Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі437 Kb.
#131084
1   2   3   4   5   6

Ішкіісминінің

2002 жылғы 14 желтоқсандағы

N 789 бұйрығымен

бекітілген Нұсқаулыққа

13-Қосымша

Қызметтік кітапша

____________________________________________

(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________________

(бөлімшенің атауы)

20____ж. "___" __________ басталды.

20____ж. "___" __________ аяқталды.

І. Мекен-жайлары мен телефон нөмірлері

(мемлекеттік билік және басқару органдарының, ішкі істер органдарының)



ІІ. Қызмет атқаруды есепке алу

Датасы

Қызметтің

басталу және

аяқталу уақыты


Патрульдеу бекетінің

(бағытының) N





Бекетті қабылдау

жөніндегі қолхат






ІІІ. Қызмет атқаруды тексеру

Тексеру датасы мен уақыты



Ескертулер мен нұсқаулар, кім

тексерді (лауазымы, атағы, тегі, қолы)




ІV. Нұсқау берулер кезінде және қызмет атқару уақытында алынған

тапсырмалар, хабарламалар, қылмыскерлер мен ұрланған мүліктің белгілері

туралы жазбалар

Датасы мен уақыты



Тапсырманың (хабарламаның)

қысқаша мазмұны, қылмыскер-

лер мен ұрланған мүліктің

белгілері



Не істелді




V. Ұсталған құқық бұзушыны жеткізу туралы кезекшінің белгілері

Жеткізу

датасы,


сағаты,

минуты


Жеткізілген

адамның тегі,

аты-жөні



Жеткізу

себебі


Қайда

жеткізілді



Кезекшінің

қолы


 

 

 

 

 


VІ. Басқа да жазбалар

1. Патрульдеу бекеттері мен бағыттарында қызмет атқаруға тартылатын барлық жол полициясы қызметкерлері қызметтік кітапшаларымен қамтамасыз етіледі.

2. Қызметтік кітапшалар бөлімшенің (ішкі істер органының) кезекші бөлімінде сақталады және қызметкерлерге қызмет атқару кезеңіне беріледі.

3. 6-бөлімдегі "Басқа да жазбаларға" кезекші бөлімге қызмет көрсетілетін учаскедегі жедел жағдайдың өзгеруі туралы хабарлаулар; жол қозғалысы саласындағы белгіленген ережелерді сақтау туралы лауазымды адамдарға және азаматтарға қойылатын нақты талаптар; оқиға болған жерде болған куәгерлер, қылмыстар туралы хабарлаған азаматтар және талдау жұмыстары оқиға болған орындарда жүргізілген адамдар және т.б. туралы мәліметтер.

4. Барлық жазбалар анық және түсінікті жазылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы



Ішкіісминінің

2002 жылғы 14 желтоқсандағы

N 789 бұйрығымен

бекітілген Нұсқаулыққа

14-Қосымша

Көшелер мен жолдар ахуалының кемшіліктерін, жол қозғалысын реттеудің

техникалық құралдарының зақымдануын есепке алу журналы

____________________________________________

(бөлімшенің атауы)

20____ж. "___" __________ басталды.

20____ж. "___" __________ аяқталды.

Р/р

N



Ақпарат-

тың


келіп

түскен


датасы

мен


уақыты

Анықталған

кемшілік-

тер, за-

қымдану-

лар

туралы


хабарла-

ған


адамның

тегі мен

аты-жөні


Кемшілік-

тер, за-

қымда-

нулар


анықтал-

ған жол,

көше,

қиылыс




Кемшілік-

тердің,


зақым-

данулар-

дың

сипат-


тамасы

Кемшілік-

терді,


зақымда-

нуларды


жою

қажеттігі

туралы

хабар


кімге

және


қашан

берілді




Кемшілік-

тердің,


зақымдану-

лардың


жойылған

датасы;


жойылған-

дығы туралы

баяндаған

адамның


тегі,

аты-жөні





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы

Ішкіісминінің

2002 жылғы 14 желтоқсандағы

N 789 бұйрығымен

бекітілген Нұсқаулыққа

15-Қосымша

Жол-патрульдік қызметтің негізгі лауазымдық санаттағы

қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелері

1. Жол полициясы басқармасының жолдық-патрульдік қызметі бөлімінің, бөлімшесінің бастығы жолдық-патрульдік қызмет жұмысының Ішкіісмин, Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің Жол полициясы департаментінің бұйрықтары мен нұсқауларына оның жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес ұйымдастырылуына жауап береді. Ол:

1) қызметтің жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға;

2) облыстың, қаланың аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын сипаттайтын жедел жағдайды талдауға, қажет болған кезде қолда бар күштер мен құралдардың орналасқан жерін өзгерту туралы ұсыныстарды әзірлеуге, оларды апаттылық жағдайына байланысты қайта орналастыру туралы ұсыныстарды дайындауға;

3) қызметтің оқиға орындарынан жасырынған, мініп кеткен немесе ұрланған көліктің жүргізушілерін іздестіру жөніндегі жұмысын, қызметтің осы мәселелер бойынша жедел қызметтер бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауын бақылауға;

4) қызметті атқару барысына ашық және жабық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге және жеке өзі оны айына екі реттен кем емес жүзеге асыруға, жолдық-патрульдік қызметтің қызметкерлеріне келіп түскен арыздарды талдауға, оларды және қызметтің жұмысы туралы жалпылай қоғамдық пікірді талдауға;

5) әкімшілік өндірісті, оның саптық бөлімшелердегі бағыттылығын тексеру мен талдауға, осының негізінде оны жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеуге;

6) жол-патрульдік қызметтің бөлімшелерінде қызметтік және әскери дайындықтың жүргізілуін бақылауға және жеке құрамды заңдылықты қатаң сақтау, азаматтарға кішіпейіл және ерекше көңіл бөлу рухында тәрбиелеуге; 7) қызмет бөлімшелерінің жедел-техникалық құралдарды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға;

8) саптық бөлімшелердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамдық тәртіпті бұзудың, қылмысқа қарсы күрестің алдын алу және жолын кесу жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіптің жағдайы жөніндегі жұмыстары нәтижелерін талдауға, осы қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға;

9) озық тәжірибені зерделеуге, қорыту мен ендіруге, қызметті атқарудың формалары мен тактикалық тәсілдерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдануға, бөлімше жеке құрамында белсенділікпен міндеттемелерді шығармашылықпен орындауды дамытуға;

10) қазіргі техникалық құралдарды (автомобильдерді, мотоциклдерді, байланыс құралдарын, басқа да арнайы техниканы) ендіру мен дұрыс қолдану жөніндегі жұмысты жүргізуге;

11) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға, саптық бөлімше қызметкерлерінің заңдылықты бұзуы туралы азаматтардың өтініштері мен арыздарының уақтылы және сапалы қаралуына бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Жол-патрульдік қызметі саптық бөлімшесінің (батальонның, ротаның, взводтың) командирі қызмет көрсетілетін аумақтағы апаттылықтың жағдайына, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындаудағы бөлімшенің күнделікті дайындығына, жеке құрамның жасақталуына, қызметтік, әскери және дене шынықтыру дайындығына, саптық бөлімше қызметінің материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету түрлеріне жауап береді, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауына, қызметтің жұмысын реттейтін Ішкіісминнің, Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Жол полициясы департаментінің бұйрықтары мен нұсқаулары талаптарының орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Саптық бөлімшенің командирі:

1) бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке құрамның жұмысына басшылық етуді жүзеге асыруға;

2) тоқсан сайын бөлімшенің жұмысын жоспарлауға, жоспарлардың орындалуын бақылауға;

3) қызмет көрсетілетін аумақтағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын сипаттайтын жедел жағдайды зерделеу мен бақылауға және жол-патрульдік қызметі және жол полициясы басқармасының, бөлімінің, бөлімшесінің басшыларына саптық құрамның күштері мен құралдарын орналастыру туралы оның өзгерістері бар сәйкес ұсыныстар енгізуге, олармен бірге іс-қимылдарды жүзеге асыруға;

4) қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, қылмыспен күрестегі, жол қозғалысын бақылаудағы полицияның күштері мен құралдарын бірдей орналастырудың орындалуын әзірлеу мен бақылауға тікелей қатысуға;

5) жол-патрульдік қызметті атқару үшін нарядтарды қоюдың міндетті (есеп айырғыш) нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

6) саптық бөлімшенің күштері мен құралдарын үздіксіз басқаруды, олардың жол қозғалысын байқауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескертулер мен қылмыстардың ашылуларын жүзеге асыруда ішкі істер органдарының бөлімшелерінің басқа да нарядтармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруға;

7) қызметтің атқарылуын, саптық бөлімше жеке құрамының заңдылық пен тәртіпті сақтауына, оған жүктелген міндеттемелерді адал орындауына ерекше көңіл бөле отырып жеке өзі бақылауға;

8) жол қозғалысын байқау нысандары мен әдістерін жетілдіруге және алдыңғы қатарлы саптық бөлімшелердің озық жұмыс тәжірибесін қолдануға;

9) апаттылық пен жолдарда қалыптасқан жағдайдың талданылуын негізге ала отырып, нарядтардың қызметке түсер алдында нарядқа қойылған тапсырмалары бар нұсқау беруді ұйымдастыруға және аптасына 3 реттен кем емес жеке өзі жүргізуге. Нарядтардың жұмысына бақылау жүргізуіне тиімділігін, саптық бөлімше қызметкерлері қызметтерінің әділ есепке алуы мен бағалануын, тікелей бастықтармен күн сайын ауысымның соңында олардың жұмыстары қорытындысының жүргізілуін қамтамасыз етуге;

10) жол-көлік оқиғаларының орындарынан жасырынған, сондай-ақ мініп кеткен және ұрланған көлік құралдарының жүргізушілерін іздестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жеке құрамды жіберуге, іс-әрекетке іздеу мен бөгет жасау іс-шараларын кіргізу туралы кезекшіге нұсқаулар беруге;

11) жол-көлік оқиғаларының орындарында көлік құралдарының күзетілуін, сондай-ақ оқиғаның нәтижесінде иелері алынған дене зақымдарынан ауруханаға жатқызылған бүлінген көлік құралдарын күзетілетін тұрақтарға жеткізілуін ұйымдастыруға;

12) нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану үшін жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар туралы хаттамалардың дер кезінде жіберілуін қамтамасыз етуге;

13) кадрлардың іріктелуін, орналастырылуы мен оқытылуын ұйымдастыруға, қызметтік және әскери дайындық жүйесіндегі аса өзекті тақырыптар бойынша сабақтар жүргізуге, жұмыстағы жоғарғы мәдениеттілік әдістерін дағдыландырылуына ерекше көңіл бөлуге;

14) жеке құрамды заңдылықты, жоғары тәртіптілікті қатаң сақтау және қызметтік борышты адал орындау рухында тәрбиелеуге, жеке-тәрбиелік жұмысты ұдайы жоспарлау мен өткізуге;

15) саптық бөлімшенің жеке құрамы қызметтік міндеттемелерді орындау кезінде олардың арасында жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, жеке құрамның кәсіби дағдыларының арттырылуын қамтамасыз етуге, көлік құралдарын жүргізу шеберліктерін жетілдіруге;

16) қарулардың, арнайы техника мен көлік құралдарын сақтау, дұрыс күйде ұстау мен дұрыс қолдану үшін шаралар қолдануға, олардың бар болуы мен жағдайын жүйелі түрде тексеруге;

17) саптық бөлімше жұмысының нәтижесін талдауға, оның тиімділігін арттыруда шаралар қолдануға;

18) жеке құрамның құпиялық режимін сақтауын қамтамасыз етуге;

19) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға, арыздар мен өтініштер бойынша мұқият тексеруді ұйымдастыруға, саптық бөлімше қызметкерлерінің заңдылықты бұзуы туралы азаматтардың өтініштерін жеке өзі қарастыруға, осындай әрбір оқиғаға қызметтік тексерісті ұсынуға;

20) саптық бөлімшенің, сондай-ақ қызмет көрсететін аумақтағы жол қозғалысының қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудегі шынайы үлесін, заңдылықты сақтауын, Ішкіісминнің, Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің Жол полициясы департаментінің бұйрықтары және нұсқаулары, қызметтің жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдер талаптарының орындалуын ескере отырып, жеке қызметкерлердің қызметіне әділ баға беруге міндетті.

3. Батальон (рота) командирінің орынбасары бөлімшенің алдында тұрған тапсырмаларды орындауда ұдайы әзірлігіне қызметтік және әскери дайындығының сапасына жауап береді, бағыныстағы жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, олардың тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауына және бағыныстылармен жеке-тәрбиелік жұмыстың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады. Батальон командирінің орынбасары:

1) жол-патрульдік қызметтің қолданыстағы Ішкіісминнің, Қазақстан Республикасы Жол полициясы департаментінің қолданыстағы бұйрықтары мен нұсқауларына, қызметтің жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құқықтың кесімдермен қатаң сәйкестікте атқарылуын ұйымдастыруға;

2) ерекше және әскери уақытта батальонның (ротаның) қызметі жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;

3) бөлімшедегі инспекторлық құрамның қызмет атқаруды тексеру кестесін әзірлеуде, тексерулерді ұйымдастыруға және оларға жеке өзі қатысуға;

4) бөлімшенің жеке құрамына бұйрықтар мен нұсқаулардың дер кезінде жеткізілуін, сондай-ақ олардың орындалу барысының жүзеге асырылуын тексеруге;

5) бөлімшенің дайындығын біліктілігін әскери және қызметтік дайындығын арттырудың жоспарын әзірлеуге, олардың орындалуын тексеруге;

6) ең қиын және өзекті тақырыптар бойынша сабақтарды жеке өзі жүргізуге;

7) алдыңғы қатарлы саптық бөлімшелердің озық тәжірибесін зерделеуге және батольонның (ротаның) жұмысына кіргізуге;

8) ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлеуге міндетті.

4. Саптық бөлімше (батальон, рота) командирінің орынбасары, әрі штаб бастығы қызмет нарядтарын ұйымдастыру мен басқаруға, саптық құрам қызметінің жоспарлануына, есепке алынуына және талданылуына жауап береді, өзіне бағынысты жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, олардың тәртіп пен заңдылықты қатаң сақталуына жеке жауапкершілікте болады. Бөлімше командирі болмағанда оның міндеттемелерін орындайды. Саптық бөлімше (батальон, рота) командирінің орынбасары, әрі штаб бастығы:

1) бөлімше жұмысының, сондай-ақ, бұқаралық және арнайы іс-шараларды өткізу жоспарларын әзірлеуге;

2) жол-көлік оқиғалары себептерін және жол қозғалысы ережелерін бұзушылық, қылмыстылық пен құқық бұзушылық жағдайының талданылуы негізінде, бекеттер мен патрульдеу маршруттарының орналасу орындарын әзірлеуге;

3) кезекші бөлімнің жұмысын ұйымдастыру мен талдауға;

4) жол-көлік оқиғалары бойынша материалдардың қаралу мерзімі мен сапасына, мініп кеткен және ұрланған көлік құралдары мен оқиға орындарынан жасырынған жүргізушілерді іздестіру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуына, бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5) саптық бөлімшенің қызметі туралы қажетті мәліметтерді Жол полициясы басқармасының, жол-патрульдік қызмет бөлімінің басшылығына дер кезінде ұсынуға;

6) қызмет көрсетілетін аумақтағы және бекітілген автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларын, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды есепке алуды ұйымдастыруға;

7) әкімшілік тәжірибе, азаматтардың арыздарын, өтініштерін қарастыру жөніндегі материалдардың қорытылуын ұйымдастыруға және осы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге міндетті.

5. Саптық бөлімше, батальон, рота командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары бөлімшенің техникалық қамтамасыз етілуіне, көліктік және арнайы техникалық құралдардың дұрыстығына, олардың дұрыс қолданылуына қызметтің көрсетілуіне, метрологиялық қамтамасыз етілуіне, жөнделуі мен сақталуына, автопарк жағдайының қадағалануына, ондағы ішкі қызметті ұйымдастыруға жауап береді, оған бағынысты жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына және олардың заңдылықтары мен тәртіпті қатаң сақтауы үшін жеке жауапкершілікте болады. Саптық бөлімше, батальон, рота командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары:

1) қызметтік және әскери дайындықтың жоспарын, әскери-мобилизациялық және саптық бөлімшенің басқа да жоспарларын жөндеуге қатысуға және олардың орындалуын ұйымдастыруға;

2) көлік пен арнайы техникалық құралдардың дұрыс қолдануын ұйымдастыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуді уақытында жүргізуді, метрологиялық қамтамасыз етуді және жөндеуден өткізуді;

3) көлік және арнайы техникалық құралдарға профилактикалық қызмет көрсету кестесін құруға және бақылауға;

4) көлік пен арнайы техника құралдарын бар болуы мен техникалық жағдайын білуге, олар үшін белгіленген есепке алу мен есеп берудің енгізілуін ұйымдастыру мен қадағалауға;

5) алуды, сақтауды, пайдалануға беруді ұйымдастыруға арнаулы техникалық құралдарды мақсаты бойынша пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды ұйымдастыруға;

6) саптық бөлімшені жаңа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасауға және оларды дайындауға;

7) көлік және арнаулы техникалық құралдарды пайдалану тәжірибесін зерделеу мен талдауға, оларды пайдалануды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге;

8) саптық бөлімше жеке құрамының жол қозғалысы, көлік және арнаулы техникалық құралдарды пайдалану ережелерін зерделеуді және жыл сайын сынақ алуды ұйымдастыруға;

9) саптық бөлімше жеке құрамының кластық біліктілігін, арнаулы техникалық құралдарды пайдаланудағы, қызметтік автомотокөлікті жүргізудегі кәсіби дағдылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

6. Жеке взвод командирінің орынбасары саптық бөлімшенің нарядтарымен қызмет атқарылуының ұйымдастырылуына, жеке құрамның алдына қойған тапсырмаларды орындауға ұдайы дайын болуға, кәсіби дайындықтың жоспарлануы мен есеп берілуіне, көлік және арнаулы техникалық құралдардың дұрыстығына, мүліктің сақталуына, қызметтік үй-жайларда өрт қауіпсіздігіне жауап береді, бағыныстағы жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, олардың тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауына жеке жауапкершілікте болады. Взвод командирі болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады. Жеке взвод командирінің орынбасары:

1) бөлімше жұмысының жоспарларын әзірлеуге, жеке және арнайы іс-шараларды жүргізуге;

2) взвод бекеттері мен патрульдеу бағыттарының орналастырылуын әзірлеуге;

3) бөлімшенің әкімшілік тәжірибесінің жағдайын және жүргізушілердің көліктік тәртібі мен апаттылығына әсер етуін талдауға;

4) жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге жататын әкімшілік әсер ету шараларын қолданудың тәртібі мен негізділігін күнделікті тексеруге;

5) взводтың инспекторлық құрамымен қызмет атқаруды тексеру кестесін өңдеуге қатысуға;

6) қайта дайындаудың, біліктіліктің, қызметтік және әскери дайындықтың жоспарларын әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға;

7) бөлімше жеке құрамының арнаулы техника құралдарын және көлік құралдарын дұрыс пайдалануға үйретуді, жол қозғалысы ережелерін меңгеруді жүзеге асыруға, жыл сайын сынақтар қабылдауды ұйымдастыруға;

8) қызметтік көлік құралдары мен байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруға;

9) арнаулы техника құралдарын дұрыстығы мен тиімді қолданылуын бақылауға;

10) өлшеуіш құралдарына уақтылы метрологиялық тексеруді қамтамасыз етуге;

11) взвод жеке құрамының еңбек демалысы және қызмет атқаруы кестесін әзірлеуге;

12) азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралардың жоспарларын әзірлеуге қатысуға міндетті.

7. Жол-патрульдік қызметтің (рота, батальон құрамындағы) взвод командирі бекітілген аумақтағы апаттылықтың жағдайына, бөлімшенің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындаудағы күнделікті дайындығына, жеке құрамның сапалы жинақталуына, қызметтік, әскери және дене шынықтыру дайындығын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жауап береді. Бөлімше жеке құрамының моральдік-психологиялық жағдайына, олардың тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауына, бағыныстылармен жеке-тәрбиелік жұмыстардың ұдайы жүргізілуіне жауапкершілікте болады. (Рота, батальон құрамындағы) взвод командирі:

1) саптық бөлімшенің жұмысын жоспарлауға қатысуға;

2) қызмет көрсетілетін аумақтағы жедел жағдай шиеленіскен кезде тура бастықтарға күш пен құралдың орналасуын өзгерту туралы тура ұсыныс енгізуге;

3) взводтың күштері мен құралдарын басқаруды іске асыруға, жеке құрамның жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті сақтауда қадағалауды жүзеге асыруды ішкі істер органының басқа да қызметтерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруға;

4) нарядтар нұсқамасының күнделікті жүргізілуіне және взвод жеке құрамының қызмет атқаруын;

5) жол тәртібін бұзушыларға әкімшілік шара қолданудың тәртібі мен дәлелдігін күнделікті тексеруге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

6) инспекторлар құрамының жұмысын күнделікті талдауға және есеп алуға;

7) бөлімшенің жеке құрамының атқару қызметі және еңбек демалысы кестесін әзірлеуге;

8) бөлімшенің жеке құрамын тәртіп пен заңдылықтарды сақтау рухында тәрбиелеуге;

9) взводта әскери және қызметтік дайындық сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізуге міндетті.

8. Саптық бөлімше (батальон, рота) қызметінің аға инспекторы (инспекторы):

1) белгіленген тәртіпке сәйкес жол-көлік оқиғаларын есепке алуды жүргізуге;

2) жол-көлік оқиғаларының болу себептері мен олардың болуына себеп болған жағдайларын талдауға, есеп дайындауға, мәліметтерді, ақпараттарды, ұсыныстар мен анықтамаларды әзірлеуге;

3) талдаудың жаңа түрлері мен әдістерін үйренуге және қолдануға;

4) жол-көлік оқиғаларына есеп карточкаларының мемлекеттік статистикалық есепке енгізуге жататын мәліметтерді уақтылы және сапалы толтырылуын бақылауды жүргізуді жүзеге асыруға;

5) жол-көлік оқиғалары туралы медициналық және емдеу профилактикалық орындардағы есепке ала отырып зақымданғандары бар есебінің айлық мағлұматтарды ай сайын салыстыруға;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет