Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты


Өндірістің технологиялық процесі және технологиялық схемасының сипаттамасы



бет4/13
Дата19.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#148268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.4 Өндірістің технологиялық процесі және технологиялық схемасының сипаттамасы

Мақта зауытына мақта кип түрінде салмағы 120-дан 275 дейін (престелген мақтаның тығыздылығы 600 кг/м3 дейін жетеді) немесе престелмегені полядан келеді, ол әрі қарай тазаланып және текстиль өнеркәсібі үшін дайындалады. Мақта талшығы кипте ретсіз өрілген және дефорлаған. Зауытқа келген мақталардың құрамында жарылған және піспеген дәндер түрінде қосындылар, жапырақтар сынықтары, қабықтар, құмдар, шаңдар кездеседі. Жоғары сапалы жіптерді алу үшін мақтаны қопсытады, шөптердің қосындыларынан тазалап, түрлі киптердің қоспаларын дайындайды.

Қоймадан мақтаның киптері тазалау цехына келіп түседі, мұнда оларды сорттап, қопсытып-араластыру агрегатына бағыттайды, ол 4-6 қоректендіргіш қоспалардан тұрады, иісті қоректектендіргіш, араластырғыш торы және басты қоректендіргіш. Қоректендіріп араластырғыш,иісті және басты қоректендіргіштер жабдықтары бірдей болады. Мақта қоректендіргіш тордың көмегімен қоректендіру камерасына келіп түседі. Көлденең тордан қиғаш тор өзінің инелерімен мақтаны ұстап, оны (265 мин-1) айналып жатқан қопсытылған валикке бағыттайды, ол қопсытады, мақтаны қосындылардан тазалап және араластырады. Мақтаны қоректендіріп араластырғаннан кейін, басты қоректендіргішке құбыр бойынша қоректі иістерді жібереді, осыдан кейін тігінен және көлденеңнен қопсытады, мұнда оның әрі қарай қопсытылып және қоспалардан тазалауы жалғасады.

Көлденең және тігінен қопсытудың жұмыс органы - ілгіш барабандар, айналым жылдамдылыгы 460-750 мин-1.

Бір машинадан басқа машинаға машина ішінде талшықтың қозғалысы ауа тәсілімен шаң тазалағыш барабанның көмегімен жүзеге асырылады.

Барабанның ішінің толық көлемі вентилятормен қосылған. Ауамен бірге қимылдайтын мақта, барабаннның жоғарғы жағында тұрақталып, мақтадағы шаң және басқа да майда шөптердің қосындылары ауамен бірге барабаннан өтіп, фильтр немесе шаң камераларына бағытталады. Тігінен қопсытудан талшықтар конденстаор арқылы автоматты түрде бөліп таратушыға, осыдан кейін жұлмалау машинасына келіп түседі. Конденсатор құрылысының және жұмысы тура осылай болады, себебі, ол шаңды тазалағыш барабан сияқты қызмет атқарады.

Жұлмалау машинасы көлденең қопсытудың, аралық жұлмалау және жұлмалау машинасның соңғы жиынтықтарын көрсетеді. Аралық және соңғы жұлмалау машинасыныың негізгі жұмыс органы айналым жылдамдылығы 1000-1500 мин-1 соғып жұлмалау болады. Бұл машинада пішінсіз мақта массасы тазалаудан кейін рулон түрінде тарайтын машинаға бағытталады. Оның нәтижесінде талшықтар толығымен таралып, тазартылып, сонымен қатар тегістеледі.

Тарайтын машинаның барабанының диаметрі 1300 мм. болады. Барабанның айналыс жылдамдылығы 160-180 мин-1 және инелер лентасымен толық қамтылған. Шексіз инелер лентасы жәй қимылдайды, себебі барабан жоғарғы жылдамдылығы лентанының сызықтық жылдамдылығынан 10000 есе көп болады.

Цехтардан өндіріс қалдықтары угар бөліміне келіп түседі, мұнда оларды түрлері және сорттары бойынша бөледі; оның бір бөлігі мақта және шаруашылық қажеттіліктерді дайындау үшін қолданыдады, ал екінші бөлігін сорттау (өңдеу) цехынақайтарады. Арнайы түрлерін 120-130 кг. массамен престейді.

Мақта зауытының өрт қауіпсіздігі ол жанғыш материалдардығы, мақта, шаң және талшықтардың айналыста үлкен көлемде болуынан деп қорытындылайды. Мақта өндірісінде машина мен механизмдерді майлау үшін көптеген майлардың көлемі қажет болады, олар негізгі өндіріс аудандарына жақын қойма цехтарында орналастырылады. Қоймадан майлағыш затттардың көлемі жиі ашық түрде келеді, ол міндетті түрде өрттің қауіп процесін жоғарлатады.

Мақтаны тазалау станогының жұмыс барысында жану көзі ретінде болу мүмкін жағдайлар:


  • подшипниктердің қызып кетуі;

  • айналыс механизм белдігіне оралуда жіптер күйзелісінің қызуы;

  • станок корпусына әлсіз бекітілген айнылым механизмінің қызуынан;

  • шестеренка бұзылуынан тұтану;

  • бұзылған электр жабдықтарының қызып кетуінен;

  • жөндеу және алдын ала дайындалу жұмыстарында отты ашық түрде қолданудан;

  • темекі шегу.

Өрттің алдын алу іс-шаралары өндіріс орындарын мұқият және жүйелі түрде тазалауға, жабдықтарды шаңнан және қылдардан тазалауға, өрттің пайда болу және таратылу көздерін жоюға бағытталған.

Тігу станогын тазалау жұмысы жұмыстың барлық кезеңінде жүргізіледі. Жоспарлап -ескерту жұмыстарын өз уақытысында жасалады. Барлық технологиялық және электротехникалық жабдықтардың, элекртқозғалыстардың жұмыстылығын бақылап, электр сымдардың жер асты жұмыстарын қатаң түрде бақыланып отырады. Машина мен станоктарды қызып кетпеу үшін жиі майлап тұрады, электркүшінің жағдайын бақылап отырады. Майлағыш материалдардың орталықтандырылған жүйесі болуы қажет. Оларды сақтап және бөліп тарату орындарында қртті автоматты түрде көбікпен өшіру құралы орнатылуы қажет.


1.4. Өндіріс айналымындағы өртке қауіпті материалдар мен заттардың қасиеті


1.4.1 Шаңның физика-химиялық негізінің сипаттамасы

Шаң – бұл өте майда қатты бөліктердің жиынтығы, олар ауада қалыпты жағдайда бола алады. Бұл бөліктердің көлемдері көп жағдайларда 1 мм диапазоннан жүздеген микрондар үлестерінде болады. Ауада шаң бөліктерінің бөлінуінде шаң әуе қосындылары пайда болады, олар аэроөлшем (аэровзвесью) немесе аэрозол деп аталады. Бұл бөліктер жоғарғы қабатта отырықтану кезінде шаңның қабаты түзіледі, аэрогель деп аталады.

Салмақты жағдайға өту қабілеттілігі және қимылсыз ауада бөліктердің отыру жылдамдылығы олардың көлемі мен тығыздылығына байланысты болады. Бір қалыпты ауада олардың отыру жылдамдылығы секундына милиметрден бірнеше метрге дейін өзгереді.

Шаңның негізгі физико-химиялық сипаты –ол химиялық және дисперсті құрамы, бөліктердің пішіні, тығыздылық үлесі, тығыздылық көлемі, жылу өткізгіштік, ылғалдылық, электр өткізгіштік, қимылдылық, жабысқақтық, адсорбционды қабілеттілігі, өрт қауіптілігінің көрсеткіштері.

Шаң әуе қосындылары шаң концентрациясын сипаттайды, бұл шаң құрылымы, газтермединамикалық параметрлер жүйесінің (шаң әуе қосындыларының температурасы, тығыздылық қосындысы, жеке элементтер жүйесінің жылдамдылығы) орталықтандырылғандылығы және оның өрт қауіптілігінің көрсеткіштері болады.

Шаңдар мен шаң әуе қосындыларының физико-химиялық сипатының маңызы жарылыс қауіпсіздігін қаматасыз етуде бірқатар қолданбалы және теориялық сұрақтарды шешу үшін қажет. Олардың ішінен маңыздысын қарастырайық.

Шаңның химиялық құрамы қатты заттардың құрамымен анықталады, олардан жеке шаң бөліктері тұрады.

Шаңның табиғаты, оның химиялық құрамы физико-химиялық құрылымының барлық кешенін анықтайды, сонымен қатар шаңның химиялық белсенділігін, яғни түрлі заттармен реакцияға түсу қабілетін анықтайды, әсіресе қышқылдану және жану реакциясы.

Дисперсті құрамы материалдардың майдалану және шаңның фракцилнды біртектілігін сипаттайды.

Жіңішке дисперсті шаң салмақты жағдайға жеңіл өтеді, сонымен қатар тұрақты ауа шаң қосындыларының жылдамдылығы төменділігінен майда шаң бөліктері тұрақталып жасалады.

Көлемдері түрлі бөліктерден тұратын Шаң әуе қосындылары полидисперсті жүйе деп аталады. Барлық өндірістік шаңдар және майда дисперсті материалдарды басатындар полидисперсті болады, себебі ол бөліктерден тұрады және көлемдері кеңінен болады.

Шаңның дисперсті құрамын тәжірибелі микроскоп, седиментометрии әдістермен немесе механикалық бөліктермен анықтауға болады. Олардың сипатын таблица, график түрінде немесе белгілі эмпирикалық теңдікке сәйкес функционалдық байланыс пішінімен анықталып ұсынылады. Сонымен қатар олардың бөліктері көлем және нақты жағдайлар үшін дұрыс бөлінуімен сипататалады.

Шаңдардың жеке пішіні түрлі болуы мүмкін: сфералық, кубик тәріздес, цилиндр, конус, ине сияқты және т.б. болады.

Шаңның арнайы түрлерінде материал бөліктерінің физико-механикалық құрылымына байланысты және шаңның пайда болу тәсілдерінде көрсетілген пішіндердің басымдылығы кездеседі.

Шаң бөлік пішіндерінің көп түрлі болуына байланысты бірегей параметрін анықтау, яғни олардың өлшемін сипаттайтын параметрлерді анықтау өте қиын болады. Бөліктердің көлем сипатын анықтау үшін оның шартты ( эквивалентті) диаметрін анықтайды, мысалға көлемді немесе массалық, седиметриялық немесе проекционды.

Жоғарғы бөліктің үлесі - бұл олардың массасы немесе көлеміне қатысты жоғарғы бөлігі.

Жоғарғы бөліктің үлесі бөліктердің орташа шартты көлемі бойынша есептеледі. Тәжірибелі жоғарғы бөлік үлестерін сұйықтық фильтрация жылдамдылығы бойынша немесе майда дисперсті материалдар қабаты арқылы газы бойынша анықталады.

Ұсақдисперсті материалдың шынайы тығыздығы шаң бөлік заттарының қрташа үоесінің тығыздығын сипаттайды. Оны шаңдарды сұйықтықта өлшеудің гидростатистикалық әдісімен анықтайды.

Көлемнің тығыздылығын ауа тесіктерінің жеке бөліктер арасында құралатын орташа тығыздылық ретінде анықталады. Бұл олардың жинақталаған жағдайда шаңдардың қамтитын көлемін есептеуге мүмкіндік береді.

Шаңдардың ылғалдылығы майда дисперсті материалда судың сапалық құрылымын көрсетеді. Ылғалды шаңды өлшенген жағдайға өтуі қиын болады, олардың қимылдылығы төмендейді. Шаңның ылғалдылығы анықталғанда, жанғыш материалдардан құралған, іс-жүзінде өрт жарылысына қауіпсіз болады.

Электризуемость – бұл жоғарғы бөліктерде статистикалық электрлердің жылжу зарядтары және олардың құрылу нәтижелерінде пайда болады. Жоғарғы бөліктерде шаңдардың үлесі көп болса, олардың электростатистикалық заряды жоғары болады. Шаңдарды электризациялау ауа шаңдарының қосындысының тұрақтылығына, бөліктердің тұрақтану және коагуляция процесіне әсер етеді. Электрленген шаң бұлттарында, жанғыш бөліктерден тұратын, тұтанғыш электр разряды болуы мүмкін, ол тұтанып жануға алып келеуі мүмкін.

Абсорбционды қабілеттілік шаң бөліктері газ және пар сіңіріп жұту бөліктерінің құрылымын сипаттайды, ол олардың химиялық белсенділігін жоғарлатуы мүмкін. Бұл бөліктердің үлесі көп болған сайын, заттардың адсорбиционды құрылымыжоғарлайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет