттарға қосымша міндетті түрде мемлекеттік тілде ресімделеді.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжаттардың мәтiндерiнiң дәлме-дәлдiгiн тексеру Комитеттің құрылымдық бөлімшелері үшін тек ҚҚЕМТДБ жүргізеді. Комитеттің аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары дәлме-дәлдiгiн тексеруді дербес жүргізеді.

61. Құрылымдық бөлімшелер арасында хат алмасу кезінде бланкілер қолданылмайды, хат алмасу тек мемлекеттік тілде ғана жүргізіледі.

62. Лауазымдық тұлғаға құжатты жолдаған кезде мекеме атауы атау септікте, ал құжатты алатын тұлғаның лауазымы мен аты-жөні барыс септікте көрсетіледі.

Егер құжат бірнеше біртекті ұйымдарға жолданған кезде олар жинақталып көрсетіледі (мысалы: «Мемлекеттік органдарға»).

Басқа қаладағы адресатқа жолданатын құжатта оның атауынан кейін почтаның индексі, облыс, қала (село), көше, үйдің нөмірі көрсетіледі. Егер құжат факсимильдік байланыс арқылы жөнелтілсе, онда адресаттың факсимильдік аппаратының нөмірі көрсетіледі.

63. Құжатта төрттен артық адресат болмауы тиіс. Екінші, үшінші, төртінші алушыларға «Көшірме» сөзі жазылмайды. Алушылардың саны көп болса, онда құжатты таратудың тізімі (тізілімі) жасалады және құжаттың әр көшірмесінде тек бір мекенжай ғана көрсетіледі.

64. Шығыс құжаттар деректемелерінің есептік деректері ЭҚАБЖ «Шығыс» ДБ ТБК-ға ҚҚЕМТДБ қызметшісімен енгізіледі.

65. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы


17 сәуірдегі № 430  қаулысымен бекітілген тиісті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесінде анықталады.

66. Жоғары органдарға жөнелтілетін хат-хабарларға қол қою құқығы Министрдің тиісті бұйрығымен анықталады.

Егер құжат бірінші басшының міндетін атқаруға жүктелген тұлғамен немесе не құжаттарға қол қою құқықтары бар жоғары органдарға міндеттерді орындауды ресми жүктелген тұлғамен құжатқа қол қойылса, құжаттар тиісті бұйрықтардың көшірмелері міндетті түрде қоса беріліп, жолданады (тиісті міндеттерді жүктеу туралы, құжаттарға қол қою құқығы туралы).

Құжатқа қосымшаларда құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған тұлғаның қолы болуы тиіс.

67. Мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға және басқа тұлғаларға жолданатын құжаттарға міндеттердің бөлісулеріне сәйкес Төраға, берілген міндеттмелеріне сәйкес жетекшілік ететін мәселелері бойынша Төрағаның орынбасарлары қол қоя алады.

68. Құжат мәтінінің тақырыбы, құжаттың сол жақ жиегінен бері, жартылай қалың шрифтпен, сөз тасымалысыз ресімделеді және әр жолда


35 белгіден артық белгі болмау қажет. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін құжаттарда, 5 жолдан асатын тақырып құжаттың ортасында ресімделеді. Тақырыптың соңынан нүкте қойылмайды.

Мәтінге қойылатын тақырып қысқа, әрі мәтіннің мазмұнын дәл беретін болуы керек. Құжат түрінің атауымен келісілуі және «не туралы?» («кім туралы?»), «нені?», «кімді?» деген сұрақтарға жауап беру қажет.

10 жолдан аз мәтінге және А5 пішінді бланкіге жасалған құжатқа тақырып қойылмайды.

69. Егер, хат қолдаухатқа немесе сауалға жауап ретінде жіберілсе, мекенжайдан кейін (сол жақта) сол қолдаухаттың немесе сауалдың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы: 2014 жылғы 4 ақпандағы № 05-4/1975-и хатқа).

70. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бақылау тапсырмаларының жауаптарында тапсырманың нөмірі мен күніне қысқаша сілтеме көрсетілуі тиіс (мысалы: «Электрондық үкіметті» дамытуға қатысты 2014 жылдың 27 мамырындағы №2149 хатқа).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылау тапсырмаларының жауаптарында жауап дайындалған директивті тапсырманың нөмірі мен күніне, сондай-ақ, тармаққа сілтеме көрсетілуі тиіс (мысалы: 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 11-5/07-130 тапсырмасындағы 1.6 және 2.3 тармақтарына).

71. Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар, әдетте, оның мәтінінен кейін парақтары мен қазақ және орыс тілдеріндегі даналарының саны көрсетіле отырып саналуға тиіс.

72. Шығыс құжатының толық немесе қысқартылған түрде келтірілген күні (күні, айы, жылы) (мысалы: 2011 жылғы 16 ақпан немесе 16.02.2011ж.) мен тіркеу нөмірі болуы тиіс.

73. Құжаттың шығыс тіркеу нөмірі құрылымдық бөлімшенің индексінен, бекітілген номенклатура бойынша іс нөмірінен, сондай-ақ шығыс құжаттың реттік нөмірінен тұрады, (мысалы, 02-18/145).

74. Бланкте, бланкісіз ресімделген шығыс құжаттардың әр парағында мынадан кем болмайтын жиек болу керек:



сол жағынан – 2,5 мм;

оң жағынан – 1,5 мм;

жоғарғы жағынан – 2,5 мм;

төменгі жағынан – 2,5 мм.

75. Мәтін мөлшері 14 Тіmеs New Roman шрифтімен (кесте түріндегі қосымшаларда мөлшері кіші, бірақ 10 кем емес шрифт қолданыла алады) басылады, жоларалығы – бір интервал, абзацтық шегініс (бірінші жолдан шегініс) – 1,25 см, атау мен мәтін, мәтін мен жол арасындағы интервал – 2 жол.

76. Мемлекет басшысына енгізілуге жататын құжаттар «Arial» шрифтімен басылады, шрифт көлемі 16, жол аралығы - бiр жарым интервал.

77. Құжатты екі немесе одан да көп парақта ресімдеу кезінде, екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер араб цифрларымен парақтың жоғарғы жиегі ортасынан тыныс белгісінсіз қойылады, басқарушылық құжатқа және ілеспе хатқа қосымшалардың парақтары бөлек нөмірленеді.

78. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолданатын құжаттарда барлық деректемелер басылуы тиіс. Түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.

79. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолданатын ақпараттың және басқа да құжаттардың көлемі 3 парақтан аспауы тиіс, ал ірі мәселелер бойынша – 5 парақ. Құжаттардың мәтіндері нақты, бірізділікпен, қысқа баяндалуы тиіс.

80. Құжаттың бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында мекенжай көрсетіледі. Алатын адамның лауазымы атауының құрамына кіретін жолдар, аты-жөні және инициалдары орта жолда басып шығарылары, жартылай қалың шрифтімен белгіленеді.

81. Орындаушының аты-жөні мен қызметтік телефонының нөмірі бірінші немесе орын болмаған кезде соңғы беттің артқы жағында сол жақтағы бұрышта немесе құжаттың соңғы бетінің артқы жағында жазылады. Мысалы: орынд. А.М. Орманов, тел. 740005.

Бір хат алушыға бір мезгілде жіберілетін құжаттар бір конвертке салынады. Телефакс, электрондық пошта арқылы жіберілетін құжаттар хат алушыға пошталық байланыспен қосымша жіберіледі. Қолма – қол жөнелтілетін құжаттар Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналына қол қою арқылы адресатқа беріледі.

Комитетке келіп түскен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметтік құжаттарын қорғансыз электрондық пошта қызметтерін (mail.ru, yahoo.com және т.б.) пайдалану арқылы табыстауға тыйым салынады.

Қызметтік ақпаратты тапсыру және жіберу тек Мемлекеттік органдардың интранет – порталы (бұдан әрі - МОИП) арқылы жүзеге асырылады.

82. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде және осы Қағидада белгіленген талаптардың бұзылуымен ресімделген құжаттар орындаушыларға түзету үшін қайтарылады.

83. Барлық шығыс құжаттар (жоғарғы мемлекеттік органдарға шығатын хат-хабарлар) ҚҚЕМТДБ жұмыс күндері сағат 13.00-ге дейін жөнелту үшін тапсырылады, ал сенбі күні шұғыл құжатты жеткізуді орындаушы дербес жүзеге асырады.

84. Шығыс хат-хабар ЭҚАБЖ ДБ арқылы электрондық форматта, тиісті тізілімдерді құру арқылы «Қазпошта» АҚ Астана почтампы Астаналық филиалы арнайы байланыс қызметі арқылы - қағаз тасығыштарда және қурьер арқылы қолма-қол адресаттарға жөнелтіледі.

85. Жөнелтілген құжаттардың тізілімдері ҚҚЕМТДБ күнтізбелік жылдың ішінде сақталады.

86. ҚҚЕМТДБ жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекенжай бойынша құжатты таратқаны үшін құжатты әзірлеген құрылымдық бөлімшенің орындаушысы жауапты болып табылады.



6. Нормативтік құқықтық актілерінің (Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Комитеттің нормативтік құқықтық актілерін) жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
87. Комитет бастамашылық еткен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңдарының жобаларын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

88. Заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, келісуге ұсыну «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

89. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері жобаларының мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы актілерінің нормаларын қайталамауы керек, егер жобада олардың қолданылуын тоқтату қарастырылмайтын болса.

90. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары Комитеттің ішінде және Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілуі керек. Келісу мерзімі бес жұмыс күннен аспауы тиіс.

91. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, міндетті түрде Каржы, Әділет министрліктеріне келісілуге ұсынылады. Құжаттарды сыртқы келісу осы Қағидаларға


9-қосымшаға сәйкес келісу парағымен ресімделеді.

92. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келісуге мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

93. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптаманы жүргізуді қамтамасыз етеді (оның ішінде, қажет болған жағдайда ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы), нәтижелері бойынша қорытындылар ұсынымдық сипатта болады.

94. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.



Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.

95. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, әзірлеуші заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.



Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сұранысы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.

96. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын енгізген кезде баптардың бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі ұсынылады.

97. Қаулы жобасына міндетті түрде белгіленген нысандағы түсіндірме жазба қоса беріледі, ол мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері;

2) жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі;



3) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды салдарлар;

4) нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

5) жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенттің және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

6) енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілер қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

7) Құзыретіне жобада көрініс тапқан мәселелер кіретін мүдделі мемлекеттік орган басшысының қолының болмау себебі (осындай фактінің бар болған кезінде).

98. Жобада халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.

99. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдарымен) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ЭҚАБЖ ДБ арқылы электрондық форматта жобаны енгізудің бір уактында енгізіледі.

100. Жобаның ілеспе хатына Министр немесе міндетін жүктеу туралы бұйрығын міндетті түрде қосумен бірінші басшының міндетін атқаруға ресми жүктелген тұлға қол қояды.

101. Жобаны дер кезінде әрі сапалы әзірленуіне және белгіленген мерзімде Үкіметке енгізуіне, сондай-ақ, жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігіне және жоба мәтінін жазу стиліне қойылған талаптардың сақталуына жеке жауапкершілікті құрылымдық бөлімшелердің тиісті қызметшілері мен басшылары - әзірлеуші тартады.

102. Комитетке келісуге келіп түскендер, сондай-ақ Комитетте әзірленетін Заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобалары және басқа да нормативтік құқықтық актілер ЭҚАБЖ ДБ мен МОИП арқылы келісуден өтеді.

103. Комитетте жарлықтардың мониторингісі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесіне, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулыққа және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық жарлықтар мониторингісінің нәтижелері туралы ақпарат қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жойылғандығын тану туралы ұсыныстарды Министрліктің Заң департаментімен тоқсанның соңғы айының 30-шы күніне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолданады.

7. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар

құжаттармен жұмыс
104. «Қызмет бабында пайдалану үшін (бұдан әрі – ҚБПҮ)» деген белгісі бар құжаттарда, істерде және басылымдарда бекітілген таралуы шектелген қызметтік ақпаратқа таралуға шектеулері қызметтік қажеттілікпен тағылатын мәліметтер жатады.

105. Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық баспаларда жариялау, радио, теледидар бойынша, ашық электрлік (электрондық) байланыс желілерінде және Интернетте беруге тиым салынады.

106. Комитетке келіп түсетін «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттар, Комитеттің таралуы шектелген шығыс хат-хабарлары ҚҚЕМТДБ қабылданады және ЭҚАБЖ «ҚБПҮ» ДБ тіркеледі. Бұл ретте тіркеу нөмірлеріне «ҚБПҮ» белгісі қосылады және данасының нөмірі қойылады.

107. «ҚБПҮ» белгісін қою қажеттілігі орындаушымен және/немесе құжатқа қол қойған басшымен белгіленеді.

108. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды жөнелтуге ресімдеу кезінде: ілеспе хаттың беткі жағында «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі мен нөмірін қою қажет, артқы жағында ҚҚЕМТДБ берілетін есептік нөмірі, басылған даналар саны, әр дананың қайда жіберілгені, орындаушының аты-жөні мен телефоны, күні осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес көрсетілуі қажет.

«ҚБПҮ» деп белгіленген құжаттың қосымшасында жоғарғы оң жақ шетінде қосымшаның нөмірін, оларға қосып тіркелінетін шығыс құжаттың мерзімі мен нөмірі, қосып тіркелінетін ақпараттың тақырыбы, Комитеттің атауы мен мерзімі көрсетілуі тиіс (қосымша 10-1 сәйкес) .

109. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды жөнелту кезінде бірнеше мекен-жайларда жөнелтілген даналардың нөмірлерімен таратудың тізілімі («ЖӨНЕЛТІШ КӨРСЕТКІШІ») жасалады.

110. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды көбейту кезінде әрбір көшірмеде даналардың реттік нөмірлерін көрсету арқылы жүргізіледі, сондай-ақ көшірмелердің саны мен олардың жөнелтулері ТБК-да көрініс табады.

111. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды тираждауға рұқсат беруді Комитетте ұйымдастыруға және іс жүргізуге жауапты ҚҚЕМТДБ басшысымен жүргізіледі.

112. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттар Комитет құрылымдық бөлімшелерінің металл шкафтар мен сейфтерінде сақталады.

113. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таралуы шектелген ақпаратты жариялағаны немесе осындай ақпаратты қамтыған құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін Комитеттің қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
8. Бұйрықтарды ресімдеу
114. Бұйрықтар құқықтық сипаттағы шешімдер, сондай-ақ жедел, ұйымдастыру, кадр және Комитеттің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша ресімделеді.

Негізгі қызмет бойынша Комитеттің бұйрықтары жобаларын ресімдеу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңдарына сәйкес жүргізіледі.

115. Бұйрықтардың жобалары бастамашылық тәртібінде Министрдің және Төрағаның (ол жоқ болған жағдайда – бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмасы негізінде, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері енгізеді. Кадр мәселесіне қатысты бұйрықтардың жобасы кадр қызметі тиісті құжаттардың (жеке еңбек шарттар, баяндау (қызметтік) жазбалар, ұсыным және басқалары) негізінде дайындайды.

116. Бұйрықты дайындау мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мәселенің мәнін зерделеу;

2) қажетті мәліметтерді жинау;

3) бұйрық жобасын дайындау;

4) жобаны келісу;

5) қол қою.

117. Бұйрық жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі онда көтерілетін мәселе шеңберінде белгіленеді, қарастырылатын мәселе бойынша материалдармен, ең алдымен осындай және ұқсас мәселелер бойынша алдынғы өкімдік құжаттарды реттейтін заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері, ведомстволық нормативтік актілер зерделенеді.

118. Екінші кезеңде қойылған мәселенің мәні жөнінде мәліметтерді жинақтау жүзеге асырылады. Бұл үшін түрлі ақпараттық-анықтамалық құжаттар пайдалануы мүмкін: есептер, анықтамалар, актілер, қызметтік жазбалар. Жиналған, зерттелген қажетті мәліметтер негізінде бұйрық жобасы әзірленеді.

119. Үшінші кезең – мәтін дайындау.



Бұйрық мәтінінің тақырыбы, құжаттың сол жақ жиегінен бері, жартылай қалың шрифтпен, сөз тасымалысыз ресімделеді және әр жолда 35 белгіден артық белгі болмауы қажет. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін құжаттарда, 5 жолдан асатын тақырып құжаттың ортасында рәсімделеді. Тақырыптың соңынан нүкте қойылмайды.

Мәтінге қойылатын тақырып қысқа, әрі мәтіннің мазмұнын дәл беретін болуы керек. Құжат түрінің атауымен келісілуі және «не туралы?» («кім туралы?»), «нені?», «кімді?» деген сұрақтарға жауап беру қажет.

Мысалы:

Қызметшілерге сыйақы беру туралы

Екінші тоқсанға есепті ұсыну туралы

10 жолдан аз бұйрық мәтінінің тақырыбы құрастырылмайды «Комитет бойынша бұйрық», «Төрағаның бұйрығы» типіндегі тақырыптарға жол берілмейді.

Бұйрықтың мәтіні екі бөлімнен тұрады: айқындаушылық (кіріспе) және өкімдік.

Айқындаушылық бөлімде бұйрықты дайындауға негіз болған мақсаттар мен міндеттер, фактілер мен оқиғалар баяндалады. Егер бұйрық басқа құжаттардың негізінде дайындалса, онда айқындаушылық бөлімде аталмыш құжаттың атауы ілік септігінде, оның авторы, уақыты, нөмірі мен тақырыбы көрсетіледі. Әділет органдарында тіркелген  нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасаған кезде, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.

Бұйрықтың айқындаушылық бөлімі болмауы да мүмкін, егер бұйрықты шығару себебі айқын болса және түсіндіруді талап етпесе.

Айқындаушылық бөлімнің мәтіні әдеттегідей мынадай тұжырымдамадан аяқталады: «... сәйкес», «... орындауда», «... мақсатында», «... үшін».

Бұйрық жобасындағы кіріспе «БҰЙЫРАМЫН» сөзімен аяқталады, ол бас әріптермен, қалың қаріппен басылады.

Өкімдік бөлімде берілген тапсырмаларды тізбелеу әр іс-қимылдың орындаушысы мен орындалу мерзімін қамтуы қажет. Өкімдік бөлім тармақтар мен тармақшаларға, абзацқа бөліне алады. Тармақтар мен тармақшалар араб цифрмен нөмірленеді. Абзацтың алдында сызықша немесе басқа белгілер қойылмайды.

Біртекті сипаттағы іс-қимылдар бір тармақшада тізбелене алады. Орындаушылар ретінде құрылымдық бөлімшелер немесе нақты лауазымды тұлға көрсетіле алады. Өкімдік бөлімнің соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген құрылым немесе лауазымды тұлға туралы мәліметтер болуы мүмкін.

Бұйрықтың қосымшалары болуы мүмкін, оның нұсқаулары мәтіннің тиісті тармақтарында беріледі. Егер бұйрықпен қандай да бір құжат (нұсқаулық, ереже) қолданысқа енгізілсе, онда олар бұйрыққа қосымша ретінде (1,2,3) қосымшаға сәйкес ресімделеді және оң жақтағы жоғарғы бұрышында былай жазылады.

2014 жылғы «__»_______№ бұйрығына

1-қосымша

Егер бұйрық мәтінінде «Қоса беріліп отырған Қағида, Нұсқаулық бекітілсін» деген сілтеме келтірілсе, онда оң жақтағы жоғарғы бұрышында былай жазылады:

2014 жылғы «__»________№ бұйрығымен

бекітілген

Егер, жеке қосымшамен ресімделген Ережеге, Қағидаларға, Нұсқаулыққа, өзге актілерге қосымшалар бар болса, онда оң жақтағы жоғарғы бұрышында былай

жазылады:
.....қағидаға (нұсқаулыққа, қағидаларға)

1-қосымша

Бұйрыққа қажет болған жағдайда осы бұйрықпен күші жойылатын бұрын жарық көрген құжаттар (бұйрықтар, шешімдер) санамалануы мүмкін.

120. Төртінші кезең – бұйрық жобасын келісу. Бұйрықтың жобасын келісу және қол қою жөніндегі ЭҚАБЖ ДБ барлық операциялар ЭЦҚ қолдану арқылы жүргізіледі. Келісу кезеңінде міндетті түрде мынадай лауазымды тұлғалар енгізілуі тиіс:



  1. жетекшілік ететін Министрдің орынбасары немесе Төраға (немесе оны ауыстыратын тұлға);

  2. Комитеттің Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасының басшысы және Министрлік Заң департаментінің директоры, Комитет құрылымдық бөлімшесінің басшысы - әзірлеуші;

  3. құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы және Министрлік Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры;

  4. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (келісім бойынша);

121. Бұйрық жобалары мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады. Бұйрық мәтіндері Комитеттің фирмалық бланкісінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға шығарылады.

122. Бұйрықтардың көшірмелері немесе олардың көбейтілген даналары мөртабанмен куәландырылады және орындаушы құрастырған және қол қойған жіберілу тізіміне сәйкес мекенжайларға жолданады.

Сырттай адресатқа жіберілетін бұйрықтармен таныстыруға және жіберуге орындаушы жауапты болады. Бұйрықтарды электрондық түрде Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне жіберуге ҚҚЕМТДБ жауапты болады (Осы ереженің 11-1 және 11-2 қосымшасы).

123. Бұйрыққа Министр немесе Төраға (ол жоқ болған жағдайда –бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға)қол қояды

124. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, егер мәтінде оны қолданысқа енгізудің басқа мерзімі көрсетілмесе.

Басқа да кадр жұмысы мәселесі бойынша бұйрықтардың жобаларын ресімдеу, дайындау сияқты мәселелер, соның ішінде Комитеттің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу мәселелері Комитеттің кадр жұмысы бойынша іс-қағаздарды жүргізу және қызметкерлерді іс-сапарға жіберу Ережелерімен белгіленеді.



125. Бұйрықтар күнтізбелік жыл шегіндегі реттік нөмірмен нөмірленеді. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар ҚҚЕМТДБ ЭҚАБЖ «Бұйрықтар» ДБ тіркеледі, жеке құрам бойынша, бұйрықтар іссапар бойынша, еңбек демалысы бойынша Комитет Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасының (бұдан әрі – ҚКЖБ) тиісті тіркеу журналдарында осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес тіркеледі.

126. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың түпнұсқалары ҚҚЕМТДБ сақталады, жеке құрам бойынша, бұйрықтар іссапар бойынша, еңбек демалысы бойынша бұйрықтардың түпнұсқалары ҚКЖБ сақталады. Бұйрықтардың төлнұсқаларына оларға қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тиым салынады.

127. Комитеттің қызметшісіне жұмыс үшін берілген бұйрықтың түпнұсқасы 15 күндік мерзім ішінде қайтарылуға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет