ұйымдастыру және оған бақылау жасау
158. Патрульдеу бағыттары мен бекеттегі жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын бақылау саптық бөлімше басшылығының, жол полициясы бөлімшелері қызметкерлерінің не Ішкіісминнің, ІІББ, ІІБ, ішкі істер бөлімдері басшылығының нұсқауы бойынша басқа қызмет адамдарының жария және жария емес (жасырын) тексерулер жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
159. Тексерушілер қызметтің алдында тұрған міндеттерді, оны ұйымдастыру мен өтеудің тәртібін, сондай-ақ патрульдеу бағытындағы немесе бекеттегі тексеруге жататын аймақтағы жағдайды білуі тиіс.
160. Жария тексерулер кезінде тексеруші өзін-өзі таныстыруға, қызмет куәлігі мен тексеру құқығына рұқсатты көрсетуге міндетті. Тексерушінің келгені туралы қызметкерлер кезекші бөлімге дереу баяндайды.
161. Жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын жария тексеру кезінде қойылған міндеттерге қарай тексерушілер:
1) қызметкерлердің сыртқы сымбатына, экипировкасына (куәліктің, қарудың, жедел-техникалық және арнайы құралдардың, таяқшаның, ысқырықтың, қызмет құжаттамаларының және т.б. болуына);
2) қызмет міндеттерін білуге, тағылымдама мен қызмет өтеу процесінде және оларды орындауда алынған бағдарларға;
3) қызмет өткізілетін бекеттің, патрульдеу бағытының аймағындағы жедел жағдайға, апаттық жағдайға және осы учаскеде қызмет өтеудің ерекшелігіне;
4) жол полициясының іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге, олардың ережелерін басшылыққа алу мүмкіндігіне;
5) бекітіп берілген патрульдік көліктің болуына, түзіктігіне және сыртқы түріне;
6) арнаулы техникалық құралдарды пайдалана білуге;
7) қызметкердің бекеттегі немесе патрульдеу бағытындағы жұмыстың ұйымдастырылуына және тиімділігіне;
8) қозғалысты қадағалаудың нысандары мен әдістерін оңтайлы таңдап алуға, жол қозғалысы учаскелерінде жасалатын құқық бұзушылықтарды ашу және олардың жолын кесу жөніндегі тактикалық тәсілдердің қолданылуына;
9) таяқшаның және техникалық құралдардың көмегімен жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз ете білуге;
10) күрделі жол жағдайларында және жедел жағдайларда әрекет ете білуге;
11) әкімшілік құқықбұзушылық жайлы толтырылған хаттамалардың сапасы мен заңдылығына назар аударады.
162. Жария тексеру барысында қызмет өтеуде кемшіліктер байқалған кезде тексеруші сол жерде оларды жоюға шаралар қабылдауға және қызметшіге (нарядқа) іс жүзінде көмек көрсетуге міндетті. Тексерудің нәтижелері белгіленген тәртіпте құжатталады.
163. Саптық бөлімшенің командирі жол полициясының қызметкерлерін және аумақтық ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерін тарта отырып, әрбір нарядтың қызмет өтеуін ауысым кезінде кемінде екі рет жария тексеруді, шалғайдағы нарядтарды - арнайы кесте бойынша ұйымдастырады.
164. Жария емес тексерулер Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 412 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
165. Тексерулердің нәтижелері нұсқамалар жүргізген кезде қызметкерлердің назарына жеткізіледі, сондай-ақ қызметтік кеңестерде айына кемінде бір рет қаралып отырады.
166. Саптық бөлімшелердің жедел-қызметтік жұмысын тексеру, әдетте, жоспарлы түрде және жоғары тұрған басшы бекіткен қызметтік тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.
20. Жол-патрульдік қызметтің жұмысын бағалау
167. Жол-патрульдік қызметтің саптық бөлімшелері кезекші бөлімдерінің және әрбір қызметкердің жұмысы мынадай:
1) заңдылықты сақтау;
2) заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, жедел жағдайды, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу;
3) қылмыстарды ашуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жол-көліктік және басқа оқиғаларға жедел көңіл бөлу;
4) басшылықты нарядқа тартылған күштермен және құралдармен жедел қамтамасыз ету;
5) іздестіру және басқару ақпаратын өңдеудің және тапсырудың сапасы;
6) қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен хабарларды, өтініштерді есепке алудың уақыттылығы;
7) қызметтік құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі;
8) азаматтар өтініштерінің нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығы мен негізділігі;
9) техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі;
10) қарудың, оқ-дәрілердің, жедел-техникалық және арнайы құралдардың, байланыс, қорғау құралдарының, жеделдік және криминалистикалық техниканың, қызметтік құжаттаманың сақталуы;
11) азаматтармен және ішкі істер органдары қызметкерлерімен қатынасу мәдениеті;
12) кезекші ауысым қызметкерлерінің сыртқы сымбаты, кезекші бөлімге тапсырылып берілген қызметтік үй-жайлардың, көліктің және басқа мүліктің жай-күйі;
13) кезекші бөлім нарядтарының іс-әрекетіне қатысты негізделген шағымдардың болуы жөніндегі негізгі бағыттармен бағаланады.
168. Жол-патрульдік қызметті атқару кезінде жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын бағалауды взвод командирі немесе топ жетекшісі жүргізеді.
169. Жол қозғалысын қадағалау жөніндегі әрекетті саптық бөлімшенің командирі ай сайын және тоқсан сайын қорытындылап және талдап отырады.
170. Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің жұмысын олардың тікелей командирлері (бастықтары) мынадай:
1) жол полициясының қызметін реттейтін нормативтік құқық кесімдерін, жедел жағдайды, өзінің құқықтары мен қызметтік міндеттерін білу;
2) қызмет жүргізілетін аумақтағы апаттылық жағдай, әкімшілік-құқықтық қызметтің жол-көлік оқиғаларының болуына негізгі себеп болып табылатын жол қозғалысы Ережелерін өрескел бұзушылыққа бағытталуы;
3) заңдылықты, жол қозғалысын қадағалау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің, Ішкіісмин Жол полициясы департаментінің бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын сақтау;
4) қызметтің өткерілуін тексеру кезінде қызметкердің тәртіпті, заңдылықты бұзушылыққа жол беру саны;
5) қызметкер үстінен түскен шағымдар саны, соның ішінде дәлелденгендері;
6) тәртіптілік, азаматтармен қарым-қатынастағы мінез мәдениеті;
7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың ресімделу сапасы;
8) жол-көлік жағдайы күрделенген кездегі кәсіби іс-әрекеттер;
9) жол қозғалысын қимылдар көмегімен реттей білу;
10) қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмауға және алдын кесуге, қылмыстарды ашуға, қылмыскерлерді ұстауға қатысуы;
11) бекітіліп берілген патрульдік көлікті, жедел-техникалық және арнайы құралдарды түзік күйінде ұстау, оларды пайдалана білу;
12) қызметтік және дене тәрбиелік дайындық;
13) саптық бой түзеу, сыртқы сымбат жөніндегі негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды.
171. Жол-патрульдік қызметтің саптық бөлімшелерінің іс-әрекеті мынадай:
1) қызмет жүргізілетін аумақтағы апаттылық жағдай, әкімшілік-құқықтық қызметтің жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталуы;
2) тәртіп жағдайы және саптық бөлімшелер қызметкерлерінің заңдылықты сақтауы;
3) төтенше ахуалдар мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайын болу;
4) әлеуметтік сауалдардың, шағымдар мен талдаулардың және т.б. нәтижелері бойынша саптық бөлімшенің іс-әрекетіне халықтың көзқарасы;
5) патрульдік көлікті түзік күйінде ұстау және арналған мақсаты бойынша пайдалану (техникалық дайындық коэффициенті), жедел-техникалық және арнайы құралдарды қолданудың нәтижелілігі жөніндегі негізгі бағыттар бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Жол полициясы департаменті
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
1-Қосымша
Бекітемін
___________________________
(лауазымы, атағы, Т.,А.,Ә.)
20____ж. "___" __________
Бекеттер мен патрульдеу бағыттарының орналасуы
___________________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
р/р
N
|
Бекет,
бағыт
N
|
Бекет, бағыт
түрі (тұрақты,
бірауысымды,
екіауысымды,
үшауысымды)
|
Патрульдеу
бағытының,
бекетінің
орналасуы
|
Наряд түрі
|
Ерекше
міндеттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
1. 2-бағанда әрбір патрульдеу бағыты үшін оның ұзындығы, шекаралары
мен орталығы көрсетіледі.
2. 3-бағанда бекеттің түрі (жылжымалы, тұрақты) және патрульдеу түрі
(авто-, мото- және жаяу), патрульдік автомобильдің (мотоциклдің) нөмірі,
шақыру белгісі көрсетіледі.
3. 4-бағанда патрульдеу бағыты өзі жүріп өтетін қалалардың, елді
мекендердің, көшелердің, алаңдар мен автомобиль жолдарының атауымен
белгіленеді.
4. 6-бағанда ерекше міндеттермен қатар кезекші бөліммен, басқа
бекеттер мен патрульдеу бағыттарындағы нарядтармен байланыс жасаудың
тәртібі, сондай-ақ радиобайланыс тұрақсыз болатын аймақтар көрсетіледі.
Командир ________________________
(саптық бөлімше)
20____ж. "___" __________ (атағы, Т.,А.,Ә.)
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
2-Қосымша
N _________ бекеттің (патрульдеу бағытының)
карточкасы
1. Автожол _________________________________________________ "_________" км-ден бастап "_________" км-ге дейін
2. Қызмет атқару түрі
3. Жол-көлік оқиғалары шоғырланған орындар (қиылыстар, елді мекендер, жол учаскесі және т.б.) белгіленетін бағыт схемасы
4. Бағыттың сипаттамасы:
1) 20____ жылдағы апаттылықтың ахуалы ______________________
2) Апат орындары __________________________________________
3) Бары: ___________________________________________________
4) Қиылыстар _______________________________________________
5) Жол белгілері ___________________________________________
6) Орналасуы _______________________________________________
7) Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері _______________
8) ПКҚ бекеттері ___________________________________________
9) Медициналық мекемелер ___________________________________
10) Жол ұйымдары ___________________________________________
11) Кәсіпорындар ___________________________________________
12) Оқу орындары ___________________________________________
13) Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер _________________
14) Сауда орындары _________________________________________
15) Ойын-сауық және спорт мекемелері _______________________
5. Бекетінің (патрульдеу бағытының) ерекшеліктері: радиобайланыс тұрақсыз болатын аймақтар, таяу жердегі ПКҚ бекеттері, ішкі істер органдары (милиция бөлімшесі) кезекші бөлімінің телефоны, милицияның учаскелік инспекторы, медициналық мекеме, таяу жерде орналастырылған таксофондар және милиция аппараттарының бекеттері.
Командир ________________________
(саптық бөлімше)
20____ж. "___" __________ (атағы, Т.,А.,Ә.)
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
3-Қосымша
Бекітемін
___________________________
(лауазымы, атағы, Т.,А.,Ә.)
20____ж. "___" __________
20__ж. "___"__________ қызметке кірісетін жол-патрульдік
нарядтарды орналастырудың бекет ведомосы
1. Күш-құралдар есебі
Қызметке кірісетін қызметкерлердің саны:
- міндетті нормалар ________________________________________
- нақты пайдаланылатыны ____________________________________
Автомотокөлікті пайдалану___________________________________
- міндетті нормалар ________________________________________
- нақты пайдаланылатыны ____________________________________
2. Қоғамдық құрылымдардың жұмысын ескеру
Жол қозғалысын бақылаушы қоғамдық құрылым мүшелерінің саны ________________________________________ адам.
3. Нарядтарды ауысымдар бойынша орналастыру:
р/р
N
|
Бекеттер,
бағыттар
нөмірі,
наряд
түрі
|
Қызметкер-
лердің,
қоғамдық
құрылым
мүшелерінің
Т.,А.,Ә.
|
Берілген
қару,
арнайы
құралдар
|
Жедел-
техникалық
құралдар
|
Авто-
мото-
көлік
|
Нарядтардың
байланысқа
шығу
уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Нұсқау беруді өткізушілер: _______________________________
(лауазымы, Т.,А.,Ә.)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Қызмет атқаруды тексеру __________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы жазба __________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кезекші
________________________
(саптық бөлімше)
________________________
(атағы, Т.,А.,Ә.)
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
4-Қосымша
Жол полициясының патрульдік автомобилін
жабдықтаудың тиесілік табелі
1. Автомобильдік стационарлық радиостанция 1 комплект
2. Арнайы жарық беру және дыбыс шығару қондырғысы 1 комплект
3. "Ішкен, ішпегендігін тексеру" түткішегі 1 комплект
4. Дәрі-дәрмектер салынған медициналық қобдиша 1 комплект
1. Жеңіл автомобиль кузовының нөмірін қолдан
соғуды анықтауға арналған портативті прибор 1 комплект
2. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктерін қолдан жасауды
анықтауға арналған портативті прибор 1 комплект
7. Қалта фонарь 2 дана
8. Жарқылдайтын қызыл фонарь 2 дана
9. Жол белгілері 2 дана
10. Қол кісендері 2 дана
11. Резеңке таяқ ПР 2 дана
12. Оқтан қорғайтын қаптама 2 дана
|
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
5-Қосымша
Жол полициясының "Рубеж" тосқауыл жүйесінің бақылау бекетін
жедел-техникалық құралдармен және жеке қорғану құралдармен
жарақтаудың тиесілік табелі
1. Арнаулы есептер деректерінің базасымен
жалғасқан модемдік байланысы бар компьютер 1 комплект
2. Стационарлық радиостанция 1 комплект
3. Ұстап жүретін радиостанция 2 дана
4. Дыбыс күшейткіш белгі беру қондырғысы 1 дана
5. Телефон аппараты 1 дана
6. "Еж" көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған
құрылғы 2 дана
3. Әрбір штаттық бірлікке оққағар, қорғану,
оқ өтпейтін шілем
4. Қол кісендер 2 дана
5. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктерді қолдан жасауды
анықтауға арналған "Confirm-3M" приборы 2 дана
10. ОЛД-41 типтес ультракүлгін сәулелер көзі 1 дана
11. Жол белгілері
3.2. 2 дана
4.1.1. 2 дана
12. Қалта фонарь 2 дана
13. Жарқылдайтын қызыл фонарь 2 дана
14. Түйір лупа 4,5* 1 дана
15. Метрлік рулетка (10 метрлік) 1 дана
16. Жедел-техникалық құралдарды сақтауға
арналған шкаф 1 дана
17. Дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар
салынған медициналық қобдиша 1 комплект
18. Медициналық зембіл 1 дана
19. Жеңіл баспалдақ-басқыш 1 дана
20. Фотожарқылдағышы бар фотоаппарат 1 комплект
21. Автономды электрокөзі 1 комплект
22. Ұстап жүретін радиостанциялардың батарейлерін
зарядтау құрылғысы 1 комплект
23. Патрульдік автомобиль немесе бір бекетке
мотоцикл 1 дана
|
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 789 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулыққа
6-Қосымша
Жол полициясы қызметкерінің жол қозғалысын реттеу
жөніндегі қимылдарының үлгілік тізбесі
және оларды орындау тәртібі
1. Жезлы бар инспектордың негізгі қағидалары
1. Негізгі (саптық) тұру қалпы - тік тұру, өзін еркін ұстау, өкшелері бірге, аяғының ұшы табандарын ендей фронт сызығы бойынша ажыратылған, тізелері бүгілмеген, бірақ еркін ұстау керек, кеудесі, иықтары көтеріңкі (еркін ұстау керек); қолдары төмен түсірілген, еркін ұстау керек (оң қолында жезл); басын тік ұстау керек; алдыңғы жағына қарап тұрады (1, 2, 3-суреттер).
2. "Назар аудар!" белгісі, тұру қалпы: оң қолын еркін алдында жоғары қарай көтерілген, жезл жоғарыда. Бұл ретте қолының шынтақ тұсын шынтағы маңдай деңгейінде болатындай етіп көтеру керек, саусақтарын жұмылдырып, білегі ішкі жаққа қаратылған (сұқ және үлкен саусақтары жезл бойымен қаратылған) және вертикалды көтерілген жезлды ұстайды (7-сурет).
3. "Солға бұрылу" белгісі, тұру қалпы: оң қолы алға қарай нұсқалған, жезлды алдында ұстайды және ол қолының жалғасы болып табылады (9-сурет).
4. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісі.
1) негізгі тұру қалпы (11-сурет);
2) тұру қалпы: оң қолы кеуде алдында бүгілген, жезл солға қарай нұсқалған. Бұл қалыпта қолының шынтағы иілген, жезл ұстаған білегі денесінің орта кезінде; шынтағы иық деңгейіне көтерілген, білегі ішке қарай бұрылған (12-сурет);
3) тұру қалпы: қолдары екі жаққа созылған, оң қолының үлкен және сұқ саусақтары жезл бойына нұсқалған (13-сурет).
2. Жезлы жоқ инспектордың негізгі қағидалары
5. Негізгі тұру қалпы - жезлы болғандағыдай (4, 5, 6-суреттер).
6. "Назар аудар!" белгісі, тұру қалпы: оң қолы еркін жоғары көтерілген; білегі алақаны алға қаратылып бұрылған, саусақтары бір-біріне қысылған (қалған нұсқаулар жезлы бар қалыптағымен бірдей) (8-сурет).
7. "Солға бұрылу" белгісі, тұру қалпы: оң қолының алақандары алға қарай созылған (10-сурет).
8. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісі.
1) негізгі тұру қалпы (14-сурет);
2) тұру қалпы: оң қолы кеуде алдында бүгілген, білек сүйегі корпусының орта кезінде, алақаны ішке қарай бұрылған (15-сурет).
3) тұру қалпы: қолдары екі жаққа созылған, алақандары алға қарай бұрылған (16-сурет).
3. Инспектордың жезлмен қимыл жасау (белгі беру) тәртібі
9. "Назар аудар!" белгісі:
1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы ("Солға бұрылу" немесе "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісі);
2) жезлы бар оң қолын алдында ұстап жоғары көтеру керек (17, 19, 21-суреттер);
10. "Солға бұрылу" белгісі. Екі түрлі қалыпты жағдайда орындалады:
1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы (23-сурет), оң қолын алға қарай созып, саусақтарының көмегімен жезлды алға қарай нұсқау керек (24, 25-суреттер);
2) қалыпты жағдай - оң қолын алдында ұстап, жоғары қарай көтереді, жезл жоғарыда ("Назар аудар!" белгісі) (28-сурет), жезл ұстаған қолын алдына қарай иық деңгейіне түсіру керек; жезл алдында және қолының жалғасы болып табылады, сұқ саусағы жезл бойымен жоғары қарай нұсқалған (30-сурет).
11. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісі.
Екі түрлі қалыпты жағдайда орындалады:
1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы (32-сурет), оң қолы жанына қарай, жезл оңға қарай көтерілген, білегі төмен қарай бұрылған (33-сурет). Содан кейін қолын кеудесінің алдында ұстап жезлды солға қарай бұрады, білегі төмен қарай бұрылған, білек сүйегі корпусының орта кезінде (34-сурет);
2) қалыпты жағдай - оң қолы еркін жоғары қарай көтерілген, жезл жоғарыда ("Назар аудар!" белгісі) (38-сурет). Жезл ұстаған қолы кеудесінің алдына түсіріліп, білегі төмен қарай бұрылған, білек сүйегі корпусының орта кезінде (40-сурет).
12. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісін орындаудың екінші нұсқасы қалыпты жағдайда негізгі тұру қалпында немесе "Назар аудар!" белгісі арқылы орындалады:
1) қолдарын иықтарының деңгейінде екі жаққа созады, оң қолымен жезлды ұстайды, білегі төмен қарай, сол қолының алақаны алға қарай бағытталған (42-сурет), содан кейін оң қолын кеудесінің алдында бұрып ұстайды, білегі төмен қарай бағытталған, білек сүйегі корпусының орта кезінде (43-сурет), содан соң оң қолын қайтадан жанына қарай созады (44-сурет);
2) белгіні қайталау: қолын жанына қарай, жезлды жанына қарай созады (33-сурет), содан кейін қолын кеудесінің алдында ұстап, жезлды солға қарай бұрады (34-сурет).
4. Инспектордың жезлсыз реттеу кезіндегі қимыл жасауының (белгі
беруінің) тәртібі
13. "Назар аудар!" белгісі ("Солға бұрылу" немесе "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгілері): 1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы. Оң қолын алдында ұстап көтеру керек, білегі алақаны жоғары қаратылып бұрылған (18, 20, 22-суреттер).
14. "Солға бұрылу" белгісі:
1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы (26-сурет), алақанын ішке қаратып, оң қолын иық деңгейінде алға қарай көтеру керек (27-сурет);
2) қалыпты жағдай - оң қолын алдында ұстап, жоғары қарай көтеру керек ("Назар аудар!" белгісі) (29-сурет). Қолын иық деңгейіне дейін алдына қарай түсіреді, білегі алақаны ішке қаратылып бұрылған (31-сурет). 15. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісі.
Екі түрлі қалыпты жағдайда орындалады:
1) қалыпты жағдай - негізгі тұру қалпы (35-сурет), алақанын ішке қаратып, оң қолын иық деңгейінде алға қарай көтеру керек (36-сурет). Содан кейін, қолын кеудесінің алдында бұрып ұстайды, білегін алақанын ішке қаратып бұрады, білек сүйегі корпусының орта кезінде (37-сурет).
2) қалыпты жағдайда оң қолы еркін жоғары көтерілген ("Назар аудар!" белгісі) (39-сурет). Алақанын ішке қаратып, оң қолын кеудесінің алдында бұрып ұстайды, білек сүйегі корпусының орта кезінде (41-сурет).
16. "Тура бағыттағы және оңға қарай бұрылатын көліктердің жүруіне рұқсат етіледі" белгісін орындаудың екінші нұсқасы қалыпты жағдайда негізгі тұру қалпында немесе оң қолын алдында ұстап бұру қалпында орындалады - "Назар аудар!" белгісі.
17. Алақандарын алға қаратып, қолдарын екі жаққа қарай созады (45-сурет), содан соң алақанын ішке қаратып, оң қолын кеудесінің алдында бұрады, білек сүйегі корпусының орта кезінде (46-сурет), одан кейін оң қолын жанына қарай созады (47-сурет).
18. Белгіні қайталау:
1) алақанын сыртқа қаратып жанына қарай (36-сурет);
2) алақанын ішке қаратып, оң қолын кеудесінің алдында бұрады (37-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |